Жасушаларды зерттеу әдістері


- сурет. МБР-1 микроскопының



бет2/5
Дата15.06.2023
өлшемі299,24 Kb.
#101681
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 ДӘРІС ЖАСУШАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

1 - сурет.
МБР-1 микроскопының
құрылысы.
1 - штатив; 2 – тубус ұстағыш;
3 - тубус; 4 – зат үстелі; 5 – зат үстелшенің саңылауы;
6 – үстелшені қозғалтатын винттер; 7 - окуляр;
8 - револьвер; 9 - объектив;
10 - макровинт, 11 - микровинт;
12 - конденсор; 13 - конденсор винті; 14 - диафрагма; 15 - айна.


МБР-I микроскобымен жұмыс iстеу ережелерi
1. Микроскоптың штативiн өзiне, ал зат үстелшесін қарсы жаққа қаратып
қою.
2. Әр қашанда микроскоппен зерттеудi кiшi ұлғайтқышпен (x8)
бастайтынын есте сақтау.
3. Револьвердi айналдыра отырып, кiшi ұлғайтқыш объективтi (x8)
қою (шырт еткен дыбысқа дейiн).
4. Макрометрлік винтті бұрай отырып, объективтi зат үстелшесінен
1-1,5 см биiктiкке көтеру.
5. Диафрагманың ашық екенiн тексерiп, конденсорды жоғары көтеру.
6. Окулярға сол көзбен жақын қарап, сәуле жинайтын айнаның көмегiмен
көрiну аймағын бiркелкi жарық болуын қамтамасыз ету.
7. Препараттың жабынды әйнегiн жоғары қаратып, зат үстелшесінің
үстiне қойып, объектіні зат үстелшесі тесiгiнiң дәл ортасына
орналастыру.
8. Бүйiр жағынан қарай отырып, макрометрлік винттiң көмегiмен кіші
ұлғайтқыш объективтi препараттан 0,2 см ара қашықтыққа дейiн төмен
түсiру.
9. Окулярға қарай отырып, тубусты макрометрлік винтпен объектiнiң көрiнiсi
пайда болғанға дейiн баяу жоғары көтеру. Кiшi ұлғайтқыш объективтiң
фокустық ара қашықтығы шамамен 0,5 см-дей болатынын есте сақтау.

10. Егер объектiнi үлкен ұлғайтқышпен (x40) қарау қажет болса, алдымен


объектінің зерттелетін бөлігін көру алаңының дәл ортасына орналастыру
керек. Ол үшін окулярға қарап отырып, препаратты препарат
қозғалтқыш – винттің көмегімен немесе қолмен жылжытады.
11. Тубусты жоғары көтерiп, револьвердi айналдыру арқылы үлкен
ұлғайтқыш объективтi қою (шырт еткен дыбысқа дейiн).
12. Бүйiр жағынан қарай отырып, тубусты объектив пен препаратты
жанасқанға дейiн баяу төмен түсiру керек. Объектив х40-тың
фокустық ара қашықтығы шамамен 1-1,5 мм болатынын есте
сақтау.
13. Окулярға қарай отырып, көру аймағында көрініс пайда болғанға дейін
тубусты өте баяу жоғары көтеру керек. Объектінің дәлiрек көрiнiсiн
микровинттi бұрап келтiруге болады.
14. х 90 объективпен жұмыс iстеу үшiн алдымен препараттың жабынды
әйнегiне иммерсиялық май тамызып, объективтің линзасын майға батыру қажет.
15. Окулярға қарай отырып, объектінің көрінісі пайда болғанға дейін
микровинттің көмегімен объективті ақырын жоғары көтеру керек.
16. Зерттеу жұмысын бiтiрген соң, тубусты жоғары көтерiп, препаратты зат
үстелінен алып, револьверді бұрай отырып, объективтi нейтралды
жағдайға келтiрiп, микроскопты жапқышпен жабу қажет.
17. Микроскоппен зерттеу кезінде қиындықтар болса оны № 1 кестеде
берілген шараларды қолдану арқылы шеттетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет