Жауаптары №1- тапсырма


Ч.Дарвин теориясының негізгі қағидалары



бет27/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Ч.Дарвин теориясының негізгі қағидалары

Дарвин еңбектері. Дарвин саяхаттан кейін 20 жыл бойы эволюциялық теория жасау жолында талмай еңбек етіп, оны «Табиғи сұрыпталу жолы мен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» (1859) деген еңбегінде жариялады. Дарвин бұдан кейінгі шығармаларында негізгі проблемаларды - түрлердің шығу тегін жан-жақты дамытып, тереңдете түсті. Ол орасан көп нақтылы материалдар негізінде, «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген кітабында үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктер сорттары эволюциясының заңдылықтарын түсіндіріп берді.
Дарвин ілімінің негізгі қағидалары. Дарвиннің негізгі еңбегі ол эволюциялық қозғаушы күшті ашты. Дарвин бейімделгіштіктің пайда болуы мен салыстырмальі сипатын табиғаттан тыс күштердің қатысынсыз-ақ, тек табиғи заңдардың ғана әрекет етуімен материалистік тұрғыда түсіндірді. Дарвин ілімі түрлердің тұрақтылығы мен олардың құдай жаратқандығы туралы метафизикалық түсініктердің түбіріне балта шапты. Сонда жабайы табиғаттағы түрлердің жануарлар мен тұқымдары және мәдени өсімдіктер сорттарының эволюциялық қозғаушы күші қандай болмақ?
Тұқымдар мен сорттардың эволюциялың қозғаушы күштері - ол тұқым қуалайтын өзгергіштік және адамның қолдан сұрыптауы. Дарвин жануарлардың әртүрлі тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттарын адам қолдан сұрыптау процесінде жасағанын дәлелдеп берді. Адам міндетті түрде тұқым қуалайтын, қайткенде де өз көңіліне ұнаған өзгерістері бар особьтарды ұрпақтан ұрпаққа сұрыптай, басқа особьтарды көбейтуге қатыстырмай, тұқымға қалдырып отырды, осының нәтижесінде белгілері мен қасиеттері адам көңіліне ұнаған жаңа тұқымдар мен сорттар алынды.
Табиғатта дәл осыған ұқсас процесс бола ма, жоқ па? Организмдер геометриялық прогреспен көбейеді, алайда жыныстық жағынан жетілгенге дейін өмір сүретіндері өте аз. Особьтардың едәуір бөлігі соңынан мүлде ұрпақ қалдырмай өледі немесе өте аз мөлшерде ұрпақ қалдырады. Бір түрдің, сондай-ақ әртүрлер особьтарының арасында тіршілік үийн күрес туындап отырады, Дарвин оны организмдердің өзара, сол сияқты олардың айналадағы орта жағдайларымен арасындағы күрделі де көптүрлі қарым-қатынасы деп түсінді. Мұнда ол «тек бір особьтың ғана тіршілігін емес, сондай-ақ оның ұрпақпен өзін қамтамасыз ету жетістіктерін де» ескереді.
Табиғи сұрыпталу тіршілік үшін күрестің салдары болып табылады. Дарвин «қолайлы жеке айырмашылықтар мен өзгерістердің сақталып, зияндыларының өзгеріп, жойылып отыруын» осы термин арқылы білдірді.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік негізінде жүретін тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу. Дарвиннің пікірі бойынша органиқалық дүние эволюциясының негізгі қозғаушы күштері (факторлары) болып табылады.
Ұрпақтан ұрпаққа созылатын қатардағы тұқым қуалайтын жеке ауытқулар, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу нақтылы тіршілік жағдайларына барған сайын бейімделгіштік бағытында түрлерді өзгеріске ұшыратады. Организмдердің бейімделгіштігі қашанда салыстырмалы сипатта болады.
Жерде мекендейтін түрлердің көптүрлілігі табиғи сұрыпталудың тағы бір нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет