Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет49/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   248
МАДИАР ҚАЗАҚШЫЛ МА БОЛМАСА 
ҚАЗАҚШЫЛЫҚ ҚЫЛА МА?
Соңғы  заманда  қазақ  газеттерінде  жаңа  қазақ  əліппиіне 
қарсы мақалалар көріне бастады. Мақалалар көбейіп, мəсе-
ленің  ашылып,  жұрттың  түсінуіне  пайда  болар  деп,  əрбір 
қарсы мақалаға біз қуанамыз.
Бірақ  ескішіл  арапшылдардың  мақалаларында  жаңаны 
айтқан  бір  дəлел  көрмейміз.  Ескішілдердің  қосатны  дəлел-
дері жоқ болғанда олар бізді «айайтұн» емес. Тұтқан əдістері 


116
117
жексұрын, қорқақтың кəдімгі жексұрын əдісі. Біздің газет-
тер  олардың  мақалаларын  басқанда  мəселенің  əділ  тура 
шешілуі  үшін  бұл  əдісті  жақсы  анализ  етуі  керек.  Біздің 
жастар бұл əдісті жақсы білу керек. Əдіс мынау: екі сөздің 
бірінде  ескішілдікті  жастардың  мыйына  сіңіру,  олар-
ша  ойламағандарды  елге  жат  етіп  көрсету,  оларша  ойлай 
алмағандарды  жолсыз (!?) бір  тап  етіп  жариалау,  бұл  əдет 
сықылданып барады. Мəсəлəн, камунис партиясына бір кіріп, 
бір шығып жүрген Жүсіпбек сықылды кісілер басқаларға жол 
деген нəрсені арам көреді. Бəлки партияға кіріп шығудың өзі 
бір  негіз  шығар.  Аман  болсақ  бұл  тақырыпта  айрықша  бір 
əңгіме  құрармыз.  Мадиар,  Жүсіпбектер  майданға  шақырса 
күттірмей ақ барарамыз, бірақ майданның ашылуы үшін Ма-
диар газетте мынау сұрауларға жауап берсін:
«Еңбекші қазақ» газетінің 292 нөмірінде Мадиар бізді ла-
тыншыл, өзін арапшыл деп атаған екен, жастар білсін. 1. Не-
ге біз латыншыл болсақ олар ескішіл, арапшыл деп аталмас 
екен. 2. Қазақшыл деген сөз Мадиардың еншісі ме, болма-
са ол лақап бақаларға да жарай ма? 3. Басқаларға да жараса 
қандай  адамға  жарар  екен. 4. Мадиарлардың  арғы  атасы-
нан қалған мирас болса да бұл лақап бізге неге жарамас екен. 
5. Егер бізге жараса көз салып, бізге де сол лақаптан азған-
тай  жерін  кесіп  берсе,  жол  жобаларымыздан  қайтуымыз 
сертпе-серт емес пе? 6. Дауға жол ашпайтын жаңашыл бол-
маса  жаңа  əліпбишілер,  ескі  əліпбишілер  ескішілдер  деп 
атасақ бола ма, болмай ма?
Нəзір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет