-ция-мен тынған станция, коопе-
рация, милиция... сияқты сөздер жалғауы -са/-се жазылсын,
мысал: станса, көпересе, милисе.
Орысша ц жайын в орнынан қара. Ц-ды с қып айту қазақ
тілінің заңы: полицейский – бəлсенскей, канцелярия – кеңсе.
Орысшада аяғы
21.
-ет-ке тынған буфет, бюджет,
банкет... сияқты сөздер аяғы -ет күйінде жазылсын, мысал:
бупет, бүджет, банкет...
-ет қазақ тіліне шет сөзге құрау үшін жат емес, мысал:
індет, жəндет, белет, сүндет.
22. Орысшада аяғы -тор-ға тынған доктор, кондук-
тор, сепаратор, трактор... сияқты ауропа сөздерінің аяғы
-тұр жазылсын, мысал: доқтұр, қандоқтұр, сепəрітүр,
трəктүр...
Мұны түсіндіріп жатудың керегі шамалы. Сондай сөздерді
ел тілі «Гүбірнатұр, тұра тұр» деп алып кеткен.
Латынша
23.
-изм, -ист тынатын эгоизм, социализм,
марксизм, ленинизм, эгоист, социалист, марксист, лени-
24
25
нист сияқты ауропа сөздерінің аяғы -шыл, -шылдық (-шіл,
-шілдік) жазылсын. Мысал: өзімшіл, өзімшілдік, сосиал-
шыл, сосиалшылдық, марксшіл, марксшілдік, лениншіл,
лениншілдік...
Достарыңызбен бөлісу: |