«Жасушалық биология. Молекулалық биология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Бөлімше



бет3/3
Дата05.05.2023
өлшемі125,39 Kb.
#90589
1   2   3
Байланысты:
бжбтжб изденис

Ата-ана не дейді?


2020 жылы елде 25 мыңға жуық ата-ана бөлім үшін жиынтықты бағалауға (БЖБ) және тоқсан үшін жиынтықты бағалауға (ТЖБ) қарсы change.org порталындағы петицияға қол қойған. Олардың ішінде Алматы тұрғыны Айсәуле Жамыханова да бар. Оның айтуынша, БЖБ мен ТЖБ кесірінен 6 класста оқитын қызы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған.
Түсте бастаған сабағын түнгі он-он бірде әрең бітіреді. Күніне 6-7 пән оқиды. БЖБ мен ТЖБ кезінде одан әрі қиналып кетеді. Енді ойлаңызшы, 7 сабақтан — үй тапсырмасы, 7 сабақтан — БЖБ. Балаға күніне 14 жұмыс ауыр емес пе? Таңнан кешке дейін телефон мен компьютердің алдында отырып мұрнынан қан аққан кез болды. Қызыма БЖБ мен ТЖБ үшін қатты алаңдамауын айтамын. Бірақ қорытынды бағасы соған қарай қойылатынын айтып, жанталасып жатады. Одан төмен балл алса, төмен баға қойылады екен. Сонда оған дейінгі талпынысы неге ескерілмейді?, — дейді ата-ана.
Алайда тағы бір ата-ана Назерке Бекболатова бұл пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, БЖБ мен ТЖБ тапсырмалары балаға өз бетімен жұмыс істеуді үйретеді.
Балаға бұрынғыдай қатып қалған есеп-қисап, сұрақ-жауап берілмейді. Оқушының сыни ойлауына, логикасына қарай тапсырмалар беріледі. Ал бала іздену арқылы орындайды. Керісінше, оқушы өз бетімен жұмыс істеп, жауапкершілікті сезіне бастайды. Сол себепті аса дүрлігудің қажеті жоқ, — дейді ата-ана.
Министр Асхат Аймағамбетов PISA және TІMSS  халықаралық зерттеулерінде Қазақстанның нашар көрсеткішке ие болғанын айтады. Бұл ұйымдардағы халықаралық сарапшылар қазақстандық шәкірттердің сынақ-эксперименттер жүргізе алмайтынын анықтаған. Яғни біздің оқушылар ғылыми танымдарын жеткізе алмайды, теорияны өмірдегі жағдайлармен байланыстыруға шорқақ.
«Біз теорияға басы артық екпін түсіруден арылуға және оқушыны алған білімін практикада қолдануға үйретуге тиіспіз. Зерттеу көрсеткендей, біздің оқушылар негізінен күрделі мәтіндерді түсінбейді, одан басты ақпаратты бөліп алуды білмейді, өз көзқарасын негіздеуде және талдауда қиналады. Осы себепті білім беру мазмұнын жаңартудамыз. Яғни, оқыту әдістерін, бағдарламалар мазмұнын және құрылымын қайта қарап жатырмыз. Дәл осы жаңарған білім беруге көшуімізге байланысты БЖБ мен ТЖБ білім жүйесіне енгізілді. 5 балдық бағалау жүйесі әбден ескірді және білім беру жүйесінің қазіргі сұраныстарына сәйкес келмейді. Ал жаңа бағалау жүйесі Қазақстан аумағында жұмыс істиейтін халықаралық мектептердің тәжірибесіне негізделді», — дейді министр.
Білім және ғылыми министрі БЖБ мен ТЖБ-ның бірнеше артықшылығын атап өтті. Біріншісі — оқушы бағасы мұғалімнің көңіл-күйіне немесе қалауына тәуелді болмауы. Екінішісі — оқушының әр бөлімді қалай игергенін, деңгейін бақылап отыру. Үшіншісі — бағалаудың оқушы, ата-ана, мұғалім үшін де нақты әрі мқлдір болуы.
Сондықтан БЖБ мен ТЖБ-ны жоюды орынсыз деп санаймын, – деді Асхат Аймағамбетов.
Жақында жиынтық бағалау тапсырмаларын (БЖБ және ТЖБ) құрастыру курсын аяқтадым. Байқағаным мынау болды. Курсқа қатысқан мұғалімдер (тіпті еңбек өтілі жоғары тәжірибелі педагогтер болса да) мұндай тапсырмаларды құрастыруға көп қиналады екен.
- БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын қалай құрастырушы едіңіздер? – деген сұраққа олар мұндай тапсырмаларды не әріптестерінен, не интернеттен дайын түрде алатындықтарын айтты.
- Тапсырмаларды өздеріңіз жасап көрген жоқсыздар ма?
Күмілжіген жауаптар: «Жоқ!», «Қашан?», «Кіммен?», «Қалай?». Бұл жауаптардан мұғалімдердің жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыруда «оңай, бірақ оңай болса да қиын жолды» таңдағандары сезінеді. Сабақ беруде туындаған қандай да болмасын бір проблеманы әріптестерімен бірлесіп өздігімен шешудің орнына («қиын, бірақта қиын болса да оңай жол»), олар интернеттен көшірілген немесе қолдан-қолға ауысып жүрген дүдәмал жұмыстарды қолдануға әуес секілді (Мәселе мұнда тек курсқа қатысушылар жайлы қозғалып тұр. Оқырман әріптестер, сіздердің бұл мәселені баяғыда бірлесіп өздігімен шешіп қойғандарыңызды жақсы білемін! Сіздер туралы айтып тұрған емеспін!).
Ал ондай жұмыстардың сапасы төмен екендігі баршаға аян. Бағалау критерийлерінің оқыту мақсатына, тапсырмалардың бағалау критерийлеріне, дескрипторлардың тапсырмаларға сай келмейтін БЖБ және ТЖБ тапсырмалары сіздерге де талай рет кездескен шығар!
«Жылына 4 рет ТЖБ және 8 рет БЖБ қабылдап жүрген мұғалімдердің тәжірибесі мол, олар кез келген ұғымның шетін көргеннен-ақ іліп алып, менің айтқанымды әрі қарай дамыта жөнеледі!» деген менің ойым іске аспай қалды. Бір де бір рет өздігімен мұндай тапсырмаларды жасап көрмеген мұғалімдер үшін маған бәрін шайнап беру қажет болды.
Бұл жерде сіздерге сол кісілермен қалай жұмыс жасағаным турал айтып берейін...
БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруға мықтап тоқталуға қажет болды. Алдымен бөлім бойынша жиынтық бағалаулардың қалайша құрастырылатыны туралы әу басынан айту керек екендігін түсіндім.
БЖБ құрастыруда ең алдымен Ұзақ мерзімді жоспарларда берілген пән бөлімдерінің қалайша қолданылатындығын ескерген жөн. Алдымен әр пән бойынша қандай бөлімдер болатындығын есімізге түсірейік (оқу мақсаты кодындағы екінші сан: 7.2.4.1).
Қазақ тілі. 1) Тыңдалым және айтылым; 2) оқылым; 3) жазылым; 4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
Әдебиет. 1) Түсіну және жауап беру, 2) анализ және интерпретация, 3) бағалау және салыстырмалы анализ.
Орыс тілі. 1) Тыңдалым. 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым; 5) әдеби тіл нормаларын сақтау.
Математика. 1) Сандар, 2) Алгебра, 3) Геометрия, 4) Статистика және ықтималдықтар теориясы, 5) Математикалық модельдеу және анализ.
Биология. 1) Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; 3) ағза мен қоршаған орта; 4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
Тарих. 1) Әлеуметтік қатынастардың дамуы; 2) мәдениеттің дамуы; 3) мемлекеттің дамуы; 4) Қазақстанның экономикалық дамуы.
Химия. 1) Заттардың бөлшектері; 2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары; 3) химиялық реакциялардың энергетикасы; 4) химия және қоршаған орта; 5) химия және өмір.
Физика. 1) Механика; 2) жылу физикасы; 3) электр және магнетизм; 4) электро-магниттік тербелістер; 5) электромагниттік толқындар; 6) оптика; 7) салыстырмалы теорияның элементтері; кванттық физика; 9) нанотехнология және наноматериалдар; 10) космология.
География. 1) Географиялық зерттеу әдістері; 2) картография және геоинформатика; 3) табиғатты пайдалану және геоэкология; 4) геоэкономика; 5) геосаясат; 6) елтану; 7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Бұл деректерді келтіру себебім мынау. Әр БЖБ-да мұғалім таңдаған тексерілетін оқу мақсаттары 2-ден кем емес 4-ден артық болмау керектігін жақсы білеміз. Ал таңдалған оқу мақсаттары бір БЖБ-да әртүрлі бөлімдерден тұрғаны дұрыс.
Мысалы, қазақ тілінде (өзім филолог болғандықтан, мысалдарды өзіме жақын пәндерден келтірейін) БЖБ-да «Оқылым» дағдысы бойынша бір ғана оқу мақсаты келтіріледі: оқушылардың оқылым дағдысын бір БЖБ-да екінші рет тексерудің қисыны бар ма екен?
Бөлім бойынша алынатын жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттары тек ҰМЖ-да көрсетілген (немесе күнтізбелік-тақырыптық жоспарда) бөлімдегі ауқымда болады.
Мысалы, қазақ тілінің ҰМЖ-да 5-сыныптағы 1-бөлім былай келтірілген (Фейсбукта кестелерді келтіру мүмкін болмағандықтан, кейбір тұстарды кестеден шығарып ұсынамын):
Лексика-грамматикалық бөлімдер. 1. Өзім туралы. 2. Менің отбасым және достарым.
Тыңдалым және айтылым. Оқыту мақсаттары. 5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;
5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
Оқылым. Оқыту мақсаттары. 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.
Жазылым. Оқыту мақсаттары. 5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
Әдеби тіл нормалары. Оқыту мақсаты. 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Демек, БЖБ құрастырғанда, біз тек осы 7 оқу мақсатының ішінен ғана 2, 3 немесе 4 оқу мақсатын таңдап алуымыз керек. Басқа бөлімнен мақсаттарды алуға болмайды. Мысалы, осы бөлімнен мынандай мақсаттарды таңдауға болады:
Тыңдалым және айтылым. 5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
Оқылым. 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.
Жазылым. 5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
Әдеби тіл нормалары. 5.4.1.1 қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Ескерту. Әдетте әдеби тіл нормалары жазылым дағдысымен бірге жүреді: БЖБ-да жазылым бойынша оқу мақсаты таңдалмаса, онда ӘТН бойынша оқу мақсаттары да таңдалмайды. Алайда жазылымның ӘТН-мен жалғаспауы да ықтимал.
Немесе:
Тыңдалым және айтылым. 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
Оқылым. 5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.
Жазылым. 5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
Немесе:
Тыңдалым және айтылым. 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
Оқылым. 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.
Бірақ бір БЖБ-да бір бөлімнен екі бірдей оқыту мақсатын таңдауға болмас.
Мысалы:
5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;
5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
Немесе:
5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.
Немесе:
5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.
Қорытынды. Оқу мақсаттары тек осы бөлімнен болуы керек. 2-4 оқу мақсаты таңдалады. Қай және қанша оқу мақсатын таңдау керектігін мұғалім өзі шешеді. Әр дағды (пәндік бөлім) бойынша бір мақсатты таңдаған орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет