Жауапты редакторлар


ПІТЕ з а т. с ө й л. Қаракүйе



Pdf көрінісі
бет115/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   168

ПІТЕ з а т. с ө й л. Қаракүйе. Сəуле ата-

улыны қаламайтын, Тірлік үшін түк кəдеге 

жарамайтын,  Көлеңке  мен  күңгірт  жерді 

ғана  сағалайтын  Не  десеңіз,  ол – п  і  т  е 

дейтін жəндік (Қаз. əдеб., 01. 08. 1986, 16). 

ПІШЕНМАЯЛАҒЫШ  з  а  т.  Пішен 

маялайтын  машина.  Оларды  (тайларды) 

бір жерге үю жұмысын биыл п і ш е н м а 



я л а ғ ы ш трактор атқаруда (Коммунистік 

еңбек, 01. 06. 1969). 



ПІШЕНТАЙЛАҒЫШ  з  а  т.  Пішен 

тайлайтын машина. Əдетте п і ш е н т а й 

л а ғ ы ш т ы көргенде соңында пішендерді 

жинап, үйіп жүретін жұмысшылар болушы 

еді.  Мұнда  ондай  адамдар  жоқ.  Тайлар 

қатар  түзеп  қалып  жатыр  (Коммунистік 

еңбек, 01. 06. 1969).

ПІШКІЗ... Ақбілекке керегебау, уықбау 

ызғызып,  көйлек-көншегін  п  і  ш  к  і  з  і  п 

алуға  шақыра  келетін  абысын-ажын  ізі 

суып көрген жоқ (Қаз. əдеб., 23. 12. 1983, 4). 



ПІШКІШ с ы н. Еркек малды пішетін 

(адам); ақтаушы. Бұған қарағанда п і ш к і 

ш т е р д і ң үшінші реттен де тайынбайтын 

болғаны да... Мал көрмегірлер! (Ə.Асқаров, 

Өр Алтай., 88). 

ПІШІМШІ... Сонан соң бүгін сіңлісін 

ертіп келіп, п і ш і м ш і л е р мен тігіншілерге 

дау айтып тұрған беті екен (Лен. жас, 23. 

07. 1974, 2). 



Р

РАДИОЖУРНАЛШЫ  з  а  т.  Радиода 

журналист болып қызмет істейтін адам. 

Ол Т.Мəденов, Т.Тасболатов секілді таны-

мал р а д и о ж у р н а л ш ы ағаларының 

қамқорлығын  көрді  (Б.Омарұлы, 11-ші 

қаламұш, 269). 

РАДИОЛАМПА з а т. Радионың сөйлеуі 

үшін  қажетті  уақ  лампалар.  Кейін  келе 

бұл р а д и о л а м п а л а р д ы транзистор-

лар ауыстырды. Ал қазір бұларды микро-

схемалар  алмастырды.  Бір  микросхема 

мыңдаған р а д и о л а м п а л а р д ы ң 

міндетін атқарады (Білім жəне еңбек, 1986, 

№1, 6). 

РАДИОЛАН е т. Радиомен қамтамасыз 

ету,  радио  орнату.  Бригада  сайын  клуб, 

кітапхана, монша бар. Электрлендірілмеген, 



р  а  д  и  о  л  а  н  б  а  ғ  а  н  елді  мекен  жоқ 

(Ы.Кенебаев, Лабасы етегінде, 92). 



РАДИОЛАНУ  Радиолан  етістігінің 

қимыл атауы.

РАДИОНҮКТЕ  з  а  т.  Радио  хаба-

рын  тарататын  пункт.  Сол  елуінші 

жылдардың орта шеніне таман р а д и о н ү к



т е л е р ел ішіне там-тұмдап тарай баста-

ды (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 286). Көңілді 

студенттік кештер ұйымдастырылып, дис-

котека өтіп тұрады. Əр секцияда р а д и о



н ү к т е л е р бар (Лен. жас., 04. 05. 1983, 4). 

РАДИОСҰХБАТ  з  а  т.  Радио  арқылы 

сұхбат жүргізу (Соц. Қаз., 14. 02. 1980). 

РАДИОСХЕМА  з  а  т.  Радионың 

сөйлеуіне  қажетті  схемалар  жүйесі. 

Бастапқы  процессорлар  мыңдаған  радио-

лампалары бар р а д и о с х е м а л а р д а н

құралды (Білім жəне еңбек, 1986, №1, 6). 



РАДИОЭФИР  з  а  т.  Радио  арқылы 

жасалған  тікелей  байланыс.  Р  а  д  и  о

э ф и р д і ң теңдессіз шебері, əйгілі диктор 

Əнуарбек Байжанбаевпен қызметтес болды 

(Б.Омарұлы, 11-ші қалаұш, 271). 

РАЗРЯДТЫ  с  ы  н.  Кəсіби  деңгейі 

жоғары;  разряды  бар.  Ол – кен  байыту 

фабрикасында 7-ші р а з р я д т ы монтер. 

Мен нормалаушы бухгалтермін (Лен. жас, 

13. 12. 1972, 2). Аз уақыт өтті. Екінші р а 



з р я д т ы бетоншы болып шыға келдім 

(Лен. жас, 16. 06. 1976, 1). 



РАЗЫЛАН  е  т.  с  ө  й  л.  Риза  болу. 

Мұқаметқалидың  жазып  та,  ауызша  да 

айтқан хабарын толық қабылдаған уездік 

құпия бөлім бастығы аса р а з ы л а н ы п, 

оған алғыс айтты (Жұлдыз, 1973, №5, 23). 

РАЗЫЛАНУ  Разылан  етістігінің 

қимыл атауы. 

РАЗЫ-ХОШ: Разы-хош болды. Көңілі 

хош  болды,  дəн  риза  болды.  Елшілер 

ақжарылқап, көңілмен р а з ы - х о ш  б о 



л ы п аттанды (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 481). 

– Егер түркеш елшілері отырса, біз р а з ы



- х о ш  б о л ы п қайтып кетер едік, - деді 

Елтебір күліп (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 486). 



РАЙЕК  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Кемені  бай-

лап  қоятын  діңгек. – Көзім  жетпей  тұр, 

шығыршық  р  а  й  е  к  к  е  кигізілген  бе, 

əлде  арқанмен  жалғанған  ба,  байқашы, 

-  деді  ол  (Ə.Сараев,  Тосқауыл, 87). Көзі 

жіті  Ыбырайым  мойнын  бір  созды  да, 


481

Байынқол Қалиев

шығыршықтың  р  а  й  е  к  к  е  арқанмен 

жалғанғанын айтты (Бұл да). 

РАЙСОБЕС  з  а  т.  с  ө  й  л.  Аудандық 

əлеуметтік  қамсыздандыру  бөлімі. – 

Тамақ табылса қуалап жүріп-ақ ішеміз ғой, 

оған асықпа. Айтпақшы, р а й с о б е с к е 

бардың ба? (Қ.Ысқақ, Ақсу., 67). Манапты 

дəрігерлер  бір  жылға  мүгедек  қатарына 

шығарып, р а й с о б е с айлық белгілеген 

(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 194). 

РАЙХАНДЫ  с  ы  н.  Райхан  өскен, 

райханы  көп.  Балауса,  бидайықты,  таты-

ранды, Дермене, изен, раң, р а й х а н д ы

Бұйырғын,  жалмаңқұлақ,  қара  шалғын, 

Көк жусан, шағыр жусан, раушанды... (Қаз. 

əдеб., 29. 11. 1974, 4). 

РАКЕТАША  ү  с  т.  Ракета  сияқты, 

ракета тəрізді. Өзіне қарап р а к е т а ш а 

жарқырап тағы бір жұлдыз сорғалай ағып 

келе жатыр, орта жолда өшті (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 435). 



РАҚАЙ з а т. ж е р г Келісім, ымыра, 

пəтуа. – Райынан  қайтып,  р  а  қ  а  й  ғ  а 

келмеймін  десе,  қидаласуын-ақ  қаладым 

(К.Сегізбаев, Біз қалада., 322). Р а қ а й ы 

жарасқан  ері  мен  зайыбының,  енесі  мен 

келінінің  талай  қуанышын  өткізген  құт-

ты шаңырақ болды (А.Əшімов, Таң. шығ., 

1, 175). 

РАҚАЙЛАС е т. ж е р г. Келісу, тату-

ласу, табысу. Ол жүрекпен р а қ а й л а с 

ы  п  табысқан  сəтті  қайта  есіне  түсірген 

(К.Сегізбаев, Біз қалада., 329). Алғашқы та-

ныстық, сертке бергісіз іштей, жүрекпен ға-

на р а қ а й л а с ы п ұғысқандай сəтті қайта 

есіне түсірген (К.Сегізбаев, Беласқан, 119). 

РАҚАЙЛАСУ  Рақайлас  етістігінің 

қимыл атауы. 

РАҚАЙЛЫ  с  ы  н.  Келісімді,  ымыра-

лы.  Жалпы,  ерлі-зайыптылардың  р  а  қ  а

й л ы да бақытты тіршілік кешуі үшін еу-

ропалықтардың  киноларындағыдай  «Сен 

мені  сүйесің  бе?»  дейтіні  қазақ  үшін  көк 

тиындық құны жоқ (А.Əшімов, Таң. шығ., 

1, 177). 

РАҚЫМ-ШАПАҒАТТЫЛЫҚ  з  а  т.

Рақымдық,  қайырымдылық,  шапағат-

тылық. Бұл – р а қ ы м-ш а п а ғ а т т ы

л ы қ т ы, ізгілік пен махаббатты, бауыр-

малдықты  жырлаған  сөз  ғой  (Ғ.Білəл, 

Ғасырлық., 255). 

РАМАЗАН з а т. а р. Ораза ұстайтын 

айдың (мерзімнің) аты. Р а м а з а н ай-

ында  мұсылмандар  ораза  ұстап,  құдайға 

құлшылық  етеді  (Егем.  Қазақст., 14. 02. 

1996, 3). 



Рамазан шəріп. к ө н е. Ораза айы. – 

Иə, жамағат! Бүгін р а м а з а н  ш ə р і п



т і ң, оразаның оны (Ж.Тілепбергенов, Ізба-

сар, 99). 



РАНОТ з а т. б о т. ж е р г. Адамтамыр 

(женьшень).  Сөйтсе  бұл  р  а  н  о  т  не-

месе  адамшөп  деп  те  аталатын  көрінеді 

(М.Разданұлы,  Алтай., 160).  Р  а  н  о  т 

Алтайда бірнеше жерде ғана шығады деп 

үйретіпті əкесі Емілбайға (Бұл да). 

РАҢДА  е  т.  Раң  жеп,  тойып  кету; 

тойыну. ≈ Раң жеген жылқы «р а ң д а п», 

ырғалаңдап қалады. 



РАҢДАУ  Раңда  етістігінің  қимыл 

атауы. 

РАПИРА з а т. Шпага сияқты семсерле-

су құралы. Оған еліміздің р а п и р а, шпага, 

фехтование,  семсер  шеберлері  қатысты 

(Соц. Қаз., 05. 11. 1983, 4). 

РАПИРАШЫ  з  а  т.  Рапирамен  сем-

серлесуші,  рапира  спортымен  шұғыл-

данушы.  Ал  сынға  түскен  қазақстандық

р а п и р а ш ы л а р жүлделі үшінші орынды 

жеңіп алды (Лен. жас, 03. 11. 1983, 4). 



РАСТАУШЫ  з  а  т.  Растайтын, 

құптайтын  адам.  Дінге  қарсы  күресе-

мін  деген  игі  ниетті.  Қали – надан,  со-

қыр  сенімді  р  а  с  т  а  у  ш  ы,  кісі  болып

шыға  келді  жұрт  көзінше  (Жалын, 1974, 

№4, 123). 

РАСЫТХАНА з а т. к ө н е. Обсерва-

тория.  Өз  сарайына  көшіріп-ақ  алар  еді, 

жақында шəкірттерге арнап р а с ы т х а н 



а салдырмақ болып, зергерлермен келісіп 

қойған  (Д.Досжанов,  Тұлпар  ізі, 29). Р  а 



с  ы  т  х  а  н  а  (обсерватория)  ішінде  Көп 

ойланған пішінде Тұрарды ұзақ ғұлама Тіс 

жарған  жоқ  кісіге  (Ж.Қыдыров:  Жұлдыз, 

1972, №1, 141). 



РАУАНДАН  Рауанда  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Ол 1034-ші жүк 

поезын өткізіп  салуға  шыққанда Қаратай 

көкжиегінің  қызыл  р  а  у  а  н  д  а  н  а 

бастағанын көрді (Лен. жас, 09. 08. 1973, 2). 



РАУАНДАНУ  Рауандан  етістігінің 

қимыл атауы. 

РАУШАНДЫ  с  ы  н.  Раушан  өскен, 

раушаны мол (жер). Балауса, бидайықты, 

татыранды, Дермене, изен, раң, райханды, 

Бұйырғын, жалманқұлақ, қара шалғын, Көк 


482

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жусан, шағыр жусан, р а у ш а н д ы (Қаз. 

əдеб., 29. 11. 1974, 4). 

РАФИК з а т. Қорабы жабық, кішкентай, 

шағын  автомобиль.  Мəкең  бізді  күнде 

ертеңгілік үйден қызметке апаратын р а ф и к



т і ң алдында тұр екен, қолымды ұмсына 

создым (С.Оспанов, Сопы., 212). 



РАШ з а т. ж е р г. Жаға, жиек. Еңгезердей 

біреу тамағынан қан жосылған қара қойды 

арқалап бүкшең-бүкшең өрмелеп арықтың 

р а ш ы н а шыға алмай тырмысып жатыр 

екен (А.Мекебаев, Аңызақ, 84). 



РƏГƏТКЕ  з  а  т.  Балалардың  аша 

ағаштың  басына  резіңке  байлап  алып, 

торғай  ататын  ойыншық  құралы.  Бұл 

сөздер Сəуленің тас қамалына р ə г ə т к е 



м е н тас атқандай ғана əсер еткенін сезеді 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 433). 



РƏЗІРƏТ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Разряд. – 

Отағасы, сізге ауыр болып жүр-ау, мұнай 

өндіру  учəскесіне  осы  р  ə  з  і  р  ə  т  і  ң 

м  е  н  ауыстырсақ  қайтеді? (Р.Өтесінов, 

Айтылмаған., 38). 



РƏМІЗДІК... 2. Рəмізге  тəн,  рəмізге 

қатысты.  Тарихымызда  тұңғыш  рет 

оны  р  ə  м  і  з  д  і  к  (символдық)  негізде 

қалыптастыруға  ұжымдық  талпыныс  жа-

салды (Ана тілі, 12. 03. 1992, 4). 



РƏМІЗТАНУШЫ з а т. Мемлекеттік 

рəміздерді  зерттеуші.  Белгілі  р  ə  м  і 

з  т  а  н  у  ш  ы,  қазір  Мəлениет,  ақпарат 

жəне  спорт  министрлігінің  Тарихи-

мəдени  мұра  департаментінің  директоры 

Е.Шаймерденұлымен  кездесу  кеші  өтті 

(Егем. Қазақст., 14. 04. 2006, 8). 

РƏСУАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Орынсыз 

шашып-төккендік, ысырапқорлық. Бұл р ə с 

у а ш ы л ы қ ханымыздың бөліп басқаратын 

əдісіне  де  дөп  келе  кетті  (М.Разданұлы, 

Алтай., 90). 

РƏСУƏГЕРШІЛІК  з  а  т.  Рəсуа 

етушілік. Техника баршылық деп қолдағы 

күш-қуатты тиімді пайдаланбай р ə с у ə г 



е р ш і л і к емес пе, түге?! (Қаз. əдеб., 13. 

0. 1976, 4).



РƏУІШ... Тек бұрыш-бұрышқа үйірілген 

қараңғылық терезеден себезгілеген көмескі 

жарықпен аңдысқан р ə у і ш т е бой таса-

лап тұр (Жұлдыз, 1975, №4, 127). 



РƏУІШТЕН  е  т.  Тəріздену,  секілдену, 

сияқтану. 

РƏУІШТЕНДІР Рəуіштен етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. 

РƏУІШТЕНДІРУ  Рəуіштендір  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

РƏУІШТЕНУ  Рəуіштен  етістігінің 

қимыл атауы. 

РƏУІШТЕНДІРІЛ Рəуіштендір етіс-

тігінен  жасалған  ырықсыз  етіс.  Қастың 

үстіне айшық р ə у і ш т е н д і р і л і п 

шегелеген  екі  бөлек  сүйектің  беттері 

геометриялық өрнектерімен безендірілген 

(Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман., 190). 

РƏУІШТЕНДІРІЛУ  Рəуіштендіріл 

етістігінің қимыл атауы. 

РЕБУС з а т. Суреттер мен əріптерді 

алмастырып келтіру арқылы жасырылған 

сөздерді  немесе  сөз  тіркестерін  табу 

жұмбағы. Соның бірі – түрлі жұмбақ ой-

ындар: сөзжұмбақ (кроссворд), чайнворд, 

анаграмма,  криптограмма,  р  е  б  у  с  т.б. 

шешумен  жəне  құрастырумен  айналысу 

(К.Закирянов, Ойланайық., 3). 

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ с ы н. Революция-

ға қатысты, соған тəн. 

РЕГБИ... Бүгін Теміртауда р е г б и д е н

екінші рет республика біріншілігі бастала-

ды (Лен. жас, 03. 06. 1972, 3). 

РЕГБИШІ з а т. Регби ойнаушы, регби-

мен айналысушы. Өткен жылы ол жарысқа 

Алматы  қаласының  р  е  г  б  и  ш  і  л  е  р  і 

қатысқан (Лен. жас, 03. 06. 1972, 3). Оған 

Москва, Ленинград, Красноярск, Ташкент, 

Киев қаласының р е г б и ш і л е р і қатысуда 

(Лен. жас, 18. 05. 1974, 4). 



РЕЖАБ  з  а  т.  к  і  т  а  б.  Ережеп.  Əл-

Фараби хиджраның 339 жылында р е ж а б

айында Дамаскіде дүниеден қайтты (Лен. 

жас, 03. 01. 1973, 3). 



РЕЗЕН з а т. с ө й л. Резіңке. Моншаға 

түскенде  арқа  жуатын  р  е  з  е  н  губка-

ша  о  да  сенің  кірің  мен  иіс-қоқысыңды 

түгелдей  өзінің  күпсер  бойына  сіңіріп 

алады (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 355). 

РЕЗЕНКЕШЕ  ү  с  т.  Резенке  тəрізді, 

резеңке сияқты. Арыстай боп жатқан бүкіл 

денесі р е з е н к е ш е жиырылып, ұзарып-

қысқара бастапты (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 

316). 


РЕНЖУЛІ... Кейде р е н ж у л і кейіппен, 

«өзіммен туыс ешкім жоқ» деп те қалатын 

еді (Қаз. əдеб., 29. 12. 1972, 3). 

РЕНТГЕН:  Рентген  сəулесі.  ф  и  з. 

Көзге  көрінбейтін,  ең  қысқа  толқынды 

сəуле.  Ең  қысқа  толқынды  сəлелер 1 нм-

ден  төменгілері  р  е  н  т  г  е  н    с  ə  у  л  е  л 



483

Байынқол Қалиев

е  р  і,  ал  толқын  ұзындығы 380 нм-ден 

10  нм-ге  дейінгі  сəулелер  ультракүлгін, 

1  нм-ден 780 нм-ге  дейін  ұзындықтағы 

толқындар инфрақызыл сəулелер деп ата-

лады (Ə.Қайдаров, Сырға толы., 10). 

РЕСМИ:  Ресми  ісқағаздары.  Ресми 

түрде (арнайы) бекітілген ісқағаздарының 

жалпы атауы. Р е с м и  і с қ а ғ а з д а р 

ы н ы ң үлгілерін рəсімдеуде азатжолдың 

маңызы  үлкен  (Аударматану, 120). Бұл 

(стандарт) – р е с м и  і с қ а ғ а з д а р 

стилінің  маңызды  белгілерінің  бірі  (Бұл 

да, 127). 

РЕСПУБЛИКАШЫЛ  с  ы  н.  Респу-

бликаның қамын жеуші, мемлекетшіл. Мен 

өзімді тəрбиелеп өсірген Ахмет ақсақалды 

ғана  емес,  фашистермен  айқаста  аспан

р е с п у б л и к а ш ы л д а р ы қатарын-

да  қаза  тапқан,  маған  өмір  берген  ғазиз 

əкем  Вольфганг  Вагнерді  де  мақтан  етем 

(Жалын, 1973, №6, 52). 



РЕСІМДЕ  е  т.  Ресми  ету,  əйгілеу; 

заңдастыру. 

РЕСІМДЕУ  Ресімде  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Сатып  алынған 

үйдің тиісті құжаттарын р е с і м д е у г е 

байланысты шығындардың орнын толтыру 

мақсатында азаматтар 50 сом мөлшерінде 

комиссиялық  алым  төлейді  (Алматы 

ақшамы, 17. 09. 1991, 2). 



РЕСІМДІЛІК з а т. Ресми болғандық, 

ресімделгендік. 

РИАЗ с ы н. ж е р г. Бес саусағынан бал 

тамған, шеберР и а з ұста соққан мына 

мазардың осынау сағымды даламен, сары 

белдермен жарасым тауып, үйлесіп тұрған 

ғажайып  үндестігіне  еріксіз  бас  иесіз 

(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 207). 

РИАТ  з  а  т.  а  р.  Жағдай,  тұрмыс. 

Патшалықтың белгісі, Қарсы тұрып өлуге, 

Жұрт  үшін  бас  байласа.  Анық  патша  сол 

болар. Ел р и а т ы түзеліп, Ғибадатшылық 

ойласа (Ө.Ақжолұлы, Үриятнама, 41). 

РИЗАЛАСТЫР  Ризалас  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Даукерлерді  р  и  з 

а л а с т ы р ы п, даулаған малының жар-

тысын  бұйырып  береді («Дала  уалаяты», 

1994, 646). 

РИЗАЛАСТЫРУ  Ризалатыр  етіс-

тігінің қимыл атауы.

РИЗАШЫЛ  с  ы  н.  Риза  болған, 

ризалық. Сол ұлы өзгерістің ішінде өзінің 

де бір үлесі бар екенін сезгендіктен Асқар 

жүрегінде р и з а ш ы л, қуанышты сезім 

ойнайды (Т.Əбдіков, Өліара, 221). 



РИТ-РИТ  о  д.  Қойды  айдау  кезінде 

қолданатын ишарат сөз. 

РИТ-РИТТЕ е т. «Рит-рит» деп айту, 

қойды  айдау.  Сонау  бала  шақтан – көзін 

ашқаннан  қой  шетінде  болып  атасымен 

бірге р и т-р и т т е п жүретін ол қанына 

мысқылдап сіңген бұл қасиетті аңғармай да 

қалыпты (Лен. жас, 13. 09. 1974, 2). 

РИТ-РИТТЕУ Рит-ритте етістігінің 

қимыл атауы. 

РИТСОҚ  о  д.  Екі  қошарды  сүзістіру 

үшін қолданылатын ишарат сөз. Аспанның 

дүлей диюлары дəу тастарды домалатып, 

бір-біріне  р  и  т  с  о  қ  соғып  жатқандай 

(А.Нысаналин, Алыс. алау, 52). 



РОБОТТАН е т. Роботпен қамтамасыз 

ету, робот орналастыру. 

Р О Б О Т Т А Н Д Ы Р   Р о б о т т а н 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. 

РОБОТТАНДЫРУ  Роботтандыр 

етістігінің  қимыл  атауы.  Өндірісті 

электрлендіру, химияландыру, р о б о т т 



а н д ы р у, компьютерлендіру барған сайын 

кең көлемде жүргізілетін болады (Лен. жас, 

12. 11. 1985, 1). 

РОБОТТАНУ  Роботтан  етістігінің 

қимыл атауы. 

РОКИРОВКА з а т. ш а х м. Король мен 

ладьяның  орнын  ауыстырған  жүріс.  Ак-

тер король мен ладьяны ауыстырып, өзіне 

оңтайлы тақтаның қысқа жағына р о к и р о 

в к а жасады. Қорғана білетін кісінің жүрісі 

(Қ.Олжай, Қанат байла., 180). 



РОМАНТИКАШЫЛ  с  ы  н.  Роман-

тикаға  жаны  құмар,  романтикаға 

берілгіш. Біздің замандастарымыз – р о м 

а н т и к а ш ы л жандар, коммунистік сенім-

нің  жауынгерлері  (М.Əлімбаев,  Көңіл 

күнд., 236). 

РОМАНШЫЛЫҚ  з  а  т.  Роман  жаз-

ғыштық,  роман  құмарлық.  Бұл  тараптан 

алғанда,  автор  туындылары  жалпы  қазақ 



р о м а н ш ы л ы қ өнеріне ажарлы ағын қос-

қаны кəміл (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 6). 



РӨМКЕ з а т. Арақ ішетін кішкентай 

ыстақан;  рюмка.  Бірер  р  ө  м  к  е  ащы 

сұйықты  жұтқызып,  бастықтары  оны  ат 

бағуға жұмсаса керек (Қ.Тоқмырзин, Керза-

ман, 3, 334). Əжептеуір суық. Үш р ө м к е н 



і ң қызуы қашанға шыдайды? (Қ.Жиенбай, 

Даңқ., 97). 



484

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

РУБАБ  з  а  т.  м  у  з.  Өзбек  халқының 

ұлттық саз аспабы. Өзбектің р у б а б ы 

мен ұйғырдың тəмбірін о бастан тəп-тəуір 

тартатын Нартуғанның қолы бұл жолы да 

көп кібіртіктеген жоқ (О.Сəрсенбай, Шығ., 

4, 162). 

РУМЫН  з  а  т.  Румын  мемлекетінің 

жергілікті  халқы. – Мынаның  айтуынша 

бұл  венгер  мен  р  у  м  ы  н  жігіттерінен 

құралған рота екен, - деді Вася (Ғ.Мүсірепов, 

Қаз. солдаты, 217). Жеті ротаның үшеуі вен-

грлерлерден, біреуі немістерден, екеуі та-

тарлардан (бұрынғы мұсылман батальоны. 

Ə.Т.) тұрды. Ал бір ротада қазақ, башқұрт, 

өзбек, чех, р у м ы н, серб, поляктар аралас 

болды (Ə.Тəкенов, Қазақстан., 25). 

РУТИЛ з а т. м и н е р. Сирек кездесетін 

минерал.  Н  өзенінің  сағасынан  жақында 

ғана  кен  зерттеушілер  титан  элементі 

кездесетін  р  у  т  и  л  минералын  тапқан 

(І.Есенберлин, Махабб. мейр., 156). 



РУХСЫЗДАН е т. Рухынан айырылған, 

рухы жоқ. Соның кесірінен р у х с ы з д а н а

бастаған  қалталы  топтың  ар-ұятты  белге 

түйіп,  сан-салалы  қылмысты  істерге  бой 

ұруы... (М.Шаханов, Мəңгүрт., 51). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет