Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет151/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   248
«ЖЫНДЫ СӨЗ»
Əркім  өз  мамандығына  қарай  іс  істеу  керек  деген  пікір 
бар ғой. Ақымет мұны түсіндіргенде: «Өнердің бір тарауын 
ғана біліп соны құуда жүр деген сөз емес, əр тарауында біл; 
бірақ, істеуге келгенде өзің қолайлысына жабыс» дейді.
Ақымет өзі осы сөзін жарыққа шығарады: Ақымет дəріген 
сынықты  да  емдейді  деген  лақап  бар  еді,  бірақ,  Төбектің 
аяғын жаза алмады білем, Ақымет ақын, Ақымет жазушы…
Қазақ сөзін тексергенде Ақымет құдай сиақты. Шангерей-
дің жазғанын мақтайды, Шангерейдің:
«Құйрық атқан Құлиа,
Түлкідей қашқан жымиа.
Қараңды үзіп барасын
Бізден де қайран дұниа» 
деген өлеңін қайта-қайта айтады.
Жалғыз  өлең  емес,  Ақыметтің  қара  сөзгеде  мамандығы 
бар. Қара сөздің бастыларын да екіге бөледі.
1) Желді сөз.
2) Емді сөз.
Желді  сөз  оқыған  кісіні  еріксіз  тартып  кететұн,  тілді 
ұстамай оқуға жеңіл келетұн сөз. 
Емді  сөз  оқуға  ауырырақ  болсада,  түсінікті,  маңызды, 
кісіге  білім  беретұн,  кісінің  керегіне  ем  болып  қонатұн 
сөз…
Бұл екеуіне кірмейтұн кей бір сөздерді Ақымет «жынды 
сөз» дейді.
– Қой, шырағым, сөздің жындысы болушы ме еді.
– Болады.
– Көрсетші.
– Тыңда, – деді.
Бір газетті ала салып соқты.
«…Майдың 12-і күні ағылшын үкіметінің сыртқы іс ке-
месеретіне  жіберген  мемарондуы  мен  танысқаннан  кейін 
кеңес  үкіметі  ағылшын  үкіметіне  кеңестер  одағында  шет-
ке ақша жіберуді тиатұн закұн жоқтығын жалғыз ақ шетке 
жіберілетұн  ақшаны  қарап  мөлшерін  ғана  белгілейтұнын 
кеңес үкіметі жұмыскер мен қара шаруа үкіметі бола тұра, 
кеңестер одағының мүлəйендеген жұмыскері кіріп отырған 
кесіпшілер  одағына  ағылшын  кесіпшілеріне  көмек  көрсете 
жіберген ақшасын бергізбей тоқтата алмайтұнын білдіреді. 
Жəнада, кеңес үкіметі ағылшын үкіметіне дұрыстыққа кел-
мейтұн  екі  араны  босқа  қажастыратұн  бір  талай  үкімет 
мүшелерінің  айтып  жүрген  ағылшын  кесіпшілеріне  жібе-
рілген  ақша  Кеңес  үкіметі  жібер  деген  сиақты  сөздерінің 
дұрыстыққа келмейтұнын, екі үкіметтің арасын босқа қажас-
тыратұн ақшаны кеңес кесіпшілері мен кеңес орталығында-


388
389
ғы басқалар мен келісіп кесіпшілер одағының ғана жіберіп 
отырғанын аңғартады…»
Оқып болып ожыранып бетіме қарады.
– Түсіндің бе?
– Жоқ.
– Енді мұны нендей сөз: дейміз?…
Сасайын дедім білем, желкені қасиын дедім.
–  Міне,  осындайларды  «жынды  сөз»  деп  айтады  деді 
Ақымет: 
Үкімет қаншама күш, еңбекті сарып қылып, ел еңбекші-
лері  оқып  пайдалансын,  ел  еңбекшілерінің  көзі  ашыл-
сын  деп  баспа  сөз  шығарады.  Сол  баспасөз  бетінде  дүниа 
жалшыларының  қозғалысына  байланысты  телгірам  мына 
түрде  аударылып  елдің  алдына  тартылса,  бұдан  артық  не 
жындылық бар.
– Тоқта жолдас, бұл жерде сөзді айыптауға болама? Мұны 
басқарып, қарап жіберетұн адамды айыптау керек қой.
– Басқарушыны айыптамақсын ғой.
– Иə.
– Газет жайынан түк қабарың жоқ екен ғой. Басқарушы 
сөздің жалпы бағытын қарар болар. Газеттің əр бөлімінің бір 
бір  солақбандай  басқарушылары  болады.  Сөзді  дұрыстап 
жазу,  өз  бөлімін  ажарландыру,  бөлім  басқарушыларының 
міндеті. Əйтпесе, бөлім бастықтарының жазуын газет басқа-
рушы  жас  балалардың  тетіреті  құсатып  түзетіп  сызғылап  
отырса, ондай істен жеміс шығушы ма еді?!
– Бөлім бастығы болған мен, қасақана істемеген шығар, 
білімнің таяздығы шығар, деп күмілжиін дедім.
Ақымет тағы ызаланды:
– Тағы қаталастың. Телгырамды дұрыс аудару үшін орыс 
тілін жетік біліп, қазақ тіліне жазуға ыңғайы бар адам болу 
керек. Əйтпесе, депломы бір құлаш болған мен түсінікті сөз 
жазуы оңай емес, деді.
Мен  жеңілдім.  Шынында  газеттегі  жоғарғы  сөздің  жа-
зылуы өте ауыр. Ауыр емес ау, мың ірет оқысаң да түсінер 
емессін.  Тегінде  бөлім  басқарушысы  зейінін  басқа  нəрсеге 
жіберіп отырып, ат үстінен аудара салған болар деп қортынды 
шығардым.
Тегінде сөз жазушылар «жынды сөз» ден аулақ болу ке-
рек ғой деймін.
Сен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет