Құжат атауы


Веб-дизайн (Web page design)



Pdf көрінісі
бет6/56
Дата19.09.2022
өлшемі8,75 Mb.
#39482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
 
Веб-дизайн (Web page design) – пайдаланушының веб–браузер 
немесе басқа да графикалық веб–интерфейсімен көре алатын 
технологияларды қолданып, веб жүйесі арқылы электронды мазмұнын 
жеткізетін жобалау, жоспарлау, модельдеу немесе жүзеге асыру үрдісі. 
Веб-дизайнның негізгі аспектілері мыналар: 
 
Мазмұны. Сайт тақырыбының ақпараты толық болуы керек. 
 
Қолдану қолайлығы. Сайттың пайдаланушы интерфейсі 
ыңғайлы, қарапайым болуы керек. 
 
Сыртқы түрі. Сайттың барлық беттерінде графика мен мәтін 
бір стильде орналасуы керек. Безендіру стилі кәсіби, тартымды 
түрде болуы керек. 
 
Көрінісі. Сайт көптеген іздеу жүйелері және жарнамалық 
аудандарда оңай табылуы тиіс. 
2
) Композиция және оның негізгі ережелері. 
Композиция – бұл тірі организм. Онда барлығы өзара байланысқан 
және әрқайсысы өз орнында тұрады, әрбір элемент өз функциясын 
орындайды. Егер ол орнынан ауысып кетсе, онда барлығы бұзылады. 
Дизайнердің міндеті барлығын өз орнына қою болып табылады. 
Композиция дегеніміз - мазмұны, сипаттамасы және тағайындалуы 
ескертілінген
көркемдік туындыны мақсаттқа бағыттап құру. 
Композицияның негізгі фронтальді, көлемді, көлемді-кеңістік 
түрлері бар. Композицияның негізгі элементтері нүкте, кесінді, дақ 
болып табылады.
Композицияның негізгі заңдарына бүтіндік және бірлік, тепе-теңдік, 
қатар бағыну жатады. 
Бүтіндік және бірлік – бұл барлық элементтер бір бүтін болып 
орналасқан күйі. 
Тепе-теңдік – бұл барлық элементтер бір-бірімен балансталған 
композицияның күйі. 
Қатар бағыну - бұл барлық элементтер бағынатын композицияның 
ортасын белгілеу (доминанттар). 



Контраст - өлшем, форма, түс, кеңістікке қатынасы және т.б. 
категориялары бойынша элементтерді, заттарды, формаларды және 
басқаларының ерекшеліктерін айыру. 
Тепе-теңдік деген - өзінің сапасына сәйкес (өлшем, форма, түс...) 
бірдей элементтерді қайталау. 
Ритм - бұл анықталған аралық арқылы бір элементті қайталау. 
Симметрия деген - тепе-теңдік және гармониямен реттелудің 
ерекше түрі ретінде көзбен қабылданатын, симметрияның нүкте, ось 
немесе жазықтығына қатысты элементтердің тепе-тең орналасуы. 
Үйлесім деген ұғым - грек тілінен аударғанда «үндестік, келісім,
хаосқа қарама-қайшылық» дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет