Құжат атауы



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi

Теориялық сабақтар 
Тақырып №1 
ДИЗАЙН НЕГІЗДЕРІ. 
Жоспары: 
1. 
Дизайн тарихы және түсініктемесі. 
2. 
Композиция және оның негізгі ережелері. 
1) Дизайн тарихы және түсініктемесі. 
Дизайнның нақты пайда болу мерзімін айту қиын. Қазіргі түрдегі 
дизайн XX ғасырдың басында, өнеркәсіп өндірісі дамығанда пайда 
болған. Өнеркәсіптік дизайн (немесе дизайн) ұғымы бүкіл әлемде 1959 
жылы қолданыс тапқан. 
«Классикалық» дизайнда екі негізгі бағытты атап өтуге болады: 
неміс (Баухаус) және Ресейлік (ВХУТЕМас). «Баухаус» құрылыс және 
мәдениет құрылымының жоғарғы мектебі Германияда 1919 жылдан 1933 
жыл аралығында болған, бірақ оның идеяларының ықпалы қазіргі 
дизайнда сақталып келеді. Мәскеу мемлекеттік жоғарғы мәдениеттік-
техникалық шеберханалары (қысқаша ВХУТЕМас, (қаз. ММЖМТШ)) 1920 
жылы құрылған. 
Дизайн әлеміндегі толық төңкеріс компьютерлердің пайда болуына 
ықпал жасады. Бірінші графикалық бағдарламалар «Амигте» болған 
(Мыс, Graficraft), бірақ олардың аспаптары шектеулі болатын. Одан кейін 
басқа да күрделі графикалық пакеттер пайда бола бастады. 
Компьютерлік графиканың дамуына Ulead компаниясы үлкен үлес қосты. 
90-
шы жылдардың басында ДК үшін Photostyler бағдарламасы алғашқы 
болды, бірақ оны бірнеше жылдан кейін Photoshop бағдарламасы 
алмастырды. 
Дизайн дегеніміз - заттық ортаны қалыптастыру бойынша жобалық 
пәнаралық көркемдік-техникалық іскерліктің түрі. 
Дизайн дегеніміз - форманы мазмұнынан нақты объектілерді 
формальді (немесе абстракты) объектілермен алмастырып бөлу. 
Дизайнның 3 түрі бар:
1. 
графикалық дизайн; 
2. 
өндірістік дизайн; 
3. 
архитектуралық ортаның дизайны. 
Графикалық 
дизайнның 
жобалау 
объектілері 
қаріптер, 
пиктограммалар, фирмалық стильдер, түрлі визуалды коммуникациялар 
және т.б. болып табылады. 
Өндірістік дизайнның жобалау объектілері машиналар, құрылғылар, 
жиһаз, ыдыс, киім болып табылады. 
Архитектуралық ортаның дизайнын жобалау объектілері интерьер 
дизайнымен қоса, үй салу және олардың комплекстері болып табылады. 
Футородизайн дегеніміз - қазіргі таңда қандайда бір себепті 
қолданыла алмайтын болашақтық жобалардың дизайны. 



Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің 
көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі
сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web-дизайн дами 
түсті. Web-дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны 
графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web-дизайн өзіне бірнеше 
мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт 
құрылымының 
қарапайымдылығы 
мен анықтылығы, 
қолданушы 
интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және 
т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік 
графикамен жұмыс жасайтын ,бағдарлама-құралдарының кең таңдауын, 
html және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін 
көрсетеді. Web-дизайн білім мен өнердің қосылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет