Жасушаларды зерттеу әдістері



бет4/5
Дата15.06.2023
өлшемі299,24 Kb.
#101681
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 ДӘРІС ЖАСУШАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Объектінiң көрінiсi анық
емес

Объектив пен окулярдың линзасы лас. Микропре-параттың зат және жабын әйнектерi таза емес

Линзалар мен микропре-параттарды таза мата фланельмен мұқият сүрту керек.

Микропрепарат кiшi ұлғайтқышпен көрiнедi, ал үлкен ұлғайтқышпен көрiнбейдi

Микропрепараттың жабынды әйнегi бар жағы төмен қарап орналасқан, сондықтан бос арақа-шықтығы зат әйнектің енінен аз (объективтің линзасы мен объектің ара қашықтығы үлкен ұлғайт-қышта 1-2 мм тең), объек-тив зат әйнегiне тиiп тұр

Объектив немесе микропрепараттың зақымдалуынан сақтану үшін микропрепаратты жабынды әйнегiмен жоғары қаратып қою керек.



пигменттері де жарық шығарады. Тірі организмнің әрбір жасушасының люминесценциялық қабілеті бар. Бірақ, ол өте төмен болғандықтан нашар байқалады. Бағытталған (екінші реттік) люминесценцияда объект люминесценциялық бояулармен өңделген соң, олар организмнің жасушаларымен және ұлпаларымен бірігіп люминесценциялық микроскоп арқылы жақсы көрінеді. Бағытталған люминесценцияны туындату үшін арнайы флуорохромдармен бояйды, оған жататын бояулар: қызыл-сары акридин, берберин, сульфат, флоксин.


Флуорохроматтардың көбісі жасуша құрылымдарын таңдап, белгілі түске бояйды. Мысалы, қызыл-сары акридинмен бояғанда ДНҚ жасыл түс шашыратса, РНҚ қызыл-сары түсті шашыратады. Оларды фотометрлік қондырғыштар арқылы есептеуге болады.
4. Интерференциялық микроскоппен зерттеу. Бұл микроскопта объектіге түсетін жарық екі ағымға бөлінеді. Оның біреуі объектіге түссе, екіншісі түспейді. Объективтің призмаларында екеуі қайта қосылып, объектінің интерференциалдық бейнесі көрінеді. Фазалардың өзгеруін өлшеп, объектідегі заттардың мөлшерін анықтауға болады.
5. Поляризациялық микроскоппен изотропиясы бар объектілер зерттеледі. Изотропия – объектінің құрылысында рет-ретімен орналасқан құрылымдардың қайталанып отыруы. Мысалы, көлденең жолақты бұлшық ет талшығындағы А, І дискілерінің орналасуы. Бұл микроскопта конденсордың алдына арнайы жасалған - поляризатор, препарат пен объективтен кейін анализатор қойылады. Поляризатор мен анализатор – призмалар, Исландия шпатынан жасалған, оны Николя призмасы деп те атайды. Жарық шоғыры арнайы призмалардан өткенде екіге бөлінеді. Олар өзара перпендикулярлы жазықтықта поляризацияланған шоғырлар жүйесі. Жарық сәулелері, молекулалары реттеліп орналасқан құрылымдар арқылы біркелкі өтпейді. Жарық шоғыры анализатор арқылы өткеннен кейін, объект арқылы өту кезінде оның поляризацияланған ауытқу деңгейі анықталады. Ол миофибриллалар молекулаларын және тағы басқаны анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет