7
Көңіл пернелерінен
ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ
Келеді жылағым…
Жаратты жаратқан, керегім – ес беріп,
Пенделік сезімді жүректе ескеріп.
Алланың адамды жаратқан мақсұдын,
Қазағым, халықым əлі де шешпедік.
Жүрміз біз бұл таңда байлықты армандап,
Жұмақтың төрі де жоқ асқақ арманда.
Күн туар мұсылман бауырым түсінер,
Туғанын не үшін бес күндік жалғанға.
Ажал кеп əкетер сəттері туғанда,
Ақыл да кіреді тірліктік санаға.
Біреуге ерте де, біреуге иман кеш,
Біреуге келеді шығарда жаназа.
Бес күндік тірлікті иманға сарп етіп,
Құранның жолымен тыныстап, күн кешіп.
Алланың құлы боп, Пайғамбар үмметі.
Сүруге бес күндік ғұмырды не жетсін?
Тірлікте жасадың, күтіп тұр мазарың,
Жамандар болатын шайтанның мазағы.
Ғибадат қылмаған пенденің қабірде –
Күтіп тұр азабы.
Істеген амалың, көрсеткен көмегің,
Ақыретте болады таразы жеңбегің.
Ишараң не болса бес күндік өмірде –
Ақыретте сол амал болады керегің.
Бетті дайындаған Мереке АМАНТАЙ
Мен саған өкпелемеймін
Қас қарайып, тіршілік толастаған-
ға дейін есікке тіреліп босағамда баз
кешіп отырды. Жұрт жиылып, жас-
тықтарын жастанған сəтте ғана Ма-
рал орнынан түрегеліп, үйге ентеледі.
«Мен сені жылатуға да, жұбатуға да
тиіс емеспін, Марал! Қайсардың кімге
үйленетінін де біледі екенмін, ендеше
ештеңе айтпастан мұң мəнерлеген ма-
хаббатыңнан айығып ал. Мен қашан да
рухани қолдаушыңмын ғой, кез-келген
сəтте жаныңнан табыламын», – дедім.
Менің де көңілім көлдей көлбектеп,
Айханымның бұл қылығына, тіпті қы-
лығы емес қой, бұл қастандығына қай-
ранмын, жоқ қайран да емес шығар-
мын, қалтарып қалдым, қасқыр екеш
қасқырдың өзі қандасына қас қыл-
маушы еді, ендеше етбауырлы əпкесі
неге сіңлісінің сай-сүйегін осылайша
сыздатты? Қайсар мен Айханымның
жарты жылдан бері жасырын кездесіп
жүргендерін есіткен соң, Маралмен
адам көрінісі қоштасқан. Манағы мұңды
жанардың жасы тыйылып, ащы жастан
ойыла жаздап тұрған оймақ көздер енді
маған қарай ойысты. Мен ол көзқарас-
қа тынышсыз тыпыршып қалдым. Жа-
нымның жібі үзілердей
құрбыма ішіп ашып, оны
қапсыра құшақтай алдым.
«Маралжан, егер еңсеңді
түсірген жағдаятпен бөлісем де-
сең, тыңдауға əзірмін, ал егер үнсіз
қала берсең, мен де сені үнсіз түсінуге
бармын. Өмір деген өткінші, ал оның
шеңберінде болмашы нəрселер шыр
айналып жатады, бірақ бəрі уақыттың
керуеніне ілесіп кете барады, сондық-
тан», – дей бергенімде Марал мығым
үнмен сыр шерте бастады. Қайсар
менің жердегі жұлдызымдай еді, оны-
мен үнемі жарқырап жүремін дегенмін.
Ол: «Менің қанатымдай еді, енді құздан
құлаған құстаймын. Қиын маған, қина-
лып жатырмын. Жігіт болғасын жеңіл-
тек қимылдарға жақын тұратыны шын
шығар, бірақ Айханым ше, айым боп
толған, күнімдей болған Айханымым
ше…», – деп діріл басқан дауысы көл
жасының дабырына ұласты тағы да.
Соңғы кезде Қайсардың маған қырын
қарап жүргенін байқасам да, еш мо-
йындамай келдім. Бəрін уақытқа тап-
сырдым. Осыдан бір апта бұрын менің
қатты науқастанып қалғанмын, есіңде
ме, сен ол күні қалаға кеткен едің. Өне
бойымды өңмен күй кернеп, əлсіздігіме
əзер шыдап жатқанымда көзіме Қайсар
оттай басылды. Маған жіберген жана-
ры жалынсыз еді… Мен оған қолымды
ұсынып қысып ұстадым, осы сəт оның
қипалақтап қалғанын көрдім. Сөйтсем,
ар жағында Айханым тұр екен, Қайсар-
дың бұл қылығын əпкемнің оқыс түрде
жанымыздан табылғанынан көрдім де,
аялы алақанымнан Қайсарымның қол-
дарын босаттым, бұнымды көрген əп-
кем теріс айналып кетті. Менің қисапсыз
қиналып жатқанымды Қайсар сезді ме,
білмеймін, жүдеу тартқан жүзіме жа-
йылған ыстық жасыма мұздай қолдары-
мен қалтарыс берді. Мені желқайықтай
шыр айналдырып, жанымдағы дертке
жеңілдік сыйлағаны да Қайсарымның
осы əрекеті еді. Қуанышымның бе-
ренінде балқыған бақытымда шек жоқ
еді, бірақ… бақытты ұнамды ұларым-
ның көздерінен көре алмадым… Ол іш-
тей тынған сайын, менің де шыдамым
шыңырауға жеткендей болды. Тұла
бойымды тұмшалап тұрған тірліксіз
дерт дес бермей қинады. Осы мезетте
меңіреу мəнсіздікпен жалынышты жа-
нарымды жібердім. Қайсар болса нық
дауыспен: «Қол-аяғым байлаулы, сен
маған өкпелеме» – деп дүрсе қойды да,
жүрегімді қан қақсатып қалдыра берді.
Төрт қабырғада телміріп, қымтарылған
қасіретіме қандыққандай болып, жа-
ныма Айханым келді. Менің онсыз да
мəз емес ахуалыма адамдық танытса
болатын еді ғой, əттең… əпкем олай
жасамады. Түпсіз қараңғылықты қан-
жығасына тыққан тереземнің жақтауын
ұрғылап: «Қайсар енді ешқашан кел-
мейді» – деп дабыра салды. «Айхан,
Қайсар саған солай айтты ма, не деп
кетті, айтшы… Соншалықты аңқау бол-
машы», – деді əпкем зілді кекесінмен.
«Айхан, түсіндіріп айтшы енді, оның
басқа біреуі бар ма, көрдің бе? Міне
Марал, ақиқатымды ащы дерсің, бірақ
шындығы осы, басқаша болуы мүмкін
емес», – деді шаттана күліп. Айханжан,
өтінемін, күлмеші, олай етпеші, Қайсар-
ды менен басқа ешкімге қимаушы едің
ғой, енді не өзгерді? Білесің бе, бақы-
тымды таптым. Бақыттымын., Марал!
Əпке-ау, менің бақытсыздығым сені ба-
қытты етуі мүмкін емес қой, соңыңнан
ерген еркеңе бауырыңды бұршы, əпке.
Қайсардың бұл қылығына ренжімеші,
ол қайтып келеді, келмей қайда бар-
сын, бес жыл бастан кешірген бақытты
тарихымыз тұрғанда, басқаша болуы
мүмкін емес қой, сен оны кешірші, сен
оған ренжімеші, Айхан. Осы кезде ор-
нынан осылып тұрып Айхан маған бар
шындықты шыңына шығарып бүкпесіз
жайды. Қайсарды ешқашан күйеубала
етіп қабылдамағанын, онымен алты ай
шамасында «бал күндерді» өткізгенін
өткірлеп айтты. «Опасыздар, опық
жегіздіңдер, орнымды неге саған беру
керек екенмін, мен оны сүйемін, əу бас-
тан менің Қайсарым еді ғой», – деппін
дегбірім қашып. Сол сəтте Айхан Қай-
сармен шаңырақ шаттығын құратынын
айтты, бұл сөзін құр көрсем де, енді
ет-бауырым езіліп есіркеу халдемін. Екі
жұмадан соң, Айханым мен. деп жылап
жіберді, той жайында айтып тұрғаны
айдан анық еді.
Эльмира АБЕТЖАНОВА
(Жалғасы бар)
Бұйырмай кеткен қайран қыраным-ай…
Қимаста кеткен Қайсарым-ай… Бұл құр-
бымның келешегінен күдер үзгені емес,
бұл тек қана қарс айрылған көңіл
күнделігінің құлазыған парағынан
парлаған жүрек жасы еді.
Қадірменді оқырман қауым!
Заманның, дүниенің, халықтың тынысы бұл ақынның өр рухты өлеңдерінен айқындалары
анық. Газетіміздің бүгінгі санын халқының қамын жеген, ойларын жалынды жырларының
бетіне маржандай төге білген Мадина Айымгүлдің ақындық əлеміне арнадық. Мадина 1994
жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2011 жылы №25 жалпы орта білім беру мек-
тебін тамамдаған. Қазіргі таңда студент.
Мадинаның жетістіктері:
Аудандық «Абай оқуларының» ІІІ-орын иегері (2010)
Облыстық, аудандық «Шəкəрім» оқуларының жүлдегері (2009-2011ж.)
«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының ІІ-орын иегері (2009 жыл)
З. Шашкин романдары бойынша өткізілген викторинаның ІІІ-орын иегері
М. Əлімбаевтің шəкіртақысының иегері
Облыстық «Махамбет оқуларының» бас жүлдесі иегері
Қалалық, облыстық «М.Мақатаев оқуларының» жүлдегері
Өмірлік ұстанымы: «Жақсыдан – үйрен, жаманнан – жирен»
Сүйікті ақындары: Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев
Сүйікті айтыскер ақыны: Айнұр Тұрсынбаева
Мұңмен сырласу
Жалғаннан жалықтым, мен тағы шаршадым,
Салады бұл тағдыр жолыма қанша мұң?
Арпалыс өмірмен тағы да алысып,
Үнсізде сабырмен демімді аламын…
Қаламым қиында жолыма ермегім,
Жазам деп бір өлең тағы да терледім,
Санамды сарылтқан жалынды ойлардың,
Біреуін тіпті де өлеңге термедім…
Қаламым қолымда… Биікке сермедім
Ақысын жүректің өзгеге бермедім,
Кетпейсің жадымнан сен неге жанарым,
Сен берген бақытты өзгеден көрмедім.
Не пайда өзіңсіз бұл сүрген өмірден,
Тең бе деп ойлаймын бұл өмір өліммен,
Махаббат неге сен соншалық қиынсың,
Сезімім жатыр ғой жанарда көмілген.
Махаббат неге сен соншалық қиынсың,
Бақытты болсын да, кезінде қиылсын.
Жыласын, қайтеді бейкүнə жас жүрек
Аллаһтан сұрасын, Аллаһқа сыйынсын.
Шара не сезімім жыласын, құласын,
Кейіпің мəңгілік, жадымда тұрасың,
Бəлкім сен жанарым кешігіп келерсің,
Тұншығып жыларсың, тынарсың!
Қазақ неге…
Сезбедім əлден төнерін мұндай азаптың,
Басыңа төнді қазағым бүгін азап күн
Мен қазақпын деп кеудеңді керіп жүрсең де
Сезбедің қазақ төнгенін тілге тозақтың.
Қазақсың ба? Қазақтығыңды мойында,
Болмасыншы арақ-шарап тойыңда.
Мұсылмандық ізгі үні жүректе
Жаратқаным болсын əркез ойыңда.
Қазақсың ба, əз ұлтыңа жақын бол,
Халықыңның сөзін сөйлер ақын бол.
Өзгелердің қасиетін мойында,
Кір келтірмес қазақ деген атыңа ол.
Қазақсың ба, қалма қазақ жайыңа,
Қалмасыншы бұл қасірет жайына.
Тіліміз бен дінімізге мығым боп,
Алайықшы туған тілді, жатан тілден айыра.
Мен қазақпын! Тасып жатыр байлығым…
Малы көптер саналмайды бай бүгін,
Қайран қазақ… Қазақ тілін мойында
Кешіре гөр болса алдыңда айыбым…
Қазақ неге көзің соқыр бұл күнде,
Қасіретке жақынсың сен бүгін де.
Зағиптардың нұр көрмесе жанары,
Аллаһ сақта көрер күннен түбінде…
Қазақ неге, қазағыңнан қашықсың,
Өзге тілге есің кете ғашықсың,
Қас жауыңа тілемейтін тозаққа,
Қазақ үшін бүгін есік ашыпсың.
Сенің ғана…
Сенің, жаным, мұң толғанда кеудеңе,
Нұр сыйлайтын күнің болғым келеді.
Тылсым ғұмыр жаяр көкке қанатын,
Шабыт берер түнің болғым келеді.
Сенің ғана құлағыңа жағатын,
Таңғажайып жырың болғым келеді.
Сені ғана жетелейтін арманға
Жүзіңдегі нұрың болғым келеді.
Өзгелерге таңсəріде қатпайтын,
Жүрегіңде сырың болғым келеді.
Басқалардай шетте бекер жатпайтын,
Сенің ғана қызың болғым келеді.
Өзгелерге тыңдатпайтын ешқашан,
Сенің ғана сазың болғым келеді.
Ұмытылмас өміріңде, əрқашан,
Күлімсірер жазың болғым келеді.
Жүрегіңді құлыптап ап ешкімге,
Ашқызбайтын, «жаның» болғым келеді.
Биіктерге жетелейтін өзіңді,
Басыңдағы бағың болғым келеді.
Қас қағым сəт қысқа мына өмірде,
Ең бақытты шағың болғым келеді…
Мамыр қандай ай?
Күнтізбедегі осынау ай аты, яғни мамыр тоқшылық,
семіру ұғымын білдіреді. Біз барлық малдың баласын
төл деп атасақ, барлық құстардың балапандарының
атауы – мамыр. «Ай аты осы сөзден шыққан» деген де
пікірлер бар. Мұны ғалым, профессор С.Аманжолов та
қостап, жазған-ды.
Мамырдағы ауа райы: күн жылиды, жер бусанады,
өсімдіктер құлпырады, мал төлдейді. Құстар ұя салып,
балапанын өрбітеді. Мамырда солтүстік аймақтарда
көктемгі егіс-дала жұмыстары қызады. Мал өріске шығып, қой қырқу, жылқы күзеу, түйе жүн-
деу басталып, бие байланады, қымызмұрындық дəстүрі тойланады.
Қызыр қамшысы. Сəуірдің ортасынан күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
Сол кезді осылай деп атайды.
Тобылғы жарған. Сəуірдің соңында 2-3 күнге созылған суық жел соғады, бұл тобылғы-
ның бүр жарғанының белгісі.
Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала құстарының балапанын
жұмыртқадан шығаруы осылай деп аталады. Сонда 1-2 күнге созылатын суық болады.
Құралайдың салқыны. Бұл кезде, яғни, мамырдың соңында болатын суық желде киіктер
төлдерін (құралайын) өргізеді.
Мамырда туғандар: өнер қайраткері С. Қожамқұлов (5.05.1896), əнші К.Байсейітова
(2.05.1912).
МЕНШІК ИЕСІ:
С.Торайғыров
атындағы Павло-
дар мемлекеттік
университеті
Редактор:
Жанар Елешова
Дизайнер: Н. Яницкая
Тілшілер: М. Амантай,
Ə. Абетжанова, М. Сағидолла.
Ақылдастар алқасы:
Қ.Алдабергенов, Ж. Бижан,
А.Тойшыбайұлы, Г. Кенжебалина.
Редакция мекен-жайы:
Павлодар қ., Ломов көшесі, 64,
каб.427-А, тел.673648
• ГАЗЕТ Қазақстан Республика сы ның
Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -
лігінде есепке алынып (04.12.2008),
ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.
• ГАЗЕТ бетіндегі автордың
мақала лары, хаттары редакция ның
көзқарасын білдірмейді
• ГАЗЕТ Павлодар облыстық
«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-
да басылды. Павлодар қ., Ленин к.,
143 үй, тел. 61-80-26
• ГАЗЕТ айына бір рет шығады,
таралымы 500 дана.
Тапсырыс № 1162
АЙЫҢ ТУСЫН ОҢЫҢНАН
ДемAll
8
Əр жыл сайын жазғы дема-
лыс кездерінде жалпы білім
беру мектептерінде мектеп оқу-
шыларының жазғы демалысын
пайдалы да қызықты өткізу мақ-
сатында бейінді əрі сауықтыру
лагерлері ұйымдастырылады.
Дəл осындай лагерь Павло-
дар қаласының №35 жалпы
білім беру мектебінде де жұ-
мыс жасайды. Биылғы жылғы
лагерь «Сиқырлы мұхит» та-
қырыбының аясында өтеді деп
көзделуде. Лагерь басшысы,
№35 ЖББМ бастауыш сынып
мұғалімі Камал Жаркинаның
айтуынша лагерде тəрбиелік
мəні бар, балалардың қабілет-
қарымын ашатын шаралар
өткізілетін болады. «Сиқырлы
мұхит» сауықтыру лагеріне
1 маусымда жалпы 185 оқу-
шы, оның 60-ы əлеуметі төмен
отбасы балалары, ал екінші
маусымда 120 оқушы, əлеуметі
төмен отбасыларынан 60 бала-
лар қамтылады деп жоспарла-
нуда», – деп мəлімдеді Камал
Қабдоллақызы.
№35 ЖББМ жанындағы
«Сиқырлы мұхит» сауықтыру
лагері екі маусыммен жұмыс
істейді. Бірінші маусым 2 мау-
сым мен 20 маусым аралы-
ғына дейін, екінші маусым 23
маусымнан 11 шілдеге дейін
балаларға қызмет етеді. Жаз-
ғы лагерде «Алтын балықтар»,
«Медузалар», «Маржандар»,
«Жұлдыздар», «Дельфиндер»,
«Білімпаздар» атты алты жасақ
құрылады. Жасақтар арасында
көңілді викториналар, жалын-
ды жарыстар, өткір пікір-та-
ластар өтетін болады. Лагерь
жұмысының басталуына аз күн
қалды. Ұйымдастырушылар-
дың айтуынша дайындық жұ-
мыстары қызу түрде жүруде.
Мектептегі жазғы сауықтыру
лагеріне балалардың аса қызы-
ғушылықпен келіп, уақыттарын
көңілді де, қызықты өткізетініне
лагерь ұйымдастырушылары
мен ата-аналар сенімді. Жазғы
лагерде ұйымдастырылатын
түрлі іс-шаралар балалардың
танымы мен білімін ұштауға,
денсаулығын шынықтыруға ба-
ғытталатын болады. Атап айт-
сақ, «Лагерь жұлдызы», «Мен
өнерлі баламын», «Күлкі көңіл
ажары», «Шынықсаң шымыр
боласың», «Салауатты өмір
салтын сақтаймыз», «Алға
ұмтыл, Жасұлан» сынды қы-
зықты эстафеталық жарыстар
мен шығармашылық сайыстар
өткізілетін болады. Балаларды
салауатты өмір салтына баулу
үшін «Нептун» һауызында жат-
тығу да жоспарда бар.
Сондай-ақ балалардың Отан-
ға, жерге, елге деген сүйіс-
пеншіліктерін дарыту мақса-
тында «Павлодар кеше, бүгін»,
«Рəмізіммен
мақтанамын»,
«Менің өлкем» атты шаралар
ұйымдастырылады.
Ұлттық
құндылықтарын бала бойына
сіңіруді де лагерді ұйымдас-
тырушылары қолына мықтап
алыпты. Қазақ салт-дəстүрлерін
насихаттайтын байқауларда ба-
ғын сынап, ұлттық ойындар ой-
нап, бүлдіршіндеріміздің ұлттық
дүниетанымын кеңейту мақса-
тын арқалаған шаралар да ла-
герь өміріне ажар бере түседі.
Сонымен қатар, балдырғандар
қаламыздың көзтартар көрікті
жерлеріне саяхатқа шығып,
мəдени ошақтарға топсеруен-
дер мен таным жорықтарға
аттанатын болады. Мəселен,
балалар Ж. Аймауытов қазақ
музыка драма театрында қо-
йылатын ертегілерді, Ш.Ай-
манов кинотеатрына қызықты
мультфильмдер тамашалауға
барады деп көзделуде. Жəне
де балапандар Г. Потанин атын-
дағы Павлодар облыстық өлке-
тану музейіне, М. Шамсудинова
атындағы мұражайына таным-
дық жорықтар жасайды.
Мектеп оқушыларының бос
уақытын тиімді қамту мақса-
тында жол тартқан айтулы жоба
оқушылардың дарынын ашып,
талантын ұштауда, дамытуда
зор маңызға ие. Редакция та-
рапынан лагерь жұмысына та-
быстар тілейміз. № 35 жалпы
білім беру мектебі жанындағы
«Сиқырлы мұхит» жазғы сауық-
тыру лагерінің алдағы жұмысы
біздің назарымызда болады.
Құрметті Оқырман, лагердің
көңілді де шуақты күндерінен
келесі санда хабардар бола-
сыздар.
«Сиқырлы мұхит» жазғы
сауықтыру лагерінде жазғы
демалыс күндерін шуақты
да танымды, көңілді де пай-
далы, қызықты да белсенді
өткізгісі келген бүлдіршін-
дерімізді құшақ жая қарсы
аламыз. Бізге қосыл бала-
қай!
Өз тілшіміз
Тест
Бірер сəт бұрын жарияланған «Зейініңді
сынап көр» атты жазбадағы сұрақтардың
жауабы.
Бірінші сұрақтың жауабы: Диқан ал-
дымен үш жерді қоршап, əр жерге үш бас
бұзаудан қамап, артынан осы үш жерді сыр-
тынан тағы бір рет қоршаса, төрт орынды
қоршаумен тең болады, əрі, солай істеген-
де ғана əр орынға қамалған бұзау саны үш
болып, тақ сан болады.
Екінші сұрақтың жауабы: Бақа шырша
ағашына жеткенше тұп-тура жеті рет секі-
реді, ал шегіртке бес секіргенде бақадан
бір метр асады. Шегіртке қанша ұзақ секір-
генімен бақаға жетпейді. Сондықтан, бақа
жеңеді.
Үшінші сұрақтың жауабы: А – 2, В – 1,
С – 3, D – 4, E – 4
Төртінші сұрақтың жауабы:
Зейін
сынаудың жауабы
бақтан басын бір сәт алып, асыр салып, ойын қуар шағы.
Мектепте білім нәрімен сусындап жүрген бүлдіршіндер
жылдың осы бір сәтін асыға күтетіні сөзсіз. Ұстаз тап-
сырмасын орындамай, оқулық бетін ашпай алаңсыз үш ай
арқаны кеңге салып демалғанға не жетсін, шіркін! Бұл –
кез келген оқушы арманы емей, немене?!
« СИҚЫРЛЫ МҰХИТ»
ЛАГЕРІНІҢ
КҮНДЕЛІГІ