Байынқол Қалиұлы
филология ғылымдарының докторы,
профессор, мемлекеттік сыйлықтың иегер
і
9
Байынқол Қалиев
А
АБА з а т. к ө н е. Жылқы терісінен тұтас
тігілген, жауын-шашыннан қорғайтын,
күлəпарасы бар, жамылғы түріндегі сулық
киім (Қаз. этнография., 1, 35). А б а н ы желді,
жауын-шашынды күндері сулық ретінде
жамылады (Бұл да).
АБАҒАН
1
з а т. к ө н е. Қоршау, қорған.
Шеберлер тастарды лаймен байлап, тым
биік əрі неше бөліктен тұратын а б а ғ а н
етіп салыпты (Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 276).
А б а ғ а н д а р д ы ң арасы бір-бірімен тар
есіктер арқылы жалғасады екен (Бұл да).
АБАДАН
2
... 2. а у ы с. Жаугершілікте
қол бастайтын, жауға атойлап шабатын,
күшті, мықты, ержүрек қолбасшы (Қаз.
этнография., 1, 35).
АБАЙМА з а т. ж е р г. Шен-темір. А б
а й м а дөңгелектің ағаш доғасын тозудан
сақтайды (Қаз. этнография., 1, 36). А б а й
м а – арба дөңгелегінің шентемірі; шеңбер
сияқты бөлігі (Бұл да, 1, 188).
АБАЙШЫЛ¹ с ы н. Абайды жақсы
көретін, Абай десе жанын салатын (адам).
АБАЙШЫЛ² с ы н. Абайлап жүретін,
сақ, қырағы. Сəл шыдаңдар. Аздап тағы
тоқтайын, Бір адамға, басқан өңін мұң-
уайым. Солдат еді ол бір жуас, а б а й ш ы л,
Кештеу білдім мен де оның көп жайын
(І. Есенберлин, Шығ. жин., 10, 80).
АБАҚ з а т. к ө н е. Абақ – аң ұстауға
арналып, талдан тоқылған қапас. Ашкөз
аң қапастың түбіндегі жемді жегелі
ішке кіргенде, тордың қақпағы жабы-
лып қалады (Қ. Жұмаділов: Жас алаш,
24.11.2009).
АБАТТАНДЫРЫЛ Абаттандыр
етістігінен жасалған ырықсыз етіс. Аудан
əкімі үстіміздегі жылы аталмыш аумақтың
а б а т т а н д ы р ы л а т ы н ы н айтты
(Астана ақшамы, 04. 02. 2012).
АБАТТАНДЫРЫЛУ Абаттандырыл
етістігінің қимыл атауы.
АБДАН з а т. к ө н е. Бодан халық төлеп
тұратын салық. Сыбан-Раптан басып
алып, боданына қаратқан қазақ, қырғыздан
қытай императорына а б д а н (салық) беріп
тұруға міндетті еді (Ж. Тұрлыбай, Райым-
бек., 1, 39).
АБДЫРЫҚ з а т. з о о л. Қанаттары
қоңыр түсті, қауырсындары қызғылт
сары, құйрығы желпуіш сияқты, шусыз
ұшатын құс. А б д ы р ы қ Сібір тайгасының
ну жерін мекендейді. Қазақстанда тек
Алтай таулы ормандарында кездеседі
(Қазақст. жануар., 118).
АБЛЫҚПА с ы н. Жүрегі алып ұшқан,
қатты толқыған, аблыққан. Сол сол-ақ
екен, əлгінде ғана бойды кернеп, денені шар-
пыған а б л ы қ п а сезім су сепкендей басыл-
ды да қалды (А. Мекебаев, Аңызақ, 172).
АБРАТ з а т. ж е р г. Көксүт. Ақ
шыққаннан бері сепаратордың а б р а т ы н
осында тасытып, ертеңді-кеш жұмыста
жүрген жұртқа ыстық көже ұйымдастырған
(Қ. Ысқақ, Тұйық, 136). Сүтті Əмірбектің
үйіндегі машинаға тартқызып, қаймағын
алады да, а б р а т ы н іркітке құйып, жи-
най-жинай құрт қайнатады (А. Жақсыбаев,
Бозарал, 26).
АБУТИЛЕН з а т. б о т. Тропиктік
жəне субтропиктік өңірлерде өсетін
бұталы жəне шөптесін өсімдік. Əдемі
хош иісті қызыл гүлдері болады. Қолайлы
жағдайда а б у т и л е н 5-6 ай гүлдейді.
А б у т и л е н ауаның таза болғанын ұнатады
(С. Тұрдиев., Үй өсімдік., 59).
АБЫЗДЫЛЫҚ з а т. Абыз болғандық,
абыздық еткендік.
АБЫЗСЫН... Жалпы үлкендердің
өстіп ақыл айтып а б ы з с ы н ы п шыға
келетіндері мені өлердей жалықтырып
жіберетін (Ə. Асқаров, Таңд., 18).
АБЫЗСЫНУ Абызсын етістігінің
қимыл атауы.
АБЫЗШЫЛАП ү с т. Абыз тəрізді,
білгір, ақылгөй. «Өткеннен – мұрағат,
өркенге – ұлағат» дейді. Мұрағаты не,
ұлағаты не? Сапекең тым а б ы з ш ы
л а п кеткен бе, қалай? (Ə. Ыдырысов,
Тұлға., 122).
АБЫЛАЙ: Абылай аспас асу. Орында-
луы қиын, қолдан келмес іс; өте ауыр жол.
АБЫЛАҢҚЫ з а т. Тегі мықты, ірі
денелі ит. Ит қазақ ішінде үш түрлі болады:
тазы, а б ы л а ң қ ы, төбет. А б ы л а ң қ ы д а н
əсіресе қасқыр алушы иттер көп шығады.
Тазы қоян, түлкі алады. Төбет қора күзетеді
(Қаз. əдеб., 11.11.1988, 13).
АБЫРЖЫҢҚЫРАУ Абыржыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
АБЫСЫН: Абысын шай. Ауылдың
ерлері мен үлкендері жоқ кезде абысын-
10
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
дар бір үйге жиналып, шай ішетін, өзара
сырласатын бас қосу салты (Қаз. этно-
графия, 1, 42). Оған көбіне көңілжетер,
сыйлас абысындар жиналатындықтан,
бұл салт а б ы с ы н ш а й деп аталған
(Бұл да, 43).
АВАНЦЕНА з а т. т е а т р. Театр
сахнасының алдыңғы жағы. Ал а в а н
ц е н а д а Роза Жаманова оркестрдің
сүйемелдеуімен образға «барлау» жасап
тұр (Қаз. əдеб., 21.02.1986, 4).
АВИАЦИЯЛЫҚ: Авиациялық учи-
лище. Авиация мамандарын дайындайтын
орташа оқу орны. Соған қарамастан ауыл
балалары шетінен а в и а ц и я л ы қ у ч
и л и щ е л е р г е аттанды (Б. Омарұлы,
Қаратерең., 18).
АВРОРА з а т. Бидай тұқымының
қылтанақсыз сорты. Оның сабағы мықты,
дəні ірі болады. Краснодар өлкесінде
бидайдың əр түрлі сортынан будандас-
тырылып алынған «А в р о р а» сорты
өсіріліпті (Ақ бидай. 55). «А в р о р а»
бидай тұқымының масағы дəнге тығыз
болады. Мұнымен бірге «а в р о р а» тұқымы
ауа райының қысқы суық жағдайына
төзімді, азотты тыңайтқыштарды, ылғалды
жақсы сіңіреді (Орталық Қазақст.,
13.03.1968, 2).
АВТОАЛАҢ з а т. Автомобильдер
тұратын алаң (жер). Қазірдің өзінде
мұнда əртүрлі маркалы бірнеше жеңіл
машиналар, екі а в т о а л а ң, сəбилер
автомобильдері бар (Лен. жас, 21.08.1974).
АВТОЖОЛ... Ол кезде қазіргідей да-
ланы шиырлаған а в т о ж о л д а р жоқ
(Қ. Олжай, Қанат байла., 77).
АВТОЖУҒЫШ з а т. с ө й л. Автожуу.
Түнгі сағат он бірде а в т о ж у ғ ы ш жа-
былады (Т. Əбдірайым, Алабұға., 21).
АВТОИНСПЕКТОР... А в т о и н с
п е к т о р л а р үйірмесінің ең жас мүшеле-
ріне қалашықтың автоинспекция бас-
шысы, милиция лейтенанты Галина
Үмітбаева əрдайым ақылшы ана (Лен. жас,
21.08.1974, 4).
АВТОКОЛОННА... Еңбек полкында
болу, армияға қажетті ірі-ірі а в т о к о
л о н н а л а р д ы дайындау күндері асыға
күткен жеңіске ұласты (Е. Естаев, Өмір
өткелдері, 37).
АВТОҚАЛАШЫҚ з а т. с ө й л.
Автоалаң. А в т о қ а л а ш ы қ техника-
мен жақсы жарақтандырылуда (Лен. жас,
21.08.1974, 4).
АВТОҚОПАРҒЫШ з а т. т е х н.
Автомобильге орнатылған жер қазғыш
машина. Өйткені бұрынғы «Бел-А3» а в
т о қ о п а р ғ ы ш т а р ы мен бұрғылау
станоктарының қуаты азайып, өнімділігі
жыл сайын өскелең талапты өтей алмай
отыр (Қаз. əдеб., 21.02.1986, 2).
АВТОМАТТАНДЫРЫЛУ Автомат-
тандырыл етістігінің қимыл атауы. Енді
міне өндіріс процестерінің а в т о м а т
т а н д ы р ы л у ы жөнінен елімізде теңдесі
жоқ алып агрегат – салқын прокат станы
алғашқы өнімін бере бастады (Лен. жас,
04.07.1973, 2).
АВТОМОДЕЛЬ з а т. Автомобильдің
моделі, үлгісі (макеті).
АВТОМОДЕЛЬШІ з а т. Автомобильдің
моделін жасаушы адам. Жас а в т о м о д
е л ь ш і л е р өздері құрастырған машина-
ларын жарыс жолына шығаруда (Лен. жас,
09.06.1972, 4).
АВТОРОТА з а т. ə с к. Автомобиль-
дермен жабдықталған рота. Оның көз
алдына өзінің Семияр а в т о р о т а с ы
н а н осы колхозға астық тартуға жүрер
алдындағы анасының ауру жүзі елестеді
(Ə. Нұршайықов, Ертіс., 16).
АВТОСЛЕСАРЬ з а т. Автомобильдерді
жөндейтін маман. Міне, осындай сəттерде
дереу а в т о с л е с а р ь л а р д ы ң көмегі
ауадай қажет (Лен. жас, 30.01.1973, 1).
АВТОТІРКЕМЕ з а т. т е х н. Автомо-
бильге тіркейтін қосымша жүк тасығыш.
Кəсіпорын шағын көлемдегі а в т о т і р
к е м е н і көптеп шығара бастады (Егем.
Қаз., 17.01.1992, 1).
АВТОТІРКЕС з а т. Автомобильге
қосымша жүк тасығыштарды тіркеу
əдісі. А в т о т і р к е с т е р д і жаппай
қолдану көп мəселелердің түйінін шешеді
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1963, 6, 46).
АГЛОМЕРАТШЫЛЫҚ з а т. г е о л. Агло-
мерат мамандығымен айналысушылық. Ол
шарқ ұрып ыстық пештің жалынына шыдап,
жентек күйдіретін, қиын мамандық – а г л о
м е р а тш ы л ы қ қ а адам іріктеді (Лен. жас,
23.03.1976, 3).
А ГЛ ЮТ И Н АТ И В Т І Л І К з а т.
Жалғамалылық құрылым. Құрмалас
сөйлемдердің дамуында қазақ тілі
өзінің жалғамалық (а г л ю т и н а т и в
11
Байынқол Қалиев
т і к) қасиетіне сəйкес есімшелерді,
оның септеуін, демеулермен тіркестіріп
пайдаланған (Қазіргі қаз. тілі, 1954, 517).
АГРОМЕЛИОРАТИВТІК с ы н. Агло-
мелиоративке қатысты, соған тəн. Егер
а г р о м е л и о р а т и в т і к шаралар дұрыс
қолданбаса, егістіктің төңірегі ақ айранда-
нып кетеді (Қаз. əдеб., 20.06.1975, 2).
АГРОШАРА з а т. б и о л. Агрономиялық
шара, агрономиялық əрекет. Осы қаулыда:
энтомофильді дақылдарды бал арасымен
тозаңдандыру міндетті а г р о ш а р а
деп табылсын, - делінген (Қаз. əдеб.,
17.05.1985, 2).
АҒАЛА: Ағалап шықты. Ұлттық
спорт түрлерінен өтетін жарыстарда
ойыншының айқын басымдылықпен жеңіс-
ке жетуі, озуы (Қаз. этнография., 1, 45).
М.Əуезов «Абай жолы» романында тоғыз-
құмалақшылардың өзара сайысын сипат-
таған тұста үш-төрт ойыншының а ғ а л а п
ш ы қ қ а н ы н (озғанын) айтады (Бұл да, 46).
АҒАЛАС... Сонсоң а ғ а л а с ы п жол-
ға шыққан біреуі жетелей жөнеледі
(М. Разданұлы, Алтай., 169).
АҒАРҒАНШЫЛ с ы н. Сүт, шұбат,
айран сияқты асқа жаны құмар. Қызына
саудырып, өзі баптайды (түйені). Басқа асқа
онша емес. А ғ а р ғ а н ш ы л (М.Қаназов,
Арна, 19).
АҒАТ з а т. м и н. Кварц текті асыл
тас. Мұнымен қатар зергерлер күміс
бұйымдарды асыл тастардан (лағыл, сап-
фир, зүбіржат, гауһар, асық жəне а ғ а т,
хризопраз, інжу, маржан, жақұттан) көз
қондыру арқылы да əсемдей түскен (Қазақ
əйелд., 1983, 9, 25).
АҒАШ: Ағаш адам. а у ы с. Қатып
қалған, қайырымсыз, мейірімсіз. Ақ жел-
ке сияқты өзінен елі төменге құдайсып
өзінен бір саты «жоғарыға алдияр тақсыр»
деп бас иіп, жорғақтап, бендесіп тұра-
тын нəрсіз, ой-санасыз, а ғ а ш а д а м ғ а
бүгінгі ұзақ ісі естіп-біліп көрмеген сұмдық
сияқтанған (Жұлдыз, 1974, 8, 28).
Ағаш аяқ. э т н. Аяққа ағаш байлап
алып, ойнайтын ойын (Шопан серігі, 235).
Ағаш əрлеу. Қажетті бұйым жасау
үшін ағашты жоғары сапада өңдеу (таза-
лау, ажарлау, бояу, өң беру т.б.). А ғ а ш ə р
л е у көп еңбек сіңіруді, үлкен тəжірибе мен
шеберлікті қажет етеді (Ə.Тəжімұратов,
Шебер., 64).
Ағаш балға. Басы ағаштан жасалған
балға. Балғаның шой балға, шың балға, жез
балға, а ғ а ш б а л ғ а, т.б. көптеген түрлері
бар (Қаз. этнография., 1, 393). А ғ а ш
б а л ғ а н ы ң басы өте қатты ағаштан жа-
салып, оның ұңғысына ағаш сап енгізіледі
(Шаңырақ, 104).
Ағаш бесік. ф и л о с. Адамның туғаннан,
дүниеге келгеннен кейінгі ғұмыры. Қазақ
ұғымында адам ғұмырының өлшемі ретінде
«а ғ а ш б е с і к» пен «жер бесіктің»
аралығы алынады (Ата салты., 121).
Ағаш қазық. Ағаштан жасалған
қазық. Қазық ағаштан да, темірден де
жасалынады. А ғ а ш қ а з ы қ өзінің
қолданылатын орнына қарай бірнеше түрге
бөлінеді (Шаңырақ, 104).
Ағаш майы. Ағаштан арнайы тəсілмен
алынған май. Ұсақталған ағаш жаңқаларын
түбі арнайы тесілген қазанға салып,
тесіктің астына ыдыс қояды. Маздатып
от жағады. Оттың қызуымен ағаштың
құрамындағы шайыр балқып, қазан
түбіндегі тесік арқылы ыдысқа құйылады
(Қаз. этнография., 1, 50). Алынған а ғ а ш
м а й ы н малдың қотырын, қойдың көнтек
тəрізді тері ауруларына қарсы қолданған
(Бұл да).
АҒАШСЫМАҚ с ы н. Ағаш тəрізді,
ағаш сияқты. Діңгегі жуан ағаш та емес,
селтиген бұта да емес, шөре-шөрелеу бір
тырбиған а ғ а ш с ы м а қ (О.Қанахин,
Жер бас., 370).
АҒАШШЫЛЫҚ с ы н. Ағаш өңдеу-
шілік, ағаштан əртүрлі бұйым жасау-
шылық. Келі шабу – қазақ а ғ а ш ш ы л ы қ
өнерінің өмірлік түрі (Қ. Толыбаев,
Бабадан., 254). Ұсталық, а ғ а ш ш ы л ы қ
сияқты еңбектің қыр-сырына көзі қанық
болып өскен-ді (Қ.Жұмаділов, Соңғы
көш, 2, 335). Ол зергерлік, өрімшілік,
ұсталық, оюшылық, а ғ а ш ш ы л ы қ
деп жіктелетін əр текті өнер саласын тал
бойына сіңіріп өсті (Білім жəне еңбек,
1985, 10, 16).
АҒЗУ з а т. Мата аты; ақзон. Үш ен
а ғ з у шылауыш, Туырлықтай кеңдігі. Бір
қараңа бір киім, Алғызып киген құрғыры
(А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 332).
АҒУШЫ з а т. Суға аққан, ағынға
ұшыраған адам. ≈ Суға а ғ у ш ы кім болды
екен?
АҒУШЫЛЫҚ з а т. Суға аққандық.
12
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
АҒҰРЫҚ з а т. c ө й л. Ақұрық. А ғ ұ
р ы қ т ы қыста сақтауға болады (Диал.
сөзд., 13).
АҒЫЗБАҚ з а т. к ө н е. Ауыл ба-
лалары ойнайтын ойынның бір түрі.
Бұлардан басқа да «а ғ ы з б а қ», «бақ-
бақ», «бақай пісті», «жылмаң», «топай»
сияқты ойындардың көптеген архив мате-
риалдарында аттары аталғандарымен, ойын
мазмұны жазылмаған (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын., 65).
АҒЫЗДЫРЫЛ Ағыздыр етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Бұл су Ертіс
өзенінде Тобылға, оның төменгі ағысымен
а ғ ы з д ы р ы л ы п, Торғай даласы арқылы
өткізіледі (Лен. жас, 28.11.1972, 3).
АҒЫЗДЫРЫЛУ Ағыздырыл етіс-
тігінің қимыл атауы.
АҒЫЗЫҢҚЫРА е т. 1. Аздап ағызу,
ағыза түсу. 2. а у ы с. Қаттырақ жүру,
заулау. Ашық даламен а ғ ы з ы ң қ ы р а п
алған машина бір уақытта қиралаңдай
қозғалып кілт тоқтады (Т. Мəмесейіт,
Таңжарық, 2, 237).
АҒЫЗЫҢҚЫРАУ Ағызыңқыра етіс-
тігінің қимыл атауы.
АҒЫЛАН: Ағылан етілді. к і т а б. Ха-
барландырылды. Жетісу облысында моби-
лизация а ғ ы л а н е т і л і п, бір облыстағы
ғаскер біздің Жəркент шəһəріне жиналды
(«Айқап» газеті, 53).
АҒЫЛШЫНДАН е т. Ағылшын болу,
ағылшынға айналу.
АҒЫЛШЫНДАНДЫР Ағылшындан
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
АҒЫЛШЫНДАНДЫРУ Ағылшын-
дандыр етістігінің қимыл атауы.
Ағылшын, орыс, қытай азаматтарының
қазақ қыздарына үйленулерінен олардың
а ғ ы л ш ы н д а н д ы р у, орыстандыру, қы-
тайландыру саясаттарына ешқандай кедергі
келмейді (М.Құдайқұлов, Құпия., 12).
АҒЫЛШЫНДАНУ Ағылшындан
етістігінің қимыл атауы.
АҒЫЛШЫНДЫҚ с ы н. Ағылшынға
тəн, ағылшынға қатысты. А ғ ы л ш
ы н д ы қ такаббарлыққа бұдан былай
жоламайтындығыңызға уəде беріңіз
(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 399).
АҒЫНДЫ: Ағынды су. Ағып жатқан
су.
АҒЫРАҚ с ы н. Аздап ақ, ақшылтым.
Мысалы: ақша, ақшыл, ақшылтым,
ақшылдау, ақшылырақ, ақшылтымдау,
ақтау, а ғ ы р а қ, ағырақтау, аппақ
дегендердің бəрінің де мағыналары мен
формаларын анықтау үшін əрі негіз, əрі
таяныш болатын сөз де, форма да - ақ сөзі
(А. Ысқақов, Қазіргі қаз. тілі. 276).
АҒЫРАҚТАУ с ы н. с ө й л. Ағырақ,
ақтау, сəл ғана ақ.
АҒЫССЫЗ с ы н. Ағысы жоқ,
ақпайтын. Қамысторғай негізінде суы
а ғ ы с с ы з не баяу ағысты қамыс өскен
жерлерді мекендейді (ҚСЭ, 6, 443).
АДАҒАЙЛАТ Адағайла етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Сонан соң жадыраған
жаз таусылып, қылышын сүйретіп қыс кел-
генде а д а ғ а й л а т а қуып əкеліп жəне
бір тарлау қораға қамайтын (Жұлдыз, 1972,
5, 121).
АДАҒАЙЛАТУ Адағайлат етістігінің
қимыл атауы.
АДАҚ: Адақ арба. ж е р г. Аяғын жаңа
басқан сəби сүйеніп жүру үшін жасалған
үш дөңгелекті кішкене арба; итарба (Қаз.
этнография., 1, 58).
АДАЛАН е т. Ада болу, құтылу. Біздің
сынымыз сол бұрыннан етек алып келе
жатқан кемшіліктерден біржола а д а л
а н д ы деп айта алмаймыз (Қаз. əдеб.
18.06.1976, 1).
АДАЛАНУ Адалан етістігінің қимыл
атауы.
АДАМ: Адам денесінің патшасы.
п е р и ф р. Жүрек. Жүрек айтыпты: Мен
– а д а м д е н е с і н і ң п а т ш а с ы м
ы н, қан менен тарайды, жан менде мекен
қылады, менсіз тіршілік жоқ, - депті (Абай,
Шығ., 152).
АДАМАРАЛЫҚ с ы н. Адамдар
арасында болатын. Неке а д а м а р
а л ы қ қатынастарға жататындықтан
Төле мұндай мəселелер бойынша дауды
болдырмауға көп күш салғанға ұқсайды
(Н. Мыңбатырова, Төле би., 120).
А Д А М Г Е Р Ш І Л І К С І З с ы н .
Адамгершілігі жоқ. Өйткені ізгіліксіз,
а д а м г е р ш і л і к с і з өмір сүру қиын.
Ізгілік – адами тіршіліктің мəні (Д. Рамазан,
Жылап аққан., 5).
АДАМДАНУ з а т. Адами қасиетке
ие болу. Адамның а д а м д а н у ы
оның биологиялық марқаюымен, тұтас
болғанымен де, екеуі егіз қатар жүрмек
емес (Білім жəне еңбек, 1985, 2, 40).
13
Байынқол Қалиев
АДАМТАНУ з а т. ғ ы л м. Адамның
мінез-құлқын, психологиясын зерттейтін
ғылым. – Бұлар сендерге а д а м т а н у
сабағын үйретіп, өмірдің тереңіне бойлата-
ды, оқыңдар, айналайындар (М. Айымбе-
тов, Құмөзек., 132). – Кейде, Баеке, бəріміз
де а д а м т а н у жөнінде қателесе береміз.
Меніңше, Дүйсеновты əлі де жөнге салуға
болады (Жалын, 1974, 2, 55).
АДАМШӨП з а т. б о т. с ө й л. Адамта-
мыр. Сөйтсе бұл ранот немесе а д а м ш ө п
деп те аталатын көрінеді (М. Разданұлы,
Алтай., 160).
АДАПТАЦИЯЛАН е т. б и о л. Белгілі
бір жағдайға, ортаға бейімделу.
АДАПТАЦИЯЛАНУ Адаптациялан
етістігінің қимыл атауы. Ол космонавтар
организмінің салмақсыздық жағдайында
ұзақ уақыт болған соң жердің таралу күшіне
а д а п т а ц и я л а н у ы н а (бейімделуіне)
назар аударды (Лен. жас, 04.07.1973, 2).
Достарыңызбен бөлісу: |