Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет117/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   248
ЖАҢА ƏЛІПТІҢ ЕНДІГІ ЖАУЫ КІМ? 
 
Жаңа əлібті аламыз ба, алмаймыз ба деб айтыс болыб жүр-
генде, жаңа əлібтің ең үлкен жауы арабшылдар еді. Арабшыл-
дар жаңа əлібті алыудың керектігі жоқтығын айтыб өздерінше 
өтірікті  шындай,  ақсақты  тыңдай  қылыб  дəлелдер  табыушы 
еді.  Жыйналыстарда,  газет  беттерінде  осындай  сөздері  мен 
жаңа əлібке қарсы шығарушы дер еді. Енді бұл «заман өтті». 
Еңбекшілер  жұртшылығы  алдында  арабшылдардың  өтірігі 
ашылды,  сөздерінің  жоқтығы  білінді.  Арабшылдар  жеңілді. 
Көбшілік жаңа əлібті мақұлдады. қазақ үкіметі де, еңбекшілер 
тілегіне сүйеніб, жаңа əлібті алсын деді. Əдейлеб қаулы шы-
ғарды. Осы күннен бастаб іске асыру қамы істелсін деб кеңес 
мекеме не бір сыпыра міндеттер табсырылды. 
Қаулының  шыққанына  едəуір  уақыт  болды.  Ендігі  бір 
сыпыра жұмыстар істелуі керек еді. Жаңа əліб үкімет əлібі. 
Ресміи  əліббіи  болған  соң  кеңес  мекемеміз  бұл  жұмысты 
салақсымай қаулы бойынша қолға алулары керек еді. Орын-
дардан алған қауымға қарағанда, Қызыл Ордадағы өлкелік 
мекемелердің істерімен танысқанда біздің бұл ойымыз бол-
май  отыр.  Жаңа  əліб  жұмысы  байағы  «таз  қалпында»  əлі 
де  бұл  жұмысқа  кіріскен  мекеме  жоқ.  Болса,  жүзден  біреу 
ғана.  Əлі  де  болса  жаңа  əліб  жұмысы  өз  бетімен  келеді. 
Ешбір  мекеменің  бұл  жұмыста  басшылығы  жоқ,  жəрдемі 
жоқ.  Ең  айағы  өтіріктердегі  жаңа  əліб  каміитеттерінің 
де  іске  кіріскені  жоқтың  қасында.  Істің  түрі  де,  мазмұны 
да,  екбіні  де  байағыдай.  қағазда  каміитет  бар.  Каміитет 
мүшелері  үлкен-үлкен  адамдар.  Атком  бастығы,  қосшы 
бастығы,  оқыу  бөлімі  бастығы  тағы  осы  сықылды  өңшең 
бастықтан  құрылған  «үлкен»  кəміитет.  Құрметті  каміитет 
ісін алсақ, каміитет жұмысшылары қара тыйынға алғысыз. 
Каміитет  мүшелері  қағазда  бар,  істе  жоқ.  Істеген  ісі  жоқ. 
Ең  айағы  жыналыстарды  да  уақытымен  болмайды.  Үлкен 
кісілерді  жыйналысқа  келтіру  қиын.  Каміитеттің  көбінде 
ешбір мағлымат жоқ. Өкірікте не істелу керек, не істеліб жа-
тыр – каміитет білмейді. Өзге каміиттерге қарағанда азды-
көпі  іс  істеб  жатқан  Орал  каміитеті.  Орал  каміитеті  пы-


298
299
мандарын  жасаған.  Өздерінше  істелетін  істерін  белгілеген. 
Сауатсыздықты  жойылуға  кіріскен.  Бірақ,  өзгеден  тəуір 
деб  отырған  Орал  камитетінің  де  оқыб  тұрған  ісі  шамалы. 
Орал камитетінің пыманы бойынша өкіріктік пыманы бой-
ынша өкіріктік мекемелер пемат, іштемпілдерін жаңа əлібке 
31-ші  айағында  көшірулері  керек!  Қазақ  үкірметі,  орталық 
жаңа əліб камитеті 29-ыншы жылдың өктəбіріне дейін бұл 
жұмысты  бітіру  керек  деп  отыр.  Орал  камитеті 31-інші 
жылдың айағында болсын дейді.
Орталық жаңа əліб камитеті алдымыздағы октəбірден бас-
таб кеңселер шақыру қағазын, быланкілерді екі əліббен ғана 
жазылсын  (орысша,  жаңа  əлібше)  деб  отыр.  Орал  камитеті 
қаулысында  үш  əліббен  жазылсын  (орысша,  арабша,  жаңа 
əлібше) дейді. Тағы да осы сықылды қызықтар көб. Бұл жалғыз 
Оралда емес, өзге өкіріктерде де осындай «жаңалықтар» бар. 
Біз Оралды ісі тəуір деген өкірік. Соның істеб отырғаны осы 
деб  əдейі  мыйсалға  алыб  оытмыз.  Жақсымыздікі  осы.  Түк 
істемей отырғандардікі бұдан сорақы ғой!
Өлкеге келсек, мұнда да əлі оңған іштеңе жоқ. Мұнда да 
іске кіріскен мекемелер жоқтың қөасында. Алдымен орталық 
жаңа əліб каміитетінің өз істерінде де əлі кемшіліктер бар. 
Жұртшылық жұмыстары аз. 
Жаңа əліб камитеті əлі қорғаушы кəміитет, басты каміи-
тет бола алмай отыр.
Əлі де болса жыйналыс, қаулы, пымандармен ғана отыр. 
Жобалаған істің соңына түсіб, орындатыу, орындағандарды 
жазаландыру деген нəрсе жаңа əліб каміитетінде жоқ. Жаңа 
əліб каміитеті əлі үкімет каміитеті екендігін ісімен айта ал-
май отыр.
Өзге мекемемізді алсақ, бұларда да əлі басталған жөнді іс 
жоқ. Үкімет қаулы шығарды-ау, жаңа əлібке көшқу қамын 
істейік. Тез осыны үжетке шығарайық-ау деген мекеме жоқ-
тың қасында. 
Байағы арабша танымайтын басшы қызметкерлер əлі де 
сол қалпында. Тым болмаса, енді жаңа əлібті үəренер, тым 
болмаса осы жұмыста белсенділік көрсетер десек, мұнымыз 
да  болмай  отыр.  Өзініңі  білмегендігі,  өзінің  надандығы, 
өзінің  шенеуніктігі  бір  сəрі  ғой,  өзінен  асыб,  өзгеге  қыр-
сығы  жайлатын  көрінеді.  Қырсығы  жайылған  емей  не-
мене?  Өзі  қазақ  болса,  мекемені  басқарса,  сүйтіб  отырыб, 
қазақша қат танымай, оқый білмей, мекемде жаңа əлібті іске 
асыруға  басшылық  қылудың  орнына  бөгет  болса,,  үкімет 
табсырғанын  орындамаса,  бұдан  артық  не  қырсық  бар? 
Мұның аты – қырсығы өзінен асыб, бүтін мекмеге жабылған 
деген емес бе?
Жасыратыны жоқ, біздің қазақыландыру жұмысында бол-
сын, бізге бір үлкен кеселді кедергі осы қазақтың қазақша сау-
атсыз, шенеунік қызметкерлері. Бүұлардың бірсыпырасы өзі-
міздің камиссиеміз. Анау-мынау емес, мекеме бастаб отырған 
басты көмөнесіміз. Біз мақаламыздың басын жаңа əлібтің ендігі 
жау кім? деб бастадық. Біздіңше, жаңа əлібтің ендігі дұшпаны: 
бірінші қағазда бар, істе жоқ жаңа əліб камитеті.
Екінші – үкіметтің,  жаңа  əліб  камитетінің  қаулысын 
орындамай отырған үкімет мекемелері.
Үшінші – қазақша  сауатсыз  отырыб,  орысша  тілмен-ақ 
қазақ  бұқарасы  орысша  тіл  мен  сөйлесем  деб  жүрген  қа-
зақтың  шенеунік  қызметкері  (мұндайдың  көбі  көмөмнес 
шенеуніктер).
Төртінші – жаңа  əлібті  іске  асыруға  басшы  болыудың 
орнына қостауға да жарамай отырған қазақтың басшы ко-
мөнесі.  Жаңа  əлібтің  бүгүнгі  кеселді  дұспаны – осылар. 
Бұлардың көбінің құлағына сөз бармайды. Бұлардың көбіне 
тайақ керек. Бұйырық керек. Жұртшылығы жоқ. Бұқарамен 
байланысы  жоқ  Өз  бетімен  сауатсыздығын  жоймаған 
қазақтың шенеуніктеріне бұйырық бен ғана іс істеуге бола-
ды. Өз бетімен іске кірісбей отырған мекемелерде осы жол-
мен іс істеті керек.
Əр  мекемеге  істейтін  істерін  белгілетіб,  уақыт  кесу  ке-
рек. Уақытында орындамағандарды жазаландыру керек. Ең-
бекшілер жұртшылығы алдында беттеріне күйе жағыб, мас-
қаралау керек. Жұртшылық бақылауы мен үкімет бұйрығы 
бірге  жүрсін.  Мұны  істемесек,  жаңа  əлібті  үкімет  белгілеб 
отырған уақытта іске асыра алмаймыз. Бөгеушілермен іс жү-
зінде күресе де алмаймыз.


300
301


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет