КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға
аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық
бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің
дамуы келешекте барлық оқу орындарында білім беру қандай бағытта
өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады. Адамзат өркениетінің даму
қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі уақытта индустриалдықтан
ақпараттық қоғамға өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа
ақпараттық технологияларды оқыту саласында, бизнесте, өндірісте,
ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың
жаңа деңгейін жасайды.
Web-
дизайн – визуалды электронды веб-беттерді, сайттарды
дайындау тәсілі. Web-дизайн негіздері – студенттердің бастапқы веб-
беттерді құру жұмыстарын үйренуге, яғни HTML гипермәтіндік тілімен,
Javascript тілінің негіздерімен, MS FrontPage, Adobe Dreamweaver
бағдарламаларымен, PHP тілімен жұмыс істеп үйренуге бағытталған
курс болып табылады.
Бұл курсты оқу нәтижесінде студенттер келесі біліктер мен
білімдерді алу керек:
- web-дизайн түсінігі, тарихы және даму бағыты туралы жалпы
көрсетілімін білу;
- веб-беттерді құрылымымен танысу;
- веб-беттерді құру тәсілдерін білу;
- HTML гипермәтіндік тілімен жұмыс істеп үйрену;
- динамикалық HTML-құжаттарын құрастырудық заман талаптарына
сай әдістері мен құралдарын білу;
- HTML
және
JavaScript
тілдеріндегі
бағдарламалар
мен
алгоритмдерді жасау туралы түсінікке ие болу;
- HTML, JavaScript, PHP тілдерінің және MS FrontPage, Adobe
Dreamweaver
бағдарламаларының мүмкіндіктерін білу;
- HTML, JavaScript, PHP тілдерінің және MS FrontPage, Adobe
Dreamweaver
бағдарламаларының құралдарының қызметтерін білуге;
- сайтты құру тәсілдерін меңгеру;
- MS FrontPage, Adobe Dreamweaver бағдарламалары көмегімен
Web-
сайттар құру;
- Web-сайттар жасау мен оларды Internet-тің Web-серверлерінде
орналастыру мен түзетуге қатысты практикалық дағдыларды меңгеру.
«Web-дизайн негіздері» оқу құралында теориялық және практикалық
сабақтарға арналған материалдар қамтылған, әр тақырып соңында
бақылау сұрақтары мен өзіндік тапсырмалар берілген.
«Web-дизайн негіздері» курсы бойынша практикалық жұмыстың
әдістемесі - әрбір тақырып бойынша үйренген теориялық білімді
6
практикалық тапсырмалар арқылы толықтыруға арналған оқу-
әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Мұндағы жұмыстар «Web-дизайн негіздері» курсын оқытудың жалпы
тақырыптық жоспарына, яғни оқу пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес
жазылған. Студенттер өткен материалды тәжірибе жүзінде пайдаланып,
өз білімдерін тексере алады.
|