263
Мен дүние жүзіндегі елдің дыбысы мен қарпіне көп та-
ныс емеспін. Бірақ орыстада екі дауысты дыбыстан артық
бір жерде қатар тұрғанын көрген емеспін.
Қазақтың сөйлеп жүрген өз тілі болған соң, дауысты десең
де дауыссыз десең де дыбыстың таңбасына көзі үйренген соң
қат танып кетер. Оған көп кемшілігі болмас. Бірақ орыстарға
қазақша қат танытамын дегенде мұндай тілді үйренушінің
де үйретушінің де басы қатып ақ қалар ау?! Қазақтың өзінің
мектебін бқтіріп, орыс мектебіне түсетін балаларға, қазақ
мектебі тек жоқ қалдырғыш болып көрінеді.
Неге десеңіз, бұуын деген нəрсенің өзін орыс тілін оқыған
күнен бастап қана біледі. Жоғарғы көп дауысты дыбыстар
бұуынды, білуге кедергілік қылады.
Мисал үшін «əуейі» деген сөзді бұуынға айналдырайық:
əуе-йі, əу-е-йі, ə-у-е-й-і
1.
деген сиақты түрлі құбылтуға
болады, үйткені бұл сөзде дауысты дыбыс жеткілікті;
сондықтан қалай созсаңда келе береді.
«бійе» «б-ие, бій-е» деп бұуындалады. Бұндай түсі-
2.
ніксіз бұуыннан жоғы жақсы. Ырас бұуын, жұрнақ, жалғау
дегендерде белгілі заң жоқ, кім қалай қолдансада бола бе-
ретін болса, өзінен-өзі барып, қожалардың əліб, бій, тій деп
оқытатын оқуы болғаны.
Қысқасы: емла осы күйінде қалуы керек. «у» мен «и» жар-
ты дауысты күйінде қалып, бұл екі дыбыстың артынан дау-
ысты дыбыс естілетін жерде, бұуынға кемшілік келмейтін
болса, алдында «у» мен «и» жазылмасын деу керек. Мисалы:
«ыйа»-ны иа, «ұуайым» -ды «уайм» сұуат» -ты «суат» «ыи»
(қайсы ійлеген» «и» деп.
Бұл кезде бұрынғыдай емес иректі «и» дан құтылып, сұлу
«ы»
-ны қолданып отырмыз; тіпті қазақтың сөйлеген сөзінде
көп келесін деп, «и» мен «у» дан қашып, дауыссыз дыбысты,
дауысты қыламыз деу қата болар деймін.
Жай қазақ
Достарыңызбен бөлісу: