Жаңа «Деканат» деректер қорын жасаңыз. Жаңа деректер қорын жасау үшін:
Access программасын жүктеп, ашылған терезенің сол жағындағы «Жаңа деректер қоры» пунктын басыңыз;
«Жаңа деректер қоры файлы» терезесінде Файл атауы өрісіне деректер қорының атауы ретінде Деканат атын беріңіз және деректер қоры сақталатын өзіңіздің папкаңызды таңдаңыз.
Создать батырмасын басыңыз.
Деректер қорының кестесін жасау. Деректер қорының кестесінің алдымен құрылымын (жобасын) жасайды. Оны жасау үшін:
Ашылған терезеде «Деректер қоры» терезесінің сол жақ панелінде Access объектілерінің (таблицы, формы, запросы, отчеты, макросы, модули) барлық типтерін шақыру үшін басқару элементтері орналасқан. Терезеден жасалатын құжаттың типін таңдау керек, сіз кесте жасайтын болғандықтан Таблицы бөлімін таңдап,Создать батырмасын басыңыз.
«Жаңа кесте (Новая таблица)» терезесі ашылады. Оң жағында келесі жұмыс үшін нұсқалардың тізімі берілген:
Мұнда бірнеше нұсқалар бар, соның ішінен сіз Конструкторды таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Ашылған Конструктор терезесінде жасалынатын кестенің өрістерін 1-кестеге сәйкес анықтаңыз. Кестенің өрістерін анықтау үшін: