Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет63/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

лаж, лақ деген сөздердің басына «ы» жалғап жазып жүрміз. 
Бұда  жарамайды.  Орысшада  сондай  болмашы  дыбысқа 
түк  жазылмайды. «өзгеде  жоқ  дыбыс  бізде  бар,  біздің  тіл 
заңымыз  өзгеше»  деп,  жоқтан  өзгеге  мақтанудың  орны 
жоқ. Орыстың кей сөзін қазақша жаз десек, біздің «дыбыс-
шылдар» ыждал, ысдиелал, ылгота, ыржый деп жазар еді. 
Естіліп  тұр  қайтсын?  Бұл  басқа  жазылатын  «ы»  лар  өлең 
өлшеуінде де артық буын боп шығады. Сондықтан орынсыз 
«ы» ларды жазбау керек.
4) Кейде естілуінше жазылатын дыбыстардың таңбасын, 
ереже  қуалап,  сөзді  өзгертіп,  түбірінің  ата  тегін  іздеп, 
басқаша жаздырамыз. Ол өте-мөте «б», «п» жөнінен, ақпақ, 
аппақ,  əліппе,  шаппақ  деген  сөздерде  түбірін  қуғандықтан 
«б»  жазғызамыз,  естілуі  «п».  Бұрын  «д»  мен  «т»  шатаса 
беруші еді. Оны «т» естілген жерде «т» жазылсын деп ана 
жылы  қаулы  қылды.  Ойға  жүгіртсек  соған  тете  (Последо-
вательно) «п» боп естілген жерде «п» жазылсын деп қаулы 
қылу керек еді, бұған келгенде тетелестік далада қалған.
«Түбір сөздің дыбыстары өзгермейді» өзгертпей жазамыз 
деген ереженің керегі жоқ. Өзгермесе ақ – ағы, төк – төгіп, 
тап – тауып, қақ – қағып, қап –қауып дегенде, түбір неге 
өзгеріп  отыр?  Бұл  дұрыс  емес.  Естілуінше  аппақ,  шаппақ 
боп жазылғаны жөн. «Əдет-əдет емес, жөн əдет».
5) «Тұн» ды «тұғұн» нан шығарып, баратұн, алатұн қып жазу 
дұрыс емес, естілуінше баратын, алатын боп жазылу керек.
6) Білімпаздар сиезінде «д» мен «т» туралы қаулының бір 
шала қалған жері «да», «де» деген демеулер қатаң дыбыстан 
соң «та», «те» (барсақ та, келсек те) боп естілгенде, «т» жа-
зылсын деп айтпаған. Дұрысында жоғарғы қаулыға тетелес 
естілуінше «т» жазылу керек.


156
157
Жəне «да», «де» лер демеу болғанда (мал да жан иесі; мен 
де барам) деп бөлек жазылып, жатыс жалғау болғанда (мал-
да кісі бар, қалам менде) бірге жазылып жүр. Оқушыларға 
қай жерде бөлек, қай жерде бірге жазылуын білу қиын. «Де-
меу» ді жалғауларды əбден білгенше, дұрыс жаза алмайды. 
Білседе дұрыс  жаза алмайды. Өйткені оларды үйренгенше 
қолы, көзі бірге жазуға дағдыланып қалады. Алғашқы кезде 
екпін (Ударение) буыннан айырсақ, «демеу» бірге жазыла-
ды (қалам Жұманда). Екпін буын «да» дан бұрынғы буынға 
келсе, бөлек жазылады (Жұман да барад) деп үйретуге тура 
келеді.  Басқа  шара  жоқ.  Бұл  да  қиын  болады  десек, «да»,  
«де» демеулерін бірге жазылуын ұйғарған дұрыс.
Ғой (қой), мен, бен, ма, ме, ба, бе, соң
7)  
сияқты қиқым-
дар  өздігінен  бөлек  сөз  болуға  (жалғыз  «соң»  болмаса  түк 
мəнісі жоқ болсада, бөлек жазылып, емлені қиындатып жүр. 
Бұлар  бардымғой,  керекқой,  адаммен,  атпен,  барамба,  ке-
лембе, барғансоң болып жазылғаны дұрыс болады.
«Мен», «бен»  жалғаулық  (приставка)  болмай, «жалғау» 
(падеж) боп саналу керек. Орыстың (твор), (предл) жалғау-
ларындай,  біздеде  «жалғау» (падеж)  болуы  керек. «Мен» 
жалғау боп алынса, «мен» деген есімдіктен айыруға да оңай, 
жалғау бірге, есімдік бөлек жазылады (мен айтқанмен бол-
майды).
«Соң»  жеке  түрінде  (соң  барамын)  айтқанда  болмаса, 
көбінесе  «сын» (сонсын,  айтқасын)  боп  сөйленеді.  Он-
дай  ықшамдалып  келе  жатқан  «сөзді  ұзарта  берудің  орны 
жоқ. «алып  кел», «əкел»  қайдан  білейін  «қайдам» «олай 
еткен  мен», «өйткенмен»  боп  келе  жатқан  сықылды  көп 
сөздер өзгеріп, шағындалып келеді. Адам табиғаты уақыты 
үндемеуді тілейді: ұзынды қысқартады, қиынды оңайлатады, 
аз уақытта көп сөз айтып, көп жазуды көксегендіктен меке-
ме  аттарын  қысқартып  жүр  ғой.  Машинеде,  техникеде  сол 
үшін ғой. Ендеше сөзді шұбалта беруді қою керек, уақыттың 
қадірін білу керек.
8) «Еке;  еді,  екен,  игі»  лер  «əжеке,  ағеке,  болар  меді, 
болдымекен, болсигеді» болып, дауысты дыбыстардан соң, 
қосыла,  жымдаса,  тұжырыла,  жазылғаны  жөн.  Олардың 
ата  тегі  (жұрнағы,  сын  есімі,  етістігі)  керек  емес,  сөз  боп 
жазылған тұтынуға қолайлы ықшам түрі керек.
9) Со сияқты «ай», «ау» одағайларда (дүниай! Япырмау! 
Жанымау!)  бірге  жазылған  жөн.  Сонда  əрі  оңай,  əрі  өлең 
өлшеуінеде тура келеді.
10) Дəл соған ұқсас келе алмайды, бара алмайды-лардың 
да  бір  дауыстысы  тасталып,  келалмайды,  баралмайды  боп 
жымдаса жазылуы керек.
11)  Əліппемізден  шығарылған  «һ,  х»  дыбыстары  қайта 
қосылуы керек: бұлар жоқ деген мен, бар дыбыстар, қазақ 
ішіне  қожа-молда  араб-парсы  тілдері  тарағаннан  бері  бұл 
дыбыстар ел құлағына сіңген. Бұл дыбыстар өзге жаурыпа 
жұрттарында  бар.  Өзге  жұрттардың  тілінен  ат-тонымызды 
ала  қашпайтын  болсақ,  ойдың,  жүректің  тоқсан  тарау-
лы  толқынын,  ырғағын  əдебиетке,  əуезге  түсіргіміз  кел-
се,  тіліміз,  дыбысымыз  өркендесін,  өссін,  түрленсін  десек, 
жаттан ауысқан дыбыстардан қашпай, байырғы малдай баға 
беру керек, кім біледі, бір кезде «в, ч» дыбыстарында сіңіріп 
алмасымызды,  Өскемен,  Зайсан  қазақтарында  «ч»  дыбысы 
бар. Оған күлмеу керек, қарсы алу керек; ол тілдің құлақтың 
ұстара бастағаны.
Міне осындай өзгерістер кірсе, емлеміз көп жеңілденеді: 
қат жазу оңайланады деп сенеміз.
Бұл пікірімізді 23 – 24 жылы жазғамыз. Əлі де айтатыны-
мыз осы.
Жүсіпбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет