Жастар арасында сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері

бет2/4
Дата16.03.2023
өлшемі186,47 Kb.
#74995
1   2   3   4
Байланысты:
323218.pptx

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар заңды-құқықтық негізге ие. Ол сонау 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңнан бастау алды. Дегенмен, түрлі бағдарламалар түріндегі сан алуан іс-шаралар қолға алынғанымен, бұл саладағы құқық бұзушылықтар тыйылмай отыр. Тәжірибе көрсеткендей, аталған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндетін толыққанды шеше алмады және мұның өзі олардың жемқорлықты туындататын факторлар мен жағдайлардың себеп-салдарына терең бойлай алмағанын көрсетеді.

Жас буынға жемқорлықтың орасан зор салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, ағарту шараларын қолға алу жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, олардың өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесуіміз керек. Осы тұрғыда ең алдымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген ұғымның мән-мазмұнына бойлау қажет. Жалпы «сыбайлас жемқорлық» немесе «коррупция» ұғымы әр елде әртүрлі түсіндіріледі. Батыс құқықтанушылары саяси элитаның девиантты мінез-құлқының, яғни моральдық және этикалық нормалардың бұзылуы туралы айтса, ресейлік ғалымдар сыбайлас жемқорлықты құқықтық нормалардың талаптарына қайшы, қоғамға зиянды әрекет саналатын құқық бұзушылық деп сипаттайды. Ал Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңында: «…мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалануы, не мүлiктiк пайда алу үшiн өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» делінген. Яғни, бұл термин мемлекеттік қызметкердің қандай да бір артықшылыққа ие болу үшін өз лауазымын пайдалануын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет