Құжат атауы


) FTP-  файлдарды тасымалдау хаттамасы



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
5) FTP- 
файлдарды тасымалдау хаттамасы 
Файлдарды тасымалдау хаттамасы интернет серверінде файлдар 
түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін 
FTP атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (File Transler Protocol - 
файлды тасымалдау хаттамасы). 
Файлдар барлық компьютер серверінде сақтала бермейді. Оларды 
сақтап FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер 
(файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлері деп 
атайды. 
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес 
өрісіне файл серверінің адресін, мыс, FTP://ftp.relcom/ru/ сияқты адресті 
енгізу керек. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Веб сайт дегенде қалай түсінесіз? 
2. 
WWW, гипермәтін, гиперсілтеме деген не? 
3. 
Интернетте қолданылатын қандай хаттамаларды білесіз? 
4. 
Файлдарды тасымалдау хаттамасының қызметі? 
Тақырып №5 
HTML ГИПЕРМӘТІНДІК ТІЛІ КӨМЕГІМЕН ВЕБ-БЕТТЕРДІ ҚҰРУ. 
Жоспары: 
1. 
HTML тіліне кіріспе. Тілдің атқаратын қызметі, командалары. 
2. 
HTML құжатының құрылымы.
3. 
Қаріп стильдерін басқару. Физикалық және логикалық стильдер. 
4. 
Құжаттағы түстерді анықтау. 
 
1)HTML
–ге кіріспе. HTML тілінің атқаратын
қызметі, командалары. 
Белгілеу тілі туралы түсінік. Белгілеу тілі – бағдарламалау 
тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі – 
символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен 
синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған 


22 
мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген 
сөздер немесе тақырыптардан құралады.  
«Белгілеу» (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі 
«marking up» сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді 
білдіреді. «Белгілеу» сөзі сонау дәстүрлі баспахана тәжірибесінде 
қолданылып, баспаға жібермес бұрын арнайы шартты белгілер мен 
таңбалар арқылы қолжазбаға түзетулер енгізуді білдірген. Осылай 
«белгілеушілер» (markup men) мәтіннің әрбір бөлігіне шрифтердің 
гарнитурасын, стилін, өлшемін көрсетіп отырған. Ал қазіргі кезде бұл 
қызметті редакторлар, корректорлар, графикалық дизайнерлер, сондай-
ақ авторлардың өздері атқарады. Белгілеу тілін компьютерлік мәтіндерді 
өңдеуде қолдануды алғаш рет 1967 жылғы Конференцияда Уильям 
Танниклифф ұсынды. Ол өз жаңалығын «әмбебап кодтау» (ағылшынша 
«generic coding») деп атады. Форматталған мәтінге қатысты барлық 
қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері қолданылады: типографияда 
(SGML, 
TeX, 
PostScript, 
PDF), 
компьютердің 
қолданушы 
интерфейстерінде (Microsoft Word, OpenOffice), әлемдік желіде (HTML, 
XHTML, XML, WML, VML, PGML, SVG, XBRL).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет