Жасуша және оның органоидтерінің құрылысы. Жасушаның химиялық құрамы.
Қосымша 1
1-нұсқа
1.
Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларына тән жалпы белгілер:
А)жасушалық мембрананың болуы; Ә)жасушадағы хромосомалар саны;
Б)химиялық құрамы; В)хлоропластың болуы.
2.
Митохондрияның негізгі қызметі:
А)көмірсуларды; Ә)нуклеин қышқылдары; Б)нәруыздарды; В)АТФ-ті синтездеу.
3.
Химиялық реакциялардың катализаторлары:
А)майлар; Ә)көмірсулар; Б)нәруыздар; В)нуклеин қышқылдары.
4.
Генетикалық ақпарат қайда сақталады?
А)ядрода; Ә)рибосомаларда; Б)ядрошықта; В)цитоплазмада.
5.
Екі көк кептер жасушалық деңгейде бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
А)жасушаларының химиялық құрамымен; Ә)нәруыз молекулаларындағы аминқышқылдарының орналасу
реті бойынша; Б)жасушаларындағы хромосомалардың санына байланысты;
В)жасушаларының құрылысы бойынша.
Жасуша және оның органоидтерінің құрылысы. Жасушаның химиялық құрамы.
2-нұсқа
1.
Жасушаның органоидтері мен басқа да құрылымдарының тұсына олардың атқаратын қызметтерін
көрсететін әріптерді жазыңдар.
Жасуша органоидтері мен олардың
құрылымдары
Жасушаның органоидтері мен құрылымдарының атқаратын қызметі
1.
Жасушалық мембрана
2.
Эндоплазмалық
тор
өзектері
3.
Цитоплазма
4.
Митохондриялар
5.
Рибосомалар
6.
Жасуша орталығы
7.
Ядро
8.
Хромосомалар
А)Жасушаның бөлінуін бақылау.
Ә)Тұқым қуалау ақпаратын сақтау және ұрпақтарына беру.
Б)Бөліну ұршығының түзілуіне қатысу.
В)Нәруыздар синтезделетін орын.
Г)Жасуша ішінде органоидтердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз
ету.
Ғ)Жасуша мен сыртқы орта арасында заттардың тасымалдануын жүзеге
асыру,
Д)Жасушаның ішкі ортасы.
Е)АТФ синтезделетін орын.
2.
Нәруыздардың құрамындағы азот мөлшерінің көп болуы нені көрсетеді?
А)нәруыздардың аталуын; Ә)нәруыздардың физикалық жағдайын;
Б)нәруыз мономерлерінің жалпы аталуын; В)нәруыздардың алуан түрлілігін.
3.
Қандай заттың ыдырауына байланысты адам тез арада энергиямен қамтамасыз етіледі?
А)нәруыздардың; Ә)майлардың; Б)көмірсулардың; В)нуклеин қышқылдарының.
Жасуша және оның органоидтерінің құрылысы. Жасушаның химиялық құрамы.
3-нұсқа
1.
Мына терминдерге қазақ тілінде түсініктеме беріңдер:
А)рибосома; Ә)хромосома; Б)лизосома; В)митохондрия.
2.
«Хроматин» деген не?
__________________________________________________________________________________________
3.
Не себепті жасуша тіршіліктің элементарлық құрылымдық және қызметтік бірлігі болып есептеледі?
__________________________________________________________________________________________
4.
Жасушадағы хромосомалар саны нені білдіреді?
__________________________________________________________________________________________
5.
Мәтіндегі қателерді тауып, астын сызыңдар және оларды түсіндіріңдер.
Адам организмінің барлық жасушаларында 46 хромосомадан болады. Бұл жағдай өте маңызды, өйткені ата-
аналарынан балаларына тұқым қуалау ақпараты толығымен және еш өзгеріссіз беріледі. Адамдардың
арасындағы өзара айырмашылықтар олардағы хромосомалардың пішіндерінің әртүрлі болуына байланысты.
__________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
Ұлпалар, олардың типтері және қасиеттері Қосымша 2
1-нұсқа
1.
Мына аталған ұлпаларға тән ерекшеліктерді тауып, әрқайсысының тұсына сәйкес әріптерді жазыңдар:
1.
Эпителий ұлпасы
2.
Дәнекер ұлпасы
3.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы
4.
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы
5.
Жүйке ұлпасы
А)Жасушааралық заты жақсы жетілген, талшықтары бар. Ә)Жиырылуға қабілетті.
Б)Организмнің жабының және бездерді түзеді. В)Жасушааралық заты нашар жетілген. Г)Қозуға
қабілетті.
Ғ)Жүректің бұлшық ет қабатын түзеді. Д)Тасымалдау, қорғаныш, механикалық және басқа да бірқатар
қызметтер атқарады. Е)Баяу және еріктен тыс жиырылады, аз шаршайды.
2.
Қайсысы дәнекер ұлпасынан түзілген?
А)сүйектер; Ә)тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасы; Б)миокард; В)асқазан қабырғасы.
3.
Қаңқа бұлшық еттерін қандай ұлпалар құрайды?
А)бірыңғай салалы бұлшық еттер; Ә)көлденең жолақты көп ядролы талшықтар;
Б)көлденең жолақты бір ядролы айқасқан талшықтар; В)осы аталғанның бәрі.
4.
Организмнің іс-әрекетін рефлекстік реттеу қызметін атқаратын ұлпа:
А)дәнекер; Ә)бұлшық ет; Б)жүйке; В)эпителий.
Ұлпалар, олардың типтері және қасиеттері
2-нұсқа
1.
Төменде аталған ұлпалардың әрқайсысының тұсына сол ұлпа орналасқан мүшелерді тауып, сәйкес
әріптерді жазыңдар.
Ұлпаның атауы
Ұлпаның орналасуы
1.
Көп қабатты эпителий
2.
Безді эпителий
3.
Тербелмелі эпителий
4.
Тығыз талшықты
5.
Борпылдақ талшықты
6.
Шеміршекті
7.
Сүйекті
8.
Сұйық дәнекер
9.
Көлденең жолақты бұлшық ет
10.
Бірыңғай салалы бұлшық ет
11.
Жүйке
А)бауыр;
Ә)жауырын;
Б)буынның үстіңгі беті;
В)тері асты клетчатка қабаты;
Г)қан тамырларының қабырғалары;
Ғ)мұрын қуысының сілемейлі қабықшасы;
Д)ми қыртысы;
Е)қарын қабырғырғасы;
Ж)балтыр бұлшық еті;
З)тері;
И)қанайналым жүйесі
2.
Жүйке түйіндері неден түзілген?
А)нейрондардың қысқа өсінділерінен (дендриттерден); Ә)нейрон денелерінен;
Б)нейрондардың ұзын өсінділерінен (аксондардан); В)осы аталғандардың барлығынан.
3.
Жеке-дара импульс түскенің өзінде жүректің толығымен жиырылуын қалай түсіндіруге болады?
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
4.
Жарақаттың жазылып кетуін қандай процесс қамтамасыз етеді? ______________________________
_________________________________________________________________________________________
5.
Жүйке ұлпасының қандай маңызы бар? __________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Ұлпалар, олардың типтері және қасиеттері
3-нұсқа
1.
АҮФ-тің ең көп мөлшері неде?
А)тері жасушаларында; Ә)көлденең жолақты бұлшық еттерде;
Б)омыртқааралық ұлпа жасушаларында; В)сүйек жасушаларында.
2.
Бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарының көлденең жолақты бұлшық еттерден айырмашылығы ең
алдымен қандай белгілеріне байланысты?
А)түсіне байланысты; Ә)жасушаларындағы ядроларының санында;
Б)жасушааралық заттың мөлшерінде; В)өскіндерінің болуында.
3.
Жүйке талшықтары неден түзіледі?
А)нейрондардың қысқа өсінділерінен; Ә)нейрон денелерінен;
Б)ұзын өсінділерден; В)осы аталғандардың барлығынан.
4.
Сіңірлер мен шеміршектер неден түзіледі?
А)Бірыңғай салалы бұлшық еттерден; Ә)көлденең жолақты бұлшық еттерден;
Б)эпителий ұлпасынан; В)дәнекер ұлпасынан.
5.
Дәнекер ұлпасына тән белгілерді табыңдар:
А)қозуға қабілеттілік; Ә)жасушааралық зат жақсы жетілген; Б)кейбір жеке жасушалары фагоцитозға
қабілетті; В)тітіркенуге жиырылу арқылы жауап қайтарады; Г)серпімді талшықтардан түзілген;
Д)жүйке импульстерін өткізеді.
Мүшелер және мүшелер жүйесі Қосымша 3
1-нұсқа
1.
Бүкіл организмнің үйлесімді іс-әрекетін реттейтін жүйелер:
А)тірек-қимыл және ас қорыту; Ә)қанайналым және тыныс алу;
Б)жүйке және эндокриндік; В)зәр шығару және жабындық мүшелер жүйесі.
2.
Негізінен дәнекер ұлпасынан түзілген мүше:
А)жүрек; Ә)кеңірдек; Б)қуық; В)ұйқыбез.
3.
Сыртқы орта факторларының әсеріне организмнің тұрақтылығы не деп аталады?
А)тітіркенгіштік; Ә)қозғыштық; Б)даму; В)өздігінен реттелу.
4.
Бүйректің негізгі қызметі:
А)гормондар бөліп шығару; Ә)газ алмасу; Б)қанның сүзілуі; В)қоректік заттарды сіңіру.
5.
Берілген тізімде организм қалыптасуының қай деңгейі қалып қойған?
Молекулалар, жасушалар, ұлпалар, мүшелер, организм.
Мүшелер және мүшелер жүйесі
2-нұсқа
1.
Аталған мүшелердің атқаратын қызметтерін тауып, әрқайсысының тұсына сәйкес әріпті жаз:
Мүшелер
Мүшелердің қызметі
1.
Кеңірдек
2.
Өкпе
3.
Бүйрек
4.
Аш ішек
5.
Аналық безі
6.
Гипофиз
7.
Ми
А)Химиялық қосылыстарды ыдырату.
Ә)Химиялық заттардың қанға сіңірілуі.
Б)Қанның сүзілуі (фильтрация).
В)Ауаны өткізу.
Г)Жыныс жасушаларының түзілуі.
Ғ)Организмнің іс-әрекетін басқару.
Д)Организмнің іс-әрекетін реттеуші гормондарды бөліп шығару.
Е)Газ алмасу.
2.
Бір мүшенің басқа мүшеден негізгі айырмашылығы неде?
А)құрылысы мен атқаратын қызметінде; Ә)оларды құрайтын ұлпалардың түрінде;
Б)шығу тегінде; В)дамуға қабілеттілігінде.
3.
Берілген тапсырманы толықтырып, түсініктердің арасындағы байланысты табыңдар.
А)жүрек: зәр шығару жүйесі – кеңірдек: _________________________________________________________
Ә)тері: эпителий ұлпасы - ____________________________________________________________ : сүйек
___________________________________________________________________________________________
4.
Түсініктердің орналасу ретінің қайсысы организмнің біртұтас жүйе екенін бейнелейді:
А) мүше – ұлпа – организм – жасуша – молекулалар – мүшелер жүйелері;
Ә) молекулалар – ұлпалар –жасушалар –– мүшелер – мүшелер жүйелері – организм;
Б) молекулалар – жасушалар – ұлпалар – мүшелер – мүшелер жүйелері – организм;
В) мүшелер жүйелері – ұлпалар – организм – жасушалар – молекулалар;
5.
Қандай жағдайда организм сыртқы сигналдарға тез арада ішкі орта тұрақтылығының өзгеруімен жауап
қайтарады?
А)адам ұйықтап жатқанда; Ә)жүк көтеруші автокөлікті жерге түсіріп жатқанда;
Б)ана баласын емізіп отырғанда; В)журналист мақала жазып отырғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |