Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет152/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   248
ҚОС СӨЗДЕР ТУРАЛЫ
Қазақ  тілі  тəртіпке  түсіп,  мектепте  оқытыла  бастағалы 
көп уақыт болған жоқ. Аз уақыттың іші болса да, қазақ тілі 
бірталай зерттеліп, өңі өзгеріп, негіз салынып, қай елдің де 
тілімен  салыстырып,  қатарлатыруға  жүйелеу  жағынан  жа-
рап та қалды. 
Енді қазақ тілін зерттеу, тінту керек емес, түзеліп, ер же-
тіп, бойы бекіп, мүлтіксіз болып, сыналып, сыннан өтіп бол-
ды деп айта аламыз ба? Жоқ. 
10 – 15 жыл  жасаған  қазақ  тілі  түгіл, 200 жыл  жасаған 
орыс тілі де күн сайын өзгеріп «12» мен « «ды тастағаны аз-
ақ уақыт болды. 
Бұларға  қарағанда,  қазақ  тілі  тұрқы,  тұрпаты  жағынан 
болсын,  сыртқы  құрасымы  мен  ішкі  мағына  ұйқасымы, 
үйлесімі жағынан болсын, толық тəкбірлеп, тінтіп қарауды 
керек қылады. Осы себепті қазақ  тілін білу, оны тексеруді 
қарау, білгенін ортаға салуға əр азамат міндетті болуға тиіс. 
Мен  де  қазақ  тілі  туралы,  ол  тілдің  ішіндегі  қос  сөздер 
туралы ойыма келген, сезген пікірімді көптің алдына тартып 
өтпекшімін. 
Қазақ тілінде қос сөз бұл күнге дейін екі түрлі делініп келді. 
Біреуі «жалқылағыш» қос сөз, екіншісі – «жалпылағыш» қос 
сөз. Меніңше, қос сөзді үш түрлі деймін. Бұлай дейтінім: ай-
тылу жағынан да, ішкі мағына жағынан да бар. 
Жалпылауыш қос сөз: «аяқ-табақ», «бақа-шаян», «төсек-
орын» деген сияқты сөздер. Бұл жалпылауыш сөз. Сөздің ара-
сына əрқашан да тере(тире) қойылып, (Тіл тұрақ заңынша) 
жазылады. 


390
391
Ал,  жалқылағыш  қос  сөздің  араларына  тере  қойылып 
та, қойылмай да жазылады. Жалқылағыш қос сөздің біреуі 
жіңішке, біреуі жуан болса, онда теремен жазылады. Мəсе-
лен: жер-бу, төсек-ағаш, ерке-тай деген сияқты. 
Менің үшінші қос сөз деп отырғаным: қазақ тілінде бір 
сөздің қайта-қайта айтылатын жерлері бар. Бұл қайта-қайта 
айтылғанда  бір  нəрсенің  өзінің , жасының,  болмысының, 
амалының,  күштілігін  көрету  үшін  айтылады.  Мəселен: 
«лек-лек», «топ-топ», «создық-создық», «қайта-қайта», 
«талтаң-талтаң» деген сөздер сияқты. Бұл сөздер бұрын жа-
зылу  реті  жалпылағыш  қос  сөздердің  ішіне  кіріп,  мұның 
заңы қолданылып, теремен жазылып келді (Мен мұның те-
ремен  жазылуына  қарсылығым  жоқ.  Тек  мұндай  сөздердің 
жалпылағыш қос сөз емес екендігін айтпақшымын). 
Біз жалпылағыш қос сөздерді сыртқы белгісімен де, ма-
ғына жағынан да айырамыз. Ал жалпылағыш қос сөзді ылғи 
мағына жағынан айырамыз. Мəселен: «бақа-шаян», «төсек-
орын»  дегенде  оның  ішіне  көрпе  де,  жастық  та – əйтеуір 
төсетуге тұтынатын нəрсенің бəрі айталды. 
«Бақа-шаян»  дегенде  оның  ішіне  көп  мақұлықтар  кіреді. 
Мəселен: «киім-кешек» десек, оның ішіне киетін киімнің бəрі 
де  кіріп  кетеді.  Ал  жоғарғы  жалпылағыш  қос  сөздің  заңы 
басқаша  жазылып  келген. «Лек-лек»,  топ-топ,  қайта-қайта» 
деген  сөздер – «аяқ-табақ,  төсек-орын,  бақа-шаян»  сияқты 
нəрсенің,  заттың  əр  түрін  жалпылапқамти  айтпайды,  тек 
нəрсенің көптігін, иə бір нөрсенің істеген иə істеліп жатқан, 
істелейін  деп  тұрған  істің  жерінің,  құрамының  көптігін 
көрсету үшін айтылды. Мəселен, «лек-лек» десек, лек-лек көп 
адам иə мал, əйтеуір бір топ нəрсенің келе жатқанын, барын 
көрсетіп, көңілге, көззге əсерлі түрде сездіру үшін айтылды.
Мəселен,  Нұржан  Байсалбайдың  үйіне  қайта-қайта  кел-
ді  десек,  бұл  арада  «төсек-орын»  сияқты  емес,  айтылып 
тұрған Нұржан, бірақ теремен жазылып тұрған Нұржанның 
Байсалбайдікіне көп келгендігін көрсету үшін айтылып тұр. 
Тағы  бір  мысал:  Жаңбыр  иə  қар  дүркін-дүркін  жауды 
десек,  мұнша  көп  нəрсені  қамти  айтпайды.  Жаңбырдың 
ашылмай күнде, көп жауғандығын көрсету үшін айтылады. 
Мұнда  да  бір  нəрсенің  амалының,  ісінің  көптігін  көрсетіп 
тұр. Топ-топ, лек-лек дегенде нəрсенің өзінің көптігін көр-
сетіп  еді. «Дүркін-дүркін,  қайта-қайта»  дегенде  нəрсенің 
ісінің  көп  болғанын  көрсетеді.  Міне,  бұл  айтылған  мысал-
дардан көрініп тұр: «аяқ-табақ», «төсек-орын» сияқты «лек-
лек», «топ-топ», «қайта-қайтаны»-ны  бəріне  бір  тон  пішіп, 
жалпылағыш қос сөз деуге мағына жағынан келмейді. Қай 
уақытта жалпылағыш қос сөзді мағына жағынан айыратын 
болсақ,  мағынасы  анадай  алыста  жатыр,  ауыл-үй  қосып 
жолдас болғанда қатасы тіпті жоқ. 
Жоғарыда  айтылған  нəрсенің  иə  сол  нəрсенің  ісінің, 
амалының,  болмысының  көптігін  көрсету  үшін  айтылатын 
сөз де қайта-қайта айтылған бір түсті сөз. Кей орындарда бір 
істің, амалдың көптігін көрсеткенде, бір түсті сөзбен емес, 
əр  түсті  сөзбен  айтып  көрсетуге  болады.  Мəселен: «үздік-
создық,  ыбир-сыбир,  қым-қиғаш»  деген  сияқты.  Мұнда  да 
бір нəрсенің ісінің, қылығының көптігін, күштілігін көрсету 
үшін айтылып тұр. 
Кей орындарда нəрсенің ісінің көптігін, күштілігін көр-
сету  үшін  одағай  сөздер  де  жүреді.  Мəселен:  Мылтық 
дүрс-дүрс  атылып  жатыр.  Базарбай  қыр-қыр  өлейін  деп 
жатыр»деген  сияқтылар.  Мұнда  мылтықтың  дүрсілдеп 
атылғанының,  көптігін,  Базарбайдың  өлер  алдында  дыры-
лының көптігін көрсетпейді, күштілігін көрсетеді. Мəселен: 
Жаман  пыр-пыр  ұйықтар  жатыр  десек,  Жаманбидің 
ұйықтасының  көптігін  көрсетпейді,  қатты  күшті  ұйықтап 
жатқандығын көрсетеді. 
Қалайда осындай сөздер қазақ тілінде толып жатыр. Бұ-
ларға «Тіл құрамда» өз алдарына заң жоқ. Бұл күнге дейін 
жалпылағыш қос сөздің қатарына кіргізіп, соның заңын қол-
данып келдік. Енді менің айтатыным: мұндай сөздер де те-
ремен жазылуы дұрыс, бірақ «жалпылағыш» қос сөз демей, 
басқа атпен айтылуы керек. 
Тұжырып  айтқанда,  бұл  сөздер  нəрсенің  өзінің,  ісінің, 
болмысының көптігін, дүркіндігін көрсетіп сездіру үшін ай-
тылады. Міне, бұлай тексеріп қарағанда, «жалпылағыш» қос 
сөздің тобына кіргізіп, қоса көгендеуге келмейді. 


392
Бұл  мəселені  көп  тексерер,  бұл  мəселені  қарар,  пікірін 
ортаға салар, сынар. Бірақ көптен дұрыс бəсін күттік. 
Байтоғайұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет