2
SMS-ақпарат
Бүгiнгi Күн –
Ең Жарық Күн –
Алып Күн!
Күллi Əлемге
Ерлiгiмдi таныттым:
Қасым батыр –
Батырлардың Батыры –
Қаһарманы Халықтың!..
Қасым соғыстың запыран дəмін татқан,
зарығып туған ұрпақтың бірі. Ауыздықпен
су iшiп, толарсақтан саз кешiп, өмір мен
өлім атты майданның төрінде өрттей
лаулап, қасықтай қанын, шыбындай
жанын аямай, арпалысқан айбарлы
жауынгерлердің бірі еді.
… Өр Алтайдан түлеп ұшқан алып қыран
бүкіл қазақ аспанына адамдық, азаматтық
атын өшпестей жазып кетті. Қазақтың
партизан-жазушысы, Халық қаһарманы
һəм Ұлы Отан соғысының батыры Қасым
ағамыздың алдында мына бүгінгі ұрпақ
мəңгі қарыздармыз əрі қаһарманның
ерлігін болашақ буынға ұлықтау парызы-
мыз… Сол игі істердің бастамасы ретінде
жуырда университетіміздің академик
С.Бейсембаев атындағы кітапхананың
«Қазақ əдебиеті» бөлімінде Жеңіс күніне
орайластыра «Ер рухын көтерген ер»
атты Қасым Қайсеновке арналған шағын
əдеби кеш өтті.
Кеште Қ.Қайсенов өмірі мен шы ғар-
машылығы толық баяндалды. Партизан
жауынгердің жорықтарынан хабардар
ететін бейне көрністер көрсетілді. Соны-
мен қатар, Қайсеновтің екінші дүниежүзілік
соғыста көрсеткен ерліктерін баян ететін
«Қасым» атты фильм жайлы шағын бей-
не сюжет көрсетіліп, сол фильмге жалпы
шолу жасалды. Кеш соңында студенттер
өзара пікір алмасты, кеш қонағы болған
студенттер
Қ.Қайсеновке
арналған
көрмемен танысты. Əрі осы игі шараға
белсене ат салысқан студенттер бағалы
сыйлық «Алтын кітаптармен» марапат-
талды. Міне осындай тəрбиелік мəні зор,
ұлттық құндылыққа толы əдеби кештер
өз дəстүрін жалғастырудан жаңылмасын.
Шараны ұйымдастырушылар – С.То-
райғыров атындағы Павлодар мем-
лекеттік
университетінің
академик
С.Бейсембаев атындағы кітапхананың
«Қазақ əдебиеті» бөлімі мен Қазақ фило-
логиясы кафедрасының студенттері.
Ұлжан ТӨЛЕУ
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
2013 жылдың 3 мамыр күні С.То-
райғыров атындағы Павлодар мем-
ле кеттік университетінде «Жаңа
діни ағым дары жəне Қазақстанның
қауіпсіздігі: жастардың көзқарасы»
атты ғылыми студенттік конферен-
ция өтті.
Конференция жұмысына қатысты: ҚР
Діни істер жөніндегі департаментінің
директоры т.ғ.к., Е. Рахимжанов, «Нұр
Отан» ХДП ПМФ төрағасының бірінші
орынбасары А. Ешмуратов, Павлодар
облысының ішкі саясат басқармасы
басшысының орынбасары К. Кимали-
денов, Павлодар облысы ҚХА жастар
этномəдени бірлестіктерінің үйлестіруші
кеңестің төрағасы Н.Нефёдова, мем-
лекеттік меке ме лер, үкіметтік емес
ұйым дар дың жетекшілері мен мүшелері,
университеттің профессорлық-оқыту-
шы лық құрамы, магистранттар, сту-
денттер. Конференцияның төрағасы
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың рек-
торы, э.ғ.д., профессор С. Өмірбаев.
Конференцияның өзектілігі студенттік
жастардың діни сауаттылығын артты-
ру қажеттілігімен, магистранттар мен
студенттерді діни саладағы болып
жатқан қазіргі заманғы тенденциялар
мен мəселелерді зерттеуге араласты-
румен шартталған.
Конференцияның мақсаты – жаңа
діни ағымдарының идеялық бағытын
жəне қазіргі заманғы Қазақстанның ру-
хани, əлеуметтік-экономикалық, қоғам-
дық-саяси дамуына олардың тигізетін
əсерін анықтау, жастар ортасына
діни радикализм, экстремизм жəне
лаңкестік идеяларының енуін алдын-
алу жəне ескерту, этноконфессиялық
толеранттылықты нығайту болып табы-
лады.
Жаңа діни ағымдардың бастаула-
ры, идеялық бағыттылығы жəне Қа-
зақ станның қауіпсіздігі жөніндегі сұ-
рақ тар бойынша талқыланған өзекті
мəселелердің нəтижесінде кон фе рен-
цияның қатысушылары жалпы страте-
гияны жасады.
Ертістің
Павлодар өңірінің
энциклопедиясының
тұсауы кесілді
Мамыр айының мереке күн дері
Павлодар қаласының Дос тық үйінде
С.Торайғыров атын дағы Павлодар
мемлекеттік уни вер ситетінің Е. Бек-
маханов атындағы өлкенің тарихы
жə не этнографиясы ғылыми-прак-
тикалық ор та лығының Қазақ эн ци-
кло пе диясымен бірлесіп жа саған
Ер тістің Павлодар өңірінің энци-
клопедиясының тұсауы кесілді.
Қазақ тілінде тұңғыш шыққан Ертістің
Павлодар өңірінің энци клопедиясының
құндылығы мен мазмұнына облыс
əкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын жоғары
баға берді. «Павлодар облысының
75 жылдығына орай жарыққа Ертістің
Павлодар өңірінің энциклопедиясы
шықты. Бұл еңбекке 4000 ғылыми
əрі танымдық мақалалар енгізілген.
Энциклопедияның алдағы шыққан
өңірлік энциклопедиялардан еректігі өз
аймағымызбен ғана шектелмей, Қазақ
халқына, еліне ортақ тарихи деректер
сипатталған», – деді облыс əкімі Ерлан
Арын өңіріміздің зиялылары жиылған
қауым алдында.
Аталмыш энциклопедияда біз дің
өңірдің көпшілікке белгілі де, бізге
беймəлім тарихы, өсу, даму кезеңдері,
жүйеленген, жан-жақты қамтылған.
Энциклопедияны
оқыған
адам
бұрынғы өткен ғасырларда өлкемізде
өмір сүрген дарынды да ержүрек
тұлғаларымыздың жасаған еңбектері
ғасырлардан ғасырларға жалғасып
келе жатқанын жəне оның келер
ұрпақтың бай рухани қазынасы екенін
түсінеді.
АРХЕОЛОГТАР АЛТЫННЫҢ
ҮЛКЕН ҚОРЫН ТАПТЫ
Еліміздің археологтары олжаға тап
болды. Сайрам ауылындағы қазба
жұмыстары кезінде алтын мен күміс
бұйымдар табылды. Мамандар бұл ша-
мамен ортаға ғасырдың ескерткіштері
деп отыр. Қазақ тарихы үшін маңызы
бар жағымды жаңалықты зерттеушілер
тілшілермен бөлісті.
Сайрамның Қазақ хандығына кір-
ген кезеңіндегі куəгер ескерткіштер ден
қалған осы аймақ. Көктен тілегенін жер-
ден тапқан біздің археологтар мұндағы
əрбір топырақты асқан ұқыптылықпен
елеп, зерттеп жүр. Нəтиже көңіл
қуантар. Ежелгі монша орны анықталып,
2600-ден аса күміс теңгелер жиналды.
Ең бастысы, ал тынның үлкен қорын
тапты тарихшыларымыз. Б. Байтана-
ев, Ə.Мар ғұлан атындағы археология
институтының директоры: «Бұл қа-
зы на археологиялық тұрғыда та был-
ған тұңғыш алтын қазына болып отыр.
Қазынада неше түрлі білезік, моншақ,
сырғалар, алтын бұйымдар бар. Мұның
уақытын біз шамамен 10-16 ғасырда
жасалған деп айта аламыз», – деді.
ЕУРОПАЛЫҚТАР ҚАЗАҚ ТІЛІН
ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІН ЖАСАП
ШЫҒАРДЫ
Бұл таңғаларлық жаңалық, алайда,
шын мəлімет. Ширек ғасыр бұрын бұл
əдістемені ағылшын тілін оқыту үшін
жасап шығарған тəсіл екен. Енді міне,
бұл əдістеме қазақ тілін оқытуға да жа-
рап қалған секілді. European School Of
Correspondence Courses (Netherlands)
əдістемесі əлемнің жеті елінде сəтті
жұмыс жасап жатқан көрінеді. Əлемнің
1 миллион өзге тілдерге қызыққан
адамдары осы бағдарламаны кəдесіне
жаратуда. Қазақстанда бұл əдістемені
Еуропалық Корреспондеттік мектебі
(ЕШКО) осы бағдарламаның бағын
сынауда. Мамандардың айтуынша
еуропалықтар ұсынған қазақ тілін
оқытудың жаңа əдістемесі екі-үш айлық
білімнен кейін оқушы қазақ тілінің жілігін
шағып, майын тамызатын көрінеді.
САҒАН, ХАЛҚЫМ
Көктемнің шырайлы күндерінде С.Торайғыров
атындағы Павлодар мемлекттік университетінің
концерттік залында Студенттік филармония жəне
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық
филармониясының əншісі, халықаралық жəне
республикалық байқаулардың лауреаты Əсел
Ботаеваның «Саған, халқым…» атты шығар-
машылық кеші өтті.
Шығармашылық концерт «Əл-əки» фольклорлық-
этнографиялық ансамблі, халықаралық жəне
республикалық байқаулар жеңімпазы, «Аймақтар
аламаны» тележобаның жеңімпазы Амангелді
Қожанов, «Мəдениет қайраткері» төс белгісінің
иегері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік
университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының
профессоры Ербол Айтбаевтың қатысуымен өтті.
Кеш ПМУ-дың оқушылары, студенттері, соны-
мен қатар, қала ардагерлері жəне басқа да өнер
сүюшілер үшін көтеріңкі көңіл сыйлар сазға толы
кеш болды. Майраның жолын қуған əнші Əсел Бо-
таева халыққа дəстүрлі əндерді насихаттаушы
ретінде танымал. Əсел концерттің бірінші бөлімінде
халық аспаптарының сүйемелдеуімен халық əндерін
шырқады. Екінші бөлімде əнші қазақ халқының
жауһар жырлары мен термелер ұсынды өнерсүйер
қауымға. Соңғы бөлімінде бүгінгі сазгерлердің туын-
дыларын эстрадалық əуенмен нақышына келтіре
орындады.
С.Торайғыров
атындағы
Павлодар мемлекеттік уни-
вер ситетінде «Мектептегі
білім – өнеркәсіптік мә-
се ле лер шешімдерінің не-
гі зі»
тақырыбы
бой-
ынша IQ (intelligence quotient) нұсқадағы «Өнер өрісінде»
бағдарламасының аясында мектеп аралық интеллектуалды
сайыс өтті.
IQ (intelligence quotient)
нұс қасындағы
«Өнер
өрісінде» бағ дарламасы
аясында
өткі зілетін
мектеп
аралық
ин-
теллектуалды
сайыс
С.Торайғыров атындағы
Павлодар
мемлекеттік
университетінде
2009
жылдан бастап өтуде.
Бағдарламаның
ав-
торы
–
ПМУ-дың
«Құрылыс материалдарын өндiру жəне стандарттау» кафедрасының
доценті Қабидолла Қасқырбаев. Биылғы сайыстың тақырыбы – «Су
төңірегінде».
Сайыстың ашылу рəсімінің барысында С.Торайғыров атындағы
Ғылым мен инновация департаментінің директоры Людмила Царенко
Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі Ұлттық интеллектуалдық
меншік институтының сараптама қорытындысын назарларына ұсынды.
Сараптама қорытындысы бойынша «Инновациялық желді-қуаттық
қондырғы» атты жоба өнертабыс болып танылды. Өнертабысты
жобаның жетекшісі – Қабидолла Қасқырбаев, орындаушылар – да-
рынды балаларға арналған № 3 гимназияның оқушылары Дəурен
Қарамбаев жəне Еркебұлан Мұратов.
Мектеп аралық интеллектуалды сайыстың жалпы нəтижесі бойын-
ша, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық
қазақ гимназия-интернатының командасы бас жүлдеге ие болды. № 9
жалпы орта білім беретін гимназия-мектебінің командасы бірінші орын
алды, екінші орында – № 21 жалпы орта білім беретін мектептің коман-
дасы, үшінші орынға № 39 гимназиялық сыныптары бар инновациялық
үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің командасы шықты.
ДҮРБІ
ЕЛ РУХЫН КӨТЕРГЕН ЕР
ТАПҚЫРЛАР ДОДАСЫНЫҢ
ДАРАБОЗДАРЫ
Бетті дайындаған Құралай ШАЙМАРДАНОВА
3
Тағзым
Екінші дүниежүзілік соғысында Кеңестер Одағы
Жеңіс туын желбіретті. Ұлы Отан соғысының жеңіс
сағатын соғылуына Қазақстанның қосқан үлесі ұшан-
теңіз болды. Оқыстан басталған соғысқа Қазақстан
2 миллионға жуық азаматтарын майданға аттандыр-
ды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары
қайтпай қалды. Сұм соғыстың ащы дəмін татпаған
бірде бір шаңырақ болмады. Бірі əкесін, бірі ба-
уырын, бірі жарын жоқтап, қара жамылды. Жас
жеткіншектердің қыршын жасы қиылып, қаншама ар-
мандар мен заңғар асулар күл талқан болды.
Кеңестер Одағы 27 миллионнан аса азаматтары-
нан айырылды.
Германия 10 миллион адамын жоғалтты.
Соғыс 1418 күн мен түнге ұласты.
Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам
қатысып, ал, Орта Азия республикаларынан соғысқа
3 миллионға жуық адам қатысып, соның 1 миллион
366 мыңы қазақстандықтар еді. Соның 500-ге жуығы
Батыр атанып елге оралды.
Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4
ұлттық атты əскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы
мен 50-ге жуық əртүлі полктер, батальондар құрылып,
майданға аттанды.
Жанын салып жаумен шайқасқан қазақстандық
5 əскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ
берілді.
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар парти-
зан отрядтарының құрамында болды.
Жаужүректігі мен жанқиярлығы үшін 96638 қа-
зақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден жəне
медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес
Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ. 142
жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
Соғыс жылдарында Қазақстан мемлекетке 482,8
мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың
тонна көкөніс, 1193,2 мың қант қызылшасын, 155,3
мың тонна мақта, 6 миллион тонна бидай, 797 мың
тонна ет, 150 мың мініс жылқыларын жөнелтті.
Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана
жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан
астам қаражат тапсырған.
Қазақстан соғысқа қолданған қорғасынның 85
пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың
барлығын өндірді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы күштерде 4
орталық, 19 майдандық жəне флоттық, 103 армиялық
газет, ұлттар тілінде 50 мерзімді басылым шығып
тұрды. Сұрапыл жылдары қазақ тілінде 10 майдандық,
3 дивизиялық, 1 округтік газет жарық көрген. Олар:
«Қызыл Армия», «Қызыл əскер ақиқаты», «Дабыл»,
«Отан үшін алға» т.б.
Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл
жасауға қатысып, оның басына Жеңіс туын алғашқы бо-
лып қазақ халқының арыс ұлы Рақымжан Қошқарбаев
тікті. Сұрапыл соғыс жылдарында батылдығы мен
өжеттілігі арқасында аты аңызға айналған Қазақ
жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-ші
гвардиялық дивизия Москваны қорғауда теңдессіз
ерлік көрсеткен-ді. Олардың қатарында қазақтың
ержүрек, қайсар ұлы Б.Момышұлы бар болатын.
Мəншүк Мəметова, Əлия Молдағұлова, Мəлік
Ғабдуллин,
Талғат
Бигельдинов,
Бауыржан
Момышұлы, Нүркен Əбдіров, Дабаш Бабажа-
нов, Сұлтан Баймағамбетов, Қарсыбай Сыпатаев,
жерлестеріміз Қанаш Қамзин, Серікбай Мүткенов,
Махмет Қатаев сынды ерлері Кеңес Одағының ба-
тырлары деген атқа лайықты деп танылған қазақтың
арда ұлдары мен ержүрек қыздары. Партизан отряд-
тарына командир, комиссар болған əлі күнге дейін
ерлігі ел аузында жүрген қазақ батырлары – Əди Ша-
рипов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин.
Кеңес дəуірінің белгілі жазушысы И.Эренбургтың
«Правда» газетінің бетінде 1942 жылы жарияланған
«Қазақтар» деген мақаласында Мəскеуді қорғаған
8-ші гвардиялық Панфилов атындағы дивизия тура-
лы сөз қозғалады. «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші
бар қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған
бетінен тіпті ешқандай оқ та, өрт те тоқтата алма-
ды. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп
келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін
естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп
едім…» деді. Фрицтер көп нəрсені білмеуші еді.
Оларға Ресейдің үлкен екенін ғана айтып, ал ол елде
көптеген халық тұратынын айтпаған. Шығыстың кең
даласында ежелден қыстың қақаған аязы мен жаздың
аптап ыстығында көндіккен ержүрек адамдар тұрады.
Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырла-
ры жайлы сыр шертеді. Ал бұл елдің батырлары ең
алдымен арын ардақтаған. Ер Тарғын алты кез ал-
даспаннан қолына алып, алты мың жауға жалғыз өзі
қарсы шабуылға шығып тұрып: «Маған бəрінен де
арым қымбат!» деп айғай салған!…
Далада салт атпен жүруге үйренген қазақ. Егер
қажет болса еңбектей де алады, жүгіреді де, таулы
жерде шыңға қарай өрмелейді, батпақ болса белу-
ардан саз кешіп те жүре береді. Əйтеуір, қазақтарды
ешнəрсе де тоқтата алмайды…
Қазақтар орыстармен қатар тұрып ұрыс салуда. Біз
бірге қайғы кештік, бірге жаумен шайқасып жүрміз,
жеңістің алғашқы таңын да бірге қарсы алып, бірге
қуанатын боламыз!» – деп жазды.
Түйін. Ер Тарғын мен Қобланды, бертін келе
Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай сынды батырлардың
ұрпағы қазақтар ер мінезімен танылмауы мүмкін
емес əсте. Болмысы намыс пен батылдықтан
тұратын, рухы қайсар, талабы асқақ, мінезі өжет,
жаужүрек батылдардың қазақ елі болғанда аты
да ерлігі де өшпес даңқты болатынын білем. Ба-
тыр атағын алғандар аз. Алайда, шын ерлік жа-
сап, ұлы жеңістің жақындауына сүмбідей үлес
қосқан жандардың ерлігі шын Батыр атағына
лайық еді. Олардың барлығы да халқының ары-
стары, ұрпағы мен жақындарының «Батыр» деп
аялайтын ерлері. Олардың ерлігін ұрпағы біздер
еш ұмытпауымыз міндет.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мəңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мəңгілік
Кетпейді естен асыл ер, – деп
кезінде Жұбан Молдағалиев ай-
тып кеткен. Шыңдығында жас
ұрпақтың санасына ел үшін
тайынбаған
батыр,
жазушы,
адамгершілігі мол болған тұлға –
Бауыржан Момышұлы туралы
сөз етсек. Ол Отанын сүйетін
тұлға ретінде ел есінде мəңгі қала
бермек.
1970 жылы жарық көрген «Қазақстан
комунисі» газетіне жарық көрген
«Шайқастарда шыңдалдық» атты
мақаласында
ол:
«Офицерлік
шинелімді шешкенге кейбіреулер
мені əскерден біржола кетті деп ой-
лайтын шығар. Жоқ, мен əлі кəдімгі
жауынгерлік саптамын. Отставкадағы
полковникпін, бірақ отставкадағы аза-
мат емеспін. Көңілім де, жүрегім де
сонау сұрапыл жылдардағыдай сер-
гек. Жанымдағы жалын басылған
жоқ, көзімдегі өрт лапылдаған ыстық
күйінде. Соғыс жайлы сөз қозғалса,
қаным қайнап, буырқанып-бұрсанып,
қалаған кезде атып тұруға əзірмін.
Өйткені ажалмен арпалыс мені, өзімнің
қанды көйлек майдандас бауырларым-
ды осыған үйреткен. Кір жуып, кіндік
кескен жерімнің, туған елімнің ежелгі
азаматтық, адамгершілік салты мені
осылай тəрбиелеген. Мен қан май-
данда өлімді жеңген, өресі биік өрен
ұрпақтың, қайтпас қайсар қаһарман
ұрпақтың өкілімін. Сондықтан толғана
шертер сырым, əрқашан айтар
əңгімем – сол замандастарымның ерлігі
жайлы… Адалдық пен арамдық, ерлік
пен ездік ел басына күн туған, үлкен
сын үстінде сарапқа түседі. Майданда
мен батальон командирінен полк, ди-
визия командирлігіне дейін көтерілдім.
Отан соғысының отын кеше жүріп, та-
лай рет хас батырды да, еменнің иір
бұтағындай иілуді білмейтін мəртті де,
шорт сынар шатақты да, қоян жүрек
қорқақты да көрдім. Тарихтың тара-
зысына тартылып, қатал сынға түскен
қатерлі де қауырт шақта алуан түрлі
адуын мінез бой көрсетті ғой. Қорқақты
қайтеміз, адамдықты, адалдықты
айтайық та», – деген естеліктерінен
адалдық жолын көксеген тұлға екенін
көріп отырмыз. Оның сарбаздарға
берген бұйрығы, өзін-өзі ұстауы
барлығы жарасымды болған сын-
ды. 1941 жылы екінші дүниежүзілік
соғыс басталысымен, ол даңқты
генерал майор И.В.Панфиловтың
басшылығымен Алматы маңында
жаңадан жасақталған 316 атқыштар
дивизиясының құрамында майданға
аттанады, батальон, полк командирі
болып, адал қызмет етті. Соғыстың
соңғы жылдарында гвардиялық ди-
визияны басқарады. Бірнеше рет жау
қоршауынан жауынгерлерін аман сау
алып шығады. Ол қайсар мінезі мен
өр тұлғасымен көзге бірден түсті. Бү-
гінгі аға буын елдің бүлдіршіндеріне
«болсаң Бауыржандай бол» деп ақ ба-
тасын беріп жатады. Яғни, көпті көрген
ақсақалдар кейінгі туылған нəресте
есімін Бауыржан етіп қоюдың өзі жай-
дан жай емес деп ойлаймын. Өйткені
Бауыржан деген есімнің өзі – ағайынға,
туған-туысқа жан-тəнімен берілсін,
жанындай жақсы көрсін деген ни-
етпен қойылған есім.
Бауыржан Момышұлының ел
біле бермейтін тағы да фило-
софиялық жағынан мықты-
лығы бар. Мəселен, ел ауы-
зында жүрген көптеген бүгінгі
күннің мақал – мəтелдеріне
айналған қанатты сөздер Бауыржан
атамыздікі екенін біреу білсе, біреу
біле бермейді. «Жігерсіз сөз жүрекке
жетпейді», «Ерлік – ердің қасиеті,
жүректілік – жігіттің қасиеті», «Ердің
туы – намыс», «Сен жаудан қашсаң,
өмір сенен қашады» деген сөздері
арқылы халықтың мойымай болашаққа
нық
қадам
жасағанын
қалады.
«Басқа жазушылар сиямен жазса, біз
қанымызбен жазамыз», – деп өзінің
жазуға деген сүйіспеншілігімен, ке-
лер ұрпақтың маңдай терін төгіп
еңбектенгенін
аңсады,
барды
бағаласын деген үндеулер айтты.
Алайда халыққа мол мұра қалдырған
тұлғаны тарих беттері ұмытпай, ол
туралы
көптеген
жазушылардың
қаламынан өрілген өшпес туындылар
қалды. Александр Бектің «Арпалыс»,
Əзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен
аңыз», келіні Зейнеп Ахметованың
«Шуақты күндер», ұлы Бақытжан
Момышұлы
«Жанымның
жарық
жұлдызы» жəне т.б. шығармалары
оның біз білмеген қырларынан таныта
түсті.