Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет118/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168

САПАҚ

2

 с ы н. Ешкіге ғана тəн, сарғыш 



қоңыр түс. Сонымен қатар бөрте, шұбар,

с а п а қ түстер – тек ешкіге ғана тəн түстер 

(Қаз. əдеб., 2, 128). 



САПАЛАҚ  з  а  т.  Жауып  тұрған 

жапалақ-жапалақ  ірі  қар.  Құйтымдай 

балаларға дейін ақ с а п а л а қ т ы ң ішінде 

бақырып,  жылап  өтіп  жатыр  (С.Жүнісов, 

Заманай., 131). 



САПАЛАҚТА  е  т.  Жапалақ-жапалақ 

қардың үстірмелетіп жаууы. Иə, шынында 

да үшінші күні с а п а л а қ т а п қар жауған-

ды (Лен. жас, 13. 12. 1972, 1). 

САПАЛАҚТАУ Сапалақта етістігінің 

қимыл атауы. ≈ Қар с а п а л а қ т а у ы н 

қояйын деді. 



САПАН  з  а  т.  Қамыстың  сабағы. 

Ұшқыр  торы  атпен  жортқан  Ұрқия 



с  а  п  а  н  ы  н  бел  ортасына  дейін  қалың 

қар  басқан  үкілі  сары  қамыстың  жаны-

нан  жалғыз  өте  берді  (С.Жүнісов,  Ақан 

сері, 211). 



САПАНДАП..? С а п а н д а п жайна-

маз  жайып,  дін  өсиеттерін  уағыздап,  аят 

оқып, дұға жазып, қазірет-дамолдалар жүр 

(Т.Мəмесейт, Таудан., 15). 



САПАР  з  а  т.  Мұрттың  шалғысы, 

қияғы. Таңқита қырған мұртының ұртынан 

төмен созыла салбыраған ұзын с а п а р ы 

топтала қадалып тұрған сүліктерге ұқсайды 

(С.Мұқанов,  Мөлдір., 262). Қарасам: 

ұзын қалың қара сақалы кеудесін жапқан, 

мұртының  төмен  салбыраған  екі  с  а  п  а 



р  ы  асылып  тұрған  кішігірім  жыландай 

(Бұл да, 420). 



САПАРЛА...  Содан  кейін  ондай 

жақсылықтың жөні бір келмеді ғой. Пой-

ызбен жүрдік, автобуспен с а п а р л а д ы қ

дегендей (Ə.Асқаров, Таңд., 75). 



САПАРНАМАЛЫҚ с ы н. Сапарнамаға 

қатысты,  сапарнамаға  тəн.  Поляктың 

саяси  қайраткері  А.Янушкевич  с  а  п  а  р 



н  а  м  а  л  ы  қ  күнделігінде  Құнанбайдың 

қайраткерлік тұлғасы туралы жазады (Қаз. 

əдеб., 09. 08. 2013, 4). 


493

Байынқол Қалиев

САППА  е  т.  Былқ  етпеу,  ұялмау,  са-

спау. - Əне, баланы жаман үйрететін өзің. 

Бетімен  жібергеннің  жазасын  тартсаң  да,



с а п п а й с ы ң, - деп бір жағынан оны 

қатыны  шаужайлайды  (С.Торайғыров, 

Таңд. шығ., 237). – Түһ, с а п п а й д ы екен-

сің байғұс, - деді. Бірақ бұл жолғы үнінде 

жазғырудан гөрі «рахмет жауғыр, əйтеуір 

барып  келші»  деген  қолқасы  үзірлірек 

естілді (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 275). 

САППАСТЫҚ  з  а  т.  Бейғамдық, 

қ а п е р с і зд і к ,   қ а й ғ ы с ы зд ы қ ,   у а й ы м 

жемеушілік. Əкесінің осыншалық с а п п 

а с т ы ғ ы н а əрі сүйсінді, əрі «осының есі 

дұрыс па» дегендей қауіптенді (О.Бөкеев, 

Өз отыңды., 42). 

САПСЫ е т. ж е р г. Жуу, шайқау. Со-

сын көк пиязды шелектегі суға с а п с ы п

көтеріп кеп, Қажымұраттың алдына тартты 

(Қ.Ысқақ, Тұйық, 90). 



САПСЫМАЛА  е  т.  с  ө  й  л.  Ары-бері 

қозғау,  аударыстыру;  сапсы.  Кепсер  ба-

сына с а п с ы м а л а п суытқан салмадан 

кішкене ғана ауыз тиіп, піскен-піспегенін 

байқады (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 41). 



САПСЫМАЛАУ  Сапсымала  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

САПТАЛ  е  т.  ə  с  к.  Сапқа  тұр  д.  м. 

(Бекітіл. термин., 71). 

САПТЫҚ...  Əр  рота  жас  қабырдың 

тұсынан с а п т ы қ қадаммен қарыштай 

басып, бөлек-бөлек өте бастады (Н.Ақыш, 

Бейуақта., 70). 



САПЫҚАП  з  а  т.  Сапыны  салып 

жүретін,  арнайы  жасатылған  қап.  Жас 

баланы əсіресе қызықтырған батырдың кісе 

белбеуі еді: оқшантайы бар, с а п ы қ а б ы

бар, шақша сауыты бар екен (Қаз. əдеб., 02. 

02. 1979, 3). 

САРАБА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əйел  баскиім-

дерінің бір түрі. Демек, «орайбек» сөзінің 

мағынасын  басқадан  іздемеу  керек. 

Сəукеленің, қарқараның, қасабаның, с а р 

а б а н ы ң жалғыз бізбен тіккен кестесін 

осылай  атайтынын  жұрт  бүгін  де  білсе 

керек-ті (Соц. Қаз., 01. 04. 1991, 4). 

САРАБДАЛДЫҚ з а т. 1. Байсалдылық, 

салмақтылық.  Бекмұқанда  қазымырлық, 

тіпті салқынқандылық, с а р а б д а л д ы қ 

басым көрінеді (О.Сəрсенбаев, Жақсының 

көзі, 20). Төтеннен  бұрқ  еткен  ашуын 

ақылға жеңдіріп, сары тіс с а р а б д а л 

д ы ғ ы н а бақты (Ə.Сарай, Атырау, 6). 2. 

Қырағылық, əккілік. Қойдың құлағындағы 

сырғаның ізін байқап қап, с а р а б д а л д 



ы  қ  танытқан  еді  (Əдеб.  айдыны, 04. 09. 

2008, 8). 



САРАЛА

1

  з  а  т.  Бетіне  майы  шығып 

тұрған құрт көже. Бұл жақ с а р а л а деп 

атайтын бетінде сары майы қалқыған құрт 

көженің  бір  кесесін  тастап  алды  (Береке 

бастауы, 77). 



САРАЛА

2

 е т. Бұлғау, ластау; сарала-

сатпақ  ету.  Адам  мен  айуанның  с  а  р  а 

л  а  м  а  ғ  а  н,  ластамаған  жері  қалмапты 

(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 147). 



Сарала  етек.  Етегі  (көйлегі)  кір-кір

(əйел). Ауылдың с а р а л а  е т е к сар-

пылтаң көп бəйбішесінің бірі болып шыға 

келді (Ə.Асқаров, Таңд., 421). 

САРАЛЖЫН  з  а  т.  Жүні  бағалы, 

асыл  тұқымды  қой  түрі.  Шаруашылық 

бойынша үш отарда 2072 с а р а л ж ы н 

саулық  қойы  бар.  Са  р  а  л  ж  ы  н  қойын 

өсіріп, оны көрші шаруашылықтарға сату 

ұйғарылған  (Коммунизм  жолы, 22. 01. 

1970).  Біздің  совхоз  жүнінен  кілем  тоқи-

тын  асыл,  тұқымды  с  а  р  а  л  ж  ы  н  қо-

йын  өсіретін  шаруашылық  екенін  жоға-

рыда  айттым  (Коммунизм  жолы, 18. 02. 

1969, 3).



САРАЛЖЫНДЫ  с  ы  н.  Саралжын 

өсімдігі  өскен,  саралжыны  мол.  Саясыз

с а р а л ж ы н д ы құмдауытта Шомылып 

шоғайнаға,  шырмауыққа,  Бишара  өліп-

өшіп келе жатыр Кес-кестеп ұстай алдым 

бейуақытта (Қ.Шаңғытбаев: Қаз. əдеб., 09. 

06. 1989, 5). 

САРАМАН  с  ы  н. 1. Майталман.  2

Таңдаулы, іріктелген, мықты. Т.Момбеков 

–  Созақ  жерінің  Сүгір,  Бапыш  секілді



с а р а м а н күйшілерінің шығармаларын 

құлпыртып, көп жағдайда тың сапа қосып, 

түрлендіріп жеткізген шебер (Қаз. əдеб., 03. 

11. 1972, 4). 



САРАМАС

1

  з  а  т.  в  е  т.  Малдың  басы



ісіп  кететін,  өте  жұқпалы  ауруы 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 191). Ентігіп ері 

жатыр мұрны терлеп, Бұқадай көктемдегі 

мала  басқан.  Жер  тіреп  тұмсығымен  жа-

тыр терлеп Жазылған жылқы құсап с а р 

а м а с т а н (Таңжарық: Егем. Қазақст., 

30. 10. 2002, 13). Кім біледі, малға келген 

қарасандай елге тағы да оба, əлде с а р а 

м  а  с  сияқты  бірдеме  келіп  қалған  болар 

(Өркен, 13. 01. 1990, 7). 



494

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

САРАМАС

2

  с  ы  н.  Түк  білмейтін, 



түлей,  ақылсыз.  Бұлдайтын  кəделі  деп 

жармасты, Көрмеді серілерден с а р а м а с



т  ы,  Қыздардай  кесте  тіккен  келістіріп, 

Қиналып  терін  сығып,  табар  нəшті 

(М.Əлімбаев, Көңіл күні, 11). «Ешкімнен 

ештеңе үйренбедім», - деп ақ безер де көк 

безер танатындар саппас с а р а м а с т а р 

ғана шығар (Бұл да, 205). 



САРАМАСТЫҚ  з  а  т.  Ақылсыздық, 

ақымақтық. Ж.Шаяхметов, А.Қойшығұлов 

НКВД орындарынан келген еді, сондықтан 

да олар с а р а м а с т ы ғ ы н істеп тынды 

(Егем. Қаз., 08. 12. 1994, 2). 



САРАМЖАЛДЫҚ  з  а  т.  Пысықтық, 

ысылғандық,  тəжірибелілік.  Сақып  та

с а р а м ж а л д ы ғ ы н жасап: «Қымызға 

қансаңдар шайды жаңалайын», - деп лып 

ете қалды (М.Қуанышбаев, Тайталас, 42). 

Шағын ғана бойы бар, екі бетінің ұшы нарт-

тай жанған, ақ сары реңдес жеңгейдің с а

р а м ж а л д ы ғ ы н а, кең пейіл, келісімді 

сөздеріне Əзім семьясы қоғадай жапырылы-

сып, ілтипатын білдіруде (Бал дəурен, 89). 

САРАМЫС с ы н. с ө й л. Сарамжал. 

Ең алда аң аулауға үйретілген сұңқарларды, 

сілеусіндерді,  қабыландарды  алып,  с  а  р 

а  м  ы  с  жігіттер  жүретін  (Ə.Əлімжанов, 

Отырардан., 145). 



СА РАП Ш А Ң . . .   К ү н ш е   к ү юд е н , 

желқақты  болудан  жəне  шаң-тозаңнан 

қорғау үшін бетке жауып жүретін төр перде 

– с а р а п ш а ң (ҚСЭ, 2, 318). 



САРАПШЫН қ. Сарапшаң (Кирг. русс. 

сл-р, 1903, 178). 



САРАСКЕР  з  а  т.  к  ө  н  е.  Бес  жүз 

жауынгердің  басшысы.  Сегізіншіден: 

мыңбасы, с а р а с к е р, жүзбасы сайлансын 

(Р.Аманкелдиев, Батырдың., 41). 

САРАШЫ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Редактор. 

Сонда  да  с  а  р  а  ш  ы  автордың  өзімен 

ақылдаса отырып, керек тұстарын байыта-

ды, қоюлатады (Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш, 

56). С а р а ш ы н ы ң қайда да сарашы екені 

бұл  мекемеде  де  дəлелденгендей  (Бұл 

да, 60). 

САРАШЫЛЫҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Редак-

торлық. Өйткені ол аты аңызға айналған 

əйгілі  бас  редакторлар  Ш.Мұртаза  мен 

С.Бердіқұл секілді с а р а ш ы л ы қ өнердің 

теңдессіз мүмкіндіктерін ашты (Б.Омарұлы, 

11-ші қаламұш, 53). Басылымның жеті ата-

сын басқарған кісінің бəрі бірдей с а р а ш 



ы л ы қ т ы ң сардары деңгейіне көтеріле 

алмайды (Бұл да, 61). 



САРБАЗША  ү  с  т.  Сарбаз  тəрізді, 

сарбаз  сияқты.  Тал-теректер  қарауылша 

қаздиып, шыршалар с а р б а з д а р ш а 

сап түзеген (Д.Рамазан, Жылап аққан., 40). 

САРБАЛАҚ з а т. б о т. Шөл-шөлейтті 

жерлерде өсетін бұта. Ылғи шөлейт, қақ 

жерлер артта қалуда. Селдір сексеуіл, с а 



р б а л а қ, қызылша т.б. бұталар көрінеді 

(Халифа Алтай, Алтайдан., 138). 



САРБАС: Сарбас жылан. Басы сары, 

уы  жоқ  жылан  түрі.  Халық  танымында 

жыланды сұр жылан, с а р б а с  ж ы л а н,

ордалы  жылан,  оқжылан  деп  түр-түрге 

бөліп қарайды (Қаз. этнография., 2, 509). 



САРБӨЗ з а т. Кенептен тоқылған мата. 

Қазақ шаруасы кенептен тоқылған матаны 

– с а р б ө з дейді. Ақсұп дегені мақтадан 

тоқылған болуы керек (Қ.Тоқмырзин, Кер-

заман, 3, 66). 

САРБҰҒАЛА е т. Сарбұға салу, сарбұға 

қосу д.м. Кəрі əже жайлауға көшер алдын-

да абысын-ажын жұртын жинап, жас уыз 

қосқан, с а р б ұ ғ а л а ғ а н нəн табақ етін ор-

таға қойған (Қаз. мұғалімі, 01. 05. 1972, 4). 



САРБҰҒАЛАУ Сарбұғала етістігінің 

қимыл атауы. 

САРГІДІРЛЕУ  с  ы  н.  Аздап  саргідір 

тартқан, егделеу. Үйден басына дағарадай 

ақ күндік ораған с а р г і д і р л е у əйел 

шықты (Ж.Тұрлыбаев, Тамыз таңы, 6). 

САРҒАҚ...  Тамылжыған   т амыз 

нұрымен с а р ғ а қ тартып, толқып тұрған 

дəн теңізін күйдіріп, ыстық керімсал соқты 

(Лен. жас, 23. 09. 1976, 2). 



САРҒАЛДАҚ... С а р ғ а л д а қ т а р,

қараторғайлар  жеміс  ағаштарындағы 

өте  пісіп  кеткен  немесе  шіруге  айналған 

жұмсақ  алмұрт,  алма,  қора  өріктерді 

сүйсіне жейді (Ж.Төреходжаев, Қанатты., 

79). Жоңғар Алатауындағы айталық, алма 

ағаштардың арасында с а р ғ а л д а қ деген 

құс өседі (Егем. Қаз., 07. 11. 1992, 5). 



САРҒАН з а т. б о т. с ө й л. Итсигек. 

Кейде арпаған, қияқ, қау шөпті, кейде тек 



с  а  р  ғ  а  н  ғана  өскен,  ал  кейде  тіпті  ба-

сар, қараған, тобылғы жапқан адыр, төбе, 

ұшы-қиыры  жоқ  белестер  тілгілеп  өткен 

(І.Есенберлин, Алмас., 207). 



САРДАП...  Баяғы  замандардан  қалған 

көне  архитектуралық  мавзолейлер  мен



с а р д а п т а р, қорғандар қазіргі таңда 

495

Байынқол Қалиев

жақсы  есеппе  алынған  ғой  (Ж.Аупбаев, 

Жандармда., 94). 

САРЖАҒАЛ с ы н. Сарысы басымдау 

жағал (түс). С а р ж а ғ а л ешкіні қашан 

да қойдың алдынан көресің (Лен. жас, 17. 

08. 1997, 4). 

САРЖАҒАЛДАН е т. Қошқылдау сары 

түске ену. Белестердің жиегі с а р ж а ғ а 

л д а н ы п, маңдайына дөп-дөңгелек қып-

қызыл мөр басып алғандай (Лен. жас, 19. 

12, 1971, 2). 

САРЖАҒАЛДАНУ  Саржағалдан 

етістігінің қимыл атауы. 

САРЖАЛҚЫНДАН  е  т.  Саржалқын 

түске  ену,  сарғыш  тарту  (М.Қаназов, 

Арна, 85). 



САРЖАЛҚЫНДАНУ Саржалқындан 

етістігінің қимыл атауы. 

САРЖАН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қарағайды 

шөркелеп  кесіп,  жарып  жиып  қойған 

үйінді.  Сырғауыл  қашаның  іші-сырты 

жал-жал  отын:  текшелеп  үйген  сап-сары 

ірімшіктей қарағай с а р ж а н н а н шайыр 

иісі лап етті (Қ.Ысқақ, Ақсу., 5). Бесқалмақ 

төсегінің айналасы бетін қар басқан шөп, 

кесілген  с  а  р  ж  а  н  ағаш,  үйілген  тал, 

қайың (Ж.Жұмаханов, Шұбартау., 52). 

САРЖОЛАҚ с ы н. Сары түсті жолақ. 

САРЖОЛАҚТАН  е  т.  Сары  түсті 

жолаққа  айналу,  саржолақ  болу.  Есік  ал-

дында шаңнан с а р ж о л а қ т а н ы п жаңа 

«Жигули» тұр (Ш.Орынбаев, Өмір., 87).

САРЖОЛАҚТАНУ  Саржолақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

САРЖОЛТАЙ с ы н. с ө й л. Қужолтай. 

≈ Серігім с а р ж о л т а й біреу болып 

шықты, аңнан бос қайттық. 

САРЖҰЛДЫЗ... С а р ж ұ л д ы з д ы ң

шаңқиып тууынан бағана қабағат қорқып 

еді (А.Жүнісов, Өмір ізі, 64). 

САРИ з а т. Үнді əйелдері киетін киім. 

– О, қасиетті, ұлы Шива, қабыл алам өзің 

жіберген ажалды, - деп үстіндегі с а р и ы н

сыпырып  тастайды  (Ə.Əлімжанов,  Жау-

шы, 76). Үндінің əйелдері ашық түсті с а 

р и, ерлері таза ақ көйлек киіп келеді екен 

(Ə.Əлімжанов, Отырардан., 187). 



САРҚЫНДЫ з а т. а у ы с. Қу, айлакер. 

Қанша  жерден  с  а  р  қ  ы  н  д  ы  болса  да, 

аламан жан сасқалақ. Бір белгі қалдырмауы 

мүмкін емес қой (С.Сматаев, Бұлақ, 80). 



САРҚЫРАМА з а т. т а б у. Өзен. Бұл 

сөздердегі с а р қ ы р а м а н ы ң – өзен, 

сылдыраманың – қамыс,  маңыраманың 

–  қой,  ұлыманың – қасқыр,  жаныманың 

–  пышақ,  білеменің – қайрақ  екенін  біле 

қояды (Қ.Толыбаев, Бабадан., 183). 



CАРЛАН з а т. з о о л. Денесін сарғыш 

сұр түсті қабыршақтар жапқан, жылан 

тəрізді,  аяқсыз  кесіртке;  сарыбауыр.

С а р л а н тау етектерінде, сайларда, бау-

бақшаларда тіршілік етеді (Қазақст. жану-

ар., 103). 

САРМАҢЫЗДАН  е  т.  Астықтың 

сарғайып, бас ала бастауы. Атыздың суы 

тартылып, с а р м а ң ы з д а н а бастаған 

шағы (Қаз. əдеб., 04. 08. 1972, 1). 

САРМАҢЫЗДАНУ  Сармаңыздан 

етістігінің қимыл атауы. 

САРМОЙНАҚ: Сармойнақ пышақ қ. 

Бұйдапышақ. Бұйдапышақты с а р м о й н 

а қ  п ы ш а қ деп те атайды (ҚСЭ, 2, 519). 

САРНА... Ырғақтан шығарылған кере-

ге, уық ағаштарын тазалап с а р н а й д ы 

(Қаз. тіл. ерекш., 189). 

САРНАЛ Сарна етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. С а р н а л ы п болған кереге 

екі рет жосаланады (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1969, №7, 60). 

САРНАЛУ Сарнал етістігінің қимыл 

атауы. 

САРНАМА  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Бақсының 

айтатын бəйіті, жыры. Бақсы: - Асқар-

асқар  тауға  көш,  Ағыны  қатты  суға  көш! 

– деп басталатын с а р н а м а с ы н айтып, 

саптыаяқтағы  суды  төрт  жағына  бір-

дей  бүркіп  шығады  (К.Мұқажанұлы,  Ор-

теке, 181). 



САРНАУ  Сарна  етістігінің  қимыл 

атауы. Бұдан соң кереге ағаштарын таза-

лап сарнайды. С а р н а у дегеніміз кереге-

нің  бас  жағын,  уықтың  қарын  сай-сай 

етіп  сызықтау  (С.Қасиманов,  Қаз.  қол-

өнері, 97). 

САРПОСТА  е  т.  Тұтқынды  атқа 

мінгізгенде  екі  аяғын  аттың  бауырынан 

бір-бірімен қосақтап байлау. Əлгі бажыгер 

қытайды өз атына с а р п о с т а п мінгізіп 

алып,  бір  топ  адам  айқұлақтанып  жетті 

(М.Разданұлы, Алтай., 278).



САРПОСТАУ  Сарпоста  етістігінің 

қимыл атауы.

САРПЫЛ з а т. с ө й л. Тырпыл. Күре-

сіннен қайтқан башмақ с а р п ы л ы бас-

палдақта  біраз  аялдады  (Қ.Ысқақов, 

Қараорман, 217). 



496

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

САРПЫШТАҚ  з  а  т.  Бүркітке  ұқсас 

қыран құстардың бір түрі. Бүркітті ұшып 

жүргенде  қарақұстардан  (əсіресе  бүркіт-

ке ұқсас с а р п ы ш т а қ, су бүркіттері-

нен)  ажырататын  ерекше  белгі – құйры-

ғы  мен  мойнының  ұзындығы  (Саятшы-

лық, 65). 



САРСАПАҚ з а т. Көріксіз сары адам. 

Не,  со  с  а  р  с  а  п  а  қ  қ  а  сөзіңізді  қор 

қылмақпысыз? (Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 

346). – Енді қайттік?! Зəкеңді бір с а р с а 



п а қ қ а солай қор ғып жіберіп отырамыз 

ба?! (Бұл да, 357). 



САРСУ//САРЫСУ  з  а  т.  Ірімшік 

қайнатқанда  қалатын  сары  түсті 

қоймалжың.

САРТ: Сарт ер. қ. Қоқан ер. Қас ер – 

ерлер үшін, ал с а р т  е р немесе қоқан ері –

əйелдер үшін арналған (Білім жəне еңбек, 

1986, №1, 32). 



Сарт қауын. Сарттар (өзбектер) көп 

егетін қауын түрі. Қауын түрлері: с а р т

қ а у ы н, қыш қауын, ала қауын, қара қауын, 

сары қауын, май қауын, ақ қауын, пұшық 

қауын т.б. (Қаз. тілі тарихы., 1, 201). 

САРТАҚЫМ с ы н. Əбден шыныққан, 

көнпіс, төзімді; қу. Сондықтан, ол қауіпке 

де сақадай сай с а р т а қ ы м д а р ғой (Лен. 

жас, 19. 12. 1973, 3). 

САРТӨСЕК:  Сартөсек  болды.  Қай-

ғырып немесе ауырып төсекке ұзақ жатып 

қалды.  Жалғыз  баласының  қайғысы  қа-

бырғасын қайыстырып, с а р т ө с е к  б о п 

сарғайып жатып алыпты (Ел аузынан, 80). 

САРТ-СҰРТ з а т. Бестастың оныншы 

кезекте  ойналатын  сатысы.  Оныншы 

кезек – «с а р т - с ұ р т». Мұнда бірлік 

сияқты əрбір тас жеке-жеке қағып алынады. 

Бірақ қақпа тас пен жерден алынған тастың 

бір-біріне  соғылған  даусы  естілуі  керек 

(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 49). 



САРТТЫҚ  з  а  т.  Сарт  болғандық, 

сарттың  қылығын  істегендік.  С  а  р  т

т ы ғ ы сары құлақ білінеді, Көргеніңмен 

ұрлық жақыныңмен. Күшікті еркелетіп қоя 

берсең,  Бір  күні  тістей  алар  тақымыңнан 

(Құланаян Құлмамбет, Сөзімнің., 34). 



САРТШЫЛАП ү с т. Сарт дəстүрлерін 

сақтап,  сарт  тілінде  сөйлеп.  Бұхар, 

Мекке,  Мəдина,  Стамбулдарда  оқып 

қайтқандарымыз да бар, солардың бəрі елге 

ноғайшылап, арабшалап, с а р т ш ы л а п 

қайтып жүр (Ана тілі, 05. 04. 1990, 7). 

САРША

1

  з  а  т.  к  ө  н  е.  Тамыз.  С  а  р



ш  а  айы  кейде  тамыз  деп  те  аталынады.

Шумерлік  миф  бойынша  Таммуз - өсім-

діктер құдайы (Азамат, 22. 03. 1990, 8). 

САРША

2

 з а т. Бүркіттің еркегі: еркек 



бүркіт.  Бүркіттің  еркегін  қазақ  с  а  р  ш 

а  немесе  шəулі,  ұрғашысын  ұябасар  деп 

атайды  (Қаз.  этнография., 1, 564). Бұрын 

түскен қанды көз əдетін істеп үлгергенше 

мынаның  с  а  р  ш  а  с  ы  түлкінің  басына 

қона  қалған  болу  керек  (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 108). 



САРШЫЛАП  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Əрең, 

ұзақ,  біртіндеп.  Кəрілігінен  с  а  р  ш  ы  л 

а  п  тойынған  бұзаулы  сиырдың  аяғын 

мұрнағы күні ат теуіп мертіктірген болатын 

(Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 144). 

САРЫ: Сары акация. Акацияның гүлі 

сары түсті түрі. Кейбір өсімдіктерде, мы-

салы,  меңдуананың  қорабының  беті  қақ-

пақша тəрізді жабылып тұрады. Ас бұршақ 

пен с а р ы а к  а ц и я н ы ң жемісі бір ұялы 

деп аталады (Ж.Əбиев, Биология., 69). 

Сары бие. п е р и ф р. Самауыр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет