Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет21/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   248
ҚАЗАҚША ДЫБЫСТАРДЫҢ ЖІГІ
Қазақ тілінің барлық дыбыстары дауыссыз, дауысты бо-
лып  екі  айырылады:  а,  о,  ұ,  е,  ы – бесеуі  дауысты  болады 
да, онан басқаларының бəрі де дауыссыз болады. Дыбыстың 
бұлай жіктелетінін бастауыш мектепте бастап оқыған кезде 
ақ жете түсінуге болады: сөзді буынға бөлгенде, буын басы 
бір дауысты дыбыс болу керек екенін – балалар əріп тану-
дан бұрын да түсініп алуға тиіс. Қалай болғандада дауысты 
дыбысты  дауыссыз  дыбыстан  айыра  тану  қиын  емес,  оны 
балаларға үйретуде оңай.
Бастауыш мектептегі балаларға əсіресе қиыны: дауыссыз 
дыбыстардың  өз  ішінен  жіктелуі, «қатаң», «ұяң», «жарты 
дауысты», «ымыралы», «ымырасыз»  дыбыстарды  бірінен 
бірін айыра тану. Мұның, – дауыссыз дыбыстың өз ішінен 
жіктелуінің  мəнісін  мұалімдеріміздің  де  бір  қатары  жете 
түсінбейтін  көрінеді.  Мұғалімдердің  көбі  ақ  балаларға  ды-
быс  жүйесінің  бұл  сабақтарын  үйреткенде  баяғы  жаттату 
əдісі мен үйретіп жүргенге ұқсайды.
Қазақ  тіліндегі  дыбыстарды  тап-тапқа  бөліп  жіктеп, 
оларды бірінен бірін айыра танитын қылып жаттатуда қан-
ша  мағана  бар? – деп,  осы  сықылды  «Ұсақ  мəселелерді» 
менсінбейтіндерде  жоқ  емес.  Дұрысында  бұл  мəселе  ұсақ 
мəселе емес, қазақтілінің дыбыс жүйесінің де, сөз жүйесінің 


42
43
де негізі, тетігі дерлік ірі мəселе. Қазақ тілінің басқа түрік-
терден  айырылатын  жері  де  сол  дыбыс  жігінде.  Қазақ  тілі 
ежелден  жат  тілдердің  əсерінен  аман  сақталып,  өзінің  еркі 
мен  алға  басып  өркендей  келген.  Мысал  үшін  қазақ  тілін 
татар  тілі  мен  салыстыра  кетейік:  қазақтада,  татардада 
бар «Лық» деген жұрнақ пен «Ның» деген жалғауды түрлі 
сөздерге қазақшада, татаршада жалғап көрейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет