1.Дивергенция.(латынша – кері шегінемін) туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады.Дивергенция процестерімен жойылу процестері тығыз байланысты болғандықтан аталған түрлердің біразы өсіп-өніп , артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастырады.табиғи сұрыпталу жолымен пайда болған түр тармағы жаңа түрге айналады.мұнда тұқым қуалау белгілерінің айырмашылоықтарының әсері күшті болады.эволюция барысында алғашқы бір түрден бірнеше түрлердің шығуын Ч.Дарвин белгілердің ажырауы немесе дивергенция деп атады.
2.Конвергенция (латынша -ұқсас болу) деп оргнаизмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ортасы бірдей, сыртқы піщінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. Мысалы, дельфиндер сүтқоректілер класына жатады, соған қарамастан дене пішіні балықтарға ұқсайды. Бір-бірімен туыстығы болмаса да, жануарлардың тіршілік ортасына бейімделушілігін көрсетеді. Бұл құбылыс ковергенттік ұқсастыққа жатады. Жануарлар дүниесінен мұндай жағдайларды көптеп кездестіруге болады. 3.Параллелизм( грек. Parallelos – қатар жүру) деп туыстық жағына өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуына айтады. Мысалы, сүтқоректілер класына жататын есекаяқтылар отрядының сулы ортаға бейімдеушілігі 3 салада дамыды.
Эволюция - қайтымсыз процесс.Кез келген организмнің жаңа ортаға бейімделуі үшін қандай да болсын өзгерген бір мүшесі жойылады. Кейін бұрыңғы тіршілік еткен ортасына қайта ауысқанымен жойылған мүшесі қайтадан қалпына келмейді, басқа бейімделушілікпен алмастырылады. Эволюция қайтымсыз (кері қайталанбайтын) процесс екендігін кезінде Ч.Дарвин: "Тіпті тіршілі еткен ортасы қайтадан дәл бұрынғыдай болып қайталанғанымен жоғалған түр еш уақытта да қайта қалпына келмейді",- деп жазды. Мысалы, дельфин, киттер ешқашан қайтадан балыққа айналмайды. Құрлықта тіршілік еткен жануарлардың сулы ортаға ауысуы аяқтарының ковергентті өзгерісінен- конвергениция мүшелердің тек сыртқы құрылысын өзгертуге қатысады.