«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Бөлімше



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі125,39 Kb.
#90589
  1   2   3
Байланысты:
бжбтжб изденис


«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Өсімдік және жануар ұлпаларын жіктеу.
Прокариот және эукариот жасушаларын салыстыру.
Полимерлер мен мономерлер арасындағы айырмашылық.
Көмірсулар мен липидтердің құрылымы ммен қызметі.
Нәруыздардың биологиялық құрылымы мен қызметі.
Оқыту мақсаттары
8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың
құрылысын салыстыру
8.4.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын
классификациялау
8.4.1.1 биологиялық мысалдарды пайдаланып,
полимерлер мен мономерлер арасындағы
айырмашылықты сипаттау
8.4.1.2 көмірсулар мен липидтің құрылымы мен
биологиялық қызметтерін сипаттау
8.4.1.3 нәруыздардың биологиялық құрылымы мен
қызметі
Бағалау критерий Білім алушы

құрылысын салыстырады

  • Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді

  • Полимерлер мен мономерлердің арасындағы

айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы
сипаттайды

  • Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен

қызметін сипаттайды

  • Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды

Ойлау дағдыларының Білу, түсіну және қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар

  1. Прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетіңіз.

А) жасуша мембранасы
В) рибосома
С) ядро

    1. цитоплазма


  1. Прокариот және эукариот жасушасы құрылысындағы ортақ құрылымды табыңыз.

А) аппарат Гольджи
В) рибосома
С) лизосома

    1. ядро


  1. Төмендегі суреттер де қандай ағзаның жасушалары берілген, атаңыз.


А.___________________________________________________________________
В.___________________________________________________________________ С.___________________________________________________________________
(ii). А және С суреттердегі жасушалардың құрылымын «-», «+» белгілеңіз.

Жасуша құрылымы

А

С

Жасуша қабырғасы



Хлоропласт



Цитоплазма



Митохондрия




  1. Cуретте берілген жасушалар қай ұлпаға жатады және оның қызметін жазыңыз.



  1. Ұлпа түрі:______________________________________________________________ Қызметі:_______________________________________________________________


  1. Ұлпалардың түрі мен құрылысын және қызметін сәйкестендіріңіз.

Ұлпа түрлері

Құрылысы

Қызметі

Бұлшықет ұлпасы (A)

Жасушалары бір-біріне тығыз жанасады, жасушаралық заттары нашар дамыған (1)

Қоректік,тасымалдау және қорғаныш қызметтерін атқарады (d)

Дәнекер ұлпасы (B)

Ұлпа ұзындығы 1-45 мм, кейбірі 12 сантиметрге жететін көп ядролы ет талшықтарынан тұрады (2)

Зат алмасуды реттеуге қатысады (e)

Эпителий ұлпасы(C)

Жасушааралық заттар қызметіне байланысты әр

Жиырылу және жазылу қызметін атқарады (f)




түрлі болып келеді (3)




5. Полимерге жататын қосылысты белгілеңіз.

  1. амин қышқылдары

  2. глюкоза

  3. сутегі

  4. крахмал

(i) Мономер мен полимердің айырмашылықтарын сипаттаңыз. Биологиялық мысалдар келтіріңіз.

Мономер




Полимер









Мысалдар






6 (i). Кестені толтырыңыз, тұжырымдаманы сәйкестендіріңіз.

Көмірсулар

Майлар

Нәруыздар




Тұжырымдамалар.

  1. Өсімдік жасушаларында қорға жиналатын зат – крахмал.

  2. Энергетикалық қызмет атқарады, себебі оның 1 грамы ыдырағанда 38,9кДж энергия түзіледі.

  3. Мақта талшығында 98 пайыз целлюлоза болады.

  4. Адам және жануарлардың асқорыту жүйесінде ферменттер маңызды рөл атқарады.

  5. Тасымалдау қызметін гемоглобин атқарады.

  6. Тері, шаш және көздің нұрлы қабықшасында меланин түс береді.

(ii) Биологиялық есеп.
1 грамм нәруыз тотыққанда түзілетін энергия 1 грамм көмірсу тотыққандағы энергиямен бірдей. Не себепті ағза нәруыздарды – энергия көзі ретінде тек аса қажет жағдайда ғана пайдаланады? Түсіндіріңіз?
_____________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет