Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет97/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   248
ЛАТЫН ҚАРПІ ТУРАЛЫ
Кейінгі  кезде  өзді  күн  шығысы  еліне,  қалды  Іресейдегі 
күн  шығыс  ұлттарна  араб  қарпінің  орнына  латын  қарпін 
алғызу  мəселесі  көтеріліп  жүр.  Кей  жерлерде  бұл  мəселе 
таза ғылым жолы мен кеңеске түсседе, кей бір ғалымдардың 
жазуына қарағанда, бұл мəселеге саясаттың де қатысы бар 
көрінеді. «Пыравда  бостога»  газетесінің 53 (949) санды 
нөмірінде  белгілі  босток  бет  (күн  шығыс  елін  білгіш  Ми-
қайыл  Павлопышытың  мақаласы  басылып  отыр.  Миқаил 
Павлопыштың  мақаласына  қарағанда,  əрине,  араб  қарпін 
шығарып,  оның  орнына  латын  қарпін  алдыру  жағындағы 
ісі  көрінеді.  Бірақ,  Миқайыл  Павлопыш  кей  бір  жерлер-
де  мəселені  ғылым  көзі  мен  талдап  сөйлемейді.  Жалпы 
үгіт-нəсиқат  жағына  сүйене  сөйлейді.  Мəселен:  Ленін  мен 
Ағамғали  ұлының  əңгімесінде  Ленын: «Бұл  мəселеге  күн 
шығысқа  төңкеріс  жасау  деп  қараған,  Ленын  Ағамғали 
ұлынан  қара  шаруалылар  бұған  қалай  қарайды  екен  деп 
сұрапты»  дейді  бірақ,  ағасы  ұлына  не  айтқаны  белгісіз: 
латын  қарпін  алынсын  деді  ме,  алынбасын  деді  ме?  Ол 
тұуралы  еш  нəрсе  айтпайды.  Бірақ  Леніннің  күн  шығыс, 
ұлт республикелеріне көз қарасы онда елбалұтсие (тұрһанса 
қосу) жолы мен іс қылдыру. Үйткені ребалұтсие (төңкерісі) 
жолына ұлт республыкелері əлі жеткен жоқ дейтұн сиақты 
еді менің ойымша.
Жанада, миқайыл паба-обиш «Кеңестер одағындағы түрік 
елінің  бұдан  былай  мəдениетінің  ілгері  гетуіне  бөгеттік  ең 
ірісі əліппе, термин, арпаграпиа, сабақ беру əдісі дейді. Əрине, 
бұрын қалған табтардың адамы қалықтың дұспаны ескішілдер 
артта  қалған  елге  оқу  жайылуына  қарсы  соғылғандар  бұл 
бөгеудің жойылуына көп қырсығын келтірер» дейді.
Əрине, мəдениетті болудың бір себебі қарып екеніне да-
уымыз  жоқ,  бірақ,  шын  маркысы  көзі  мен  қарап  айтқанда 
мəдениет  ғылым  деген  нəрсенің  бəрі  шаруадан  тұуатұны 
белгілі емеспе?
Шаруа  көтерілсе,  мəдениет  көтерліді.  Қарып  сыйақты 
нəрселер елдің ілгері кетуіне қанша бөгет болады. Миқайыл 
пабаобыш қытай елін қарып себепті артта қалды деп көрсет-
кісі келеді. Бірақ, қарпы қытай мен бір жапон тұуралы не ай-
тады. Қытай елінің артта қалуына себеп қарпы болса, жапон 
елінің ілгері кетуіне де себеп болып отырған сол қарпы ма? 
Паблобыш бұған не айтады.
Паблобыш  кейінгі  кездердегі  түрік  елінің  əліппесіндегі 
жаңалықты білмейді. Ақымет Байтұрсын ұлының араб қарп-
тен түзеп шығарған əліппесі неше жыл басын ұуатқан орыс 
академиктерінің əліппесінен анағұрлым артық соғып отыр. 
Қазақ елінің қат таныған бұқарасы қита алмаяқ қалың ауры-
па  қара  шаруалары  қатарында  өз  қарпі.  Мен  өз  тілін  оқып 
кете алады.
Паблобыш  үніберситет  бітіргеннен  кейін  де,  араб  үстү-
денттері баяғы ескі араб кітаптарын түзу оқи алмайды екен, 
дейді. Мұндай сөз естір құлаққа жарайма? Қай Аурыпаның 
үстүденті  өз  елінің  орта  ғасырдағы  жазылған  кітаптарын 
сөздерін түсініп оқып кете қойады. Бұл тариқтың заңы. Бір 
бүгүннен бастап латын қарпін кіргізсек мың жыл өткеннен 
кейін  осы  күні  жазылған  сөзіміз  бен  кітабымыздың  жат 
көрінбеуіне Миқайыл Паблобыш кепіл бола алама?


244
245
Жана  осы  күні  түрік  елі  араб  қарпі  деген  аты  болмаса, 
əр қайсысы өзіне əліппені ықшамдап алып отыр. Паблобыш 
мұны білмегенге ұқсайды.
Елге  ескішілер  өнер  білім  таратқысы  келмейді  дегеніне 
келсек бұл арасы бір түрлі ұғымсыздау.
Ескі  деп  бұрынғы  молдаларды  айтсақ,  олардың  кітабы, 
жазуы кəзір қалпынша өзгеріп кетіп отыр. Осы күнгі бірен-
саран  тірі  молдалардан  басқа  ол  кітаптарды  оқитұн  кісі 
аз,  оқу  үшін  оған  көп  білім  керек.  Бұл  кітаптарды  түбінде 
Мəскеу арқиолектері оқыр.
Осы  күнгі  түрік  əдебиеттерін  алсақ,  əсіресе,  Іресейде 
тазарған,  бір  түрлі  жаңарған.  Кəзіргі  Аурыпа  тəртібіне  қо-
йылған. Бар айбыны оңнан солға қарай жазылады.
Осы мен де қалықты қанағаттандырарлық. Ол арасы кө-
рініп  де  отыр.  Мəселен  қазағыстанда.  Қазақтың  жалпақ 
қара тілін араб қарпі мен қалай басып, қалай жазуғада бола-
ды.  Қалықты  іреболұтсие  жолы  мен  ілгері  қарай  дамытуға 
еш  бір  қырсығы  жоқ.  Паблобыштың  «ескішілдер»  деп 
ұрысып отырғандарының, айтса айтатұны осы. Латын қар-
пі деген артық нəрсе. Ленін айтқандай қалықтың қалай қара-
уында  байқау  керек.  Аса  артық  келтіріп  жатқан  пайдасы 
көрілмегеннен кейін босқа əбігерліктің керегі жоқ, артта қал-
ған елдің одан басқа кемшіліктері де аз емес. Басқа жағын 
түзеп алайық деген сөз.
Ілиас Ақымет ұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет