Жастар газеті жастар – болашақтың кепілі №5 (42) 29 мамыр, 2013 ж



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата19.02.2017
өлшемі4,6 Mb.
#4500
1   2   3   4

Әскери әлімжеттіктің пай-

да болуына не себеп?

Бұл  қатынастарды  зерттеушілердің 

кейбірі əлімжеттік жүйе əскери күшті шек-

тен тыс өз пайдасына қолданған кездер-

де  күшейе  түсетінін  айтады.  Мəселен, 

1960  жылдардың  соңында  командир-

лер  қарамығындағы  əскери  күшті  өз 

басының  материалдық  пайдасы  үшін 

қолданған дейді П.В. Вахнина өз зерттеу 

жұмысында.  Яғни,  жас  жауынгерлерді 

ресми  емес  бұйрықты  бұлжытпай  орын-

дату  үшін  кең  қолданылған  əдіс.  Бұл 

қатынас  түрін  əскер  басшыларының 

өздері  ойлап  тапқан  деп  айтуға  келеді. 

Өйткені,  офицерлер  «дедовщиналық» 

жүйені  өз  қара  бастарының  істері  үшін, 

жас  сарбаздарды  басқару  тетігі  ретінде 

қолданып,  жас  жауынгерге  бұл  жүйенің 

қыр-сырын  үйретіп  келген.  Бұған  себепті 

автор  əскер  қатарына  келген  жастармен 

тəрбие  жұмысын  атқарғысы  келмеген, 

ресми емес қатынасты құртудың орнына, 

оны керісінше қолдап, одан əрі дамуына 

ықпал етуімен қоса, кейінгі ұрпаққа өнегелі 

мұра  етіп  келген  де  осы  офицерлердің 

нақ  өздері  екенін  мəлім  етеді.  Соны-

мен,  əскердегі  əлімжеттіктің  өркендеуі 

устав  бойынша  тіпті,  əскери  бөлімнің 

шаруашылық  тіршілігіне  де  қатысы  жоқ 

істерде  жас  ұландардың  еңбегін  қанау 

арқылы  материалдық  табыс  көруден 

басталады  дейді  əскердегі  ресми  емес 

қатынастарды зерттеп жүрген ғалымдар.

Ендігі  бір  деректе  əскери  əлімжеттік 

КСРО  əскеріне  абақтыдағы  жазасын 

өтеушілер  алына  бастағанмен  байланы-

сы  барын  айтады.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстан 

кейінгі 

жылдары 


əскер 

қатарына  алынатын  бозбалалардың 

аздығынан  қылмысын  өтеушілер  əскер 

сабына қосылған. Бүгінгі əскердің кеселді 

дерті  сонау  1942-1943  жылдардан  ба-

стау  алады.  Тек  80-90  жылдары  ғана 

əскердегі əлімжеттік нағыз бүгінгі қалпын 

қалыптастырып  болды  деуге  болады. 

20-30 жылдың ішінде кендір кесел əбден 

орнығып,  бозбалаларды  ауыздығына 

іле  бастады.  Дегенмен,  одан  бері  қазақ 

елі  көркейді,  экономикамыз  тұрақтанды, 

əскерге көз салар кез келді. Тəуелсіздікпен 

жасты  жас  ұландарымыздан  бейбіт 

өмірде суық хабар келіп жатқанда бейқам 

жатқанымыз  жарамас.  Айуандық  пен 

қаныпезерлік  жайлаған  жауынгерлер 

бірте-бірте  тірі  өлік,  яғни  зомбиға  айна-

луына  мемлекет,  қоғам  болып  тосқауыл 

қоя алмайтынымыз ұлтқа төнген ең ауыр 

қасірет.

Әскердің өз заңы болады

Əскерде иерархиялық дəрежелер бола-

ды: жарты жылға дейін – «рух» (дух) яғни, 

ешнəрсе  түсінбейтін,  қолынан  еш  нəрсе 

келмейтін,  еш  нəрсе  білмейтін  түсініксіз 

жан. Жарты жылдық – қиындықтарды ар-

тына  қалдырып  ысылған,  ережелер  мен 

ғұрыптарды, міндеттерін нақ білетін, кейде 

«рухтардың» бүлдіргені үшін жиі жауапқа 

тартылатын  сарбаздар.  Бір  жыл  –  өз 

қызметін  нақты  білетін,  алдыңғылардың 

жұмыстарының  орындалуы  үшін  жауап 

береді.  Одан  кейінгі  уақытта  əскердегі 

қызметтен  моральді  түрде  шаршаған, 

үйіне  қайтуды  мақсат  еткен  əскер  киімін 

киген  азамат.  Жауынгердің  ресми  емес 

шенге  ауысуының  өзі  бір  ғұрыптық  салт. 

Бұл шара келесі деңгейге өтушіні денесіне 

қатты  физикалық  ауыртпалық  тигізумен 

өтеді. Əр деңгейге өтуінің өз «таяғы» бо-

лады екен.

Әскердегі әлімжеттіктің ту-

ындауына себеп іздедік

Əскердегі  əлімжеттіктің  өркен  алуы 

заңды  да.  Əскер  қатарына  алынған  боз-

бала  ол  ортадан  өздігімен  беталды  кете 

алмайды.  Екіншіден,  əскер  қатарындағы 

тұрмыс  жағдайы  төмен,  кейде  орташа. 

Үшіншіден,  қатарластарының  тарапынан 

келетін агрессияға тосқауыл болатын не-

месе  қорғайтын  механизмнің  жоқтығы. 

Төртіншіден, 

қоғамдағы 

моральді 

емес  қарсы  əлімжеттік  əрекеттерден 

қорғансыз  болуы.  Былайша  айтқанда 

офицерге 

немесе 


өзінен 

жоғары 


шенділерге  шағым  түсірген  жауынгер 

адам  қатарына  жатпайды.  Бесіншіден, 

сарбаз  мақсатты  немесе  офицерлердің 

өз  пайдасын  қанағаттандыратын  əр 

бұйрықты  орындауға  міндетті.  Алтын-

шыдан,  басшылық  тарапынан  тəртіпті 

орнатуға  деген  құлшыныстың  жоқтығы 

яки  өз  жұмыстарын  «шалдарға»  арта 

салу  əдеттегі  іс.  Жетіншіден,  əскердегі 

əлімжеттік  оқиғаларын  жасыру  фактілері 

жиі  кездеседі.  Өйткені,  қылмыс  ашыл-

са  сардарлар  қатаң  жазаға  тартыла-

тыны  белгілі.  Келесі  шеннен  айырылу, 

қызметінің  төмендеуі,  əскер  Күштері 

қатарынан 

алыну 


сияқты 

əскери 


қызметкер  үшін  ауыр  жаза.  Міне,  осы 

себепті  де  Отан  алдындағы  борышын 

өтеп  жүрген  жас  сарбаздар  арасында 

өзін-өзі  өлтіру  немесе  бірін-бірі  өлтіру 

фактілері жиі кездеседі.

Әскери әлімжеттік туралы 

ел аузындағы аңыздар

Жи  кездесетін  аңыз  – 



əскери 

əлімжеттіктің 

негізі 

«дедтердің» 

физикалық  күші  мен  қол  жұмсауынан 

тұрады.  Сол  шалдардың  күші  білекте 

емес,  оларды  қолдайтын  сардарлар 

мен  офицерлерде.  Алайда,  бөлімше  ко-

мандирінің  өз  аумағында  уставты  емес 

қарым-қатынастарға  устав  бойынша 

тосқауыл қоюға мүмкіндігі бар.

Келесі  аңыз  – 

физикалық  күшті  жас 

жауынгер  «дедке»  төтеп  бере  ала-

ды.  Егер,  жас  ұланның  күші  «шалдан» 

асып  тұрса  да,  уставты  емес  дəстүрлі 

бөлімшеде «қара тізімге» ілгері сөзсіз.

Тағы  бір  аңыз  – 



ерік-жігері  мықты 

жас  ұлан  алдыңғы  қатарлы  əскери 

қызметтестеріне  төтеп  бере  алады

Алайда,  командирдің  еркіне  төтеп  бере 

алатын  бірде-бір  қатардағы  жауын-

гер  болмайтыны  анық.  Мəселен,  оның 

жасаған өр мінезіне бүкіл команда жауап 

береді.  Ал,  кинодағы  жау  жүректік  шын 

мəнінде аңыз ғана.

«Шалдар»  жастардың  тағамдарын 

алып,  аш  қалдырады.  Көбіне  соңғы 

жыл  əскер  қатарында  жүрген  жауын-

герлер  əскер  дəмінен  шаршап,  асха-

нада  емес,  шай  ішетін  бөлмелерде 

тамақтануы да мүмкін. Əскерге жаңа кел-

ген жас сарбаздардың үйден жөнелтілген 

тағамын,  сатып  алынған  астан  тату 

мүмкіндіктері тұрғанда асханаға барудың 

не қажеті бар.

Ендігі бір аңыз – 



соғыс алаңдарында 

əлімжеттік  əрекеттері  болмайды.  Мə-

селен,  соңғы  Ауғанстан  еліне  барған 

КСРО əскері осы аңызды жоққа шығарды. 

Мұнда  тіпті  əскер  қатарына  ертерек 

келгендерді  офицерлер  ашықтан  ашық 

қолдаған екен.



Жаһандағы мемле-

кеттер әскер күшіндегі 

әлімжеттікпен қалай 

күресуде?

Бүгінде  əскери  əлімжеттік  жаһанның 

көп мемлекеттерінде кең етек жайған ке-

сепат. Əскердегі кішіге əлімжеттік көрсету 

ғұрыптары  туралы  алғаш  деректі  Көне 

Спарта  əскери  күшінен  байқаған  екен 

ғалымдар.

Əскери  əлімжеттік  тек  Қазақстан  не-

месе  ТМД  елдеріне  ғана  тəн  құбылыс 

емес.  Мəселен,  2006  жылы  НАТО-ның 

бі рік кен  əскери  күшінің  бас  қолбасшысы 

Джеймс  Джонс  АҚШ  əскери  күштерінде 

əскери  əлімжеттіктің  барын  мəлімдейді. 

2008 жылдың өзінде АҚШ-та əлімжеттіктің 

7000  оқиғасы  тіркелген.  1997  жылы 

АҚШ-тың  теңіз  флотында  «Нептун» 

атты  жауынгерлердің  бағышталу  ғұрпы 

болған.  Жас  ұландарға  өздерінен  үлкен 

қызметтестері  адам  денесінен  шығатын 

қалдықтарды 

денелерімен 

тазалап, 

соңында  жуатын  көрінеді.  Американдық 

командирлер  осы  уставты  емес  ғұрыпты 

тоқтату мақсатында АҚШ Конгресіне рес-

ми сауал жіберген.

Оңтүстік  Кореяда  15-20  жыл  бұрынғы 

əскери  қатынастармен  салыстырғанда 

жемқорлық  жəне  əлімжеттікке  қарсы 

күрес  шараларынан  кейін  корейлік  офи-

церлер  əскери  шендері  мен  қызметтері 

үшін  қорқатын  көрінеді.  Əскердегі 

əлімжеттіктің  жойылуына  ақпараттық 

технологиялардың  дамуы  мен  халықтың 

тығыздылығы ықпал еткен көрінеді.

Ал,  Испания  мен  Польша  елдеріндегі 

əскери  күштеріндегі  уставты  емес  қа-

тынастар,  əскери  қызметті  келісім-шарт-

тық  негізге  ауыстырғанымен  тікелей 

байланысты. Мəселен, Швеция мен Нор-

вегияда  əскери  міндет  сақталғанымен, 

шындығында  əскери  күшті  шақыртулар 

арқылы  емес,  таңдау  арқылы  іске  асы-

рылады. Себебі, əскери міндетті атқаруға 

ниет  ететіндер  талап  етілгеннен  де  көп 

екен.


 Қытай Халық республикасында устав-

ты  емес  қарым-қатынастар  үшін  əр  жа-

уынгер  өз  басымен  жауап  береді.  Ал, 

командирлері 

əлімжеттік 

фактілерін 

жасырғаны  үшін  жеке  жауапқа  тар-

тылады  екен.  Ал,  НАТО  шын  күресіп 

жүрген  құрылым  ретінде  əлемге  мəлім. 

Əлімжеттіктің  еш  экономикалық  негізі 

жоқ  (əскери  бөлімшелердің  заңсыз 

шаруашылық 

əрекеті), 

қарапайым 

қатардағы  құрамның  басқалардан  гөрі 

құқығы жоғары, мобильдік байланыстарға 

пайдалануға  рұқсат  етілген.  Ал,  Еуропа-

да кез келген əскери бөлімге арнайы ак-

кредитациядан  өткен  журналистер  мен 

қоғамдық ұйым мүшелерінің қолы жетімді.

Жаһанның  бұқаралық  құралдарынан 

əскердегі уставты емес қарым-қатынастар 

Ұлыбритания, Мысыр, Бангладеш, Параг-

вай,  Финляндия,  ОАР  Израиль,  Австра-

лия,  Швеция,  Канада,  Ресей  жəне  ТМД 

елдерінде  бар  құбылыс  екенін  аңғаруға 

болады.  Əр  елдегі  əскери  əлімжеттік  əр 

түрлі деңгейде, көріністері де алуан.



Тұғыры биік қазақ әскері

Соңғы  он  жылда  əлемде  жүзден  аса 

қарулы  қақтығыс  болып,  он  миллионнан 

аса  адам  қаза  тапқан.  Сондықтан  ұлан-

байтақ  кеңістікке  ту  тіккен  Қазақстанның 

қауіпсіздікті  бір  сəтке  ұмытуға  əскер 

қатарындағы 

сарбаздардың 

қақысы 

жоқ. Ел əскері жыл сайын қуатын артты-



рып  келеді.  Бізде  қарулы  күштердің  үш 

түрі  бар.  Құрлық  əскері,  Əуе  қорғанысы 

күштері мен Əскери-теңіз күштері. Бұдан 

өзге  ел  тыныштығын  сақтап  отырған 

əскери  құрылымдар:  Ұлттық  гвардия, 

Ішкі  əскер  жəне  ҰҚК  Шекара  қызметі, 

əуе  шабуылына  қарсы  тұратын  зениттік-

зымыран кешендері.

Қазақ армиясы – кəсіби армия. Тең жар-

тысы  əскери  шақырылыммен  толықса, 

қалған 50 пайызы келісім-шартпен қызмет 

етеді.  Сарбаздар  қызметі  екі  жылдан 

бір  жылға  қысқарды.  Бұл  жүйе  əскери 

əлімжеттікті  жояды  деп  үміттенеді  ма-

мандар. Ел іргесінің мықты болмағы «бес 

қаруы сай» сарбазға сын. Ал, сарбаздың 

білекті, жауға жүректі болуы – тəрбиеден. 

Яғни,  Бауыржан  Момышұлы  айтқандай, 

«Отан  үшін  отқа  түсетін»  ұрпақ  өсіру 

ұлтын ойлаған əрбір адамның парызы.



Түйін.  Қазақстан  əскер  күштерінде 

əлімжеттіктің барын елге келіп жатқан 

суық  хабардан  аңғарамыз.  Өкiнiшке 

орай, өлiм құшқан сарбаздардың ажал 

себебі  анықталғандары  аз.  Əскердегi 

«дедовщина»  атам  заманнан  бергі, 

тіпті  жаһан  əскерінде  бар  жағдай 

екенін  жоғарыда  айтып  өттік.  Алайда 

өзінің  қандас  бауырын  өлердей  етiп 

сабау  мен  айуандықпен  өлтiру,  ұялы 

телефонына  қаражат  салдыру,  өзiне 

жүктелген  iстi  əлсiздiң  мойнына  арту, 

қоқан-лоққы  көрсету,  сарбазды  ба-

сыбайлы  құлына  айналдыру  қазiргi 

қазақ əскерінің келбеті. Сарбаздардың 

арасында  қалыптасқан  ресми  емес 

иерархиялық қарым-қатынастық жүйе 

кез келген əскер күш қатарында бола-

ды  деп  өзімізді  алдаусыратамыз.  Он-

сыз əскер əскер болмайды деп əскери 

əлімжеттікті  қолдайтындарымыз  да 

бар.  Одан  да  көлемi  жағынан  əлемде 

тоғызыншы  орын  алатын,  аумағы  2 

миллион 700 мың шаршы шақырымға 

жететін  ұлан-байтақ  даласы  бар 

қазақ  сарбазы  қауіпсіздікті  бір  сəтке 

ұмытпаса екен.

Жанар ЕЛЕШОВА

САРБАЗДЫ ДА 

ҚАМҚОРЛАУ ПАРЫЗ

Бүгінгі  қазақ  қоғамның  кеселді  індетіне  айналып  отырған  әскери 

әлімжеттік  елді  әбігерге  салды.  Сан  саланы  жағалап  жүрген  дегбір 

дертті  ауыздықтауға  шамамыз  жоқ,  әзірге.  Жалпы,  бейбіт  заманда 

аналарды  көз  жасына  малытып,  әкелерді  қорғансыз,  ел  мен  билікті 

қауқарсыз еткен не күш? Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас 

сарбаздардан күн өте елге суық хабар келуіне не себеп?


7

Павлодар мемлекеттік педаго-

ги калық  институттың  Тəрбие 

жұ мысы  жəне  жастар  саясаты 

жөніндегі  басқарма  бастығы 

Елнар  Өтебаевпен  ізгілік  пен 

қайы рымдылық  төңірегіндегі 

əңгі мемізді ұсынып отырмыз.

– 

ЖОО-ның 

атқарып 

жатқан 

қайырымдылық  шаралары  төңірегінде 

сөз өрбітсеңіз?

–  Негізі  біздің  жоғары  оқу  орын 

қайырымдылық  іс-шаралармен  жүйелі 

түрде  айналысады.  Мəселен,  жақында 

біз  Мичурин  ауылындағы  балалар  үйіне 

жолымыз  түсті.  Отбасы  махаббатына 

бөленбеген  бүлдіршіндерді  мейірімге 

бөлеп, қуаныш сыйлағымыз келді. Əрине, 

анасының  аялы  алақаны  мен  əкесінің 

қорғаны  бола  алмаспыз.  Дегенмен, 

қоғамның  бір  белді  мүшелері  ретінде 

оларды  жан  жылуымызбен  жылытқымыз 

келген  еді.  Мұндай  кездесулердің  басты 

мақсаты  студенттерімізді  мейірімділік, 

қайырымдылық, ізгілік жасауға баулу бо-

латын. Балалар үйіне өз қоржынымызды 

толтыра  бардық.  Оларға  шаттық,  ме-

реке  тарту  етуді  біз  нысанамызға  алған 

болатынбыз.  Мақсат  ақталды.  Бала-

пандар  шын  қуанып,  шаттыққа  бөленді. 

Шаттық күлкілер мен бақытты бала жүзін 

көру  шын  бақыт  екенін  бəріміз  де  сонда 

түсіндік.  Басқа  жандардың  қамқорынан 

балалар  да  бақытқа  бөленеді.  Оларға 

мерекелік  концерт,  мерекелік  дастар-

хан  ұйымдастырдық.  Бұл  сапарымыз 

бұрынғылардан  өзгеше  болды.  Өйткені 

бұл  жолы  Мичурин  ауылындағы  ба-

лалар  үйі  мен  Павлодар  мемлекеттік 

педагогикалық  институты  ортақ  келісім-

шартқа  қол  қойды.  Біз  балаларды  өз 

қамқорлығымызға  алдық.  Ендігі  біздің 

сапарлар өз үйімізге баратын жол секілді 

көптен  күткен  қуанышты  болатынына 

сенімдімін.  Əрбір  студентке  бір  баладан 

қамқорлауын  ұсындық.  Олар  өзінен  кіші 

бауырлары  мен  қарындастарына  шын 

қамқор  болады  деген  сенімдемін.  Бұл 

қамқорлықтар  шынайы  достыққа  ұласып 

жатса  біз  оған  тек  қуанамыз.  Бір-бірімен 

хат  алысып,  білгенін  үйретіп,  өмірде  де 

ақылшы  болып,  бір-біріне  тірек  болып 

жатса  құба-құп.  Мысалы,  бізде  дефекто-

логия,  психология,  əлеуметтік  психоло-

гия  мамандықтары  бойынша  білім  алып 

жүрген  студенттерге  бұл  қатынастар  да 

кəсіби  тəжірибе  болары  сөзсіз.  Соны-

мен қатар, балалар үйінің ұстаздары мен 

тəрбиешілеріне де мейілінше əдістемелік 

көмек көрсетеміз.



– 

Студенттерді 

қайырымдылық 

жасауға не итермелейді?

–  Бізде  «Қамқорлық»  сынды  студент-

терден  құрылған  волонтерлік  топ  жəне 

«Студенттер  балаларға  оқиды»  акция-

сы  жұмыс  жасайды.  Ол  топқа  студент-

тер өз қалауымен мүше бола алады. Біз 

оларды  мəжбүрлей  алмаймыз.  Алай-

да,  қайырымдылықпен  айналысқысы 

келмейтін  жастар  болады  ішінара.  Ол 

деген  жүрегі  мейірім  мен  қайырымға 

жақын  жастардың  жоғын  білдірмейді. 

«Қайырымдылық» тобы өте көп игі істердің 

басын  қайырды.  Мəселен,  олардың 

қамқорлығында  біраз  қариялар  бар.  Сол 

қарттарымыздың үй шаруасына, қолынан 

келмей  жатқан  тіршілігіне  қолғабыс  етіп 

жатады.  Жеңіс  күніне  орай  Ұлы  Отан 

соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерін 

құттықтап қана қоймай, қолдарын ұзартып 

қайтты.  «Студенттер  балаларға  оқиды» 

акциясы бойынша балаларға əдебиеттер 

сыйлап, жақсы бір шығарманы талқылап, 

бірге  оқиды.  Мұндай  игі  шаралардың 

басы қасында жүретін жүрегі нəзік, жаны 

жайсаң, қайрымы мол жандар ғана жүреді 

деп  түсінемін.  Жəне  осы  сынды  істерде 

мəжбүрлік  болмайтыны  да  түсінікті.  Ал, 

біздің  басқарманың  міндеті  студенттерді 

қайырымдылық шараларына жұмылдыру, 

мейірімділіктің көзін ашу ғана.



– Бүгінде біздің қоғамда «волонтерлік» 

деген үрдіс белең алуда. Волонтерлікпен 

айналысудың  өзі  жастарға  абырой  бол-

ды. Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?

–  Əлбетте,  көзқарасым  түзу.  Жас-

тар дың  сенделіп,  жаман  тірлікке  əуес 

болғанынан  жан-жағындағыларға  жақ-

сылық 

жасағанын 



мақұл 

көремін. 

Қайырымдылық  жасау  бізде  бұрыннан 

болған  үрдіс.  Тек  атауы  өзгермегені 

болмаса.  Олардың  қызметіне  əлемдегі 

қоғамдардың  барлығы  да  мұқтаж. 

Қайырымдылық  топтары  əлемнің  əр 

түкпірінде қызмет етуде. Ал біздің жастар 

өз еліне, жақынына көмектессе несі айып. 

Оларды қолдағаннан артық не керек



– Оқырман жастарға тастар ойыңыз, 

шақыртуларыңыз бар ма?

–  Жастардың  қалаға,  жоғары  оқу 

орнына  келген  басты  себебі  оқу  ғой. 

Біріншіден, студент білім алуға көп уақыт 

жұмсағаны дұрыс. Екіншіден, бос уақыты 

көп  болғандықтан  пайдалы  іспен  яғни, 

қоғамға,  жанындағы  адамға,  оқу  орда-

сына  досына  қамқорлық  танытқаны  аб-

зал.  Үшіншіден,  өзін-өзі  тəрбиелеуге, 

мəдениетін 

жан-жақты 

дамытуына 

көңіл  бөлсе.  Демек,  еңбек  етуі  тиіс. 

Төртіншіден,  жастар  спортпен  дос  бо-

луы  керек.  Спорт  тек  тəн  саулығы  ғана 

емес,  жанның  саулығына  да  жол  аша-

тыны  рас.  Одан  кейін  жастар  өнерге 

жақын,  мəдениеті  жан-жақты  жоғары  бо-

луы шарт. Бүгінгі жастар ертеңгі ел ағасы, 

мемлекеттік қызметкер, білікті маман, жай 

бір қоғамның белді мүшесі екені бəрімізге 

аян. Оларға қарап кейінгі ұрпақ өсіп келе 

жатқанын еш ұмытпаса игі.

–  Тəлімі  мол  əңгімеңіз  жастардың 

жүрегіне  жол  тартар  деген  сенімдемін. 

Əңгімеңізге рахмет!

Əңгімелескен Жанар ЕЛЕШОВА

МҰРАҒАТТАРДАН ТАБЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР...

1991  жылы  11  қарашасында  Жоғары  Кеңес 

Төралқасының  қаулысымен  1931-1933  жылдардағы 

ашаршылық  пен  1920-1940  жылдардағы  саяси  қуғын-

сүргін  нəубетіне  негіз  болған  заң  актілерінің,  партия 

мен  кеңес  мекемелерінің  қаулыларының  дұрыстығын 

тексеріп,  арнайы  қортынды  жасау  үшін  Парламенттік 

комиссия  құрылды.  Комиссия  жұмыстарына  Ішкі  істер 

министірлігі, ҰҚК, Жоғары сот, Бас прокуратура атсалы-

сып,  барлық  құжаттардың  ашылуына  ықпал  еткен.  Ол 

мұрағаттар  қатарында  бұрынғы  Партия  мұрағатымен 

бірге Орталық мемлекеттік мұрағат, бұрынғы ОГПУ-НКВД 

мұрағатының  құжаттары  алты  жарым  айдан  аса  уақыт 

бойы тексерілді. Сонымен бірге, Қырғызстан, Өзбекстан, 

Ресей  мұрағаттарымен  бірге  Қазақстанның  облыстық 

мұрағаттарының  құжаттарына  да  сараптама  жасалған. 

Комиссия жұмысының  нəтижесіне  үңілсек.  Ашаршылық 

ХХ ғасырдың 30-жылдары сол кездегі КСРО-ның көптеген 

аймақтарын  қамтыды.  Əсіресе,  Еділ  бойы,  Солтүстік 

Кавказ,  Украинадағы  ашаршылық  көлемі  тым  ауқымды 

болған. Ал, халқының құрамы мен аштан қырылған, бас 

сауғалап босқындап кеткен халқының саны жағынан за-

лал көрген Қазақстан ғана еді.

ХАЛЫҚ САНЫ

1897  жылы  империя  көлемінде  жүргізілген  халық 

санағының ресми мəліметі бойынша, өзбектің саны 1 млн. 

690  мың,  ал  тəжік  халқы  350  мың  болыпты.  Сол  кез дегі 

қазақтың саны 4 млн. 120 мың адам болған. Ал, 1918-1920 

жылдары шамамен 6-7 миллионға жеткен екен. 1921 жылғы 

аштықтан 1 миллион 700 мың адам көз жұмса, 1931-1934 

жылдар аралығындағы ұлы нəу бет те 2 миллион 300 мың 

адамнан айырылыппыз. Демек халықтың тең жартысы аш-

тан өлген. Ғалымдардың есебінше, ашаршылық 1918 жыл-

дан  басталады.  Осыдан  дəл  бір  ғасыр  өткенде  өзбектің 

саны 25 миллионға жуық тап, қазақтың саны 9 миллионға 

зорға жетті. Аштық пен жоқшылықтан есеңгіреген ел əбден 

тозып бітті. 1930 жылдың маусымынан 1933 жылдың ма-

усымына дейінгі ара лық тағы ашаршылық құрбандарының 

жалпы саны 3 мил лион 379 500 адамнан асып жығылады. 

Мұның  1  миллионнан  астамы  босқын  есебінде  көршілес 

елдерге кеткен.

Ш.  Уəлиханов  атындағы  Тарих  жəне  этнология 

институтының бас ғылыми қызметкері, 1991-1992 жж. ҚР 

Жоғарғы  Кеңесі  құрған  1931-1933  жж.  ашаршылық  пен 

жаппай саяси қуғын-сүргін себептерін анықтау комисси-

ясы  мүшесі  Қ.Алдажұмановтың  айтуынша  ашаршылық 

құрбандарының  нақты  саны  турасында  терең  зерттеу-

лер əлі де керек екенін айтады. Сол уақыттардағы рес-

ми  құжаттардан  ашаршылықтан  көз  жұмғандар  туралы 

мəліметтерді  алу  қиын.  Жергілікті  биліктің  өзі  мұндай 

деректердің  өзгертіп  беруіне  мүдделі  болған.  Сонымен 

бірге,  республиканың  бірінші  басшысы  Казрайкомның 

хатшысы Ф.Голощекин де сұрқия саясатын жария еткісі 

келмегені анық.

АДАМ САНЫМЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ДЕ АЗАЯ БЕРДІ

Қазақ  жеріндегі  ашаршылықтың  ащы  дəмін  татып, 

азапты көп көрген 51 аудандағы жағдай өте ауыр болды. 

Орталық Қазақстанда адамдар жаппай қырылып, карта 

бетінен жоғалып кеткен ауылдар да көп еді. Сол күндері 

аңшылық пен балық аулаудан азық табу да мүмкін емес 

болатын.  Қуаңшылыққа  байланысты  ауылдарда  астық 

болмады.  Тіптен  1932  жылы  көктемгі  егістен  қалған 

тұқымдық  астықтың  өзін  Ф.И.Голощекиннің  нұсқауымен 

соңғы дəніне дейін қайтадан тасып алып кетті. Мұрағат 

құжаттарында  бұл  туралы  жəне  республикадағы  бар 

астықты орталыққа жөнелту жөнінде деректер жеткілікті 

екен. Тікелей қатынастың болмауынан алыстағы аудан-

дардан  ашыққан  халық  ешқайда  кете  алмай,  түгелдей 

қырыла бастады. Қырылмағаны ит, мысық, тышқан, құрт-

құмырсқа секілді небір жəндіктің етін, түрлі шөптерді бы-

лай қойғанда адам етін жеген оқиғалар да кездеседі. Мы-

салы, Қырғыз елінің Бішкек қаласы мен Тоқмақ маңында 

(екеуі  екі  бөлек  оқиға)  аштықтан  босып  барған  4  қазақ 

əйелінің жиырма күн бойы жас балаларды ұрлап əкетіп, 

сойып  жеген  фактілер  бар.  Сол  жердің  милициясы 

қылмыскерлерді ұстап, акті жасаған. Бұл сынды дерек-

тер  жиі  қайталанып  отырған.  Ашығудың  арты  айықпас 

дерт пен қазаның көбеюіне əкеп соқтырды. Аштық қысқан 

халық қалалар, поселкелер мен станицалар, темір жол 

бойында  телміріп  ас  іздеп  жүрді.  Олар  жиналған  жер-

лерде сүзек сияқты жұқпалы аурулар эпидемиясы жүрді. 

Елдегі ауыр жағдайды асқындырмауға əлсіз денсаулық 

сақтау жүйесінің де мұршасы жетпеді.

ТЕНТІРЕГЕН ЖҰРТ БАСЫН САУҒАЛАР ПАНА ІЗДЕДІ

Ашаршылық салдарынан сол жылдары 1030 мың адам 

республикадан  тысқары  жерлерге  босқын  болып  кетті. 

Олардың  қолы  жеткендері  халық  шаруашылығының 

мекемелеріне  жалданып,  Мурманск,  Сібір,  Қиыр 

Шығыс,  Камчаткаға  дейін  барды.  Əрине,  бəріне 

мұндай  мүмкіншілік  бола  бермеді.  Қырғызстанға  бо-

сып  барған  100  мыңдай  адамның  ішінен  1933  жылғы 

сəуірде  тек  2500  адамды  ғана  жұмысшы  ретінде  ор-

наласты.  Тəжікстандағы  Вахш  ГЭС-нің  құрылысына 

өз  бетімен  барғандарға  жұмыс  та,  еңбекақы  да,  азық-

түлік те берілмеген. Қазақстаннан тысқары кеткен 1030 

мың  адамнан  414  мыңы  кейіннен  елге  қайтып  оралды. 

616  мың  адам  сол  жақта  қалды.  Олардың  бір  бөлігі 

Қытайға,  Моңғолияға,  Ауғанстанға,  Иран  мен  Түркияға 

өтіп  кетті.  Қазақтардың  көбісі  іргелес  республикаларға 

ауып  кеткендігін  халық  санақтарының  мəліметтері  де 

дəлелдейді. Егер 1926 жылғы санақ бойынша басқа ре-

спубликаларда 314 мың қазақ тұрған болса, 1939 жылы 

олардың саны 794 мыңға жетті.

ГОЛОЩЕКИННІҢ СҰРҚИЯ САЯСАТЫ

Қара  жолдың  бойында,  далада,  қала  көшелерінде 

қазақтар  қырылып  жатты.  Қазақ  жеріндегі  осы  зар-

дап  сол  тұста  ел  басқарған  Ф.Голощекиннің  есімімен 

тікелей  байланысты.  Қазақстанға  келе  сала  ол  ең  ал-

дымен Сталинге хат жазып, қазақтардың əлі күнге дейін 

малын  бағып,  өз  еріктерінше  көшіп-қонып  жүргенін 

мəлімдейді.  «Кіші  қазан»  революциясын  жасауға 

рұқсат сұрайды. И.Сталин оған келісімін беріпті. Сөйтіп, 

халыққа оның жаппай ұжымдастыруы, көшпелі халықты 

бірден  отырықшыландыру  жөніндегі  соқыр  саясаты 

тым  ауыр  тиді.  Нəтижесінде  қазақтардың  дəстүрлі  мал 

шаруашылығы күйзелді, 40 миллиондай мал басы бірден 

күрт  кеміп,  4  миллионға  кеміді.  1931  жылы  басталған 

ашаршылық  төніп  келе  жатқанына  қарамастан,  елдің 

соңғы малын тартып алуға кірісті. Онсыз да 1930 жылы 

осыны  бастан  кешкен  халық  1931  жылы  қарсылыққа 

шықты.  Ол  кейбір  жерлерде  қанды  қырғынға  ұласты. 

Бұрынғы 

ОГПУ-НКВД 

мұрағатындағы 

Абыралы, 

Шұбартау,  Шыңғыстау,  Қарқаралы,  Табын,  Маңғыстау 

жəне басқа да көтерілістер болғаны туралы ақпар бар. 

Қолдан жасалған аштықтың салдарынан артық малы бар 

адамдар қуғынға ұшырайды. Ең алғашқылар болып қазақ 

елінің көшбасшылары атылып, айдалып кетті. Олардан 

кейін  ауылдардағы  молдалар,  бақсы-балгерлер  де  жер 

аударылады.  Ашаршылық  басталысымен-ақ  саясаттан 

хабары бар адамдар шетелге қашып, жан сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет