СЫҢАРАЯҚ з а т. э т н. Сызылған
шеңбердің ішіне екі бала түсіп, қолдарын
кеуделеріне қусырады да, сыңар аяқтап
иықтарымен бірін-бірі итереді. Кім
шеңберден шығып кетсе, сол жеңіледі
(Ғажайып бау, 69).
СЫҢАРЕЗУЛЕ е т. Бұра тарту,
қыңырлану. - Əй, сен қалсаң қалшы осы!
С ы ң а р е з у л е п қоймадың тіпті
(Ж.Қорғасбек, Үлпілдек, 196). С ы ң а р
530
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
е з у л е п, ешкімнің сөзіне құлақ аспай,
əңгіменің шырқын бұзды (Б.Дəулетбаев,
Сүмбілшаш, 67).
СЫҢАРЕЗУЛЕУ
1
с ы н. Бірбеткейлеу,
сыңаржақтау.
СЫҢАРЕЗУЛЕУ
2
Сыңарезулеу етіс-
тігінің қимыл атауы.
СЫҢАРЖАҚТАН е т. Бірбеткейлену,
сыңарезулену, қыңырлану (Т.Иманбеков,
Тұт ағашы., 114).
СЫҢАРЖАҚТАНУ Сыңаржақтан
етістігінің қимыл атауы.
СЫҢАРЖАҚТЫЛЫҚ з а т. Біржақ-
тылық, сыңарезулік. Ортақ іс, ортақ мүдде
есепқорлықты, с ы ң а р ж а қ т ы л ы қ
т ы көтермейді (Лен. жас, 12. 02. 1974, 2).
СЫПА
1
з а т. Жағылған оттың мұржасы
астынан өтіп, жылтып тұратын, биіктеу
етіп жасалынған кірпіш еден; кəң. Төбесі
жабық, бір қабырғасына ши тұтылған тізе
бойы с ы п а үстінде 3-4 адам шай ішіп
отыр (Т.Бердияров, Жастық., 62). Ас үйдің
ішінен тандырмен жалғас с ы п а соғылған.
Тандырға жағылған оттың түтіні сыпаның
астындағы мұржадан өтетін болғандықтан,
ас үйдің едені үнемі жылы боп тұрады
(Білім жəне еңбек, 1972, №6, 27).
СЫПА
2
з а т. Биіктеу, төрт қырлы етіп
жасалған қарпайым бейіт. Жұмағұл өзіне
таныс бес-алты с ы п а мен төртқұлақты
көктей өтіп, ағасының зиратының басына
жетті (А.Мекебаев, Алапат, 317). Сердəлі
с ы п а с ы н ы ң бас жағында шарта
жүгінген Тұрманқожа мүлəйім кейіпте
алақан жайған қалпы күрсіне күбірлейді
(Бұл да, 355).
СЫПА-ЖАЙ з а т. Үй алдына салынған,
жеңіл қолды жаздық үй (веранда). Уəжіп
(міндет, борыш), кəуəб (шашлық), əулі
(аула), құжыра (бөлме), бастырма (терраса),
с ы п а - ж а й, т.б. бірсыпыра баламалар
аудармашы ізденісінен туған жеңістер (Қаз.
əдеб., 08. 06. 1984, 6).
СЫПАЙ з а т. к ө н е. Жалдамалы
атты əскер (жауынгер). Əр с ы п а й д а
қисық қылыш, өткір ұшты найза, екі
жақтарында да жебеге толған ескі қорамсақ,
арқаларында садақ, ер басына ілген айбалта
көрінеді (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 324).
Күннің күркірегені соншалық қатты болды,
ер-тоқымдарын жастанып, ұйықтап жатқан
с ы п а й л а р үрейлене орындарынан атып-
атып тұрды (Бұл да, 395).
СЫПАЙЫ: Сыпайы сөздер. л и н г в.
Мағынасы дөрекі, тұрпайы сөздерді сы-
пайы сөзбен ауыстырып қолдану арқылы
жасалған сөздер (эвфемизмдер). С ы п а й ы
с ө з д е р, əдетте, сыпайыгершілік пен
əдептілікке, мəдениеттілікке негізделеді
(Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 85).
СЫПАЙЫГЕРШІЛІК з а т. Сыпайы
болғандық, ізетшілік. Тұр еді Сəукен үнсіз
сабыр сақтап, Шегінен с ы п а й ы г е р
ш і л і к кетпей аттап, Жүзінде нышаны
бар қынжылыстың, Бір сөзді бастай беріп
қалды тоқтап (С.Омаров, Сəукен, 37).
СЫПАЙЫЛАНУ... Тым с ы п а й ы
л а н у ы н а қарағанда осы қыз совхозға
жаңа келгенге ұқсайды (Р.Əутəліпов, Ал-
тын., 145).
СЫПА-СЕРІ с ы н. Сыпайы, мəде-
ниетті, əдепті. Біздің тұқым кіл шабандоз,
с ы п а - с е р і! (Балдырған, 1975, №4, 19).
СЫПАША з а т. Сары топырақтан
шылаған лайға жылқының құйрық жалын
қосып, тастан қалап жасаған шағын
күмбез; бейіт басына тұрғызылған белгі.
Аралбай батыр с ы п а ш ы с ы н ы ң есігін
күншығысқа қаратыпты (Ж.Тұрлыбай,
Райымбек батыр, 2, 268).
СЫПСЫҢДЫҚ з а т. Сыпсың-сыпсың
еткендік, сыпсыңдағандық (С.Сматаев,
Елім-ай, 2, 332).
С Ы П ТА Л С ы п т а е т і с т і г і н е н
жасалған ырықсыз етіс. Біз салынып
жатқан қорамыздың сыртына қарай оңаша
кетіп, сондағы с ы п т а л м а ғ а н кеспел-
тек бөренеге кеп отырдық (Қ.Қараманұлы,
Ай куə, 35).
СЫПТАЛУ Сыптал етістігінің қимыл
атауы.
СЫПТИМА с ы н. Сымпиып қалған,
тап-тар. Бұттарында тақалы кебістерін
көмкере тоқтаған ұзын балақ с ы п т и м а
шалбар (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 402).
СЫПТЫҒЫРЛАУ... Тізе тұсын с ы
п т ы ғ ы р л а у етіп, балағын далита
тіккен кіржамбыз шалбардың бір балағы
орындықтың арқалығына ілініпті де,
екіншісі – сүйретіліп жерде жатыр (Қаз.
əдеб., 12. 01. 1973, 3).
СЫР е т. с ө й л. Ысыр. Алдындағы ойын-
шықтарын с ы р ы п тастап, жылай салды
(Қазақ, 20. 11, 2010).
СЫР: Сыр сүлейі. Сырдың атақты
ақын-жыраулары д.м. Асқар ақындығында
531
Байынқол Қалиев
ежелгі с ы р с ү л е й л е р і салып кеткен
жыр дəстүрлері айрықша аңғарылады (Қаз.
əдеб., 19. 09. 1975, 3).
СЫРАҒЫСЫ з а т. Айтыла салынған
сөз, сөздің реті, жай сөз. «Дүние-жалған»
дегенді жиі айтамыз. Бірақ көбіміз оны
сөздің с ы р а ғ ы с ы н д а й, түсінбей жай
қайталай береміз (С.Ғаббасов, Қандауыр,
101). – Жə-жə... Таусылма... Тіпті сөз с ы
р а ғ ы с ы н да айтқызбаймысың? – деп
ұлына аянышты бір кескінмен қарады
(Қ.Жұмаділов, Көкейкесті, 87).
СЫРАЛАТ е т. Сыра ішу, сыраға қану.
СЫРАЛАТҚЫЗ Сыралат етістігінен
жасалған өзгелік етіс. – Ресторан,
кафелеткіз, с ы р а л а т қ ы з ы п қоймаймын...
(Э.Төреханов, Алматыда., 313).
СЫРАЛҒЫ з а т. э т н. Мергеннің
атқан аңынан алынатын кəде. Аңнан
қанжығасын қандап қайтқандар жол-
жөнекей жолыққандарға с ы р а л ғ ы бермес
болар ма! (Ш.Айтматов, Ерте келген., 111).
Еламанның қолы ашық, Жалмұрат онан
талай с ы р а л ғ ы алып, дəм татқан жігіт
(Ə.Нұрпейісов, Қан мен тер, 55). Батырдан
сауға, мергеннен с ы р а л ғ ы (Мақал).
СЫРАШЫЛ с ы н. Сыра ішкіш,
сырақұмар. Ол кезде « с ы р а ш ы л»
дегеннің əсері «сыршыл» дегенмен бірдей
ғана (Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш., 144).
СЫРБӨРТПЕ зат. Қыран құсты
баптау үшін суға салып, сығымдап, сөлін
азайтқан ет (жем). Ол [бүркітке берілетін]
жемдер: «қызыл», «қансоқта», «тартпа»,
«бөртпе», «с ы р б ө р т п е», «ақжем»,
«жанышпа», «тоят», «сусоқта», «толарсақ»
деп бөлінеді (Білім ж. еңбек, 1971, №12, 10).
СЫРҒА
1
з а т. Жылқының жіліншік
буыны мен бақайының түйіскен жері.
Сырғасы таю. Буыны шығып кету
(Х.Арғынбаев, Қаз. мал шаруаш., 15).
СЫРҒА
2
з а т. б о т. Қайың ағашының
күз кезіндегі сырға тəрізді салбырап
тұрған бүршігі (тұқымы). Үйдің алды
жапырағы алақандай емен, с ы р ғ а с ы
салбыраған қайың екен (Ш.Мұртазаев,
Қызыл жебе, 199).
СЫРҒА: Сырға той. э т н. Қалыңдық-
қа сырға тағуға келген кезде жасала-
тын кішігірім той. Бір аптаның алдын-
да ана Құндыздар баласына с ы р ғ а
т о й жасаған емес пе еді (Т.Əлқанұлы,
Тірліктен., 218).
СЫРҒАҚ з а т. Қаршығаның құйрығы
мен сирағы ұзын, бойы сұңғақ түрі.
Құсбегілер қаршығаны өз ішінен шəулі
қаршыға, қара қаршыға, ақ тұнжыр, көк
тұнжыр, с ы р ғ а қ деп бірнеше түрге
жіктейді (Ж.Бабалықов, Қырандар, 140).
СЫРҒАҚБАЙ с ы н. Тиянақсыз,
тұрақсыз, берекесіз д.м. Жыл сайын жаңа
трактор дəметіп, бірін алып, бірін салғысы
келетін с ы р ғ а қ б а й л а р ғ а сабақ болсын
(Лен. жас, 08. 05. 1972, 2).
СЫРҒАЛАҢДА е т. с ө й л. Сырғақта.
Бұлар əрқашанда осылайша жалтақтап, с ы
р ғ а л а ң д а п кете бергіш, тұрақты емес
болатын (М.Əуезов, Қилы заман, 93).
СЫРҒАЛАТ е т. Əртүрлі сырға салу.
Қатындардың алтын жүзіктетіп, алтын
білезіктетіп, алтын с ы р ғ а л а т ы п кеткені
əлей еді-ау! (Ғ.Мүсірепов: Қаз. əдеб., 10.
11. 1972, 1).
СЫРҒАЛАТУ Сырғалат етістігінің
қимыл атауы.
СЫРКҮРІШ з а т. Сүтке пісірген
күріш; күріштен жасалған ботқа. Суда
өссе, сүтте піссе, май салса, Кең пейіліңнен
жомарт жанды бал тамса; Өзбек əка пала-
уынан айтулы, Маған-ақ кел с ы р к ү р і
ш і кем қалса (Қаз. əдеб., 13. 06. 1975, 2).
Ал «с ы р к ү р і ш» атты асты сол кездегі
ақындар жырға қосып мадақтап жататын
(Қаз. əдеб., 28. 10. 1983, 3).
СЫРҚАТ: Сырқат тарихы. м е д.
Дəрігердің ауруды қалай емдегендігі тура-
лы жазбаша деректері. Регистратурадан
Жармұқановтың «с ы р қ а т т а р и х ы н»
алып кел, бар тез (О.Сəрсенбаев, Бақыт
құсы, 177).
С Ы Р Қ АТ Н А М А : С ы р қ ат н а м а
қағазы. Ауырған адамға дəрігері беретін
оның ауырғандығы туралы іс қағазы. Бүгін
АҚШ-та 22 миллион əйелдің жұмысында
с ы р қ а т н а м а қ а ғ а з ы н төлемейді
(Айқын, 13. 11. 2008).
СЫРҚАТТАНҒЫШ с ы н. Ауыра
беретін, науқасшыл. Күн сəл салқындаса
Айжанның құты қашып, уайымға түсетін
болды. Өйткені баласы с ы р қ а т т а н
ғ ы ш (Т.Қосуақ, Мəрмəр., 53).
СЫРҚЫЛДАҚ с ы н. ж е р г. Саңғырлап
қалғап, ескі. Құрылыс цехына бекітілген
с ы р қ ы л д а қ машина бізді Жəшиталға
таңертеңгі тоғызға таман алып келді
(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 33). Кешке таман
532
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
с ы р қ ы л д а қ машинаға мініп ауылға
тарттық (Бұл да, 36).
СЫРЛЫ: Сырлы тостаған. Сыр-
ты оюланып сырланған тостаған. Төр
көрпенің үстіне жамбастай жантайған ол
с ы р л ы т о с т а ғ а н д а ғ ы сусыннан
əлсін-əлсін ұрттап қояды (Д.Рамазан, Жы-
лап аққан., 121).
СЫРМА
1
з а т. Ат жегіп, қарды ысы-
рып тазалайтын тақтай. Сан түрлі
аңыз болған ой мен қырға, Айналған
ел ішінде сырлы жырға, Алыста жеңген
сөйтіп партизандар Пар аттап жекті жолға
салып с ы р м а (І.Есенберлин, Шығ. жин.,
10, 120).
СЫРМА
2
... Бұл с ы р м а с ы желкесіне
салынған, етегі делдиіңкі, көкшіл түсті,
жылтыраған шетелдік көйлек екен (Жалын,
1974, №3, 15).
СЫРМА: Сырма сым. э т н. Арасына
мақта салып, сырылған сым. Жасы үлкен
кісілерге с ы р м а с ы м, шекпен, шолақжең,
ызба баулы жейде тігеді (Қ.Толыбаев, Ба-
бадан., 236).
Сырма тоқым. э т н. Сырылып
жасалған тоқым. Осыған байланысты
тоқымдар киіз тоқым, с ы р м а т о қ ы м,
көмкерме тоқым, былғары тоқым деген
түрлерге бөлінеді (Қаз. этнография., 2, 64).
СЫРМАҚ... Саусақтарының ұшын
с ы р м а қ шалбарына сүртті (Ə.Кекілбаев,
Бір шөкім., 41). Басында жиегі қырқылған
түлкі құлақшын, бұтында қампиған с ы р
м а қ (М.Қаназов, Жер., 44).
СЫРМАҚТА е т. ж е р г. Сырып тігу.
Арасына түйе жүн салып с ы р м а қ т а ғ а н
күпісін иығына іліп, Исалы қотан жаққа,
түнектегі қойды қарап келуге шығып кетті
(М.Айымбетов, Құмөзек., 26).
СЫРМАҚТАУ Сырмақта етістігінің
қимыл атауы.
СЫРМАЛА е т. Сырмамен тасу,
сүйрету. Шабындықтардың шөбі қар қатая
с ы р м а л а п тасылғандықтан, мая орнын-
да бір шөмеле болса да шөп қалады (Дала
дауылпаз., 153).
СЫРМАЛАУ Сырмала етістігінің
қимыл атауы.
СЫРМАЛЫ: Сырмалы перде. Сары-
лып, ысырылып қойылатын перде. Ашы-
лып-жабылуына қарай перделер түрмелі
перде жəне с ы р м а л ы п е р д е болып
бөлінеді (Шаңырақ, 71).
С Ы РМ А Ш Ы з а т. С ы рм а м е н
жұмыс істейтін адам. Олар шөп жинау
жұмысында болатын. Сейтек - с ы р м а
ш ы Мəуия сырма сүйретететін өгіздерді
жетелейтін (Н.Ғабдуллин, Жігер, 12).
СЫРНАЙЛАТ... 2. п о э т. Сырнайдың
даусындай дауыс шығару. Тау жақтан
с ы р н а й л а т қ а н бұғы даусы шықты
(Ə.Асқаров, Таңд., 253).
СЫРНАЙСЫЗ с ы н. Сырнайы жоқ;
сырнайы болмаса. Қайғы-мұңды қобызсыз,
үміт пен сенімді скрипкасыз, сағыныш са-
зын с ы р н а й с ы з, сыбызғысыз қалайша
жеткізе аларсыз (Қаз. əдеб., 20. 08. 1976, 3).
СЫРТАҢҚЫРА е т. Шеттеу, тыстау.
– Қарасын көзіміз бір шалса, ептеп-сеп-
теп дұзаққа түсірер ме едік, қайтер едік,
- деді с ы р т а ң қ ы р а п тұрған Өрнек
(М.Мəжитов, Құныскерей, 270).
С Ы Р ТА Ң Қ Ы РАУ С ы рт а ң қ ы р а
етістігінің қимыл атауы.
СЫРТҚАРЫРАҚ с ы н. Сырт жағын
ала, алыстау. Айбосын олардың кешегі
қайтқан жөнін анықтап алды да, іздің та-
банымен тура жүрмей, с ы р т қ а р ы р а қ
салып отырды (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 271).
СЫРТҚЫ: Сыртқы қалта. Киімнің
сыртына салынған қалта.
СЫРТТЫҚ
1
... Бірақ басында қара с ы
р т т ы қ т а н тігілген дулығаның ішінен
киіп жүретін тымағы бар (Ə.Əлімжанов,
Жаушы, 106).
СЫРТТЫҚ
2
з а т. с ө й л. Тоқым. Тоқым
(кейде с ы р т т ы қ дейді), ішпек, жабағы,
өң – бұлар ердің астынан аттың арқасына
салатын төсеніш (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1970, №10, 62).
СЫРШАЙ з а т. ж е р г. Ішіне қарабұрыш
қосылған шай. Ендігі ермегіміз – көк ешкі.
Оның сүті де мардымсыз. С ы р ш а й қып ішу-
ге зорға жетеді (Т.Бердияров, Жастық., 41).
СЫРЫМТА з а т. «Барымта» деп
білдірмей алған малды сіңіріп кету. Барым-
та мен қарымтаның малы есепке алынады.
Есепке алынбағаны с ы р ы м т а болып
сіңіп қала береді. (Қаз. этнография., 1, 411).
Білсе – барымта, білмесе – с ы р ы м т а
(Мақал).
СЫРЫМТЫҚ..? Ауыздығын салып,
с ы р ы м т ы ғ ы н көтеріп, Ділдəбек үйінен
ұзай бердік (Ж.Молдағалиев: Жұлдыз,
1973, №7, 14).
533
Байынқол Қалиев
СЫРЫНДЫ з а т. ж е р г. Сарсуды
қайнатып, қоюлағаннан кейін жұқалап
жайып кептірген тағам. С ы р ы н д ы
көбіне шай ішкенге жақсы. Қазір ауылда
сырынды қайнатуды қойып барады (Ана
тілі, 23. 04. 1998, 13).
СЫРЫНШАН з а т. к ө н е. Ебелек
өсімдігінен жасалған дəрі. Оған атақты
дəруші Əбдіразақтың өзі тапқан мың да
бір кеселге шипа болар, ебелек тікенегінен
жасаған – с ы р ы н ш а н шурнəсі де
қонбапты (І.Есенберлин, Алмас., 27).
СЫРЫС Сыр етістігінен жасалған
ортақ етіс. Білмегенді білуге тырысалық,
Жалқаулықты көңілден с ы р ы с а л ы қ!
Босқа күлген күлкіні күйлемелік, Шын
ақылға мойынды бұрысалық! (Шəкəрім,
Шығ., 35).
СЫРЫСУ Сырыс етістігінің қимыл
атауы.
СІБЕ з а т. Шыңжаңда тұратын мань-
чжур тектес халық. Қазақтан басқа қырғыз,
ұйғыр, татар, ханзу, дүнген, с і б е, мұңғыл
ұлттарының ақынды білетіндері де келіп
көңіл білдіреді (Т.Мəмесейіт, Таңжарық,
2, 419). Жыл сайын көктемде мал баққан
қалмақ, с і б е, солаң, дүнген, дағұр, монғол,
торғауыт атаулы төл өргізу тойын, яғни мал
басының көбейген қуанышын мейрам ғып
өткізеді (К.Сегізбаев, Беласқан, 211). Ал
с і б е маньчжур мен солаңның арасынан
шыққан халық көрінеді (Б.Нұржекеев,
Өзендер., 121).
СІБЕР... Мұхаңның кейбір с і б е р
замандастары оны сараң еді дегісі келіп
тұрады (Қаз. əдеб., 07. 12. 1984, 9).
СІБЕ-СОЛАҢ з а т. Сібе мен солаң,
екеуі. Жергілікті қазақ пен ұйғырдың, с і б е -
с о л а ң н ы ң байлары малшы-қосшыға жа-
рып қалды (Қ.Жұмаділов, Атамекен, 194).
СІБЕТ
1
з а т. с ө й л. Швед. Мұрынды,
сақалды, жирен шаш, көк көз – орыс,
ашаң бітімді, сары шаш – с і б е т, қызыл
жүз, ауыр кекті – неміс, – бірі батысқа,
бірі шығысқа бейім əртүрлі тұлғалар
(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 115).
СІБЕТ
2
з а т. с ө й л. Электр энер-
гиясы, жарық (цвет). – Неге түспесін.
Ауылдың бəріне с і б е т беріп, самала-
дай жарқыратып отырған сен емессің?
(Ə.Асқаров, Өр Алтай., 368).
СІБІР: Сібір алмасы. Суыққа шыдам-
ды, құрғаққа орташа шыдамды, ылғалды
шамадан артық керек етпейтін жеміс
ағашы.
Сібір ананасы. п е р и ф р. Шырғанақ.
Сібірліктер шырғанақ жемісін бұрыннан
бағалаған, оны мақтанышпен «с і б і р
а н а н а с ы» деп атайды (Қ.Сыбанбеков,
Жабайы өсімд., 73).
Сібір мерезі. э п и т. Күйдіргі. Қазақтар
бұрыннан күйдіргі деп атап келе жатқан
ісіктің осы қауіпті түрін медицина тілінде
с і б і р м е р е з і деп атайды (Қызылқұм,
27. 10. 1971, 4).
СІЛБЕ з а т. с ө й л. Су. Жаңбырлы жылы
тау шөбі с і л б е болады. Мұның өзі малға
зиян. Біріншіден, қой ақсап, айырбақай
болады. Екіншіден, с і л б е шөпті саулық
сүйіп жемейді, салмақ қосуы төмендейді
(Коммунизм туы, 17. 05. 1967, 4).
СІЛБЕЛІ с ы н. Сулы. Жайлау шөбі
көбінесе с і л б е л і болады. Сол себепті
қойға тұз жалатып отырудың маңызы зор
(Коммунизм туы, 28. 02. 1968, 2).
СІЛБУ с ы н. ж е р г. Ылбыраған,
ілбіген. Бар білгені – соңына салған мына
с і л б у іздің қимылынан сөлекет бірдеңе
сезе ме, қалай? (Ə.Нұршайықов, Соңғы.,
5). Өмірден шаршаған адамның сүйретіп
басқан с і л б у ізі басқа емес, бұнікі. (Бұл
да, 14).
СІЛБУЛЕ е т. Аяғын ілби басу,
сүйретілу. Күні бойы теңізден үсті-басы
малмандай су боп с і л б у л е п келе жата-
татын (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 161).
СІЛБУЛЕУ Сілбеуле етістігінің қимыл
атауы.
СІЛБІ
1
... Танауын тесу – басбілгі
ету үшін түйеге мұрындық, өгізге с і л
б і өткізуге байланысты тұмсығының
шеміршегін (желбезегін) тесу (Қаз. этно-
графия., 2, 288).
СІЛБІ
2
... Құдайбергеннің айтуынша ол
1918 жылы жерге қырбық қар түсіп, с і л б і
қата бастаған шақта қайтыс болған (Қаз.
əдеб., 13. 09. 1974, 4). Күзді күні жерге əуелі
қар жауса, оның соңынан іле жаңбыр жауса
шөп мұздақ болып с і л б і тұрады (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1972, №2, 61).
СІЛБІ
3
е т. с ө й л. Сіркіреп жаңбыр
жауу; сілбіле. Кейде с і л б і г е н ұсақ
жауынмен араласып қырбық қар да түседі
(Жұлдыз, 1972, №4, 69).
СІЛБІЛЕН Сілбіл е етістігінен
жасалынған ырықсыз етіс. Бəйет жерге
534
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
түсіп, с і л б і л е н е жұқарған қарды басып
жылқының қасына барды (Р.Тоқтаров,
Ғасыр наны, 128).
Достарыңызбен бөлісу: |