Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет116/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   248
НЕ ДЕГЕН ЖАНЫ БЕРІК КӨК ШОЛАҚ?
«Еңбекші қазақтың» 312 нөміріндегі латыншыға жауап
Осы күні қолданыб жүрген арабша, дұрысын айтсақ, қазақ-
ша əліппенің кемшіліг болса да, тұрмысты тұсамайды. Мен 
мұны  қыздың  баласына  саластырыб  айтбаймын.  Ол  латын-
шыл жолдастың ісі. Əрі латыншыл, əрі білімпаз жолдасымыз 
қаріпке  қарайды  да,  сүйкімді  болса,  оны  қыздың  баласын-
дай  жақсы  дейді.  Сондықтан  ол  латын  қарпін  сұлу  қыздың 
елінің қарпі деп теберік қылады. Осы күнгі əліппеден бірдеме 
шығады  деуге  аузы  бармайды.  Араб  əліббесін  жеңілдетейік 
деген біреуге көзі қан талаб дүрсе қоя берудің де себебі осы.
Латыншыл  жолдас  біреудің  қаріп  туралы  ұсынған  жо-
басына  жауаб  берудің  орны  жоқ.  Үйтсе  де,  ондай  желқом 
үйлеспейтіндігін көрсеткім келеді дейді. Оныңыз рас. Ондай 
желқом көкшолаққа ғана үйлеседі. Мен ﺕ орнына ﺗ алайық, 
ﺯ орнына ﺱ алайық дегендегі дəлелдеріме қарсы айтқан еш 
нəрсеңіз жоқ.
Қазақыстанда қазақ тілі кеңселерде жүріб келе жатқанын 
естіген едік. Естіб те, мəшинесіз кеңсе қағазы тараса да жөнді 
таралмайтұнына  да  түсінетүн  едік.  Бəлкім  осы  күнгі  қол 
мəшинелер  басқа  қаріптерді  көрген  де  едік.  Бірақ  сіз  ғана, 
сол  мəшинелерде  ﺱ  ﺕ  сияқты  қаріптер,  құйрығы  кесілмей 
сол қалпынша жазылыб жүргенін байқамапсыз.
Ана  күнгі  ﺱ  ﺕ  қарпін  жердің  жүзінде  жоқ  деб  қызыл 
кеңірдек  боб,  əзербайжан  газеттері  мен  қырым  газеттерін 
көргенде,  құлағыңыз  қызарыб  қалыб  еді.  Нанбасаңыз,  ана 
қарібтердің  мəшинеде  қандай  əдемі  жазылатұнын  ақ  мола 
гүбірнелік атқару комитеті төрағасы Орынбайұлынан сұраб 
біліңіз.  Ақ  молада  мəшине  шығыбты.  Басқа  гүбірнеде  де 
мұндай  мəшине  істетіб  алуға  тырысыб  жатқан  көрінеді. 
Бəлкім,  өзіңіз  де  осы  күнге  дейін  көрген  боларсыз?  ﻕ  ﻉ  ﺱ 
таңбалары бөлек-бөлек танылуы ноқатсыз жазса да мүмкін. 
Көз науқасы латын қарпімен оқитын елдер де көбірек. Сол 
елдердің доқтыры да көб жылайды. Латын қарпі мерсындай 
болса, ауропа науқастың атын араб қарпін қолданатұн елден 
алмас ба еді?


297
Араб  қарпі  кəрі,  жана  «Құран»  жазылған  дейсіз.  Ла-
тын  қарпі  араб  қарпінің  бабасы  екенін,  онымен  «Інжіл» 
жазылғанын өздеріңіз де танбайтұн шығарсыз. Ондай сөзді 
тере  берсек,  көңтеріміз  сылбық  боб  кетеді  ғой. «Дүниеде 
қарпі көпе не еркіне ұқсаған ел оңбайды» деген қабар алған 
адамша  «Көпе!  Көпе!»  деб  зыр-зыр  етесіз.  Біздің  қарпіміз 
көпенекі болмайды. Қасқыр шабқан қойша дүркіреудің жөні 
жоқ.
Араб  қарпін  түзетуді  соның  үлкен  кемшілігі  деп  түсіну 
қате. Қандай қаріп болса да, уақытына қарай өзгеріб отырады. 
Латын қарпін жазған Нəзір де өзінен екі-үш қаріб қосқан.
«Бостандық туының» 114 (298) санында біреудің қарпына 
да,  Нəзірдің  қарпына  да  риза  емес,  Малдыбайұлы  өзінің 
шығарған тағы да латынша қарпі барлығын айтыб отыр.
Латыншылармен бірге шүкірлік қыламыз. Латыншының 
екінші  түрі  тағы  да  келді.  Əрине,  бұл  бізге  аз.  Өнерлі  ау-
рыпа  бір  латыннан  əліббидің  неше  түрін  жасмаб  ба  еді? 
Əзербайжандар  да  сиыса  алмай  жатқан  көрінеді.  Түріктер 
бір  жолата  латыншаны  алмай  қойды.  Жапон  да  бірталай 
əуре боб, аяғында өзінің он мыңдай иероглипін (əр нəрсенің 
суретін жазу) қанағат қып қана отыр.
Қазан татарлары да əрі сабылыб, бері сабылыб араб қар-
пін  түзейміз  деб  жатыр.  Мен  тұрмыс  тəжірибесінен  алыб 
отырмын.  Кəдімгі  мəдениетті  ел  боб  отырған  Англие  мен 
Пырансияның ит деб жазыб, шошқа деб оқуы мəдениетіне 
түк қырсық қылғаны білінбейді. Олар мəдениетті басқа жақ-
тан іздейме деймін. 
Ғылым жолы тəжірибе қыздың сезімі, тəжірибе жолында 
тайызға салмай тереңге таман да барыңыз. Жүздің болсаңыз 
құйрық көрінуінен қорықпай ақ судың бетіне қалқыңыз. Бұл 
жүзудің заңы. Бірақ тайыздан жүзіп ұялып жүрмеңіз. Ондай 
жерден кісі ондай жерден жүзбей де өте алады. Жəне менің 
бұл жобам сылдыр моншақ сықақ қойларға ермек болмайты-
нына да сенем. 
Өзі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет