Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет117/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   168

САЛДЫРАТ  е  т.  Шаршату,  болдыр-

ту.  Бүркіт  шамына  тисең,  шеңгелімен 

қолымды  қатты  сығып,  білегімді  с  а  л  д 



ы р а т ы п тастайтын (Лен. жас, 14. 01. 

1988, 1). Күрең төбелдің қорт-қорт желісі 

Шөкеңнің шымыр денесін с а л д ы р а т 

ы п-а қ тастапты (Қазақст., ауыл шаруаш., 

1968, №12, 48). 



САЛДЫРАТУ  Салдырат  етістігінің 

қимыл атауы. 

САЛДЫРАТЫП ү с т. Қатты жүріспен, 

салып ұрып. Өзінің тор жорғаның үстінде 

бір жамбастай қисайып, көшенің ортасы-

мен с а л д ы р т ы п өткені сəн-ақ (Жұлдыз, 

1972, №4, 50). 



САЛИХ  с  ы  н.  а  р.  Адал,  таза,  кірсіз 

(адам). С а л и х адамдарды ғана біз текті 

дейміз (Қаз. əдеб., 09. 08. 2013, 4). 



САЛИЦИН з а т. х и м. Қышқыл тек-

тестердің бір түрі. Талдың жапырақтарын 

жануарлар сүйсініп жейді. Бүршіктерінде 

бағалы  емдік  зат – с  а  л  и  ц  и  н  бар 

(Қарқаралы, 85). 



САЛҚАМ с ы н. ж е р г. Сылқым, кербез. 

Құлеке он бесінде с а л қ а м еді, Отызында 

–  би,  қырқында – дархан  еді  (Шал  ақын, 

Өлеңд., 41). Қара үйдің түндігі с а л қ а м 

келіншектің  жаулығындай  тым  шалқалап 

қалыпты (Ə.Кекілбаев, Үркер, 23). 



САЛҚАМДЫҚ з а т. ж е р г. Сылқымдық, 

кербездік. Салқындыққа алқара күс тон ки-

ген,  Салтанатқа  салпы  ерінді  нар  артып,



С а л қ а м д ы қ қ а жорғадан өзге мінбеген 

(Мұрат Мөңкеұлы: Нар заман., 305). 



САЛҚАМСОҚ...  Сəрсен  еріншек 

көтеріліп,  с  а  л  қ  а  м  с  о  қ  киімін  шешті 

(Т.Тілеуханов, Көрші келіншек, 4). 

САЛҚАУ с ы н. ж е р г. Баяу, сылбыр, 

шабан. Үйірлі қасқырдың жүгірістері өте

с а л қ а у. Тым тоқ болуы да (М.Мағауин, Ала-

сапыран, 2, 259). Кəрі саусақтар с а л қ а у

тарта бастады (Жыл он екі ай, 1978, 21). 

САЛҚЫНЫ з а т. Зардабы, кесірі, ыз-

ғары.  Қуан  шалдың  жиналыс  үстінде  бұ-

ның  жағасына  қол  салғандай  боп  өршіп 

сөйлеуінде арадағы сол өкпесінің с а л қ ы 

н ы жатқан сияқты (К.Ахметбеков, Ақдала, 

2, 223). 



САЛМА

1

  з  а  т.  ж  е  р  г.  Үйдің,  қора-



ның  төбесіне  салатын  ағаш,  сырғауыл. 

Елу  үйден  он  шақты  кедей  қостанып 

барып, с а л м а шабады (Ж.Тілепбергенов, 

Ізбасар, 141). 



САЛМА

2

 з а т. ж е р г. Төбесіне салма 



қойып, оның үсті бір нəрсемен жабылған 

лапас. Ішкөйлегі ағараңдап, қамыс с а л м 

489

Байынқол Қалиев

а н ы ң астында, кермеде қаңтарулы тұрған 

Елікжиреннің қасына барды (Ж.Кəрменов, 

Ақылбайдың əні, 14). 

САЛМА

3

  з  а  т.  э  т  н.  Шаңырақтың 



тоғынынан сəндік үшін шашақтап түсіріп 

қоятын бау; аспабау. Мұны с а л м а деп те 

атайды (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 29). 



САЛМА: Салма алу [ілу]. Жер қазып, 

оған  қошқар  немесе  тайыншаның  денесі 

(салма)  тасталады  да,  жігіттер  атпен 

шауып келе жатып, əлгіні іліп алып кету 

ойыны  (Ө.Жолымбетов,  Айгөлек, 77). 

Қазақша күрес, тоғыз құмалақ, бəйге, жорға 

жарыс, с а л м а  а л у, сайыс, көкпар, жамбы 

ату, қыз қуу, жаяу жарыс, садақ тарту т.б. 

спорт  түрлері  жаңа  мазмұнға  ие  болып, 

жастарымызды  тəрбиелеуге  қызмет  етуге 

тиіс (Лен. жас, 07. 05. 1976, 4). 

Салма көже. Қазандағы сорпаға, сүтке 

қамырды  жұлып-жұлып  салып,  пісірген 

көже. – Аманжан, түс төсектен, с а л м а

к  ө  ж  е  іш,  айналайын  (М.Қуанышбаев, 

Тайталас, 21). Бір жілігін ажыратып, етін 

ұсақтап турап, өзі баппан жасайтын с а л

м  а    к  ө  ж  е  пісірді  (Ш.Құмарова,  Əйел 

шырағы, 282). 



Салма салды. э т н. Қазақ үйді боран 

құлатып кетпес үшін, ұштары шаңғараққа 

байланған  жіптің  ортасына  ауыр  зат 

бастырып  қою  немесе  үй  ішіне  қағылған 

екі қазыққа тартып байлап тастау. Осы 

кезде  арпалысқан  боран  келді.  Күлшира 

үйге  бақан  тіреп,  с  а  л  м  а  с  а  л  д  ы 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 13). 



САЛМАУ з а т. ж е р г. Жыныс болып 

өскен  қалың  ағаш.  Бұл  биіктей-биіктей 

қалың қарағай с а л м а у ы н а, сай-салаға 

иек артып жатыр (Ə.Хасенов, Жат жазасы, 

45). Əлі де алыстағы жыра, сайлар, орман 



с а л м а у л а р ы үрей шақырып түнере 

түскен (Бұл да, 70). 



САЛМАШЫ  з  а  т.  Салма  (арық) 

қазушы,  салмамен  егін  суғарушы. - Өзің 

тары  екпеймін  деп  салма  шаппадың,  өз 

еңбегімізді  бере  алмаймыз, - деп  с  а  л  м 

а  ш  ы  л  а  р  бермейді  (Ж.Тілепбергенов, 

Ізбсар, 141). 



САЛПАҢҚҰЛАҚ...  Əр  қағаздың  аяқ 

жағында  жаңағы  «с  а  л  п  а  ң  қ  ұ  л  а  қ» 

(тыңшы) пен көшірген хатшының қолы бар 

(Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 112). 



САЛПЫНШАҚТЫ...  Жүрегінде 

өріктің сүйегіндей мөп-мөлдір жауһар тасы 

бар, үш қатар с а л п ы н ш а қ т ы алтын 

сырға (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 440). 



САЛ-СЕРІЛЕУ  с  ы  н.  Аздаған  сал-

серілік  қасиеті  бар.  Қасында  Палман 

ауылының белгілі азаматы, өзі де с а л - с е 



р і л е у Қуат деген кісі еріп жүрген көрінеді 

(Ел аузы., 239). 



САЛСҮЙЕК... Ал ауыл азаматтары ен-

жар, с а л с ү й е к болған жердегі тіршілік те

көңілсіз өте береді (Қаз. əдеб., 13. 09. 1974, 2). 

САЛТАНАТ  з  а  т.  б  о  т.  Қазақстан 

селекционерлері  өсіріп  шығарған  алма 

сорты.  Алманың  көптеген  сорттары  бар. 

Олар: Алмалы, Жетісу, Алатау таңы, С а л 



т а н а т т.б. (ҚСЭ, 1, 278). 

САЛТАНАТТЫЛЫҚ...  Ол  бұрынғы 

қайнағасының алдында кішік емес, қайта 

оның көзіне көбірек түсіп, қап-қара арық 

өңінен с а л т а н а т т ы л ы қ танытқысы 

келеді (Ұ.Доспанбетов, Ел есінен, 220). 

САЛТАНАТТЫРАҚ с ы н. Байлығы мол-

дау,  дəулеттілеу;  жасау-жабдықтылау. 

Зейнап  Құнанбай  аулынан  бай,  с  а  л  т  а 



н  а  т  т  ы  р  а  қ,  шынжыр  балақ,  шұбар 

төс  Шорман  тұқымынан  шыққан  (Аялы 

жандар, 119). 

САЛТАЯҚ  з  а  т.  э  т  н.  Балалар  ойы-

ны. Ойын аттары: с а л т а я қ, ауыртаяқ, 

жорғатаяқ, доп ойын, алты ала теке, ора-

мал  жастырмақ,  тақия  теппек,  ақсүйек, 

маймұрын, соқыртеке, барыпқаш – осының 

бəрі ұпай ұтыс болады (К.Əзірбаев, Аңыз., 

8).  Кенен  жасынан  пысық  болған.  С  а  л



т  а  я  қ,  ауыртаяқ,  жорғатаяқ,  орамал 

жасырмақ,  тақия  теппек,  маймұрын, 

соқыртеке, қақпатас, асық, шекемтас тəрізді 

қойшылардың ұпай ойынымен өз қатарын 

ұтып жүреді (Жұлдыз, 1974, №5, 188). 

САЛТӨСЕК з а т. ж е р г. Ауруға ұшырап, 

ұзақ уақыт сартап болып төсекте жатып 

қалу. Содан бері бір орында сарылып, с а л 

т ө с е к жатқанына үш жарым айдың жүзі 

(Жұлдыз, 1975, №4, 165). 



CАЛТТА... Мініс ат, сауын сиыр, ұсақ 

малдардан басқа ұзын аяқты ірі қараларды 

Аралға  с  а  л  т  т  а  п  айдатып  жіберген 

(М.Разданұлы, Алтай., 363). 



CАЛТТАУ Салтта етістігінің қимыл 

атауы. 

САЛУСЫЗ  с  ы  н.  Салынбаған. 

Бешпетінің түймесі с а л у с ы з, белінде 

көнелеу əскери белбеу (Қаз. əдеб., 01. 11. 

1974, 4). 



490

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

САЛЫ...  Реалбазаға  өткізіліп  жатқан

с а л ы н ы ң мөлшері белгілі (О.Сəрсенбай, 

Шеңбер, 187). 



САЛЫҚШЫ з а т. Салық салушы, са-

лық жинаушы. Жоғары-төменнен келіп, жа-

татын тексеруші, есепші, қисапшы, тілші, 

өкіл, с а л ы қ ш ы, басшы атаулыдан əбден 

ығыр болған (Д.Досжанов, Жолбарыс, 446).

Мұндай  елдер  соңғы  кезде  парашылар

мен  с  а  л  ы  қ  ш  ы  л  а  р  д  ы  ң  қақтығы-

сына  ұшырап,  түрлі  төңкерістерге  душар 

болатыны бар (Нұр Астана, 13. 11 2008).



САЛЫМ:  Салым  берді.  Той  жасап, 

елге  салым  ойынын  ойнатты.  Тоғыз  күн 

ойын, тоғыз күн тойын өткізіп, ұлан-асыр 

жиын жасапты, с а л ы м  б е р і п т і, көңіл 

көтеріпті (Д.Досжанов, Жолбарыс, 385). 



САЛЫМГЕР з а т. э т н. Салым ойынынң 

шебері, салымға қатысушы. С а л ы м г е р 

көкпарды төрешінің алдына тастайды (Соц. 

Қаз., 02. 02. 1991, 7). 

САЛЫМКЕШ з а т. с ө й л. Салымгер. 

– Белін жазып, ат үстінде анталап тұрған с а 



л ы м к е ш т е р г е тіл қатты (Д.Досжанов, 

Зауал, 148). 



САЛЫМШЫ з а т. Салым ойынының 

шебері, салымгер. Өйткені ол атшы, аңшы 

көкпаршы, додагер, шабандоз, с а л ы м ш ы

ғана емес, аттың жан дүниесін көз жана-

рынан түсінетін (Соц. Қаз., 05. 01. 1991, 6). 



САЛЫҢҚЫРА е т. Тағы да аздап салу, 

сала түсу (Ж.Қосыбаев, Əнші Мұхит, 8). 

САЛЫҢҚЫРАУ  Салыңқыра  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

САМ с ы н. к ө н е. Сұр. Алма мойын с а м

үйрек Ана Еділден көксіген. Көлді тастап, 

қырға ұшса, О дағы бір тарланға жолығар 

(Шалкиіз: Жеті ғасыр., 1, 37). 



САМАГОН  з  а  т.  Орыс  халқының 

қолдан жасалған арағы. Бұл келіп жеткен-

де  олар  диірменшінің  екі  бөлмелі  үйінің 

кіреберіс  бөлмесінде  бір  шөлмек  с  а  м  а 

г о н д ы аяқтап, қыз-қыз қайнап отырған 

(Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 11). 



САМАРДАЙ  с  ы  н.  Тілмар  тəрізді, 

самаржақтау.  Бəрін  бірдей  с  а  м  а  р 

д  а  й  қақсатып,  жатық  сөйлету  көрнеу 

тіршіліктен алыс тəрізді (Лен. жас, 23. 12 

1972, 4). 

САМАРҚАН  з  а  т.  м  и  н.  Асыл  тас-

тардың сары түсті бір түрі. Қызыл түсті 

лағыл, жақұт, гауһар, жасыл түсті замартас, 

көк түсті азурит, алтын түсті ақық, с а м а р

қ а н, мөлдірлігі шыныдай алмаз т.т. тегіс 

түстелді (Білім жəне еңбек, 1974, №5, 26). 



САМАРҚАУЛАН...  Егер,  қыран  тым 

арық болса да, с а м а р қ а у л а н ы п аңға 

ұмтылмайды (Шопан сырласы, 300). 

САМАСАУ с ы н. ж е р г. Кемтар: есі 

дұрыс емес, жынды шалыс. Əжіғали – ең 

кенжесі.  Ауруға  шалдығып  с  а  м  а  с  а  у 

болып тынды (М.Қаназов, Арна, 39, 700). 

САМАУРЫНШЫ  з  а  т.  Самаурынға 

шай  қанатушы,  самаурын  қоюшы  адам. 

(Ө.Тұрманжанов, Менің кітаб., 174). 



САМТЫРА е т. ж е р г. Қақсау, зарлау, 

сарнау. – Немене, бұлар да сенің меншігіңде 

ме еді? – С а м т ы р а м а, сары, - деп ашу 

шақырды ақикөз (Ж.Мусин, Туған үй., 134). 

САМТЫРАУ  Самтыра  етістігінің 

қимыл атауы. 

САМЫЛТЫР з а т. Желінген шөптің 

қалдығы; кəшек. Қорадағы с а м ы л т ы р д 

ы ң арасынан қылтиып көрінген сүйріктерді 

жұлып  жеп  жүрген  егіз  лақ  құлдыраңдап 

секірген  күйі  дереу  анасының  емшегіне 

жармасады (Қ.Омаров, Əке, 199). 



САН з а т. ж е р г. Теңдік, есе, санат. 

Құдайдың  құдіреті,  оңдырмайын  дегенде 

осылай  болады  ғой,  с  а  н  тимеске  с  а  н 

тиіп, енді Ыбырай баласы ел билеген соң 

не қыларсың? (Б.Майлин, Таңд., 243). 

САНА

1

 з а т. Жүз мың түменнен (1 милл. 



адамнан) құралған əскери топ. Əр түмен он 

мың кісіден қырқылып, он түмен бір с а н а

саналатынын еске алсақ, сол тұстың өзін-

де  Ноғайлы  елі  миллионнан  асып  түседі 

екен  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 9, 315).

Алпыс  с  а  н  а  қолға  ие  болған  жас  хан 

Ұлы  жүз  əскерінің  бетін  қайтарысымен, 

соңынан  қуып  берді  (І.Есенберлин,  Жан-

талас, 297). 

САНА

2

 м о д. к ө н е. Байырғы поэзия 



тілінде жиі қолданылатын, шылау мəнді 

көмекші сөз. Ай, Едіге, сен енді қайт, с а н а,

Қайтып Еділ өт, с а н а. Еңсей биік боз орда 

Екейіп сəлем бер, с а н а («Едіге» жыры, 

119). Тұмарымды ал, с а н а Біздің үйге бар, 



с а н а. Сағынып жүрген əкеме Тұмарымды 

беріп  қуантып,  Жүрекжарды  ал,  с  а  н  а 

(Мəшһүр Жүсіп, Шығ. 10, 197). 

САНА:  Санасы  сəптіреді.  ж  е  р  г. 

Ақыл-ойынан  адасу,  есінен  айырылу, 

сандырақтау. С а н а с ы  с ə п т і р е п

талықсып жатып, есін əрең-əрең жиғанда 

анық  сезгені - əзір  ажалға  беріспей,  лүп-


491

Байынқол Қалиев

лүп  соғып  жатқан  жалғыз  жүрек  екен 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 396). Əлде тағы да 

талықсып бара жатты ма, с а н а с ы  с ə п 



т і р е й бастаған осы бір сəтте əлгі ызалы 

күлкі  бұның  өзіне  де  естілген  сияқтанды 

(Бұл да, 417). 

САНАГЕР з а т. ж а ң а. Идеолог. Ол 

осы істің жалынды жаршысы, жанкешті с а 



н а г е р і (идеологы) болды (Ж.Ысмағұлов: 

Жұлдыз, 1992, №1, 140). 



САНАЛАУ Санала етістігінің қимыл 

атауы. 

САНАТ з а т. а р. Құрмет, атақ, дəреже. 

Санда бар, с а н а т т а жоқ (Мақал). 



САНАТТЫ с ы н. Білім деңгейі жоғары, 

тəжірибесі  мол,  өз  мамандығын  терең 

меңгерген;  категориялы.  Осы  күндері 

жоғары  с  а  н  а  т  т  ы  мұғалімдер  көп 

болғанымен, оқушының білігі төмен (Егем. 

Қаз. 19. 02. 2003, 5). 



САНБАТ... Айшаны да кетіпті жау қан 

қылып, Оң бүйірін бара жатыр жандырып. 

Қараңғы  түн.  Алыста  қыз. «С  а  н  б  а  т

қ а» Жетемін деп бір жығылып, бір тұрып 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 10, 41). 



САНҒҰН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əскери 

лауазымдардың дəрежесі кіші түрі. Қаған 

орнынан  тұрды.  Ол  тұрғанда  орда  толы 

сардарлар мен с а н ғ ұ н д а р, білгілер, шад-

тар мен еркіндер түгел тұрды (Т.Зəкенұлы, 

Мəңгітас, 403). – Мені орда с а н ғ ұ н ы 

хуяндық  Ван  Кэға  кездестіріңдер, - деді 

(Бұл да, 406). 

САНДАЛ... Төстің с а н д а л ы н құмға 

тығып қойғандықтан, балға темірге емес, 

ағашқа тигендей, дыбыс əріден тұншығып 

естіледі (Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 165). 

Əр шаһарға қарасаң, құрулы тұрған күзгі 

бар, Күзгіні көр де көзім көр! Самарқанд 

барсаң с а н д а л бар, С а н д а л д ы көр де 

тісім көр! (Ақсуат, 1, 279). 



САНДАЛАҚ з а т. Сандалған адам, сан-

далбай. Бетін байқап қарасаң бұл қазақтың, 

Соқпағына түсті ғой дəл дозақтың. Ақыл 

айтсаң,  алады  бір  жеріңнен,  Белгісіз  есі 

шыққан  с  а  н  д  а  л  а  қ  т  ы  ң  (Шəкəрім, 

Шығ., 80). 

САНДАН...  Жарау  аттар  қыпша 

белденіп,  дөңгелек  с  а  н  д  а  н  ы  п  қызға 

ұқсап  келетіні  де  осы  кез  (Ғ.Мүсірепов, 

Жат қолында, 375). 



САНДЫҚ: Сандық ашар. э т н. Қыз 

ұзатарда,  келін  түсірерде  жасалатын 

кəде. «Кемпір өлгенге» - алты алады, «с а н 

д ы қ  а ш а р ғ а» - жеті алады (Қаз. əдеб., 

23. 08. 1974, 2). 



САНДЫҚШАЛАН  е  т.  Сандықша 

тəріздену,  төртбұрыштану.  Көптің 

қоршап тұрғаны – с а н д ы қ ш а л а н ы 



п  қаланған  қызыл  шұбар  тастар  текшесі 

(К.Оразалин, Абайдан соң, 27). 



САНДЫҚШАЛАНУ  Сандықшалан 

етістігінің қимыл атауы. 

САН-САПАТ с ы н. ж е р г. Неше түрлі, 

сан салалы. Сары ала күймеде с а н - с а п 

а т қиялға батып келе жатыр (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 216). Адам  алдана  білмесе,  кеп-

келте ғұмырында басынан кешіретін с а н 

- с а п а т тауқымет пен азапқа бір күн де 

төзе алмас еді (Ə.Кекілбаев, Бір уыс., 235). 



САНТИМЕТРЛЕ  е  т.  Сантиметрмен 

өлшеу.  Кеудесін,  тұрқын,  тірсегін,  тіпті 

құйрығына дейін с а н т и м е т р л е п өл-

шеді (Ш.Мұртазаев, 41-ші жыл., 163). Əл-

деқайдан  линейка  табылып,  алдымен  ме-

тірлеп, дециметрлеп, сосын с а н т и м е т р-

л е п өлшенді (М.Байғұт, Бұла бұлақ, 152). 

САНТИМЕТРЛЕУ  Сантиметрле 

етістігінің қимыл атауы. 

САНТИМЕТРЛЕН  Сантиметрле 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс.  Ол 

айтып яки сызып с а н т и м е т р л е н 



е  т  і  н,  қойыртпағы  көп  пəлсапа  емес 

(Қ.Əбілқайыр, Текес., 136). 



САНТИМЕТРЛЕНУ  Сантиметрлен 

етістігінің қимыл атауы. 

САҢ:  Саңы  ауды.  ж  е  р  г.  Барғысы 

келді, аңсары ауды. – Қабира, сендердікіне 

барғым  кеп  с  а  ң  ы  м  а  у  ы  п  тұр, - деді 

(М.Сқақбаев, Ұят тур., 105). Кейде с а ң ы м 

а у с а, оқуымнан шығысымен сонда кетем 

(Саятшылық, 190). 



САҢҒАЛ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Салаланған, 

биік, заңғар (тау). Көкжиекке дейін күдері 

жон,  қоңыр  құйқалы  шиыр,  іркес-тіркес 

сілемденген с а ң ғ а л таулар (Ə.Асқаров, 

Таңд., 297). Осы  сəтте  иттер  ұласа  үріп, 

бірін-бірі желіктіре шулап, ауылдың шығыс 

жағындағы жартасты с а ң ғ а л тауға қарай 

тартты (Қаз. əдеб., 06. 07. 1973, 4). 

САҢҒУ...  Оның  (дуадақ)  істейтін 

қайраты лашын нақ ілуге жақындай берген-

де басына саңғып жібереді жəне көбінесе 

көзіне  саңғиды!  С  а  ң  ғ  у  ғ  а  ұшыраған 

лашын  енді  қайтып  дуадаққа  жоламайды 

(С.Мұқанов, Өмір мект., 90). 



492

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

САҢҒЫТТЫР  Саңғыт  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

САҢҒЫТТЫРУ  Саңғыттыр  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

САҢҒЫТУ...  Құсты  сипап  оты-

рып,  түнде  с  а  ң  ғ  ы  т  у  ғ  а  үйретеді 

(А.Молдабергенов, Атамекен, 52). 

САҢЛАҚТАНДЫР  Саңлақтан  етіс-

тігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Сірə,  таза 

ауа мен тыныш ұйқы сау организмді лездің 

арасында с а ң л а қ т а н д ы р ы п жіберген 

тəрізді (К.Ахметбеков, Егіз қала, 228). 



САҢЛАҚТАНДЫРУ  Саңлақтандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

САҢЛАҚТЫҚ  з  а  т.  Алғырлық, 

ұшқырлық.  Сəкеннің  с  а  ң  л  а  қ  т  ы  ғ  ы 

Мұхтардың мықтылығын мансұқтай ма?! 

(М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 181). Ол ошарлы 

бала-шағасын  өсіре  жүріп,  өзінің  дегдар 

табиғи жаратылысымен, сөзгер с а ң л а қ 

т ы ғ ы м е н ел-жұртына сыйымды болып 

өткен кісі (Ж.Ахмади, Айтұмар, 509). 



САҢМҮЙІЗДЕН е т. ж е р г. Еркінсу, 

қағыну,  құтыру.  Кешеден  бері  тіпті 

дəрежесі  өсіп,  атасының  қасында  əбден



с а ң м ү й і з д е н і п алып еді (Қ.Жұмаділов, 

Сайгүл-р, 47). Жаз  шықса,  енді  қайтып

қыс түспейтіндей с а ң м ү й і з д е н і п 

қағынып кетеміз (З.Шəкенов, Күн көтеріл., 

210). 

САҢМҮЙІЗДЕНУ Саңмүйізден етіс-

тігінің қимыл атауы. 

САҢЫЛАУЛАТ Саңылаула етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. – Ауданнан келген 

уəкіл  балам  сенбісің? – деп  күргейлене, 

сабалақтана  ұйысқан  қалың  қасына  сұқ 

саусақтан бақан тіріп, түңлік с а ң ы л а у



л а т қ а н шал ілгері ұмсынды (С.Сматаев, 

Алғашқы асу, 83). 



САҢЫЛАУЛАТУ  Саңылаулат  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

САҢЫРАУ:  Саңырау  құр...  Қою 

жапырақты  ормандарда  құр  тұқым-

дастардың ең үлкені – с а ң ы р а у  қ ұ р

тіршілік етеді (Құстар, 81). Үш орманды, екі 

жүздей ғана елік мекендейді. С а ң ы р а у

қ  ұ  р,  ақ  құр,  шіл  т.б.  құстар  да  азайған 

(Коммунизм таңы, 17. 02. 1968). 



САҢЫРАУҚҰЛАҚША  ү  с  т.  Саңы-

рауқұлақ  тəрізді,  саңырауқұлақ  секілді. 

Жауыннан кейін қаптаған с а ң ы р а у қ ұ л 



а қ ш а шоқ-шоқ тұрған үйлер, офистер бой 

көтеру үстінде (С.Оспанов, Сопы., 278). 



САҢЫРАУЛЫҚ... Мақсатым – с а ң ы 

р а у л ы қ т а н құтылу (Т.Нұрмағамбетов, 

Ата қоныс, 22). 



САПАҚ

1

 з а т. Күн батып бара жатқан 



мезгіл,  кешкі  кез.  Сəдірбек  ақ  таяққа 

сүйеніп, кешкі с а п а қ т а селдір сақалын 

қызыл нұрға бояған Тілеуқұл биге көз тікті 

(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 17). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет