Жастардың саяси мәдениеті Қазақстандағы азаматтық қоғамды



бет22/28
Дата24.04.2023
өлшемі484,48 Kb.
#86097
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Диссертационная работа Рыстиной И.

Жастар және мемлекет


«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды реттейтін басты нормативтік-құқықтық құжат болып табылады.
Жастар саясаты жөніндегі мәселелер министрліктің 2011 -2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары мен 2010 жылғы 7 желтоқсанда бекітілген № 1118Қаза қстан Республикасының Білім саласын жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.
Жастар мемлекеттің қоғамдық -саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі жастардың саны 4728543 (еліміздегі халық санының 29,5% ), 18-19 жас аралығында – 595906 (3,7%), 20-24 жаста - 1584654
(9,9%), 25-29 жаста – 1358846 (8,5%). Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары мен Алматықаласы жастар санының көп шоғырланған өңірлер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша жастар ұйымдарының саны екі есеге дейін өскен және қазір бұл көрсеткіш 743
–ті құрайды.
Кешенді мемлекеттік жастар саясатңыныбасымдықтарын анықтау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру және іске асыру мақсатында Қазақстан

Республикасы Президентінңі жұмыс істеуде.
жа нындағы Жастар саясаты кеңесі құрылып,

Еліміздің өңірлерінде облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігі жанындағы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңес қызметтері жүзеге асырылып отыр.
Кеңес отырыстарында жастар саясатының өзекті мәселелерін талқыланды,
2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік

бағдарламасының, 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасының жобалары талқыға алынды.

Республикалық және өңірлік деңгейде жастар саясатын іске асыруды қаржыландыру.


Соңғы үш жыл ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен бұл мақсаттарға 4,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын жасұтйаыр мдарын қаржыландыру көлемі үйлесімді кезеңде 1,4 млрд. теңгеге жетті.
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарды танымалдау, ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы
№76 өкімімен 2009 -2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
2009-2011 жылдағра арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы сомасы - 10 млрд. 738 млн. Теңге құрайды, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге. Ауылдық жерлерде тұруға және жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы беру қарастырылған.
2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру аясында ауыл жастары санынан жас мамандарды орнқытыру үшін және қосымша «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеу және тұру үшін жас мамандарды тарту мақсатында кең ауқымды іс-шаралар жүргізіледі.
Сонымен бірге, қоу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруды
қамтамасыз ету мақсатында өңірлерде еңбекпен қамту органдары арқылы "Жастар тәжірибесі" ұйымдастырылады (алған мамандығы бойынша жұмыс орнында тағылымдамадан және тәжірибеден өту).
Жоба аясында мемлекет жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
Жалпы қаржы көлемі 6 млрд. теңгені құрайды.
Халықтың мақсатты топтары үшін жұмыс орындарын құру мақсатында
жергілікті қаатру органдары 6663 кәсіпорындар және ұй ымдармен
келісімшарттар жасалды.
Жол картасы жоспарынаәйксес "Жастар тәжірибесі" бағдарламасын кеңейту аясында 13524 кәсіпорындар және ұйымдармен келісімшарттар жасалынып, еңбекпен қамту органдары 39058 түлекті (жылдық өзгертілген жоспардың 101,2% )жұмыспен қамту үшін жіберді, 3214,0 млн. теңге (жоспардың 148 %) жұмсалып және игерілді.
Сонымен қатар, жастарды қолдау мақсатында "Дипломмен ауылға" жобасы аясында ауылға келген жастарға айтарлықтай қолдаулар көрсетілуде. Жоба жүзеге асқан екі жыл ішінде мамандарды тұрғын үйлермен қамтамасыз етіп, 20 млрд. теңгеден аса көтерме жәрдемақы төленді. Осы жобаны іске асыру 12 мың жас маманның ауыл игілігі үшін жұмыс атқаруына түрткі болды.
Жоба жүзеге асқан 2 жыл ішінде ауылдық елді мекендерге 11973
әлеуметтік сала мамандары тартылды. Онңы 9 055 -ы немесе 75,6 %-ын
педагогтар, 2 302 адамды (19,2 %) – денсаулық сақтау саласының мамандары, 640 (5,3 %) – мәдениет саласының қызметкерлері, 261-ін (2,2 %) – спорт, 134 (1,2%) – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандары құрайды. Сондай-ақ,
2009 жылы өктерме жәрдемақыны төлеуге бағытталған бюджеттік қаражат
611,3 млн. теңге құрап, оның 599,4 млн. теңгесі немесе 98 % игерілді. Бұған қоса, 1,9 млрд. теңге көлемінде тұрғын үй алу үшін 2218 бюджеттік несиелер берілді.
«Ауылдық елді мекендердегіәлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау көрсететін шараларды іске асыруға арналған жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік несиелері» республикалық бюджеттік бағдарламасының орындалуына талдау жүргізу барысында, қазіргі уақытта ауылдық жерлерде екінші деңгейдегі нарықта тұрғын үйдің бағасы 2008 жылғы заң жобасын әзірлеу кезінде қалыптасқан орташа республикалық деңгейден 2 есеге артқандығы және 1500 айлық есеп көрсеткішін құрағандығы анықталды. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің бағасы республиканың ауылдарында 71%-ға және аудан орталықтарында 94%-ға несие мөлшерінен артып отыр.
Жастарды мемлекеттікқолдау мақсатында әлеуметтік -экономикалық жағынан, жаңа нарықтық жағдайларға бейімделу мен қолдау жүйесінің қалыптасуы, кәсіби өсуге жағдай жасау, жастардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл ел» ұлттық жобасын іске асыру жалғасуда.
Қазіргі күні «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 140 мың сарбаздар тартылды. «Жасыл ел» сарбаздарымен еліміз бойынша 77 мың гектар жер өңделіп, 40 миллионнан астам көшеттер отырғызылды. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 1,7 млрд. теңгеге жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет