Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет30/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   248
б,  т,  п,  р  сықылды  дауыссыз  дыбыстар  бар.  Жəне  жарты 
дауысты атанған сау, екеу, қой, үй деген сөздердің аяғында 
естілетін «у» мен «и» бар. 
Дауысты дыбыстарды жеке күйінде айтуға болады, дау-
ыссыз  дыбыстарды  дауысты  дыбыспен  қосып  қана  айтуға 
болады. Онысыз жеке күйінде айтылмайды. «У» мен «и» да 
солай, тек дауысты дыбыстармен қосып айтылады да, жеке 
күйінде айтылмайды. Сондықтан бұларды да дауыссыз ды-
быс деуге болады. 
Қазақ тілінің кейбір дауысты дыбыстары түрлі есептер-
мен өзгеріп, екінші түрлі дауысты дыбыс болып айтылады. 
Мəселен «сауда» деген сөздің аяғында «а» жұмсақ айтыла-
тын «гер» деген жұрнақпен жалғанып, «е» болып өзгереді. 
«Сауда+гер=болады». «Бел» деген сөз бен «бау» деген сөз 
қосылып, «белбеу»  болған. «Бау»-дың  «а»-сы  өзгеріп  «е» 
болған. Дауысты дыбыс өзгеріп, екінші түрлі дауысты ды-
быс бола алады, бірақ дауыссыз дыбыс болып өзгере алмай-
ды. 


68
69
Қазақ тілінің кейбір дауысты дыбыстары да солай өзгеріп, 
басқа бір дауыссыз дыбыс болып шығады: «қ» өзгеріп «ғ» 
болады, «к» згеріп «г» болады. «Тарақ» – «тарағы» болады, 
«керек» – «керегі»  болады.  Солай  кейде  «қ»  өзгеріп, «к» 
болады, «п» – «б»  болып  өзгереді.  Бірақ  дауыссыз  дыбыс 
өзгеріп, дауысты дыбыс бола алмайды. 
Қазақ тілінде «қап», «теп», «кеп», «тап», «жап» сықылды 
түбір  сөздер  бар.  Бұларды  өзгертіп, «қабады», «тебеді», 
«кебеді», «табады», «жабады»  деуге  болады.  Бұл  сөздерді 
көсемше қылып өзгертсек, «қауып, теуіп, кеуіп, тауып, жау-
ып» болады. Дауыссыз «п» дауыссыз «у» болып өзгереді. 
Басқа  түрік  тілдерінде  «ғ»  болып  айтылатын  дауыссыз 
дыбыс қазақ тілінде «у», «и» болып өзгерген: «тағ» өзгеріп 
«тау»  болған, «ғдай»  өзгеріп, « бидай»  болған, «бұғаздау» 
өзгеріп, «бауыздау» болған. 
«И» мен «у» қай жағынан тексерсең де, дауысты дыбыс 
деуге болмайды, екеуі де п, ғ, р дыбыстары сықылды дауыс-
сыз болып шығады. «А» – дауысты дыбыс, «б» – дауыссыз 
дыбыс:
 а+б=аб болады.        
б+а=ба болады. 
«И» мен «у» да солай дауысты дыбыстармен ғана қосып 
айтуға болады:
а+у=ау
у+а=уа
е+и=еи
и+е=ие
у+ы=уы
и+ы=иы
«И», «у» дауысты дыбыстармен осылай жалғана алаты-
нына (екеуінің де дауыссыз екеніне) ешкім таласпас. Сүйтсе 
де  бұл  екі  дыбыстың  «ы»  мен  «ұ»-ға  жалғана  алатынына 
Жүсіпбек сенбейтін сықылды: 
е+у=еу болатыны сықылды: 
ұ+у=ұу болады,
ы+и=ыи болады,
ы+у=ыу болады.
«Ұу» мен «ыу» орыстың «у» сықылды, «и» орысша «и» 
сықылды болып айтылады. Орыстың у мен и – дауысты дыбыс 
жəне əрқайсысы өз алдына бір дыбыс. Сондықтан Жүсіпбек 
біздің  «ұ»  мен  «у»-дың, «ы»  мен  «у»-дың  қосылғанынан 
шығатын  екі  дыбысты  буындарды  да  бір  дыбыс  деп,  оған 
өз алдына бір белгі керек дейді. Дауыссыз «у»               «  » 
əрпімен белгіленсін де, «ұу» мен «ыу» буындары орыстың 
«у» сықылды дауысты дыбыс делініп,         əрпімен белгіленсін 
дейді.  Дауыссыз  «и»-ды  олай  тексеруге  Жүсіпбектің  қолы 
тимеген. Құдай аман болса (жəне қазақ тілін сол жөнмен ер-
мек қылудан Жүсіпбектің өзі де қашпайтын болса), Жүсіпбек 
«ай», «ой» сықылды буындарда айтылатын дауыссыз «и» өз 
алдына            иə        болып белгіленсін де, «іи» деген екі ды-
бысты буын əрпімен белгіленсін деп тағы бір жоба ұсына-
ды – ал деймін. 
Бұл екі жобаның негізі бір, мұның екеуі де – жат тілдің 
заңына,  жат  дыбыстарға  əуес,  жат  дыбыстарды  бұлдытпай 
айта  алатын,  мұндай  дыбыстары  жоқ  тілді  ерсі  көретін, 
жат тілде оқып тəрбиеленген қазақ азаматтарының санасы-
на үйлесе кететін жоба. Сондықтан бұл екі жобаны бірінен 
бірін айырмай, екеуін қатар тексеру керек. 
Жүсіпбек  «сұу»  деген  сөздің  аяғындағы  «ұ»  мен  «у»-
ды орыстың «у» сықылды бір дыбыс деп, оны «у» əрпімен 
белгілемекші. «Оқыу» деген сөздің аяғындағы «ы» мен «у»-
ды да бір дыбыс деп, оны да «у» əрпімен белгілемекші. «Сұу»-
ды «су» деп жазып, «сұуы» деген сөзді «суы» деп, «жазы-
уы» деген сөзді «жазуы» деп жазбақшы. Жүсіпбектің айтып 
үлгере алмаған жазбасынша: «сыйы» деген сөз «сиы» болып, 
«мыйы»  деген  «миы»  болып  жазылуға  керек.  Бұл  «суы», 
«жазуы», «сиы», «миы»  деген  сөздерді  Жүсіпбек  «су-ы», 
«жазу-ы», «си-ы», «ми-ы» деп буындайды. Мұның аты – бу-
ынсыз жерге пышақ салған. Олай болғанда, «жазуы» деген 
сөзді «жаз-у-ы» деп буындауға да болса керек. Бірақ қазақ 
баласы қазақ сөзін олай буындай алмайды. Буындайдың да 
жолы бар. Сөздің қатар екі буынының бұрын айтылатынын 
алғашқы буын деп, артынан айтылатынын жалғас буын де-
сек, алғашқы буын бітеу иə тұйық болғанда (соңғы дыбысы 


70
71
дауыссыз  болғанда),  оған  жалғас  буын  дауысты  дыбыспен 
бастала  алмайды. «Жас»  деген  бітеу  буынға  дауысты  ды-
быспен  басталатын  «ар»-ды  қоссақ, «жасар»  болады. «Жа-
сар-ды» «жас-ар»  деп  буындауға  болмайды, «жа-сар»  деп 
ғана буындауға болады. 
«Ас»-қа  «а»  қоссақ, «аса»  болады. «Аса»-ны  «ас-а»  деп 
буындауға  болмайды, «а-са»  деп  қана  буындауға  болады. 
«Сау»+»ық»=«сауық» (бітеу буындағы «ы» əдейі жазылған). 
«Сауық»-ты  «сау-ық»  деп  буындауға  болмайды, «са-уық» 
деп қана буындауға болады. «Сұуық» – «сұу-ық» болып бу-
ындалмайды, «сұ-уық» болып қана буындалады. 
Жүсіпбек  «сұуы»  деген  сөзді  «суы»  деп  жазып, «су-ы» 
деп буындайтын болған соң, «сұуық»-ты «суқ» деп жазып, 
бір буынды деп таласуы да мүмкін. Бірақ оның тіпті қисыны 
келмейді. 
Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан басқаша 
бір қасиеті – екі дауысты дыбыс қатарынан бір жерге сый-
майды. Қазақ тілінің сондай заңы бар. Ол заңға бағынбайтын 
қазақ тілінде жалғыз да сөз жоқ. Қазақ тілінде «ыу» дейтін 
жұрнақ бар. Бұл жұрнақ етістік түбіріне қосылса, етістік зат 
есім болып өзгереді. «Ал», «ас», «тап», «тат» деген етістік 
түбірлеріне сол «ыу» қосылса, ол етістіктер «алыу», «асыу», 
«табыу», «татыу» (бітеу  буындағы  «ы»  əдейі  жазылған) 
деген зат есім болып шығады. Түбір сөздің соңғы дыбысы 
дауысты  болса,  дауысты  дыбыстың  екеуі  бір  жерге  сый-
майтын  болған  соң  жəне  тілдің  түбірі  өзгермеуі  себепті 
(бұл  да  қазақ  тілінің  негізгі  заңдарының  бірі)  түбір  сөздің 
аяғындағы дыбыс аман қалады да, жұрнақтағы «ы» жоғалып, 
жалғыз  «у»  қалады. «Қара»-ға  «ыу»  қосылса, «қарау» 
болады; «деме»+»қу»=«демеу», «күре»+»қу»=«күреу», 
«оқы»+»ыу»=«оқыу», «қасы»+»ыу»=«қасыу» (бітеу 
буындағы «ы» əдейі жазылған).
Қазақ тілінде «ым», «ық», «ік» сықылды дауысты дыбы-
спен  басталатын  жұрнақтардың  бəрі  де  түбір  сөзбен  жал-
ғанғанда, «ыу» жұрнағына ұқсап, түбір сөздің соңғы дыбысы 
дауысты болса, жұрнақтың «ы»-сы жоғалып кетеді: іш – ішім, 
шақыр – шақырым,  жаз – жазық,  тол – толық,  біл – білік 
(бітеу  буындардағы  жұрнақтың  ы-лары  əдейі  жазылған) 
болады. Ол жұрнақтарды соңғы дыбысы дауысты «байла», 
«же», «тара», «ойна», «күре»  сықылды  сөздерге  жалғасақ, 
жұрнақтың  «ы»-лары  жоғалып, «байлам», «жем», «тарақ», 
«ойнақ», «күрек» болады. 
«Алу»  деген  сөздің  түбірінде  «ы»  жоқ  екені  рас.  Бірақ 
онан «алу»-дың өзінде де «ы» жоқ деуге болмайды. «Алу» – 
«ай»+»ыу», «ал»-да  «ы»  жоқ.  Сондықтан  «алу»-да  да  «ы» 
жоқ деген – «ал»-да «у» жоқ, сондықтан «алу»-да да «у» жоқ 
деген сықылды қисынсыз болады. 
«Қарауы» деген сөзді «қар-ау-ы» деп буындауға болмай-
тын болса, «алыуы» деген сөзді «алуы» деп жазып, «алу-ы» 
деп буындауға да болмайды, «а-лы-уы» деп қана буындауға 
болады.       
«Сыйыр», «қыйын», «қойын», «біле», «қына» деген сөз-
дердің ішіндегі «и», «еи», «сила», «қи», «қина» деген сөздер 
естілетін «и» сықылды дауысты дыбыс. Ол сөздердің ішінде 
бірнеше  дауысты  дыбыс  біріне  бірі  тура  жалғанған. «Екі 
дауысты  дыбыс  бір  жерге  сыймайтын  болса,  бұл  не?  деп 
дауласудың тіпті жөні жоқ. 
«Сиыр», «қиын», «қойан», «қыйна»-лардың ішіндегі «и» 
(дауысты болмағанмен), «си», «қи»-лардың ішіндегі «и» (бұл 
«и» де дауысты емес) сықылды деген дұрыс. Бірақ Жүсіпбек 
ол дұрысты қаталасып дұрыстап отыр. Жүсіпбек қазақ тілін 
менсінбеуді қойып, сол бағытымен тексеріп ачқтап шықса, 
қазақ  тілінде  дауыссыз  «и»  дауыссыз  да, «қи»-дағы  «и» – 
дауысты деп екеуіне екі белгі ұсынар еді. Оны істеп үлгере 
алмаған  соң,  қатадан  екеуіндегі  «и»-ды  бір  «и»  деп  отыр. 
«Қоиан»-ды «қо-иан» деп буындасақ та иə Жүсіпбекшелеп 
«қой-ан» деп буындасаң  да, ондағы «и» дауысты бола ал-
майды. «Қи»-дың  «и»-н  Жүсіпбек  түбінде  де  дауысты  деп 
дауласуға тиіс. Дұрысы: «қойан»-ның «и»-ы мен «қи»-дың 
«и»-і – бір  «и».  Мұның  екеуі  де – дауыссыз. «Қойан-ды» 
қалай буындап тексерсек те, оның «и»-н дауысты деуге бол-
майды. «Қи» – бір буынды сөз. Оған «ады» жалғауын қоссақ 
«қой+ады»  болады.  Ол  «қы-на-ды»  болып  буындалады 
(Оны «қи-а-ды» деп буындау – «барады»-ны «бар-а-ды» деп 


72
73
буындаған сықылды қисынсыз болады). Мұнан «қи» деген 
сөздің дауысты дыбыс бітеу буында болған соң, жазылмай 
қалған  «ы»,  онда  орыстың  «и»-іне  ұқсап  естілетін  дыбыс 
«бір дыбыс емес, дауысты «ы» мен дауыссыз «и»-дың тізбегі 
екені көрініп тұр. 
Қалай өзгерткенмен де, ішіндегі дауысты «ы» м ен дауыс-
сыз «и» бірінен-бірі айырылып, екеуі екі буынға шықпайтын 
«ит», «бит» сықылды сөздер бар, Бұл сөздердің ішіндегі дау-
ысты дыбыстарды да орыстың «и» сықылды бір дыбыс деуге 
болмайды. Қазақ тілінде сын есімдердің бас буындағы дауы-
сты дыбысына «п» қосып, сөздің алдына келтіріп айтуға бола-
ды. «Қара»-ның алдына «қап» деп қосып, «қап-қара» дейміз. 
«Қысқа-ға» алдына «қып» қосып, «қып-қысқа» дейміз. «Ит»-
ті  сын  есім  мағынасында  айтқанда,  оған  да  солай  дауысты 
дыбысына «п» қосып, іп – ит деуге болады. «Бит-ке» «тей» 
деген  жұрнақ  қосып, «биттей»  деуге  болады. «Биттей-ді» 
«біп-биттей» қылуға болады. «Іп-ит» деп те, «бит-бит» деп те 
қазақтың баласы айтпайды. Мұнан «ит», «бит»-тердің ішіндегі 
дауысты дыбыстар да орыстың «и» емес, қазақтың «ы», «і»-сі 
екені («і»-нің өзі бітеу буында болған соң жазылмаған) дыбыс 
дауыссыз «и» екені ыспатталады. 
Қазақ тілінде орыстың «и» мен «у» сықылды дауысты ды-
быс жоқ, дауыссыз «и» мен дауссыз «у» бар. Қазақ тілінде 
орыстың «и»-іне ұқсап естілетін дыбыс, бір дыбыс емес, екі 
дыбыс,  дауысты  «ы»  мен  дауыссыз  «и»,  орыстың  «у»-ына 
ұқсап естілетін де екі дыбыс: дауысты «ұ» мен дауыссыз «у» 
иə  дауысты  «ы»  мен  дауыссыз  «у».  Мұны  бастауыш  мек-
тепте жақсы мұғалімнен бірнеше ай оқып, хат танитын бо-
лып үйренген 7-8 жасар бала жақсы түсінеді. «а»+»у»=«ау»; 
«е»+»у» =«еу»; «о»+»и»=«ой», «ү»+»и»=«үй» екенін түсін-
ген  балаға:  дауысты  «ұ»-ға  «тау»  деген  сөздің  аяғында 
естілетін дауыссыз «у»-ды қос десе, «ұу» деп қосып береді. 
Дауысты «ы»-ға дауысты «у»-ды қосқанда да діл сондай бо-
лып естілетін «ыу» болатына да шек келтірмейді. Дауысты 
«ы»-ға дауыссыз «и» қосса, «ыи» болады, – дейді. «Ы» бітеу 
буында  жазылмайды  деген  ереже  жоғалып, «жазу», «оқу», 
«келу» деген сөздер дұрысынша: «жазыу», «оқыу», «кешу» 
делініп жазылатын болса, «ыу»-дың не екені балаға онан да 
оңай түсінікті болады. 
«Ыу», «ұу», «ін»-лерді  түсіне  алмайтын – тек  орысша 
оқығандар. Қазақ тілінде орыстың тілінде жоқ дауыссыз «у»-
дың болуы да, орыста бар дауысты «и», «у» дыбыстарының 
қазақ тілінде болмауы да – орыс тілінде тəрбиеленген санаға 
үйлеспейді. Орысша оқығандарға əсіресе ерсі болып көріне-
тін – «сұу», «бұу», «тұу», «жұу» деген сөздердің аяғындағы 
дауысты «ұ» мен дауыссыз «у»-дың тізбегі де, «қосыу», «та-
быу», «жатыу», «алжыу» деген сөздердің аяғындағы дауысты 
«ы»  мен  дауыссыз  «у»-дың  тізбегі  де  бірдей  естіле  тұрып, 
екі  түрлі  жазылады.  Бұл  ұқсастық  қазақтың  «ы»  мен  «ұ» 
дыбыстарының ұқсастығынан болып отыр. Ондай ұқсас ды-
быстар орыс тілінде де бар: «Окно» деген сөздің басындағы 
«о»-ның  «а»-ға  ұқсастығы  біздің  «ы»  мен  «ұ»-нікінен  кем 
емес. Ондай дыбыстар көмескі естіліп, басқа дыбысқа ұқсап 
кетсе  де,  оны  орысша  жазу  қай  тілде  де  бар.  Орыстарда 
«окно»-сын  «а».мен  жазбай, «о»-мен  жазады.  Себеп:  соңғы 
буындағы дауысты дыбыс көмескі, оны «ы» деуге де болады, 
«ұ» деуге де болады («ұу» мен «ыу»-дың айтылуы да, естілуі 
де  бірдей). «Алжыу»-ды  үшінші  жақтық  қылып  өзгертсек, 
«алжұуы» болмайды, «алжыуы» болады. Жəне: «алжыу» деген 
сөздің түбірі «алжұ» емес, «алжы». Сондықтан «алжыу»-ды 
дұрысынша (бітеу буын ережесі болмаса), «алжыу» деп жазу 
керек. «Жұу»-ды өзгертіп «жұуады» десек, бұл буындағы да-
уысты дыбыс «ы» емес, «ұ» екені ашылады. Сондықтан оны 
дұрысынша «жұу» деп жазармыз. 
Орыс  тілінде  «у»  деген  дауысты  дыбыс  бар,  сондықтан 
ол дыбыс бізде де болу керек. Біздің екі дыбыстан құралып 
болатын  «ыу», «ұу»  сықылды  буындарымызды  бір  дыбыс 
деп  білім  оған  өз  алдына  əріп  шығару  керек  десек  тыуай-
маж елінің «ай», «иұ», «еу», «уа» деген дауысты дыбыста-
ры бар. Ол дыбыстар бізде де бар. «Ұйысу», «үйілу» деген 
сөздерде естілетін «иі» – дəл сол тыуаймаж елнің «иұ» дыбы-
сы сықылды «бай», «тай», «сай»-лардың аяғында естілетін 
дыбыс  тыйуаймаждың  «ай»-ны, «екеу», «демеу»-лердің 
аяғындағы  «еу»  де  екі  дыбыс  емес,  бір  дыбыс  тыуаймаж 


74
75
елінің дауысты дыбысы. «Жауар», «сауар» (күн жауар, бие 
сауар)  дегендер  естілетін  «уа»  да  екі  дыбыс  емес,  бір  ды-
быс тыуаймаждың дауысты «уа»-сы. Сондықтан бұлардың 
да əрқайсысын жеке-жеке бір дыбыс деп, бұларға да өз ал-
дына  бір-бір  əріп  белгілеу  керек  деп  дауласуға  да  болады. 
«Ұу», «ыу», «іи» сықылды сөз буындарын бір-бір дыбыс деп 
білудің қисыны тыуаймажшылап «ай», «иұ», «еу», «уа»-лар 
да əрқайсысы өз алдына бір дыбыс деген сықылды болады. 
«Тілде  тастай  қатып  қалған  заң  болмасқа  тиіс».  Ондай 
заң болса, тілді өңдеп байытуға бөгет болады. Оқудың өнер-
білімнің  ілгерілеуіне  кесірі  тиеді,  деген  дұрыс-ақ  шығар. 
Бірақ тілдің заңын бірден бұзып жіберуге болмайды. Қазақ 
тілінде біріне-бірі ұқсас «ы», «ұ» дыбыстары болуы жазуды 
қиындататыны рас та болар. «Жүйірк», «күйіну», «бұйым» 
десек  сқздердің  ішіндегі  «ы»-ларды  «ұ»-дан  айырып  алу 
қиын екені рас. Абпаз «құдай-ай» дегенді «қыдай-ай» дейді. 
«Ұ» мен «ы»-ның біріне-бірі ұқсап кететін орындары толып 
жатыр. Бірақ онымен екеуін бір дыбыс деп, біреуінің орнына 
екіншісін алуға болмайды. «Баратұн», «келетүн», «көретүн» 
деген сөздердің аяғында естілетін дауысты «ұ»-ны Абпазшы-
лап «ы» қылып айтушылар бар екені рас. Бірақ оның дұрысы 
«ұ»  болған  соң,  сол  дұрысын  жазған  дұрыс.  Ағылшынның 
аты  шулы  Бокл  деген  данышпаны  немістің  мəдениетін, 
өнер-білімін өз елімен салыстырып, тексере келіп: немістің 
ғылымы  ағылшыннан  артық.  Бірақ  немістің  ғылым  тілі 
бұқарасының  ғылым  тілінен  басқа.  Сондықтан  немістің 
оқымысты  данышпандары  жазып  шығарған  кітаптарын 
жазушының  өзіндей  оқымысты  неміс  болмаса,  жалпыла-
ма  неміс  оқып  түсіне  алмайды.  Ондай  кітапты  жоғарғы 
дəреже оқуы бар немістің түсінуі де қиын. Ағылшын тілінде 
жазылған  кітаптардың    бəрі  де  жалпы  жұртқа  түсінікті. 
Ағылшын зор ғалымдары өз білгенін жалпы бұқараға үйрете 
алады, – дейді. 
Тілдің  заңы  өзгеріп,  тіл  бұзылып,  ғылым  тілі  жалпы 
елдің  тілінен  басқаланып  кетсе,  ғылым  жалпы  жұрттың 
қолы  жетпейтін  дарияның  ар  жағындағы  бірдеме  болып 
шықпақшы.  Сондықтан  тілдің  заңын  бұзбау  керек.  Тілді 
қолдан  келгенше  таза  сақтап  бағу  керек.  Тілдің  өзінде  бар 
дыбыстарды жоғалтпау керек. Өзінде жоқ дыбыстармен тілді 
былғамау да керек. Ғылымға керек пəн сөздерді өнерлі елдің 
тілінен  алып  кіргізе  беруге  болады.  Бірақ  ол  жат  сөздерді 
қазақ  тіліне  кіргізгенде  таза  қазақ  сөзіне  ұқсатып,  жат  ды-
быстардан шығарып, орнына қазақ дыбыстарын қондырып, 
қазақ тілінің негізгі заңдарына үйлестіріп, тізіп алу керек. 
Орыстың «сатсиализм», «сатсиалист», «сатсиални» еген 
сөздері – жалпы жұртқа ортақ сөз. Оны қазақ тіліне кіргізуге 
да болады. Бірақ оны алғанда, тек түбірін ғана алып, «изм», 
«ист», «ни» сықылды жұрнақтарын шығарып тастау керек. 
Олардың  орнына  қазақ  тілінің  жұрнақтарын  қосу  керек. 
Жұрнаққа қазақ тілінен бай тіл кемде-кем-ақ болар. Өзіңде 
үйір-үйір  жұрнақ  бола  тұрып,  жат  жұрнаққа  жармасудың 
тіл  бұзудан  басқа  түк  пайдасы  болмайды.  Оны  істемей, 
жат  сөздердің,  жат  жұрнақтарын  да,  жат  дыбыстарын  да 
талғамай,  қабылдай  берсек,  енді  бір 20 – 30 жылдан  соң 
қазақша кітап тілімен бұқараның тілі біріне-бірі қытай мен 
орыстың тілі сықылды жат болып шығуға тиіс. Олай бола-
тын болса, тілді күйттеуде де мағына жоқ. Тілді олай бұзып, 
əуре болғаннан да даяр тұрған орыс тілі, неміс тілі сықылды 
бай тілдердің біреуін қабылдап, қазақ тілін мүлде тастау ке-
рек. Тілді бұзбай күйттеу үшін тілдің негізгі заңдарын аман 
сақтау керек. Қазақ тілінің өзінде жоқ, орыстың «и», «у»-лары 
сықылды жат дыбыстарға жоламау керек. Қазақтың өзінде 
бар «ы» сықылды дыбыстарды бітеу буын ережесі сықылды 
қоалйсыз ережелерден құтақарып, қалдырмай жазып отыра-
тын болу керек. Жəне:                                 сықылды қазақ тіліне 
қатадан кіріп кеткен жат дыбыстарды айдап шығу керек. Бұл 
дыбыстарды  оқығанда  бұлжытпай  айта  алады,  бірақ  оған 
бұқараның  тілі  келмейді. «Пауа», «шариф», «хасиет»  деп 
жазылған сөздерді бұқара ішке теуіп сабасаң да, сол күйінде 
бұзбай оқи алмайды. «Ауа», «шəріп», «кəсиет» иə «қасиет» 
дейді.  Қазақ  тіліне  бұл  дыбыстарды  кіргізген  соң  манағы 
айтылған тыуаймаж елінің «иұ», «еу», «ай», «уа» сықылды 
дыбыстарын кіргізбеймін деп таласуға тіпті болмайды. Бұл 
дыбыстар  қазақ  тілінде  бар,  оларды  бұқара  бұзбай  айта  да 


76
77
алады. Болмаса бұл төрт дыбыстың қазаққа төрт тиынға да 
керегі жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет