Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет22/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   248
л ы қ
Қазақша:  
 
Татарша:
Балалық 
 
 
Балалық
Сұлулық 
 
 
Сұлулық
Қырымдық   
 
Қырымлық
Қымыздық   
 
Қымызлық
Орақтық 
 
 
Орақлық
н ы ң 
Қазақша:  
 
Татарша:
Баланың 
 
 
Баланың
Судың 
 
 
Суның
Қырымның   
 
Қырымның
Қымыздың   
 
Қымызның
Орақтың 
 
 
Орақның
«Лық» пен «ның» татарша сөздерге бір түрде ғана жал-
ғанады  да,  қазақша  сөздерге  жалғанғанда  сөздің  ең  соңғы 
дыбысы  мен  ымыраласып,  түрліше  жалғанады.  Түрлі  сөз-
дерге  басқа  түрлі  жалғау,  жұрнақтарды  да  осылай  жалғап 
салыстырсақ: олардың да осылай қазақша сөздердің соңғы 
дыбысы мен ымыраласып жалғанатынын көреміз. Татар ті-
лінде, -басқа түріктердің тіліндеде, -біздің қазақ тлінікіндей 
ымыра жоқ.
Дыбыс жүйесі: түрлі дыбыстар бірі мен бірі қалай ымыра-
ласып жалғанады, -соны тексереді. Сөз жүйесі: түбір сөздерге 
жалғау,  жұрнақтардың  қалай  ымыраласып  жалғанатынын 
тексереді. Мұның екеуін де жете түсініп тексеру үшін: тілдің 
барлық дыбыстарын тап-тапқа бөліп жіктеп шығару керек. 
Дыбыс  жүйесінің  де,  сөз  жүйесінің  де  түрлі  ережелерінің 
тетігі сол дыбыс жігінде. Қазақ тілінің дыбыстарын жаңағы 
«Лық», «Ның» – екеуі  мен  ақ  жіктеп  шығаруға  болады: 
«Лық»  пен  жіктегенде  барлық  дыбыстар  үш  айырылады: 
І-дауысты мен жарты дауысты дыбыстар (жұрнақтың «Лық» 
болуын тілеп» бір бөлек шығады, ІІ – ұяң дыбыс пен ымыра-
лы дыбыстар («дық») бір бөлек шығад, ІІІ– қатаң дыбыстар 
(«тық») өз алдына айырылып шығады. Қазақша дыбыстарды, 
енді мұның үстіне «ның» мен жіктесек: жаңағы І бөлектегі 
дыбыстар; біреуі өзіне «ның» – дығана жалғайтын дауысты 
болып, тағы біреуі жалғаудың «дың» түрін қалайтын жарты 
дауысты  болып  екі  айырылады;  ІІ  бөлектің  дыбыстары  да 
(бір бөлегі «ның» –ды, қалғаны «дың» –ды қалап) ұяң, ымы-
ралы болып екі айырылады; ІІІ бөлек сол күйінде өз алдына 
бір тап болып тұра береді.
Дыбысты  тап-тапқа  бөліп  жіктегенде,  оның  қалай  жік-
телетінін  осы  қалыпты  жалғау,  жұрнақтарды  тексеріп  тү-
сіндіру  керек  еді.  Бірақ  бастауыш  мектепте  бастап  оқып 
жүрген  балаларға  оны  олай  түсіндіру  қиын  болады  деп, 
мұғалімдеріміздің  көбі  дыбыс  жігін  балаларға  жаттатып 
үйретіп жүр. 
Дұрысында  дыбыс  жігін  бастауыш  мектептің  өзінде  ақ 
тапқырлық  əдісі  мен  де  үйретуге  болады,  біздің  ұсынатын 
əдісіміз мынадай:
Сөзді  буынға  бөліп  үйренге  балалар  дауысты  дыбысты 
дауыссыз дыбыстан айыра тани алатын болу керек. Мұғалім 
мұның  үстіне  балаларды  жазуға  жаттықтыру  үшін: «Қара 
өгіз», «Сары  ат», «Екі  етік», «Кіші  үй»  сықылды  сөздерді 
«Қарасиыр», «Сары бие», «Екі кебіс», «Кіші шатыр» сықыл-
ды сөздермен қатар жазғызып дауысты дыбыстардың біріне 
бірі қандай əсер беретінін, біреуі дауысты дыбыс пен тынып 
екіншісі дауысты дыбыс пен басталатын екі сөздің жазылуы 
естілуінше болмайтынын түсіндіруге де болады. Сүйте келе 
балалар дауысты дыбысты басқа дабыстардан оңай айырып 


44
45
алатын  болып  жаттығады.  Сонан  кейін,  балалар  дауысты 
дыбыс  пен  дауыссыз  дыбыстарды  шатаспай  айыра  алатын 
болған соң, мұғалім оларға:
«Екі кісі (қобан)», – «Көп кісі»; «Бір кісі», – «Төрт кісі»: 
«Мың кісі», – «Бес кісі»; «Боз құнан», – «Көк құнан»; «Қызыл 
қағаз», – «Ақ қағаз» сықылды сөздерді де, жəне:
«Ақ орамал», – «Ақ бота»; «Ақ нан», – «Ақ сауыт; «Ақ 
жаулық», – «Ақ  тауық»  сықылды  сөздерді  де  қос-қосынан 
жаздырып, «қ» мен «к» -нің өзгеріп «ғ», «г» болып естілгенде, 
естілуінше жазылмай, «қ», «к» күйінде жазылатынын үйре-
теді. Мұның үстіне балалар: «қ» мен «к»-ны өзгертіп «ғ», «г» 
қылып  жібереді  де  «б», «п», «с», «ш»  сықылды  дыбыстар 
«қ» мен «к»-ге ондай əсер бермейді. Балалар мұны жаңағы 
мисалдағы сөздерді тексере келе өздері ашады. Сонан кейін 
мұғалім: ондай «қ» мен «к»-ге əсер бермейтін дыбыстар өз 
алдына бір тап екенін, олардың «қатаң» аталатынын айтады. 
Қатаң  дыбыстарды  балалар  басқа  дауыссыз  дыбыстардан 
айырып өздері тауып алады.
Дауыссыз  дыбыстардың  өзгесінен  жігі  оңай  ашылатын 
тап  осы  қатаң  дыбыстар.  Оны  барыс  жалғау («ғ»)  мен  де 
ашып  алуға  болады.  Барыс  жалғау  қатаң  дыбыстарға  ғана 
«қа», «ке» болып жалғанады да, басқа дыбыстардың бəріне 
де  «ға», «ге»  болып  жалғанады.  Қатаң  дыбыстарды  бұлай 
барыс жалғау мен жіктеу үшін, – мұғалім əуелі балаларға:
«Шалман қалаға барды»,
«Шалман малға барды»,
«Шалман аңға шықты»,
«Шалман оразаға нан берді».
Сықылды сөздермен қатар:
«Ет етке, сорпа бетке»,
«Соқыр тауыққа бəрі тары»,
«Беске үш қоссақ сегіз болады»
Сықылды сөздерді жазғызып, айтқызып:
Сөздің аяғына қайткенде «ға», «ге» жалғанады. Ол «ға» 
мен «ге» қандай дыбыстарға жалғанғанда «қа», «ке» болып 
кетеді – соны тексерту керек. Сонда балалар: «ға» мен «ге» 
сөз  аяғы  б,  п,  т,  с,  ш,  қ,  к  болғанда  «қа» «ке»  болатынын 
өздері айтады.
Дауыссыз дыбыстардың басқа таптары мен қатаң дыбыс-
тан кейін таныстыру керек. Оларды да осылай түрлі жалғау 
жұрнақтардан мисал келтіріп балалардың өздеріне таптыруға 
болады. Бірақ алғашқы кезде «л» –дың басқа жарты дауыс-
ты дыбыстардан басқалығын балаларға сездірмеу үшін: «л» 
мен басталатын жалғау жұрнақтарды қоя тұру керек. Жана 
түрлі  таптардың  дыбыстарын  бірі  мен  бірін  шатастырмау 
үшін: бір неше тапқа бірдей болып келетін (мана айтылған 
«Лық», «Ның» сықылды) жалғау, жұрнақтардан да сақ болу 
керек. Балалар қатаң дыбыстар мен жете танысып алған соң, 
дауыссыз дыбыстардың қалғанын қалпынша, бірі мен бірін 
шатастырмай,  жіктеп  алу  үшін  ең  қолайлы  жалғау  «мын» 
мен «біз» болады.
Мұғалім балаларға:
«Мен ұлмын, – біз ұлмыз»;
«Мен кедеймін, – біз кедейміз»;
«Мен қызбын, – біз қызбыз»;
«Мен шалман мен аразбын, – біз оны мен аразбыз»;
«Мен аманмын, – біз аманбыз»;
«Мен адаммын, – біз адамбыз»;
сықылды сөздерді айтқызып, жазғызып тексерте келе, қатаң 
емес  дауыссыз  дыбыстардың  үш  түрлі  екенін:  р,  л,  у,  и, – 
төртеуі бір тап (жарты дауысты); ж бен з – екеуі бір тап (ымы-
ралы), ң, м, н, – үшеуі бір тап (ұяң) – екенін де балалардың 
өздеріне таптыртады.
Ымырасыз  дыбыстар  мен  бұлардан  бұрын  таныстыруға 
да болады: мұғалім балаларға; – аяғы пəлендей дыбыс болып 
келетін  сөз  ойлап  табыңдар – деп  əр  дыбысты  бас-басына 
тексертеді;  соны  мен  балалар:  сөздің  аяғы  д,  ғ,  г  болып 
келмейтінін біледі. Мұғалім: ол үш дыбыс ымырасыз атана-
ды – деп, – ол үш дыбыстың жалпы атын ғана айтып береді.
Елдес


46
47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет