«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Бөлімше



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі125,39 Kb.
#90589
1   2   3
Байланысты:
бжбтжб изденис

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырады.

1

прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетеді;

1

2

прокариот және эукариот жасушасы құрылысындағы ортақ құрылымды
анықтайды;

1

3 (і)

суреттер арқылы жасуша құрылымына сәйкес ағзаларды анықтайды;

3

(ii)

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан жасуша қабырғасының бар жоқтығын анықтайды;

1

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан хлоропласты анықтайды;

1

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан цитоплазманың бар жоқтығын анықтайды;

1

А және С суреттер арқылы жасуша құрылымынан митохондрияның кездесетіндігін анықтайды;

1

Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.

4

суретте берілген ұлпаны атап,қызметін жазады;

1

(ii)

ұлпалардың түрлері: бұлшықет, дәнекер және эпителий ұлпаларының құрылысын және қызметтерін сәйкестендіреді;

1

1

1

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттайды.

5

полимер болатын қосылысты анықтайды;

1

(i)

мономер мен полимерге сипаттама береді және мономер мен полимерге мысал келтіреді;

3

Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттайды.

6(i)

берілген тұжырымдамаларға сәйкес көмірсу,май және нәруыздар қасиеттері мен қызметтерін сәйкестендіреді;

3

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды.

(iі)

нәруыздың биологиялық маңызын түсіндіреді.

5

Жалпы балл саны

25




Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырады.

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстыруда қиналады.


Прокариот жасушасы құрылымында кездеспейтін органоидты көрсетуде / жасушаларының құрамындағы ортақ құрылымды белгілеуде / суреттердегі ағзаның жасушаларының құрылымын: жасуша қабырғасын / хлоропласт / цитоплазма / митохондрияны қай ағзада болатынын анықтауда қателіктер жібереді.

Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын дұрыс салыстырады.


Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.

Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктеуде қиналады.

Өсімдік ұлпасының түрлерін анықтауда / негізгі / тірек / өткізгіш ұлпалардың қызметін анықтауда / Жануардың ұлпасының түрлерін / қызметін сурет арқылы анықтауда / бұлшықет

/ дәнекер / эпителий ұлпаларының құрылысын / қызметін сәйкестендіруде қателіктер жібереді.

Өсімдіктер мен жануарлардың ұлпаларын жіктейді.
















Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттайды.

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттауда қиналады.

Полимер болатын қосылысты анықтауда / мономер мен полимерге сипаттама беруде / мысал келтіруде қателіктер жібереді.

Полимерлер мен мономерлердің арасындағы айырмашылықты биологиялық мысалдар арқылы сипаттайды.



















Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттайды.

Көмірсулар мен липидтердің құрылымы мен қызметін сипаттауда қиналады.

Өсімдік жасушасының қабырғасы қандай көмірсудан тұратынын / буынаяқтылардың қаңқасы неден тұратынын анықтауда қателіктер жібереді.

Көмірсулар мен липидтердің
құрылымы мен қызметін

сипаттайды.







Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды.

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттауда қиналады.


Нәруыздардың қасиеттерін анықтауда / тұжырымдамаларға сәйкес көмірсу / май / нәруыздың қасиеттерін / қызметтерін сәйкестендіруде / нәруыздардың биологиялық

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін сипаттайды.















«Жасушалық биология. Молекулалық биология.» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні __________________________________________


БЖБ — бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады.
ТЖБ — тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады.
БЖБ және ТЖБ тапсырмаларында критерий мен дескриптор көрсетіледі. Критерий — баланың берілген материалды қандай шарттарға негіздеп орындағанын, меңгеруі керек екенін белгілейтін көрсеткіш. Ал дескриптор — тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.
Мысалы, тапсырма бойынша бала гүлдің суретін салуы керек. Оған мынадай критерий қойылуы мүмкін: тамырын, сабағынының суретін салу, гүл күлтелері домалақ формада болуы керек, кейін гүлді бояу қажет. Бала сол критерийге сүйене отырып, тапсырманы орындайды. Ал мұғалім әр шарттың орындалуына қарай бағалап отырады. Мысалы, гүл тамырын салғаны үшін 2 балл, күлтесін бейнелегені үшін 2 балл деген сияқты. Осы әдіс арқылы оқушы мен ата-ана қай тапсырма үшін қанша балл алғанын нақты біліп отырады. Меніңше, бұл — тиімді тәсіл. Мұғалім баланың әр тақырыпты қаншалық меңгергенін қадағалай алады. Ал оқушы тапсырманы терең зерттеп, өз бетімен іздене бастайды, логикасы дамиды. Теория тапсырмаларын түрлі жағдаймен байланыстыруды үйренеді, — дейді Майра Ауесбаева.
Педагогтың айтуынша, алғашқыда Білім және ғылым министрлігінен БЖБ және ТЖБ бойынша дайын сұрақтар берілген. Дегенмен ол тапсырмалар ашық дереккөзге жарияланып, оқушылар интернеттен жауабын көшіруді әдетке айналдырған. Сол себепті қазір әр мұғалім дәріс беретін пәні бойынша БЖБ және ТЖБ сұрақтарын өзі құрастырады.
Оқушылардың тапсырма жауабын интернеттен көшіретінін байқаған министрлік мұғалімдерге өз бетінше тапсырма дайындау туралы ұсыныс білдірді. Меніңше, бұл дұрыс шешім болды. Себебі әр баланың деңгейін оның мұғалімінен жақсы ешкім білмейді. Әр пән оқытушысы әр класс оқушыларының сыни ойлау қабілетіне, біліміне, дағдысына қарай сұрақтар дайындайды, — дейді мұғалім.
Дегенмен Майра Ауесбаева жаңа мазмұндағы бағалау жүйесінің артықышылығымен қоса бірнеше кем тұсы бар екенін де атап өтті. Оның айтуынша, кей баланың білімі әділ бағаланбайды. Ал электрон форматқа көшкен мұғалімдер жұмысы қайта қағазбастылыққа ауыса ма деп алаңдайды.
Кей оқушы сабаққа қатыспайды, тапсырманы орындамайды. Бірақ БЖБ мен ТЖБ кезінде жоғары балл алады. Ал тоқсан бойы белсенді қатысқан бала екі бақылау жұмысынан төмен баға алып қалып жатады. Мұндай кезде оқушыға әділ баға қою қиын. Сол себепті біз БЖБ мен ТЖБ-ға дейін оқушыны дұрыс бағалауға тырысамыз. Екінші мәселе — қағазбастылық. Офлайн сабақ кезінде БЖБ мен ТЖБ тапсырмасын А4 параққа шығару керек. Бір класта 20 бала бар десек, 40 парақ тапсырма дайындаймыз. Сонымен бірге мұғалім бір класқа ғана сабақ бермейтінін ескеріңіз. Осы кезде мұғалімдер қайтадан қағаз астына көміле ме деп уайымдайсың, — дейді мұғалім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет