Кино, театрда өзін қалай ұстау ережесі. Кинотеатр, концерт залы, театрға бару – бұл қашанда мейрам. Бірақ, бұл үшін қоғамдықорындарда өзін-өзі қалай ұстаудың негiзгi ережесін білу керек:
Қойылымға кешігу әдепсіздік
Залда бас киімді шешу керек. Театр залында немесе мұражайда отырып шоколад жеуге,печенье қытырлатуға, сусын ішуге, пісте шағуға, оны шашуға болмайды.
Егерде сен қасыңдағы адаммен ой бөліскің келсе, мұражайда жәй ғана сөйле, ал театрда үзіліс кезінде ғана сөйлесуге болады.
Қатты дауыстап күлуге болмайды.
Үзіліс кезінде әбден ашықсаң да асханаға қарай ентелеме.
Қойылымнан кейін актерлерге қол шапалақтап қошемет көрсету керек, киіміңді алуға асықпа.
Қоғамдық орындарда мәдениетті адам мұрын шұқылап, есінеп, түкірмейді.
Жаттығу-ойын: “Ол қандай?”
Ойынға қатысушылардың біреуі бірнеше секундқа есіктің сыртына шыға тұрады. Бұл уақытта қалғандары өз араларынан біреуінің есімін жасырады. Есіктің сыртындағы ойынға қатысушы сыныпқа кіріп, “Ол қандай?” деген сұрақ қояды. Оқушылар оның қандай екендігін бір сипатымен білдіріп отырады. Кім туралы айтылып жатқанын осы сипаттарға қарап табуға болады.
Жаттығу: “Сиқырлы таяқша”
Елестетіп көріңдерші, сендердің әр қайсыңның қолдарыңда ғажайып туғызатын сиқырлы таяқша бар. Сендер онымен өз үйлерiңдегi заттарға, адамдарға тигізіп және қалауларыңша оларды өзгертіпкеле жатырсыңдар, егер де ештеңе өзгерткілерiң келмесе, мүмкін бір нәрсені әсемдегілерiң келетін шығар. Өзіңдерiңнің өзгертулеріңді дәптерлеріңе жазып немесе суретін салып отырыңдар. Осылайша, әрқайсысы өз үйлеріне кіреді…
Талдауға арналған сұрақтар:
Біздің ойлы сиқырымыз аяқталды. Сендердің кейбіреулерің, өз үйлеріңде сиқырлытаяқша көмегiмен нені өзгертіп немесе әсемдеу үшін пайдаланғандарың туралы айтып бергілерiңкеле ме?
Балалар өздерінің жазғандарын оқиды немесе салған суреттеріне түсінік береді.