Жауаптары №1- тапсырма



бет46/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

Түрдің критерийлері

Түр критерийлері: Түрлер бір-бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері дейді. Түр критерийлері

  • морфологиялық,

  • генетикалық,

  • физиологиялық,

  • биохимиялық,

  • географиялық,

  • экологиялық және

  • этологиялық деп бөлінеді.

    1. Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі құрылыс белгілерінің ұқсастығын көрсетеді. Дегенмен табиғатта морфологиялық жағынан ұқсас болғанымен бір түрге жатпайтын, хромосомолар жиынтығы әр түрлі бір-бірімен шағылыса алмайтын түр "қосарлары" да кездеседі. Осы уакытқа дейін бір түр деп есептеп келген "безгек масасының" 15 түр қосары табылды. Тек дене тұрқы, реңі, т.б. белгілеріне қарап түрлерді анықтау жеткіліксіз.

    2. Генетикалық критерий — әр түрдің өзіне тән хромосомаларының саны, пішіні, мөлшері болады. Сондықтан бір түр мен екінші түр даралары бір-бірімен шағылыспайды. Егер тұраралық шағылысу бола қалған жағдайда, олардан тіршілік етуге кабілетсіз гаметаларзиготаларұрықтар және ұрпақтар пайда болады. Тіпті тұраралық шағылысудан жақсы жетіліп туған ұрпақтың өзі (бие мен әңгі есектің шағылысуынан шыққан қашырбедеу, яғни ұрпақ бермейді. Әрбір түрдің генотипі эволюциялық жолмен дамитын және биологиялық бейімделушілікті көрсететін күрделі жүйе. Түрдің барлық критерийлерін бір-бірімен байланыста қолдану әрбір жеке түрді бір- бірінен ажыратып, сипаттап толық анықтауға мүмкіндік береді.

    3. Физиологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың тіршілік әрекеттерінің (зат алмасукөбеютітіркену және т.б.) ұқсастығын сипаттауға негізделген.



    4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет