Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет53/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   248
ЕНДІ СӨЗДЕН ІСКЕ
Газетіміздің  ілгергі  бір  санында  Қазағыстан  үкіметінің 
жаңа  əлібби  туралы  қаулысы  басылыб  шықты.  Қазағыстан 
жаңа əліббиі қалай болса-солай жасала салыб отырағн жоқ. 
Ескі араб əрпінің кемшілігі мəдениет жөнінде өсуімізге ке-
дергі болған соң, тұрмыс жүзінде жаңа əліббиге көшу, керек-
тісі анықталған соң, бұл мəселе білім жолымен де тексеріліп 
шешілген соң, Қазақ өкіметі заң шығарыб отыр.
Қазақтың жаңа əліббиге көшуі əрісі бүтін дүние жүзінің, 
қалса Кеңестер одағындағы түрік тектес ұлттардың мəдение-
ті жөнінен қарым-қатынас күшейтеді. Қазақ еңбекшілерінің 
білім жолындағы жұмыстарын төтелетеді. Үйткені жаңа қазақ 
əліббиі  жалпы  түрік  тектес  елдердің  бірлескен  əліббиінен 
алыныб отыр. Қазақ əліббиі дəрежесіндегі бір сыпыра мəдени 
елдердің қолданып отырған латын əліббиі негізіне құрылыб 
отыр.  қазақ  жаңа  əліббиі  дүниедегі  елдердің  көбінің  білім 
атауы жолында ұстаныб жүрген əліббиге сүйеніб отыр. Мұ-
ның үстіне қазақ жаңа əліббиі қазақтың өз тілінен де толық 
дəлелденіб отыр.
Міне,  осы  негізге  құрылған  қазақ  жаңа  əліббиін  мемле-
кет əліббиі деб жариялаб, қазақ үкіметі заң шығарыб алды.
Жаңа əлібби мəселесі өткен декабірде Қазағыстан орта-
лық  камитетттінің  ІV  сессиесінде  де  айрықша  сөз  болған. 
Сессие үзілді-кесілді пікірін айтыб үкіметіне жаңа əліббиді 
өркендету жөнінен бір сыпыра жұмыстар тапсырып еді.
Екі  жылдың  ішінде  жаңа  əліббиге  түгел  көшудің  жо-
лын  көрсетіб  еді.  Жаңа  түрік  əліббиінің  жалпы  одақтық 
камитетінің  жақында  ғана  Қазанда  болыб  өткен  піленумі 
де,  жаңа  қазақ  əліббиінің  дұрыс  құпрылғандығын  ыспат-
таб,  енді  екі  жылдан  асырмай,  жаңа  əліббиге  көзіңдер 
деген  болатын.  Ендігі  істің  деніжаңа  əліббиді  іс  жүзінде 
өркендету  екендігіне  ішбір  дау-дамай  болмаса  керек. 
Бұл  жөнінен  істелетін  істеріміз  аз  емес.  Жалпы  елді  жа-
ңа  əліббимен  сауаттандыру  жұмысы  бар.  Баспаханалар-
ды жаңа əліббимен толтырып жөндеу ісі тұр. Баспа сөзде-
рін  газет-жорналдарды,  оқу-құралдарын – кітаптарды 
жа-ңа  əліббимен  бастыру  жұмысы  бар.  Барлық  мемлекет 
орындарының, жұртшылықтың, ұйымдардың бұл жұмысқа 
жете-қабыл кірісі міндетəі тұр. Қысқасы міндет үлкен, жүк 
ауыр. Бірақ əлі де істеліб жатқан іс шамалы. Үкімет жаңа 
əліббиге көшу керек деб заң шығарыб отыр. Үкімет жаңа 
əліббиді бекітіб отыр. Ананы істе деб бір сыпыра жұмыстың 
болын көрсетіб, кейбір мекемемізге атаб-атаб іс тапсырыб 
отыр. Алайда əлі серпілген орындарымыз жоқтың қасында. 
Мынау үлкен міндет еді-ау деб ширағырақ кіріскен орында-
рымыз əлі аз. Мəселені сөз жоқ бұл күйінде қалдыруға бол-
майды. Үкімет қаулыны еріккеннен шыарыб отырған жоқ. 
Ел еңбекшілерінің қамына қарай, тілегіне қарай шығарып 
отыр. Үкімет қаулысын орындауға енді іс керек. Істеу ке-
рек. Үкіметтің де, жұртшылықтың да тілегі – осы.
Жаңа  əліббимен  қабаттас  көтерілген  мəселенің  бірі  бас 
əріб  туралы  еді.  Бұл  мəселені  өте-мөте  Қазанда  болған 
піленумде көб сөз болыңқырабты. Түрік тектес елдердің не 
дəуірі-ақ бас əріб алу керек деген пікірде болса керек. Бірақ 
мəселе  əр  елдің  өзінде  сөз  болыб  пікірі  білдірілсе,  сонан 
кейін  шешілсін  дебті  Қазанда  болған  піленум.  Бұл  мəселе 
жақында  біздің  жаңа  əлібби  жөнінде  істетейтін  орталық 
камитетінде де сөз болды. Бұл бас əріпті алғанда бізге түсер 


122
123
пайда жоқ. Қайта əрібтің санын көбғейтіб өте-мөте баспаха-
на техникесін ауырлатады: оқу жұмысын қиындатады.
Осыны Қазағыстан үкіметі мына қаулысында айтыб отыр. 
Бұл  мəселе  жөнінен  енді  еш  пікір  болмасқа  керек.  Үзілді-
кесілді пікіріміз бас əріпті алмау жағында болыб отыр.
Жаңа  əліббимен  қабат  ендігі  шешетін  мəселелердің  бі-
рі – емла жайында болмақ. Бұл мəселе жаңа əліббишілердің 
Қазағыстандық бірінші канперенсиесінде де аздаб сөз болыб 
еді.  Бірақ  мұны  əлі  де  ойланыб,  талқылаб  шешу  керек  деб 
кейінге қалдырыб еді. Бұл жөнінен үкімет өз пікірін білідіріб 
отыр.
Қысқасы  Қазағыстан үкіметі бұл жөнінен көб жұмыстар 
жүктеб  отыр.  Бұл  жұмыстың  бəрі  де  Қазақ  еңбекшілерінің 
мұңына,  мəдени  тілегіне  қарай  ыңғайланыб  отыр.  Жаңа 
əліббидің кірмейтін, қатынаспайтын орны жоқ. Əлі да сал-
мақтық  бар.  Бұл  мəселе  сөз  жоқ  өздігінен  өзі  орындала 
қалмайды.  Бұған  үкімет  орындарында,  партия,  кəсібилер, 
камсамолдардың жалпы жаңа жұртшылықтарында енді бел-
сене  қатысуы  керек.  Əр  мекеме  əрбір  ұйым  əр  бір  саналы 
еңбекші  жаңа  əліббиді  білуге,  жаңа  əліббиге  көшу  қамын 
істеу  керек.  Екі  жыл  көб  уақыт  емес.  Екі  жылда    мүлде 
жаңа əліббиге көшу үшін бүгіннен бастаб мекемемізде жаңа 
əлібби мен сауатсыздықты жоюымыз керек. Бүгіннен бастаб 
мекемемізде жаңа əлібби қолдану шарасын істеуіміз керек.
Жаңа əлібби – бүгінгі үлкен ісіміз. Қалық еңбекшілердің 
жұмыла қолға алатын ісі. Ендігі ұран, ендігі іс – жаңа əліб-
бимен қат танымаған бір қызметкер, бір оқыған, бір де са-
налы еңбекші қалмасын. Осыған əрбір еңбекші өзі кіріссін. 
Жаңа əлібби мен тез арада сауатсыздығын жойсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет