Құжат атауы



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
HTML тілі жайлы. Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup 
Language - HTML) 
– веб браузерде веб-беттерді және басқа да 
ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып 
есептеледі.  
Қазіргі кезде Web–парақты құру үшін HTML тілі (Hypertext Markup 
language 
– гипермәтінді бөлу тілі) қолданылады, яғни құжатқа қойылатын 
тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды, 
құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW 
айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты
адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу 
жабдығының бар болуы болып табылады .
HTML гипермәтіндік тілін 1989 жылы World Wide Web гипермәтіндік 
жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде 
Тим Бернерс – Ли ұсынғаны белгілі. Гипермәтінді бөлу негізіне құжаттың 
әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде 
көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. 
Өзінің мәні бойынша тегтер бағдарламалау тілдеріндегі «BEGIN/END» 
жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML 
атауларының арасындағы амалдардың облысын білдіреді, құжаттағы 
мәтіндік элементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды
және т.б. 
HTML-
дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптары мен абзацтар 
белгілеу, гипермәтінде арнайы белгілер орнату. 
HTML форматында орындалатын бөлек құжат HTML – құжаты 
немесе Web – құжаты немесе Web – бет деп аталады. 


23 
Бір авторға немесе бір басылымға жататын және ортақ 
гиперсілтемелер мен өзара байланысқан web-беттер тобы web-түйін 
және web-сайт деп аталатын құрылымды құрады. 
HTML тілінің атқаратын қызметі. 
Web-
парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, 
HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір 
тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайданалады. Сол себепті жаңа ғана 
зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей 
алатын браузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS 
жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің 
көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі 
болып көрсетіледі. Ал, үшінші компьютердегі Web-парақтарының 
мәтіндері зағиптарға арналған Браиль қаріптері арқылы берілсе, оның 
нәтижесі тіпті басқаша болады.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр 
онда HTML түрлі браузер программалармен көретіндіктерін ескерсек,
HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған 
тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын 
қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын 
құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, коды оны 
тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды 
алынған соң, оны браузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны 
үлкейтіп ірі әріптерімен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының 
ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат 
мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып 
қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс 
жасалуы да мүмкін. 
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету 
керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны 
безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. 
Мысалы, HTML тілінің соңғы [4.0] нұсқасында мәтінді пішімдеу 
командаларын пайдалану ұсынылмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет