Жастықтың қадірін біл сен дәл осы сәттегідей ешқашан Жас болмайсың



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі10,18 Mb.
#5568
1   2   3

әлия саЯпил,

 «Экономика және қаржы» кафедрасының 

аға оқытушысы 

7

Қазақ ұлттық аграрлық университетіне - 85 жыл

Kazakh National Agrarian University - 85 years

Клиникалық ветеринарлық медици-

на кафедрасының доценті, ветеринария 

ғылымдарының кандидаты  Қазиев Жам-

был Ізтілеуұлы 1966 жылы 1 сәуірде Оңтүстік 

Қазақстан облысы Түркістан қаласында 

дүниеге келді. Қазиев Ж.І. 1983 жылы Алматы 

зоотехникалық малдәрігерлік институтының 

ветеринария факультетіне оқуға қабылданды, 

1984-1986 жылдар аралығында Кеңес Арми-

ясы қатарында азаматтық борышын өтеді. 

Институттың «мал дәрігері» мамандығы бой-

ынша 1990 жылы тамамдап, осы жылдан ба-

стап «Клиникалық диагностика» кафедрасын-

да малдәрігер-рентгенолог болып қызметіне 

қабылданды. Қазиев Ж.І. 1996 жылдан  жоғарғы 

санаттағы рентгенолог мал дәрігері, жалпы 

еңбек өтелімі 33 жыл.

Қазиев Ж.І. 2001 жылы ветеринария 

ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін 

алу үшін «Рентгенографические изменения 

и минеральный состав зубов и трубчатых ко-

стей овец, больных флюорозом» тақырыбы 

бойынша диссертация қорғады, 2010 жылы 

қауымдастырылған профессор ғылыми атаған 

алды. К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық 

аграрлық универсиетінің  Ғылыми кеңесінде «Иммуноморфологическое и биохимическое обо-

снование использования различных групп рентгеноконтрастных веществ для диагностики па-

тологии печени и селезенки у животных» тақырыбында докторлық диссертацияны ойдағыдай 

қорғады. ҚазиевЖ.І. 2002 жылы  Қазақстан Республикасы БҒМ дарынды жас ғалымдарға 

арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясымен марапатталды, ал 2015 жылы «Қазақ ұлттық 

аграрлық университетінің 85-жылдық» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Қазиев Ж.І. бүгінгі таңда 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, мемлекеттік  және 

орыс тілдеріндегі әдістемелік нұсқаулар әзірлеуге белсенді қатынасады. Ветеринарлық ме-

дицина,  ветеринарная санитария мамандықтары бойынша студенттерге, магистранттарға 

«Клиникалық диагностика рентгенологиясымен», «Ветеринариялық рентгенология», «Кли-

ни калық және қолданбалы диагностика» пәндері бойынша дәріс береді, 3 магистрант дай-

ындады, «Рентгенолог» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі. Мемлекеттік тілде, 

«Ветеринариялық рентгенология», «Клиникалық диагностика»,  «Жануарлар ішкі аурулары»  

атты оқулықтарының авторы, 5  патент,  1 авторлық куәліктің иесі, көлемі 18 баспа табақтан 

тұ ратын «Ветеринариялық рентгенология» оқулығы баспадан шықты.

 Ғылыми зерттеу жұмыстарын Алматы қаласындағы Н.Сызғанов атындағы педиатрия және 

балалар хирургиясы институтымен бірге жүргізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 

министрлігіне қарасты педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми зерттеу орталығымен 

бірігіп, «Балалардағы қуықтың туа біткен ауруларын» емдеу үшін жоғары сапалы хирургиялық 

әдістерін әзірлеуде мүмкіндік беретін (экстрофия)  эксперименттік жұмыс жүргізіп келеді.  

Доцент Қазиев Ж.І.  1991 ж Ленинград ветеринарлық институтында,  2013 ж Санкт-Петербург 

Ветеринарлық медицина мемлекеттік академиясында  кәсіби біліктілігін жоғарылатты, 2001 

ж Б.У.Джарбосынов атындағы «Урология» Ұлттық орталығында біліктілігін жоғарылатты. 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, клиникалық балауда және рентгенология, 

жанурлардың жұқпалы емес ішкі арулары пәндерінен сабақ жүргізуде пайдаланады.

Қазіргі уақытта, жануарлардың ішкі ағзаларына әртүрлі рентген контрасты заттарды қолдану 

туралы ғылыми-эксперименттік зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Қазиев Ж.І. кафедраның, 

факультеттің және университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады. 

Қазиев Жамбыл Ізтілеуұлы жұбайы Гулжаухармен отбасында ұл-қыздары Мәриям, 

Бибіжамал, Айханым, Еркежан, Нұрасылды  тәрбиелеп отырған көпбалалы  үлгілі жанұя. 

Жоғарыда айтылған мәліметтерді  ескере келе, оның  мамандар дайындауда және ғылымға 

қосқан елеулі еңбегін ескере келе, сонымен қатар Ж.І.Қазиевтің 50 жасқа толатын мерейтой-

ына байланысты Құрмет грамотасымен марапттауыңызды және бір айлық  көлемінде сыйақы 

тағайындауыңызды сұраймын.      



е.үсенбекоВ, 

«клиникалық ветеринариялық медицина»  кафедрасының меңгерушісі, доцент 

ЖЫР АЛЫБЫ -  ЖАМБЫЛ

  

Бүгінгі күні еліміздің түкпір-түкпірінде, әрбір қаласы мен әрбір ауылында, білім шаңырақтары 



мен рухани орталарда қазақ халқының мақтанышы, жыр алыбы – Жамбыл бабамыздың 170 

жылдық торқалы тойы кеңінен аталып өтілуде. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс 

келіп отырған осы дүбірлі мереке 26 ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінде де той-

ланды.  «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-сазды рухани  шараның басты мақсаты –  сөз 

мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын,  мәдени бай мұрасын насихаттау.

Университет ректоры, 

ака     демик  Тілектес  Еспо-

лов    тың  құттықтау  сөзі мен 

ашыл   ған  мәдени  ша ра ға 

«Қазақ  әдебиеті»  га зе тінің 

бас  редакторы,  Халық  ара-

лық «Алаш» әде би сый лы-

ғы ның  лауреаты,  жазушы  

Жұмабай 


Шаш  тайұлы, 

М.Әуе зов  атын  дағы  әдебиет 

және өнер институтының 

ди рек  то ры,  жазушы-публи-

цист 

Уә ли хан 



Қалижан, 

Қаз  ҰПУ  профес соры,  әде-

биет   та нушы  ғалым  Те мір -

хан Тебегенов, Медеу ау-

даны әкімінің орынбасары 

Ғани Майлыбаев, жыршы-термеші, Ж. Жабаевтың шөбересі Бекмұрат Жамбыл, Жамбыл 

атындағы Қазақ мемлекеттік филармония директоры, жыршы-термеші Ақан Әбдуәли сынды 

ұлт руханиятының белгілі өкілдері қатысты.

ҚазҰАУ ректоры, академик

Тілектес Есполов:

«Қазақтың ақындық өнерінің алыбы, шабытты жырларымен есімі әлемге әйгілі болған жы-

рау – Жамбыл Жабаевтың шығармалары – ұлтымыздың ұлы қазынасы. Олай болса, Жәкеңнің 

тойы – әдебиеттің тойы, бүкіл халқымыздың тойы деп білеміз.

Қазіргі кезде біз білім мен ғылымды дамытумен қатар, университет жастарын ұлттық 

тұлғалар арқылы тәрбиелеу, солардың шығармашылық еңбектері мен өмір жолдарын өнеге ету 

жолында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл ретте Жамбыл бабамыздың бай мұрасын бүгінгі 

ұрпақтың жадына сіңіріп, санасына зерделеуді азаматтық парызымыз деп білеміз. Бүгінгі күнге 

дейін ақынның мерейтойына орай университеттің әр факультетінде, Студенттер үйлерінде 

Жамбыл шығармашылығын арқау еткен мағыналы әдеби шаралар, рухани кездесулер болып 

өтті. Белсенді жастарымыз жуырда ғана Жамбыл мұражайына арнайы барып, тәрбиелік мәні 

зор әсер алып қайтты.

Жамбыл бабамыздың қай сөзін алып қарасақ та оның мағыналы, терең  ойларға толы екенін 

түсінеміз. Әр сөзі ұлағатқа айналған абыз ақынның рухани бай дүниесі ұлтымыз үшін баға жет-

пес құндылық. Осыны кейінгі жас буын ой-зердесіне терең тоқып жүрсе деймін».

Оқу орнымыздың студенттері ұйымдастырған кеш Жамбыл өмірі мен шығармашылығынан 

сыр шертетін театрландырылған көрініспен басталды. Әдеби-сазды кеш барысында ақынның 

жырлары асқақталып, айтыстарынан үзінділер көрсетіліп, ҚазҰАУ телестудиясы әзірлеген 

деректі фильм көрсетілді.

Кешті қорытындылаған университет ректоры қонақтарға алғыс білдіріп, Жамбыл 

бабамыздың ұрпағы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жұмабай 

Шаштайұлын «Аграрлық білім мен ғылымды өркендетуге қосқан айрықша еңбегі үшін» ме-

далымен және университетімізбен тығыз әріптестік байланыс орнатып, оқу орнының рухани 

тыныс-тіршілігіне атсалысып жүрген «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, белгілі журна-

лист Гүлзейнеп Сәдірқызы, Жамбылдың шөбересі Бекмұрат Жамбыл мен Жамбыл атындағы 

Қазақ мемлекеттік филармония директоры, жыршы-термеші Ақан Әбдуәлиді оқу орнының 85 

жылдығына орай шығарылған мерейтойлық Алтын медалмен марапаттады. 

•  Әріптестік

әлемдегі ең ірі баспа үйі өкілдері қонақта

Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университетіне әлемдегі төрт ірі баспа үйінің бірі бо-

лып табылатын Elsevier («Эльзевир») компаниясының өкілдері арнайы келіп, оқу орнының 

тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жыл сайынғы ғылыми журналдарда жарияланатын 

мақалалардың төрттен бірі осы баспада дайындалады. Бұл баспа үйінің негізі 1880 жылы Ам-

стердамда (Нидерланды)  қаланып, бүгінде Ұлыбритания, АҚШ, Бразилия, Түркия және Орта 

Азия елдерінде филиалдары жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта компания ғылым, білім, технологиялар, өнеркәсіп, денсаулық саласы 

және ғылыми баспа саласында көптеген жұмыстар атқаруда. Ғылыми журналдар, кітаптар, 

реферативтік және тағы басқа ауқымды дерекқор шығаруда мол тәжірибесі бар баспа  күнделікті 

ғылыми және медициналық зерттеу саласындағы  өзекті мәселердің инновациялық шешу жол-

дарын да қарастыруда.

Баспа қызметінің негізгі  бағыты  ғылым, білім, технология және медицинаны дамыту бо-

лып табылады. Elsevier мамандары бүгінгі таңда ScienceDirect, Scopus, Evolve, Knovel, Reaxys и 

ClinicalKey сынды заманауи сандық шешімдер мен инновациялық талдау жүйелерін ұсынуда. 

Басып шығару портфолиосы: 2 500 дана журнал, 33000 кітап.

Компания ғылыми басылымдардағы жарияланымдар мен Scopus сілтемелерінің мәліметтер 

базасын жүргізіп отырады. Баспаның мұрағатында 7 миллионға жуық жарияланымдар жи-

нақталған. Баспа үйінің өкілдері Айхан Аканай Саракоглу, Кушнуд Каримов және Гүлназ 

Алибекова университеттің ғылым, білім, инновациялық орталықтарында болып, оқу орнының 

ғалымдарымен пікірлесті.

Қазақстан-Жапон инновациялық орталығын аралау барысында қонақтар азық-түлік қа -

уіп  сіздігі, молекулалық-генетикалық, инфекциялық-онкологиялық және малдың тұ қым қуа-



қайырымдылық



«НҰР» БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

 

 «Инженерлік» факультеті «Ма-

тематика және физика» кафедрасы 

ұжымының ұйымдастырумен көп-

теген игілікті іс-шаралар ат қа рылып 

келеді. Осы кафедраның меңгерушісі 

Ләззат Тұрғынбайқызы Әлдібаева 

бастаған топ Алматы облысы, Талғар 

қала 

сындағы «Нұр» балалар үйімен 



тығыз байланыс жасап, өткен жыл-

дан бері балауса балғындарды өз 

қамқорлықтарына алған болатын.

Сутеденттерден құралған еріітілер 

тобы мен кафедраның ұлағатты ұс-

таздары алдыңғы жылы аталған  ба-

лалар үйінің жөндеу жұмыстарына 

қатысып, бүлдіршіндердің алғысын 

алып қайтқан болатын.

Бастаған жобаны аяқ асты қылмай, 

қайырымдылық жарасын дәстүрге ай-

налдырған кафедра ұжымы биылғы 

жылы да кішкентай бүлдіршіндерге 

мейірім шапағатын сыйлау, көңіл-

күйлерін көтеру мақсатында кон церт-

тік бағдарламамен балалар үйіне барды. Тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қоймай, материалдық 

көмек беруді де назарларынан шығармады. Балаларға өз тараптарынан көптеген ойыншықтар 

мен сыйлықтар үлестірді. Кафедраның мұндай қамқорлығына шексіз риза болған бала-

лар үйінің директоры Тұяқ Қазыкенқызы ұжымға, студенттерге алғысын үлкен алғысын 

білдіріп, ақ батасын берді.  Мұндай игілікті шаралар одан әрі жалғасын тауып, қамқорлық 

жасайтындардың қатары көбейіп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. 

  

Мерейлі мерейтой



++++++++++++++++++++++++++

++++++++++++++++++++++++++

+++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++


 

8

Ќазаќ ўлттыќ аграрлыќ университетіне - 85 жыл



Kazakh National Agrarian University - 85 years

Университетімізде «Зиялы қазақ» пікірсайыс клубы жемісті жұ-

мыс атқарып келеді. Клуб құрамында оқу орнымыздың барлық 

факультеттерінен іріктелген 50-ге жуық студент бар. «Зиялы қазақ» 

клубы 2015-2016 оқу жылында 20-дан аса сайыстардың жеңімпазы 

атанып үлгерді.

Жақында Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-да республикалық пі-

кір сайыс турнирі өтті. Турнирге Республикамыздың  Астана, Тараз, 

Шымкент, Алматы, Талдықорған, Ақтау  сияқты өңірінен келген 52 

команда қатысты.  Сайыс қорытындысы бойынша 1-орын әль-Фараби 

атындағы ҚазҰУ, 2-орынды М.Дулати атындағы ТарМУ  құрамалары 

иеленсе, қол жүлде біздің университетіміздің «Сұлтан мен Қожа» 

фракциясына бұйырды. Ұйымдастырушылар фракция құрамындағы 

спикерлеріміз  Әли Нұрберген мен  Абылайхан Палмағанбетовке 

15000 теңгенің сертификатын табыстады.

Сонымен қатар ақпан айының 27-28 күндері Нұрболсын Керімбек 

пен Еламан Әбдіманап Азамат қоғамдық қорының қалалық турниріне 

қатысып, Нью-Джерси фракциясысының құрамында жүлделі ІІІ 

орынға ие болды.

– Тараз қаласында өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тә-

уелсіздік пен мемлекеттіліктің, ынтымақ пен мәңгілік елдіктің 

белгісі» атты TarSU III-республикалық турнирінде университетіміздің 

пікірсайысшы студенттері Керімбек Нұрбосын мен Диана Рысбекова 

жүлделі екінші орын иеленді. Бұл сайысқа Республикамыздың 9 ай ма-

ғынан жүздеген пікірсайысшы қатысқан.

– ІІM академиясында өткен «Police CUP» республикалық турнирінде 

университет студенттері Керімбек Нұрбосын мен Палмағанбет Абы-

лайхан үшінші орынды иеленді.

– Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен,  Радиоэлектро-

ника және байланыс әскери институтында өткен «Patriot CUP» II-

республикалық турнирінде Әли Нұрберген екінші орынды жеңіп алды.

– Астана қаласы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 

Ассамблеяның жиырма жылдығына орай ұйымдастырылған «Жол-

дас 


тықтың жалауы желбіресін» атты республикалық пікірсайыс 

турнирінде студенттеріміз Рысбекова Диана және Керімбек Нұрбосын  

үшінші орын иеленді. Дәл осы сайыста Балжан Батырбекова «үздік 

төреші» атанды.

– Ж.Тәшеновтың жүз жылдық мерейтойына арналған Жаңа эко-

но микалық университетте өткен «ТЭО CUP» VI республикалық тур-

нирінде Диана Рысбекова үшінші орын алды.

2016 жылдың 12-13 наурызында Қарағанды мемлекеттік уни вер-

ситетінде жоғары оқу орындары студенттерінің арасында ел тәуел-

сіздігінің 25 жылдығына орай Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры 

кубогі үшін «Бірыңғай болашақ ұлты» атты пікірсайыс турнирі өтті. 

Дебат турнирі студенттік ортада Мемлекет басшысының бес инс-

титуционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт Жоспары 

- «100 нақты қадам» және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуал-

да: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын, «Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын насихаттау және 

дәріптеу, сонымен қатар студент жастардың шешендік шеберлігін 

дамыту және интеллектуалдық дамуына жағдай жасау мақсатында 

ұйымдастырылды.

Турнирге Тараз, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Астана, 

Көкшетау, Павлодар қалаларынан келген 50-ге жуық команда қа-

тысып, британдық парламенттік форматта бақтарын сынасты. 

Оқу орнымыздың студенті Рысбекова Диана «Гранд» фракциясының 

құрамында жүлделі ІІ орынға ие болды. 

Наурыздың 19 жұлдызында  Алматы қаласы UIB президенті Кен-

же ғали Әбенұлы Сағадиевтің құрметіне арналған 6- республикалық 

пікірсайыс турниріне іріктеу кезеңі өтті. Турнир «Альфа» және 

«Бета» лигалары бойынша жүргізілді.  Сайысқа Қызылорда, Ақтөбе, 

Маңғыстау, Жаңаөзен, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Астана, 

Көкшетау, Өскемен, Семей, Шымкент, Тараз, Алматы аймақтарынан 

келген 112 команда (Алфа:52, Бетта:60) бақ сынасты. 

«Альфа» лигасы бойынша ҚазҰАУ студенті  Абылайхан Пал ма ған-

бетов және ҚызМемПУ студенті Аида  Өтемісова  «Чемпион» фрак-

циясы құрамында өнер көрсетіп 50 мың теңге ақшалай  сыйлыққа 

ие болса, «Бета» лигасы бойынша 3-орын алған оқу орнымыздың 

қос бірдей студенті Еламан Әбдіманап пен Гүлзат Тойғанбай 20 мың 

теңгенің сертификатын қанжығаларына байлады.

ҚызПУ-да өткен «Достық» республикалық пікірсайыс турнирінде 

біздің команда – Астана, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған, 

Семей қалаларынан келген жалпы 52 команданың арасынан үздік 

шығып жүлделі үшінші орын алды. Жекелей сында «Агробиология 

және фитосанитария» факультетінің 3 курс студенті Әли Нұрберген 

1- орынға ие болды.

Клуб мүшелері студенттердің  интеллектуалды дамуына, болашақ 

ұлт зиялыларын тәрбиелеуге орасан зор үлес қосып отырған  ректоры-

мыз Тілектес Исабайұлына алғыс айтады.



еламан әбдіманап,

«инженерлік» факультетінің студенті

Оқу орнымыздың бір топ студенттері мен оқытушылары ақиық 

ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жеріне барып, ондағы ақын 

атындағы әдеби-мемориалдық мұражайды тамашалап қайтты. Жа-

стар үшін тағлымы мол сапарды «Инженерлік» факультетінің «Мате-

матика және физика» кафедрасының меңгерушісі Әлдібаева Ләззат 

Тұрғынбайқызы ұйымдастырды. Мұражайға барудағы негізгі мақсат 

- жастардың бойына бойында туған жерге махаббат, тағзым, патрио-

тизм,  азаматтылық, отансүйгіштік, жоғары мораль мен адамгершілік 

сияқты қасиеттерді қалыптастыру. 

Мұндай тағылымды саяхатты ұйымдастыруды Ләззат Тұр ғын бай-

қызы жыл сайын дәстүрге айналдырған. Биылғы жылы ақын мұра-

жайына оқу орнымыздың 8 оқытушысы мен 60-қа жуық студенті бар-

ды. 


Қарасаз ауылындағы М. Мақатаевтың әдеби- мемориалды мұражайы 

1991 жылы 4 шілдеде ашылыпты. Мұражайда 730-ға жуық экспонат бар 

екен. Музей кеңселік жиһаздар мен жаңа технологиялық аудио-бейне, 

дыбыс-жарық құрал-жабдықтарымен толықтай қамтамасыз етілген. 

Сапар барысында М. Мақатаевтың өзі пайдаланған кітаптарын, 

өлеңдерінің қолжазбаларын, насыбай шақшасы, шахмат тастары мен 

тақтасын, жеке гигиеналық заттарын, өзі киген киімдерін, портфелі, 

папкасын, т.б. өзінің көзі тірісінде қолданған, пайдаланған заттарын 

көріп, оның өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыған мектеп 

оқушыларының өнерлеріне тәнті болып қайттық. 



ерасыл алпысбаеВ,

«инж енерлік» факультеттің студенттік деканы

«Жањару» маусымы

Республикалық  Жайдарман  ойын-

дары    «Маусымашар»  фестивалiне 

Ќаз¦АУ студенттерi де барып қайт-

ты.  Əзiлдi  с‰йе тiн  жандарѓа    ар-

алѓан  б±л жылдыњ бас ты фес ти валi 

«Жањару»  маусымы  жақ сы лыққа 

толы болатынына сенiмiмiз мол Уни-

вер ситетiмiздiњ  µнерлi  жастары нан 

қ± ралѓан «Классик» командасы ойын-

ныњ алѓашқы турына қатысқан 170 

коман даныњ арасынан 2-турѓа µтiп, 

Рес пуб ликалық  Бiрiншi  лигаѓа  жол-

дама  алды.  25-26  наурызда  Алма-

ты  қаласында  µткен  1/8  ойынында 

командамыз  «‡здiк  µнер»  кµрсеткенi 

‰шiн 1/4 ойындарына жолдама алды. 

Кµктемнiњ шуақты к‰ндерiмен қатар 

келген  1/4  финалдық  «Жайдар-

ман» сайыстары б±рыњѓыдан µзгеше. 

Биылѓы  маусымда  жања  декорация, 

жања  сахна,  жања  командалар, 

жоѓары сапалы əзiлдер мен кµтерiњкi 

кµњiл-к‰йдiњ болатыны сµзсiз.  

Iзденiс  пен  ењбектiњ  арқасында 

командамыз  Астана  қаласында 

µт кен  Ќазақстан  КВН  одаѓыныњ 

±лттық лигасы «Н±р Отан» кубогы-

на  арналѓан  КВН  сайыстарында  да 

ерек ше  µнер  кµрсетiп,  25-26  сəуiрде 

болатын 1/8 ойындарыныњ  жолдама 

±тып алды.  

Талапты жастарѓа əрқашан қол-

дау  бiлдiрiп,  олардыњ  т±лѓа  болып 

қалып та суына  ‰лкен  м‰мкiндiк  берiп 

отырѓан  оқу  орнымыздыњ  ректоры 

Тiлектес  Иса бай±лына,  студенттiк 

кəсiподақ  коми те тiнiњ  тµраѓасы 

Əшiрəлi  Смановқа,  оқу  орнымыздыњ 

µзге  де  қызметкерлерiне  жəне  жан-

к‰йер лерiмiзге  алѓысымыз шек сiз.

 

Алмат ЫДЫРЫС,



 «Гидротехника, мелиорация жəне 

бизнес»  факультетiнiњ студентi,

«Классик» КВН командасыныњ м‰шесi



Пікірсайыс



ЖИЫРМА ШАҚТЫ ЖАРЫСТЫң  ЖЕңІМПАЗЫ АТАНДЫҚ

++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++



АҚЫН АУЫЛЫНА САЯХАТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет