Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық


«ҚАЗАҚСТАН» МЕН «ҚАЗАҒЫСТАН» ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет48/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   248
«ҚАЗАҚСТАН» МЕН «ҚАЗАҒЫСТАН» ТУРАЛЫ
«Қазақыстан» мен «Қазағыстан»екеуінің қайсысы дұрыс 
екенінін  Елдес  алған  бетімен  шешу  қиын.  Бұ  сөздің  қалай 
жазу  дұрыс  болатынын  ашу  үшін: 1) парсы  тілінде  стан 
(ыстан) бүтін сөз бе, жұрнақ па? Оны ашу; 2)  Қазақыстан 
не  Қазағыстан  дегенде,  стан  (ыстан)  қазақ  дегенге  ме, 


114
115
қазақы  дегенге  ме,  болмаса,  қазағы  дегенге  ме  тіркеліп 
отыр? Мұны ашу.
Стан (ыстан) бүтін сөз болса, Қазақстан (Қазақыстан) 
болып жазылуы дұрыс, өйткені қос сөздерді өзгертпей, қара 
құрт  (қара  ғұрт  демей),  құла  құнан  (құла  ғұнан  демей) 
деп  жазамыз.  Мұндай  сөздердің  бəрі  ғ  арқылы  айтыла  да 
бермейді, мəселен қарақас, қарақан, сарықан сияқты сөздер, 
жана да қ мен к дауысты дыбыстардан соң ғана ауытқып, ғ, 
г болып айтылып тұрмайды, дауыссыз дыбыстардан соң да 
қ-ғ,  к-г  болыб  айтыла  береді,  мəселен,  таң  ғаламын  (тақ 
қаламын орнына), сылаң ғыз (сылаң қыз орнына), жетім гөк 
(жетім көк орнына), аман гелді (аман келді орнына).
Стан (ыстан) жұрнақ болса, қазақ деген сөзге қазақ ті-
ліндегі соған ұқсас жұрнақтарша тіркелу керек. Бұған ұқсас 
жұрнақтар (екі дауыссыз дыбыс қатар келетүн) нша, ншы 
түбір сөзге бұлар қалай тіркелетүнін қарайық.
 Қазақ, қазағы, қазағынша
Түрік, түрігі, түрігінше.
Бір, бірінші, үш, үшінші.
Екі, екінші, алты, алтыншы.
Мұнда  нша  жұрнақ  сөздің  тəуелдеу  түріне  ғана  тірке-
летінін  көреміз.  ншы  жұрнақ  түбір  сөзге  екі  түрлі  тірке-
летүнін байқаймыз: түбір сөздің аяғы дауысты дыбыс бол-
са, тікелей тіркеледі де, дауыссыз дыбыс болса, дəнекер ы 
арқылы қосылады.
«Қазақыстан»  немесе  «Қазағыстан»  дегенде  «қазақ» 
деген сөздің қай түрін алып отырмыз (жұрнақ қылып алып 
отырмыз).  Қазақ  деген  түрін  алсақ,  ншы  жұрнақ  сияқты 
дəнекер арқылы Қазақыстан болып жазылуы дұрыс.  
Қазақыстан деген сөз қазақ там, қазақ үй, қазақ бет, қазақ 
қол тəрізді мағанада болса, қазақ деген түрін алып отырған 
боламыз (Қазақыстан – қазақ жер деген болады). Қазақы 
мал, қазақы ер деген сияқты Қазақыстан қазақы жер маға-
насында болса, қазақы деген түрін алып отырған боламыз. 
Қазағы  мал,  қазағы  қол,  қазағы  үй  деп  айтылмайды,  олай 
болса, қазағы жер деп де айтуға болмайды. Сондықтан Қаза-
қыстаннан Қазағыстан дұрыс болады деп кесіп айтуға жол 
жоқ. Қазақы деген түрін алсақ, онда да ншы жұрнақ сияқты 
Қазақыстан болып жазылуы дұрыс. Қазағы деген тəуелдеу 
түрін алсақ, сонда ғана Қазағыстан болып жазылуы дұрыс. 
Жалғыз дыбыс айнымалдығына сүйеніп, кесіп айтуға бол-
майды. Себебі қазақ – қазақы, қазағы болып, түрік, түркі, 
түрігі  деген  сияқты  дыбыс  айнымал  заңына  келмейтүн  де 
жері  бар.  Түрігістен  демей,  Түркістен  деб  жазыб  отырған 
соң,  Қазағыстан  демей,  Қазақыстан  деп  жазсақ,  емле  за-
ңын бұзбайды. Елдестің айнымалы дыбыстар турасындағы 
ережесі  ондай  дыбыстардың  бəрін  қамти  алмайды.  Қазақ 
тілінде айнымалы дыбыстар қ, к, ғ, г-лер ғана емес, б мен 
м айнып, алмасып отырады. Мəселен, адамбыз, жұртбыз, 
ұлтбыз  дегенде  быз  болады  да,  елміз,  ерміз,  тамамыз, 
телуміз дегенде мыз болдады. Сол сияқты мен, менен, бен, 
бенен жалғаулықтағы б мен м дəйім ауытқып, айнып отыра-
ды. Сондықтан Елдес ұсынып отырған ереже «сөз айтылуын-
ша жазылады» деген жалпы ережеге «тайға таңба басқандай» 
анықтық келтіре алмайды. Елдес ережесі қ, к дыбыстар, ғ, 
г  болып  айтылуын  да  түгел  қамти  алмайды,  мəселен,  бақ – 
бақылау (бағылау орнына), тік – тіке, тікен (тіге, тіген ор-
нына).  Жалпы  ережеден  айқындап,  айнымалы  дыбыстарға 
айрықша бəріне бірдей жарарлық ереже болмаған соң, Елдес 
ұсынысын алмаса да келер кемшілік жоқ.
Ақымет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет