Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауға жол жол бермеу, алдын алу мақсатында «Бала – біздің болашағымыз» тақырыбында оқытушылармен өткізілетін шеберлік сыныбы


Балалардағы суицидтің алдын алу үшін мұғалімдер келесі әрекеттерді жасай алады



бет3/4
Дата07.10.2024
өлшемі29,04 Kb.
#147080
1   2   3   4
Байланысты:
суицид

Балалардағы суицидтің алдын алу үшін мұғалімдер келесі әрекеттерді жасай алады:

- балалардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенімін ояту;


- оларды оптимизм мен үмітпен шабыттандыру;
- эмпатия мен түсіністік таныту;
- оқушылардың мінез-құлқын бақылау, олардың құрдастарымен қарым-қатынасын талдау;
- «сенім телефонында» анонимді жедел көмек алу туралы студенттерге хабарлау;


Жүргізуші:
Біз оқушылармен «Уақытты тиімді пайдалана аласың ба?» атты сауалнама жүргізген едік. «Уақытты тиімді пайдалана аласың ба?» атты сауалнаманың қорытындысы бойынша оқушылардың жауаптары: көпшілігі уақытын жоспарлайды /80,6%//, күтпеген жағдайлар әдеттегі кестесінен жаңылдырмайды /58,6%//, сабаққа дайындалуға арнайы уақыт бөледі /83,8%//, көпшілігі спортпен шұғылданады /78%//, бос уақытын отбасымен, достарымен өткізеді. Бос уақытын ғаламторда отырып өткіземін деп/30,9%//, бірнеше істі бастап аяқтай алмаймын деп /21,55%// жауап берген. Уақытты үнемдеу үшін қандай қасиеттерді дамыту керек, деген сұраққа көпшілігі кітап оқу, спортпен шұғылдану, күнді дұрыс жоспарлау, ақыл мен ойды дамыту және шыдамдылық керек деп жазған. Сауалнама қорытындысы бойынша колледж оқушыларының көпшілігі уақытты тиімді пайдалана алады, бос уақытта пайдалы істермен шұғылданады, бос уақытын отбасымен, достарымен бірге өткізеді.
Жүргізуші:
Жастар ерекше қабылдағыш, әсерленгіш және жоғары әлеуметтік тұрғыда жылдам бейімделгіш болғандықтан, жаңа құндылықтардың пайда болуы мен бұрыңғыларынан бас тартуы қоғамның басқа таптарына қарағанда, бұл өтпелі әлеуметтік топқа қатты әсер етеді. Қазіргі жастарға кез келген жолмен баю ма, әлде жаңа жағдайларға бейімделу қабілетін беретін жоғары біліктілікті игеру ме, бұрынғы моральдық-адамгершілік ережелерден бас тарту ма, әлде жаңа шынайылыққа бейімделу икемділігі ме, тұлға аралық қарым-қатынастардың шексіз еркіндігі ме, әлде табысты өмір сүрудің түрткісі болатын отбасын таңдау ма – олар үшін қайсысы құндырақ екендігін өздерінің шешуіне тура келеді.
Мамандар жасөспірімдердің эмоциялық жағдайына назар аударып, мінез-құлқын мұқият бақылап, қадағалап жүрсе, суицид белгілерін дер кезінде тануға, демек, оның алдын алуға болады деп санайды. Оның ішінде күйзелістік жағдаятқа тап болуы, эмоциялық көңіл-күйі, мінезі, сырт бейнесі, құрдастарымен, достарымен қарым-қатынасына, қызығушылықтарына және т.б. назар аударады. Оған қоса, интернеттегі парақшасы, күнделіктері және т.с.с. бәрі анық ақпарат бере алады.
Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім - тәрбие бер», деген қағида бар. Бұл жерде айтайын дегенім, егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз анық. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт - бағдар беруіміз абзал. «Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді», деп адам өміріне қысқа ғана «мінездеме» берген Асқар Тоқпановтың бұл сөзінен талайды аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет