Төмендегі жаттығулар адамның ішкі дүниесінің “Менін” сезінуге, өз бейнесін сомдауға бағыттайды. Өз “Мені” арқылы өзіндік қалыптасушылыққа, өзіндік ерекшелікке, өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізе алады.
“Мен” жаттығуы. Ұжым мүшелері тақтада берілген үлгі бойынша өзі туралы өз ойын жазады және оны топ алдында дауыстап айтады. Бұл көбінесе, жаңа қалыптасқан ұжым үшін жақсы жаттығу болмақ.
Менің атым……………….. . Мен …………..(оқушымын). Менің жасым ………………….. . Менің әкем………………….. . Менің шешем………………. . Менің ұлтым……………… . Менің түрім……………….. . Менің бойым………………….. . Менің көзім………………… . Менің досым………………. . Менің мекен-жайым…………………………………………………………………………. .
Сыртқы “Мен”- ім
Ішкі “Мен”- ім
Жаттығулар: “Менің басқа есімім?” немесе“Маған аяулы есімдер“
Өзіне-өзі талдау. “Мен кіммін?”. Параққа немесе қойын кітапшаларыңа осы сұраққа жауап жазыңдар. Өздеріңе жақын, туыс адамдарың сендердi атайтын аяулы аттарды жазып, өз суреттеріңдісалуға болады.
Өздеріңді отбасында және достарыңның арасында қалай еркелетіп қысқартып айтатындарын жазыңдар.
Талдауға арналған сұрақтар: Ата-анаңның сенің есіміңді қалай таңдағанын білесің бе?
Сенің атың нені білдіреді?
Сенің фамилияңның тарихы бар ма?
Жаттығу “Менiң өз таңбам немесе төл белгім”.
Мұғалім сөзі: Ертеректе қамалдың қақпаларына әулеттің таңбасы мен ұранын, қысқаша нақыл сөзін, билеушінің басшылық мақсаты мен іскерлігін көрсететін әдет-ғұрып болған екен. Алдарыңдағы параққа өз таңбаларыңның суретін салып және оған өмірлiкұстанымыңды бейнелейтін ұран тауып, өзіңе және бүкіл әлемге тұтастай қатынасыңды суретте. Өз төл белгіңді немесе таңбаңның суретiн салуға және ұраныңды жазуға5 минут беріледі. Егерде сен сурет сала білмесең қысылма, сурет салуды баста, сеніңқолыңнан келеді.
Суреттерден көрме жасалады.Суреттергереттік нөмірлер беріледі, суретшілердің аты-жөндері жазылмайды.