Жаттығу: “Психологиялық дайындық”. Көзіңді жұмып, денелерiңдi бос ұстап былай деп iштерiңнен қайталаңдар: “Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін.
Талдауға арналған сұрақтар. Сен өзің жайлы не айта аласың?
Сен өзiңнiң жан-дүниең туралыне айта аласың?
Өз жан-дүниең болашақта саған қалай қызмет етедi деп ойлайсың?
Өз-өзіңмен келісімге келе алдың ба?
Жаттығу: “Қадір-қасиет”. Топ мүшелері шеңберге тұрады. Мұғалімнің қолында доп. Қазір біз, бір-бірімізге допты лақтыра отырып, сол бопты берер адамның қасиетін айтамыз. Ұқыптылықпен бәріміз түгел бұл жұмысқа қатысайық.
Топты 3 топқа бөлеміз (парақтар, фломастерлер таратамыз, баяу әуен қосамыз, параққа жазылған тапсырмалар таратамыз). Топтарға тапсырма:
1 команда . Асханадағы өзін-өзі ұстай білу ережесін талдау және жазу.
2 команда. Театр, кино, акт залындағы өзін-өзіұстай білу ережесін талдау және жазу.
3 команда. Қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстай білу ережесін талдау және жазу.
Әр топ жауаптарын дайындайды, жаттықтырушы керек болған жағдайда топтарға көмектеседі. Талдаудан кейін, топтар жауаптарымен шығады. Төмендегіше ережелерді білгені абзал.
Асханадағы негiзгi ережелер:
Ас ішер алдында қолыңды жу (кір қолмен ас ішу тәрбиесіздік қана емес, сонымен қатарденсаулыққа өте зиян. Кір қолда көптеген микробтар өмір сүреді, ал сабын мен су оларды жояды).
Ас ішерде дастарханға кешігуге болмайды.
Ас ішер алдында, барлығына: “ас дәмді болсын дегенді айтуды ұмытпа”
Ас ішкенде сөйлеспе.
Үстелде тік отыру қажет, өте жақын емес, ас ішкенде кішкене еңкеюкерек.
Дастарханда отырғанда айналаңдағы адамдардың тәбетін бұзбауға тырыс.
Тәрелкедегі тамақты жан-жағына жақпа, нан ұнтағын шашпа және тәбет қашыратын әңгімелер айтпа.
Ас ішкенде күлуге болмайды
Ас ішкенде асықпай, үнсіз, аузыңды жауып іш.
Үстелде шылпылдатпа
Нанды екі қолыңмен үз, уатпа, қиқымын тастама.
Дәмдi түскі ас үшін алғыс білдіруді ұмытпа (таңғы ас, кешкі ас)