Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет58/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   248
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ЕМЛЕСІ
1929 ж. 2 – 4 үйелде Қызыл ордада өткен кəнперенсе қа-
был еткен, жаңа сол жылғы үйелдің 25-де Қазағыстан орта-
лық атқару кəмитеті бекіткен.
Емленің ережелерін дəл жүйелеу үшін əуелі қазақ тіліндегі 
дыбыстардың  өзгеретін  жалпы  жолдарын  ашып  алу  керек. 
Оның үшін қазақ тіліндегі дауысты-дауыссыз дыбыстардың 
бəрін де ілім жолына қыйсындырып жіктеп шығару керек.
Қазақ тілінің дыбыстары жалпы дыбыс жүйесінше былай 
жіктеледі:
Дауысты дыбыстар:
Езулік
Еріндік
Еркін 
Қысаң
Еркін
Қысаң
Жуан 
а
-
ы
о
ұ
Жіңішке  е 
ə
і
ө
ү


140
141
Дауыссыз дыбыстар:
Шұғыл
Ызың
Үнді
Қатаң
п
т
к
қ
с
ш
-
Ұяң
б
д
г
қ
з
ж
һ
Үнсіз
Ымырасыз
м
н
ң
Ымыралы
у
л
р
й
Ескерту: 1. Жеңілдік үшін «в» мен «ж» ымыралы «л» «р» жі-
гіне кіргізілді.
Ескерту: 2. «һ» дыбысы қазақ тілінде өте сійрек ұшырайды.
Қазақ тіліндегі дыбыстардың өзгеру заңдары мынадай: 
1. Қазақ тілінің ірі заңдарының бірі үндестік заңы. Бұл 
заңның  жолынша  бір  сөздің  ішіндегі  дыбыстары  жа  бір 
ыңғай жуан болады да, жа бір ыңғай жіңішке болады.
Үндестік заңынша жалғау-жұрнақтардың бəрі де түбір сөзде-
гі дауысты дыбыстардың ауанына қарай кейде жуан, кейде жі-
ңішке болып, ылғи екі түрлі айтылады; жалғау – жұрнақтардың 
бұған көнбейтіндері шет тілдерден, көбінесе қарсыдан,  кірген 
жұрнақтар мен «нікі» деген ғана  қазақы жұрнақ.
Мысалы: бала+лар, кісі+лер, бала+ға, кісі+ге.
2.  Түркшідерше  бұрын  қазақ  тілін  де  ерін  үндестігінде 
болған. Бірақ бұл кезде ол ерін үндестігі жоғалуға бет алып 
барады.
Бұл  кезде  бас  буындағы  ерін  дік  дауыстының  ықпалы 
екінші буыннан əрі аса алмайды; онда да тек екінші буындағы 
жіңішке  дауыстылар  мен  қысаң  дауыстыларға  ғана  тиеді; 
бірақ екінші буындағы дыбыс үйткенде де дəл еріндік болып 
шыға алмайды, еріндік екені, жа езулік екені анық естілмей, 
тек көмескіленіп қана шығады.
Мысал: күрек (күрөк), сүмек (сүмөк), оқы (оқұ), қуыс (қуұс).
Қазақ  тіліне  шет  тілдерден  кірген  сөздердің  кейінгі 
буындарындағы  еріндік  дауысты  дыбыстары  ылғый  езулік 
болып кетеді; əйтпесе көмескіленіп өзгереді де, оның есесіне 
бас буындағы дауысты дыбыс еріндік болып, шығады.
Мысал: стол – үстел(үстөл), школа – үшкөл(үшкел), па-
пироса – папыраз (папұраз), июль – үйел (үйөл).
Еріндік дауысты дыбыстардың бас буынынан басқа жер-
де айтылатын жері: Жалғыз ақ дауыссыз «в» дың алдында 
келеді, дауыссыз «в» дың ықпалы мен алдындағы қысаң да-
уысты ылғи еріндік болып өзгереді.
Мысал: қасы+у=қасу, жібі+у=жібу.
3. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың бəрі де аралары-
на дауыссыз дыбыс салмай жалғаса алмайды. Дауысты екі 
дыбыс қатарынан кездессе, көбіне оның бұрын айтылатыны 
жоғалып кетеді.
Мысал: қара+өгіз=қарөгіз, сары+ат=сарат.
4.Жалғау-жұрнақтардың басындағы дыбыс дауысты бол-
са,  онда  екі  буынды  жа  көп  буынды  түбірдің  айағындағы 
тұйық буынның қысаң дауыстысы кейде жоғалып кетеді.
Мысал: 
мұрын+ым=мұрным, 
тұрық+ы=тұрқы, 
қарын+ым=қарным.
5.  Жалғау-жұрнақтардың  басындағы  дауыссыз  дыбыс-
тар түбірдің аяғындағы дыбыстың түріне қарай өзгереді; жал-
ғау-жұрнақтың  басындағы  дауыссыз  дыбысты  түбірдің  ая-
ғындағы дыбыс кейде [өзі үнсіз болған күнде] өзіне усатып 
[əссіймілəтсие] өзгертеді де, кейде [түбірдің соңғы дыбысы 
ымырасыз  болса]  өзіне  ұсатпай  [діссимілəтсие]  өзгертеді. 
Жалғау-жұрнақтардың  басындағы  дауыссыз  дыбыстардың 
бұлай [түбірдің айағындағы дыбысының ауанына қарай] өз-
гергенін жалпыша мынадай кесте мен көрсетуге болады:
Түбірдің соңғы дыбысы
Жалғау-
дың 
бас 
дыбысы
дауысты
ымыралы
ымырасыз
ұяң
қатаң
а,  е,  о, 
ы, і
у, й, р, л
м, н, ң
б,  з,  ж, 
д, г, ғ, һ
қ,  п,  с,  ш, 
т, к
Бас-
тапқы 
дыбы-
сы
1.
Л 
(терезе-
лі)
Л (тау-
лы)
Д (шаң-
ды)
Д (саз-
ды)
Т (ат-
ты)
2.
М (ара-
мыз)
М (ел-
міз)
Д (н (жан-
быз)
Б (аз-
быз)
П (жоқ-
пыз)


142
143
3.
Н (бала-
ны) 
Д (мал-
ды)
Д (н (жан-
ды)
Д (қаз-
ды)
Т (ат-
ты) 
4.
Д (дала-
да) 
Д (тау-
да)
Д (н (жан-
да) 
Д (саз-
да) 
Т (ат-
та)
5.
Г (төбе-
ге)
Г (бел-ге)
Г (ем-ге)
Г  (біз-
ге)
К (тек-ке)
6.
Ғ  (бала-
ға)
Ғ (тай-ға)
Ғ (нан-ға)
Ғ  (жаз-
ға) 
Қ (бас-қа)
Түсіндіру:  бұл  кестеде  нөмірлеп  жоғарыдан  төмен  жол-
дарға  жалғау-жұрнақтардың  бас  дыбыстары  жазылған,  ең 
жоғарғы қатарға түбірдің жалғау басына əсер ететін соңғы 
дыбыстары  жазылған;  мəселен: 1-жолға  «л»  жазылған;  да-
уысты  дыбыстарға  (айағы  дауысты  дыбыс  болып  келген 
түбірлерге)  сол  «л»  мен  басталып  жалғанатын  (лар,  лы, 
лық,  ла,  лау  сықылды)  жалғау-жұрнақтардың  бəрінің  де 
басындағы «л» ымыралыларға (айағы ымыралы болып кел-
ген түбірлерге) сол «л» күйінде өзгермей жалғанады.
Бұл  кестеге  ұяң  дыбыстар  мен  бірге  в,  г,  ғ,  д  ларда 
жазылған; бірақ бұл төрт дыбыс сөз аяғында тіпті келмейді.
Түбірдің  соңғы  дыбысы  жалғаудың  басқы  дыбысына 
ететін əсеріне мысалдар:
Бала-лық;  ер-лік;  ел-дік;  сұм-дық;  тұз-дық;  жас-
1) 
тық.
Бала-мыз;  ер-міз;  аман-быз 
2) (бірақ  «Аман-мын»); 
қызбыз; жас-пыз.
Бала-ны; тау-ды; адам-ды 
3) (бірақ «Адам-ның»); қыз-
дың; жас-тың.
Бала-да;  тау-да;  адам-да 
4) (бірақ  «адам-нан»);  қыз-
да; жас-та.
Кісі-ге; ел-ге; күн-ге; көз-ге; ет-ке.
5) 
Бала-ға; жау-ға; адам-ға; қыз-ға; тас-қа.
6) 
Кестеге  қарағанда,  жалғау-жұрнақтардың  басындағы 
дыбыстарының бəрі де түбірдің соңғы дыбысының ауанына 
қарай ылғый бір қалыпты өзгереді. Мұны итіншек еліктіру 
дейміз.  Бірақ  жалғау-жұрнақтардың  басындағы  ымырасыз 
дыбыстар  ымырасызға  жалғанғанда  жалпыша  ұяң  болып 
өзгерген  мен,  кейде  олай  өзгермей,  ымырасыз  күйінде  де 
қалып қояды: жан-ба, жан-бақ, адам-быз; бірақ адам-мен, 
адам-мын.
6.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  қатаң  п,  к,  қ  үшеуінің  бірі 
болса,  ондайда  жалғау-жұрнақтардың  басындағы  дауысты 
дыбыстың ықпалы мен ол қатаң үш дыбыс өзгеріп ұяң бо-
лады: «п» өзгеріп «б» болады; «к» өзгеріп «г» болады; «Қ» 
өзгеріп  «ғ»  болады;  мұны  тартыншақ  еліктіру  дейміз;  мы-
сал:  тап+ады=табады;  күрек+ім=күрегім;  ақ+ар=ағар; 
қап+ық=қабық.
7.  Жалғау-жұрнақтардың  басында  қатаң  (ызың) «с»  иə 
«ш» тұрса түбірдің аяғындағы дыбыс бұл екеуіне ықпалын 
тигізе  алмайды,  онда  жалғау  жұрнақтың  басындағы  «с» 
пен «ш» бір қалпынан айнымайды. Бірақ түбірдің аяғында 
үяң  «з»  жа  «ж»  тұрса  жалғау.  Басындағы  қатаң  дыбыстың 
ықпалы мен түбірдегі бұл «з» «ж» лар өзгеріп қатаң болады: 
«ж» өзгеріп «ш» болады да, «з» өзгеріп «с» болады. Ал енді 
«с» пен «ш» біріне бірі кездесетін болса, ондайда ылғи «с» 
өзгеріп  «ш»  болады.  Бұл  да  тартыншақ  еліктіруге  жатады; 
мысал:  тұз+сыз=тұссыз;  жаз+са=жасса;  ұш-са=ұшша; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет