Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет106/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   248
ƏЛІППЕ МЕН ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Биылғы  Орынборда  болып  өткен  білімпаздар  жиылысы 
қабылдаған қаулыларда осы сентябрьдің 5-інде (мəжіліс про-
токолы № 92) Қазақстан республикесінің кемесерлер кеңесі 
қарап, мынадай қаулы шығарды: «Қазақ əліппесі мен қазақ 
тілінің жазу ережелеріне осы жыл июньнің 10 – 18-де Орын-
борда  болған  білімпаздардың  бірінші  жиылысы  кіргізген 
жəне  де  соңынан 30-ыншы  июльде  оқу  комиссариатының 
алқасы қолайлаған өзгерту, толықтыруларды бекітуге». 
Міне, осы білімпаздар жиылысы өтпелі үш ай болса да, əлі 
күнге шейін біздің баспасөздеріміз (газет, журналдарымыз) 
шығарылған қаулыларды жүзеге асыруға шабандық қылып 
келе жатыр еді. Енді ондай ескертусіздікке орын қалған жоқ. 
Басында  жиылысты  шақырушы  да  өкімет  еді,  енді  болса 
да  өкімет  сол  жиылыстың  қаулыларын  аяқсыз  қалдырмай, 
бекітіп те отыр. Сондықтан білімпаздар жиылысының қау-
лыларын 10 – 15 адамның пікірі ғана деп қараудан өтті. Ен-
ді  ол  қаулыларды  өкімет  қаулысы,  заң  жасымен  бекіген, 
қолдануға міндетті қаулы деп түсіну керек. Олай болса, бұ 
күннен бастап жаңа жазу ережелерін қолдана бастап, толық 
жүзеге асыру бəрімізге міндет. Кейбіреулер бұл күнге шейін 
білімпаздар  жиылысының  қаулысы  іске  аспайды-мыс,  ла-
тын  жазуы  алынды-мыс  деп  те  жүргенге  ұқсайды.  Ол  бе-
кер.  Оның  бекерлігі  мынау  өкімет  қаулысынан  да  көрініп 
отыр.  Алдағы  өмірге  байлаулы  мəселелердің  бəрін  бірдей 
бір  күнде  шешіп  тастауға  болмайды.  Кім  біледі,  бір  заман 
латын  жазуын  да  алармыз,  кім  біледі, – жүдə  ойламаған 
жерден қытай жазуын да алып жіберерміз. Бірақ оның бəрі – 
алдағы өмірдің жұмбағы, оған шейін «кім біледі» дей тұрып, 
əзіріне  өзіміз  біліп  отырған,  өкімет  бекітіп  отырған  мына 
жаңа жазу ережелерін жүзеге асыралық. Кел, сүйтелік, ендігі 
кешеулеудің түк орны жоқ. 
Мадиар


264
265


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет