Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет61/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

сенің үшін, сенен соң.
10. Көмекші етістіктер алдындағы сөзден бөлек жазыла-
ды. Арадағы дыбыстарының өзгергені еленбейді.


150
151
Мысал: оқып жатыр (оқыб жатыр емес). келе алмады (кел 
алмады емес).
11. Сөз ішіндегі дыбыстардың жуан жіңішкелігі көмескі 
болған жерлерде, анығы жалғау-жұүрнақтың түрінен ашы-
лады:  жалғау  жуан  болсак,  түбірдегі  көмескі  дыбысы  да 
жуан болады.
Мысал:  шай – шайға  (шəйге  емес)  тыйын – тыйынға 
(тиінге емес), жай – жайланды (жəйленді емес).
12.  Жазғанда  ерін  үндестігі  еленбейді;  дауысты  дыбыс 
көмескі естілетін болғанда еріндік дыбыс жазылмай, езулік 
дыбыс жазылады.
Мысал:  үшін  (үшүн  емес),  құрып  (құрұп  емес),  күрек 
(күрөк емес), қуыс (қуұс емес).
Ескерту: 1. «тын» жұрнағы естілуінше «тын» болып жа-
зылады.
Мысал:  баратын  (баратұн  емес)  оқыйтын,  көретін 
(оқыйтұн, көретүн емес).
Ескерту: 2. «ұу», «үу»  жұрнағы  естілуінше  жуан  сөзде 
«ұу» жіңішке сөзде «үу» болып жазылады.
Мысал: оқу (оқыу емес), жазу (жазыу емес), беру (берқу 
емес).
13. Шеттен кірген сөздерде «ф» орнына «п» жазылады.
Мысал: филма – пилме, физика – пизіке, фанары – панар, 
фабрик – пəбірік, файда – пайда.
14.  Шеттен  кірген  сөздер  басындағы  «г»  дыбысы  «г» 
жəне «ғ» түрінде сақталады.
Мысал: газ – ғаз, губерния – губірне.
Ескерту: шеттен алынатын сөздер қай елден алынса, сол 
елдің тілінде айтылатын түріне қарай алынады: орыс тілінен 
алынатыны – орысша,  она  толы  тілінен  алынатыны – ана 
толыша,  пырансы  тілінен  алынатыны  пырансозша  түрге 
үйлестіріліп алынады.
15.  Еуропының  «сhі» – сы,  орыстың  «Х»  сы,  арап-
парсының  «ﺣ»  сы  жуан  айтылатын  сөздерде  «қ»,  жіңішке 
айтылатын сөздерде «к» арқылы жазылады.
Мысал: Мұхтар – Мұқтар, хайр – қайыр, техник – текнік, 
гаубтвахта – абақты, кухна – көкіне.
16.  Қазақ  тілінде  жоқ  «ц»,  ч», «щ»  дыбыстары  өзгерті-
ліп, – «ц» – «с» арқылы, «ч» жəне орыстың «щ», «ш» арқылы 
жазылады.
Мысал:  офицер – əпесер,  станция – ыстанса,  церковь – 
селкеу, канцелярия – кеңсе, чай – шай, чек – шек, червонец – 
шербен, прикащик – біркеншік.
17.  Еуропы,  арап-парсы  сөздерінің  басында  келетін  «и» 
(иот) қазақша «ж» арқылы жазылады. Ал енді «иұ» (ю), «иа» 
(я),  «ие»-лер сөз басында «жұ» (жə), «же» жазылады.
Мысал: ямбы – жамбы, яков – жақып, ярмапка – жармеңке, 
ямщик – жемшік, ящик – жəшік, япон – жапан, еврей – жев-
рей, юсуф – жүсіп.
18. Шеттен кірген сөздердегі ерін шығысты «в» дыбысы 
қазақша «в» əрпі мен жазылады. Орыс сөзіндегі «в» дыбысы 
екі дауысты дыбыс арасында келгенде – «в» арқылы, сөз ба-
сында – «в» арқылы жазылады (самаурын, бəселей).
Бітеу буында орысша «в», сіңіп кеткен ескі сөзден басқа 
жерде, ылғи «п» арқылы жазылады.
Мысал: құулақоп, сергейіп, аптамабіл, бірақ мəскеу, бар-
шав.
19. Орыс тілінде соңғы екі буыны ашық, жаңағы соңғы 
«а» да екпіні жоқ фабрика, палата, емета, аптека сықылды 
сөздердің айағындағы «а» дыбысы жазылмайды.
Мысал: пəбірік, ісмет, палат, əптек,
Ескерту: егер жаңағыдай сөздер бір пəн атын білдіретін 
болса,  айағындағы  «а»  орнына  «е»  жазылады.  Мысал: 
ботаніке,  текніке.  Егер  ондай  сөздердің  екпіні  айақтағы 
«а» да болса, онда «а» сақталады. Мысалы: смода ысмола.
20. Орысшада «а» ға тынған бірақ «а» ның алдында да-
уыссыз  қос  дыбыс  келген – кашша,  тонна,  филма,  ванна 
сықылды  еуропы  сөздері  айағында  екпін  жоқ  кезде  «е»  иə 
«ы» жазылады.
Мысал: кəссе, пілме, ванны екпінді кезде «а» (е) жазыла-
ды.
Мысал: тюрьма – түрме, труба тұрба.
21. Жоғырапы мен қалық аттарында сөздің түбірі алына-
ды да қазақ тілінің дыбысы заңына бағындырылады.


152
153
Мысал:  қарпат, альпы – əлпі, грал – орал, германец – гер-
мен, русский – орыс.
Ескерту дүние бөлімдерінің аттары бұлайша жазылады: 
əмерік. əпірік, еуропы, ауыстыралы, антарық, əзие.
22. Орысшада айағы «топ» ға тынған доктор, кондуктор, 
сепаратор,  трактор…  сияқты  еуропы  сөздерінің  аяғы  тыр 
(тір) жазылады.
Мысал: доқтыр, қандоқтыр сепаратыр, тірəктір.
23. Еуропы тілінде ілім атын немесе мекеме, кəсіп орында-
рын көрсететін география, фотография-стенография, тюрко-
логия, едология, метеорология сықылды сөздер айағындағы 
«графия» «плогия» -лар «қырағы» «лоғы» жазылады. 
Мысал: 
жағырапы, 
потығырапы, 
істеніғырапы 
түрікілоғы, педалоғы.
24. Еуропы тілінде құрал атын көрсететін «шкон» , «фон» 
–сыияқты жалғаулар – «скоп», «пон» жазылады.
Мысал: телескөп, ғырамапон.
25. Еуропы тілінен орыс тіліне кіріп «ия» жалғанған ин-
дустрия, акция сияқты сөздердің аяғы жуан сөзде «а» мен, 
жіңішке сөздерде «е» мен жазылады.
Мысал: үндістіре, əксе.
26. Еуропы тілінен орысшада жалғау-жұрнақтары «арий» 
болып  кеткен  «уполетарий»  сияқты  сөздердің  аяғындағы 
«ий» жоғалып, түбірі ғана жазылады.
Мысал: пыралетəр.
27. г, ғ, д, х, в, дан басқа еуропы сөздерінің соңындағы 
дыбыстар өзгертілмей жазылады.
Мысал: бент, молт, барыметір.
28.  Əуропы  сөзінің  аяғындағы  орыстың  сын  есімінің 
жалғауы жазылмайды.
Мысал:  электрический  фонарь – електір  панары  иə 
(електір панар) техническое средство – текніке құралы иə 
(текніке құрал).
29. Қалық тіліне тіке кіріп сіңісіп кеткен шет сөздер есті-
луінше  жазылады.  Соңғы  кезде  əебиетте  ұстала  бастаған 
сөздер, жаңа алынашақ сөздер жоғарғы ережелер бойынша 
жазылуы міндетті.
30. шет елдің адам аттары, қазақ əліппесінің əрібі жеткен-
ше, түк өзгертілмей жазылады.
Қалық ағарту кемисəрі: Манай ұлы
Білім кəңесінің төр-ағасы: Қабыл ұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет