Жаттығулар



бет4/5
Дата04.12.2023
өлшемі61 Kb.
#134298
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаттығулар

Жаттығу: “Шырақ”
Сендер өз үйлерiңде болғанда – өз бойларыңдағы бір нәрсені өзгерткілерiң келе ме? Әдемі үйде дұрыс мәдениеттi және таза жанды әдемi адамдар өмір сүруі керек. Отбасындағылардың біреуі бұл туралы айтқан болар? Егер сендер сиқыршы болсаңдар, бұл мүмкіндіктеріңді пайдалана отырып, өздеріңнің бойыңдағы әдепсіз, зиян әдеттерден арылыңдар. Оларды бір параққа жазыңдар, бұдан былай сендердiң бойларыңда жаман әдеттер қалмау үшiн, біз оларды қазір өртеп жібереміз.
Балалар қағазға өздерінің жаман, зиянды әдеттерін жазып, дауыстап оқып, шырақтың жалынына өртеп жібереді.

Рөлдiк ойындар


Адам өмірде өзiнiң жасаған әрекетiне әрдайым сенiмдi бола бермейдi. Рөлдiк ойын -ол ынталандырудың бiр түрi, қатысушы белгiлi жағдаяттарда өзiнiң iс-әрекетiн түрлiше көрсетуге мүмкiндiк алады. Түрлi нұсқадағы ойындар бiрнеше рет нақты әрiжеке сәттерiмен ойналады, топ мүшелерi ойынның жеке және жалпы сәттерiн талдауға мүмкiндiк алады, содан оны талдап өз iс-әрекеттерiнiң өмiрлiк бағыттарын анықтайды.
Ұйымдастырушының мiндетi – оқушының өзiне көзқарасын сырттан бақылап, оның осы жағдайдағы өзiнiң әлсiз және мықты жақтарын, жақсы қарым-қатынас үшiн ненi өзгерту керектiгiн түсiнуiне көмек көрсету.
Рөлдiк жағдаяттардың тақырыптары әртүрлi болуы мүмкiн:транспорттағы танысудан бастап, мектептегi, сыныптағы, көшедегi, дискотекадағы жағдайларды қосуға болады. Рөлдiк ойын барысындағы жинақталған тәжiрибе барлық қатысушылардың қатысуымен талданып бағаланады.
Рөлдік ойындар:
Балалар берілген тапсырмалар жазылған парақты алып, ойнайды.
1-тапсырма. Ойланыңдар, мектеп директорының хатшысы сабақтан бір баланы шақыруы тиіс. Ол оның аты-жөнін қолдана алмайды, бет-әлпетін де білмейді. Басқаша қандай тәсілді қолданып шақыруы мүмкін?
2-тапсырма. Дәрігер медбикесіне, ауыр халдегі ауру адамға дәрілер жазғандығын түсіндіреді. Ауру адамның аты-жөнін қолдануға болмайды. Кім туралы айтып тұрғанын қалай түсіндіргені жөн?
3-тапсырма. Журналист машинисткаға мектеп реформасы жайлы жазылған мәслихат депутатының мақаласын бастырады. Кім сөйлегендігін қалай білеміз, өйткені аты-жөні белгісіз.
Рөлдік ойындар көрініспен көрсетіледі. Әр көрініске 1 минут, талқылауға – 2 минут. Адамға есім қою не үшін керек екендігін қорытындылату қажет. Есім қою тарихынан мәлімет білеміз бе?.
Рөлдік ойындарға берілген жағдаяттар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет