Сөрелеп қою. Алыста қайтыс болған
жағдайда туған жерге жерлеу үшін сөреде
сақтап, мүмкіндік туған кезде апарып
жерлеу. – Ендеше мені ол барған жерге
көмбеңдер. «С ө р е л е п қ о й ы п, сүйегімді
Ұлытауға ап келіп қоямын» десеңдер,
көшулеріңе рұқсат (Мəшһүр Жүсіп, Шығ.,
9, 270).
СӨРТЕК з а т. Буыны қатты, қуатты
шөп. Онда бұзаубас, торғайот, қоянжын,
қоңырбас, шытыр сияқты мал үшін с ө р т
е к те жұғымды, оруға келетін шөптердің
мүлдем шықпайтыны атап көрсетіледі
(Оңт. Қазақст., 04. 03. 1967, 3). Олардың
арасында арқашайыр, қырықбуын, саған
сияқты с ө р т е к шөптерді мол жеген мал
суға шыдамайды (Оңт. Қазақст., 23. 08.
1968, 2).
СПАНДИЯР с ы н. ж е р г. Шебер,
маман. Брага ашытуға Агаша əбден с п а н д-
и я р болып алған (С.Жүнісов, Жапанда, 79).
СТАКАНДАП ү с т. Стаканға құйып,
стаканмен өлшеп. Жұрт айран, сүт, қаймақ
сықылды тағамдарды шəшкелеп, с т а к а н
д а п сатады (Ж.Нəжімеденов, Ақ шағыл, 53).
СТАНДАРТТАУШЫ з а т. Стандарт-
қа келтіруші, үлгілеуші. С т а н д а р т
т а у ш ы л а р өз ықпалдарының шеңберін
одан əрі арттыра түсуде (Жетісу, 16. 06.
1972, 2).
СТАНОКШЫ з а т. Станокта жұмыс
істеуші. Ұста Сазанов, слесарь Морозов,
с т а н о к ш ы Қазиев кейіннен стаханов
нормаларын 180-200 процент орындады
(Лен. жас, 11. 04. 1985, 1).
СТАРШЫНДАС с ы н. Старшындары
бір, бір старшынға бағынатын. Сол Жаман
тобықты елімен с т а р ш ы н д а с Байкөкше
деген жер есесіне қолы жетпей, билерге
арыз беріп жүрсе де, ешкім қарамай жүреді
(Қаз. əдеб., 20. 06. 1975, 4).
СТЕНОГРАФИЯЛАТ Стенографи-
яла етістігінен жасалған өзгелік етіс.
Бейімбет менің мамандығымды білісімен
«Амангелді» пьесасының екі пердесін с т
е н о г р а ф и я л а т т ы (Қаз. əдеб., 05.
02. 1988, 4).
СТЕНОГРАФИЯЛАУ... Дана-Бике
Байқадамова – халқымыздың алғашқы
стенографистерінің бірі. Ол кезінде əйгілі
жазушы, ғалымдар еңбегін с т е н о г р а ф
и я л а у ісіне мол еңбек сіңірген (Қаз. əдеб.,
05. 02. 1988, 4).
СТЕРЕОВИЗОР з а т. Өзіңді экрандағы
болып жатқан оқиғалардың жуан орта-
сында жүргендей көрсететін техникалық
құрал. Телевизор біздің тұрмысымызға
мықтап енгенімен, маңызы телевизордан
да басым, түрлі-түсті с т е р е о в и з о р д
ы ң бар екенін əлі екінің бəрі біле бермейді.
Бұдан басқа бейнені түрлі-түспен көрсетіп
үш каналды с т е р е о в и з о р де бар
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1965, №1, 50).
СТИПЕНДИЯЛЫҚ с ы н. Стипендияға
қатысты, стипендия жөніндегі. С т и п е
514
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
н д и я л ы қ ақшасының таусылғанына қай
заман (М.Мағауин, Қиянда., 68).
СТУДЕНТШІЛЕП ү с т. Студент
құсап, студент тəрізді. – С т у д е н т-
ш і л е п бір-бір қызылшұнақты ортаға
тастайық демекшісің ғой (А.Мекебаев,
Алапат, 259).
СТУДКОМ з а т. С туд енттер
комитеті. Комсомол ұясының секре-
тары А.Ниязбеков, с т у д к о м н ы ң
бастығы, мен əр класқа бөлініп, сөз
сөйледік (Р.Қилыбаев, Өмір өткел., 80).
СУ
1
: Суасты наны. п е р и ф р. Борық.
Мəселен, жалпақ жапырақты қоғаны
алайық. Оның тамырында (борығында)
қант пен крахмал көп. Оны «с у а с т ы н ы ң
н а н ы» деп те атайды, өйткені қоғаның
борығын отқа пісіріп жеуге болады, əрі ол
керемет тəтті-ау (Ертіс өңірі, 78).
Су аяқ. Бір жерге тұрақтамайтын,
кезбе. Түні бойы ел адақтап жүрген с у
а я қ естектің қайда құрығанын кім біледі
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 339).
Судағы балықтай сезінеді. Өзін еркін
ұстайды, қысылып-қымтырылмайды. Та-
рих, əдебиет, өнер, археология, этнография,
т.б. осылардың қайсысына салсаңыз да
Əлекең өзін с у д а ғ ы б а л ы қ т а й с е з
і н е д і (Тоғызыншы шежіре, 187).
Судан шыққан тышқандай болды.
Мойнына су кетті, сүмірейді. Ғасырлар
бойы өзі кеудесіне өзі жел кіргізіп келген
мықтылар əп-сəтте с у д а н ш ы қ қ а н
т ы ш қ а н д а й б о л д ы (Ж.Молдағалиев,
Алғ. қоңырау, 53).
С у д и і р м е н . С у д ы ң к ү ш і м е н
жүретін диірмен. Қазір екі с у д и і р м
е н і бар екі ауылдың барлыбайларының
ғана əрқайсысында екі үйден қалған
(Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 3, 111).
Су егеуқұйрығы. з о о л. Егеуқұйрық
негізінен суда тіршілік ететіндіктен кейде
ол осылай да аталынады. Саршұнақтарға
құрылатын қақпандармен с у е г е у қ ұ й р
ы ғ ы, атжалман, құмтышқан жəне қосаяқ
сияқты кеміргіштерді аулауға да болады
(Жетісу, 20. 03. 1971, 4).
Су жорға. Төрт аяғын тең басқан,
тайпалған жорға. Төрт аяғы бірдей
жорғалайтын, алыс жолдарда жүрісінен
жаңылмайтын жорға түрі с у ж о р ғ а
немесе тайпалған жорға деп аталады (Қаз.
этнография., 2, 423).
Су қоймасы. Мол су сақтайтын ар-
наулы орын. ≈ С у қ о й м а с ы н жасауға
қыруар қаржы кетті.
Сумен соғу. ж е р г. Сумен ұшықтау.
– Балаңа перінің салқыны тиген екен, күн
батар шақта с у м е н с о ғ а м ы н, - деді
бақсы (С.Мұқажанұлы, Ортеке, 181).
Су мұрын. э в ф е м. Сиыр (Ə.Ахметов,
Түркі тіл. табу, 10).
Су пайғамбары п е р и ф р. Сүлеймен
пайғамбар осылай да аталынады. Сонда
осы ауылдың қарияларына с у п а й ғ а
м б а р ы Сүлеймен көңілі қаласы, көк
теңізді қара жерше басып жүре беретіндей
көрінетін (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 249).
Су реттегіш. Суды жинап, қажетіне
қарай мөлшерлеп жіберіп отыратын
құрылғы. Көпшілікке мəлім, Елбасының
тікелей тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан
«Көксарай» с у р е т т е г і ш і құрылысы
өткен жылдың екінші жарты жылдығында
бастау алған болатын (Егем. Қазақст., 03.
03. 2009).
СУ
2
з а т. э т н. Ою-өрнектің, кестенің
сабағы, желісі. Кілемдердің негізгі
өрнектері – «күмбез», ал жиектеріндегі
өрнектері «қорған» деп аталып, оны бой-
лай күлгін түсті «с у» өрнегі жүргізіледі
(Шаңырақ, 50). Мұндағы с у – кесте
тіккенде, өрнек салғанда зер, алтын күміс,
жіппен жіңішкелеп, сəндік үшін жүргізілген
із (Қаз. əдеб., 03. 08. 1990, 13).
Су жүгіртті. Екі өрнектің арасын
байланыстырды, су жасады; су тартты.
«Жиегіне алтыннан с у ж ү г і р т к е н»
(Қаз. əдеб., 03. 08. 1990, 13).
Су тартты. Кестені, оюды қатарлап,
бір-бірімен жалғастырып орналасты-
ру үшін бүкіл кестенің, ою тұлғасының
желісін үзбей, ұластыра салды; су жүргізді.
СУАҒАР з а т. Шатырдың суын жи-
нап, төменге түсіретін жарты кер-
ней. Шатырдың с у а ғ а р ы н а қойған
шлəпшін, бедіре, тегенелер лық толған
(А.Жұмаділдин, Сең бұзыл., 74).
СУАҒАРЛАН е т. Суағар сияқты
ойыстанып келу, еңкіштену. Бауырында
шашылған бір кəлем шөп жоқ, күннен күнге
басылып, отаулана шөккен шошақтың
төбесі желге қопсымай, с у а ғ а р л а н ы п
жаншыла түскен (С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 35).
СУАҒАРЛАНУ Суағарлан етістінің
қимыл атауы.
515
Байынқол Қалиев
СУАЙТТЫҚ з а т. Өтірік айтқыштық,
жалған сөйлегіштік. Ол тап күресін анық
аңдамайды, с у а й т т ы ғ ы мен аусарлығы
өзін күлкіге қалдырады (Қаз. əдеб., 15. 06.
1979, 3).
СУ-АНА з а т. э т н. Жер бетіндегі
судың иесі, киесі. Қазақтар жер-ана, с у-
а н а жəне от-ана рухына сыйынды. Өмірде
əсіресе отқа (от-анаға) табыну үлкен рөл
атқарды (ҚазССР тарихы, 2, 376).
СУАРМАЛАУ е т. Қайта-қайта суару,
жиі суару (А.Жанғалиев, Бағбан., 25).
СУАРШЫН з а т. з о о л. Су бетінде
жорғалап жүріп, оған құлаған жəндіктерді
жеп, тіршілік ететін, кішкентай, қоңыр
сұр түсті қоңыз. С у а р ш ы н суға
құлап түскен жəндіктерді ұзын алдыңғы
аяқтарымен қармап ұстайды, олардың
денесіне тұмсығын сұғып, тəтті шырынын
сорып алады (Жəндіктер, 58).
СУАРЫЛМАҚШЫ с ы н. Суарыла-
тын, су жіберілетін. Екеуі бас арықтан
бүгін с у ғ а р ы л м а қ ш ы танаптың төрт
бораздасына су бөлді (Ұ.Доспанбетов,
Шығ., 4, 247).
СУАУРУЫ з а т. в е т. Түйеде болатын
сарысу індеті кейде суауру деп те аталы-
нады (Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 113).
СУАТТА е т. Су ішетін жерге (суатқа)
барып су ішу. – Анау төменде жайпақ жері
бар. Олар сол жерден с у а т т а й д ы
(Д.Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 162).
СУБСТАНТИВТЕНУ з а т. Сын есімнің
(сондай-ақ өзге де сөз таптарының)
зат есімге көшуі – субстантивтену
процесі деп аталады (А.Ысқақов, Қазіргі
қаз. тілі, 262).
С У Б С Т А Н Ц И Я Ө з г е р м е й т і н
«мəңгілік» бастау көзі» дегенді білдіретін
философиялық ұғым. Абай – қазақтың
рухани с у б с т а н ц и я с ы (Жұлдыздар
отбасы, 2010, №5, 51).
СУБҰҚАСЫ з а т. с ө й л. Көлбұқа
(оқпақ). Ымырт жабыла жаныңды
түршіктірер оқпақтар өкіре бастайды.
Дауысының аса зор болуына орай оны
халық «с у б ұ қ а с ы» деп те атайды
(Қорғалжын, 132).
СУЖАПЫРАҚ қ. Жолжелкен. Көк
еті ауырып қалған ғой. Қазір барысымен
дереу с у ж а п ы р а қ тартсаң, ештеңе
етпейді, басылып кетеді (Б.Соқпақбаев,
Балалық., 249).
СУЖҮРЕКТЕН е т. Қорқу, зəресі ұшу.
Жасында қытымыр, пысық, қарау бай
Шоқайдың аз жыл ішінде с у ж ү р е к т е
н і п, жарамсаққа айналған, көлгір, суайт,
ынжық кейпі көрінеді (Ғ.Білəл, Ғасыр-
лық., 7).
СУ Ж Ү Р Е К Т Е Н У С уж ү р е кт е н
етістінің қимыл атауы.
СУЖҮРЕКТІК з а т. Қорқақтық,
батыл еместік. Осындай жанжалды
күтіп отырған Бату да с у ж ү р е к т і к
көрсетпеген (І.Есенберлин, Алмас., 14).
СУКНА з а т. Қалың матаның бір түрі.
Үш теңгелік с у к н а д а н Мəліскен берік
емес пе? Сүтті аз ішіп, шəй ішсек, Жо-
латпай ма кеңеске? (А.Үлімжіұлы, Шығ.
жин., 2, 398). Шалбары дөрекі қара с у к н а
д а н тігілген екен (Ш.Мұртазаев, Жұлдыз
көпір, 105).
СУКУН з а т. а р. Араб əріптерінің
үстіне қойылатын белгілердің бірі. Оспан
дəуірінен сақталған Құранның əріптері
үстінде һамза, ташдид, с у к у н, мадда,
уасла; қысқа дауыстылар: фатиха, кесра,
дамма белгілері жоқ (Н.Өсеров: Қаз. əдеб.,
25. 08. 1989, 14).
СУКҮЗЕНІ з а т. с ө й л. Норка. Суда
тіршілік етіп, күзенге ұқсас болғандықтан
норканы с у к ү з е н і деп те атайды
(Қ.Аймағамбетова, Табиғаттану., 19).
СУҚАРАҚҰС қ. Субүркіт. Қазір Қара
Ертістің саға жағында ақ құйрық с у қ а р а
қ ұ с сирек кездесетін құс болып саналады
(Ертіс өңірі, 21).
СУҚАТА з а т. в е т. Өте зілді, əрі
қатерлі ауру. Мұның құмқата, құмаққата,
сүйекқата, с у қ а т а деген түрлері бар.
Мал дөңбекшиді, күшенеді, ыңыранады.
Бəрінің іші қатып қалады (Ж.Бабалықұлы,
Мал ауру., 51).
СУҚИҒЫШ з а т. з о о л. Тропикада
мекендейтін, тұмсығының төменгі жағы
жоғарғысынан анағұрлым ұзын су құсы.
С у қ и ғ ы ш т а р (водарез) төменгі
тұмсығын суға малған бойы су бетінде ұша
береді. Балықты байқап қалса, сол заматта
оны ұстап алады (Құстар, 21).
СУҚОҢЫЗ з о о л. Суда тіршілік ететін
қоңыз. Қоңыздар арасында сасыққоңыз,
бізтұмсық, шыртылдақ, с у қ о ң ы з көңіл
аударарлық (Қорғалжын, 27). Кенет дəл
көз алдынан, су түбіндегі кішкентай тас
астынан жыбырлап бірдеңе шыға келді.
516
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
С у қ о ң ы з. Ұсқыны қандай жаман кəпірдің
(М.Мағауин, Таңд. шығ., 1, 31).
СУҚОРЫҒЫШ з а т. з о о л. Су асты
құрттарын жеп, тіршілік ететін қара
түсті торғай. Алтайда құстардан – құр,
тоқылдақ, көкқарға, сауысқан, қарға,
тарғақ, с у қ о р ы ғ ы ш, бөдене баршылық
(Лен. жас, 17. 12. 1988, 4).
СУҚҰЙҒЫШ з а т. а с т р. Дəлу
(қаңтар) айында көрінетін шоқжұлдыз;
суқұюшы (М.Арын, Бес анық, 123).
СУҚҰЮШЫ з а т. а с т р. Зодиак
шоқжұлдызы. Шоқжұлдыз жаңбырлы
күз айында жақсы көрінетіндіктен с у қ ұ
ю ш ы деп аталады (ҚҰЭ, 8, 76). Астро-
номия атауларының көпшілігі қазақша:
Қарақұрт, Таразы, С у қ ұ ю ш ы, Жетекші,
Сиыршы, Бөрі, Бикеш, Айдаһар, Торпақ т.б.
(С.Сəрсенова, Астр. атау., 64). Қ.Жүністегі
өзінің мақаласында Егіздер, Арыстан,
Ешкімүйіз, С у қ ұ ю ш ы, Балықтар деп
алмай, оларды қазақша жұлдыз аттары-
на сəйкес алу керектігін сөз етеді (Егем.
Қазақст., 22. 11. 2000).
СУҚЫ е т. ж е р г. Тынымсыз сөйлеу,
сайрау. Осы ауылда қызыл тілге кел-
генде жанға дес бермей, с у қ ы п тұратын
сол. Тауып айтатын сол (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 92).
СУЛАМА з а т. э т н. Əйелдердің төбесі
биік, үкі тағылған, арт жағы желкесін
басып тұратын бас киімі. Əйелдердің с у
л а м а дейтін бас киімі болады (Қаз. ұлт
киімд., 46).
СУЛЬФИДИН з а т. м е д. Дəрі атауы.
Жəмила жатыр, бірақ əл үстінде, Тыныстап,
ашпай көзін, келмей тілге. Дағдарды аспи-
рин мен с у л ь ф и д и н де (Қ.Аманжолов,
Шығ., 2, 79).
СУМ з а т. э т н. Өзбекстан елінің
ақшасы (Білгенге маржан, 119).
СУ М А Қ А Й Л Ы Қ з а т. С ум а ң
қаққандық, сұғанақтық, жылпостық.
Өңшең бір қарулы жігіттер жұрт көзінше
жерге қаратқан бұзақылығымен, с у м а қ а й
л ы ғ ы м е н де атақтары шыққан (Қ.Ысқақ,
Тұйық, 102).
СУРЕТТАҢБАЛЫҚ: Суреттаңбалық
жазу. Суретке негізделген жазу, сурет
жазу. Бұл (күл) жазудың түп-тегі шумер-
лер заманындағы сөзтаңбалық (идео-
графия) жазуға жəне оның арғы жағын-
дағы с у р е т т а ң б а л ы қ (пиктография)
ж а з у ғ а барып тіреледі (Ана тілі, 09. 07.
2009, 4).
СУРЕТТЕМПАЗ с ы н. Суреттей бе-
руге жаны құмар, бейнелегіш.
СУРЕТТМПАЗДЫҚ з а т. Жөнді-
жөнсіз суреттей берушілік, бейнелегіштік.
Содан кейін баланы зеріктіретін с у р е т
т е м п а з д ы қ т а н, тəптіштеп ұсақ-түйек
татымсыздықты тоғыта берушіліктен аулақ
болам (Қаз. əдеб., 01. 09. 1978, 2).
СУСАҒЫШ с ы н. Сусай беретін,
шөлдегіш. Жас мал тез с у с а ғ ы ш келеді,
шөлге ұшыраса күрт арып кетеді (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1966, №8, 27).
СУСАМЫР: Сусамыр болғыр. Суса-
мыр ауруына ұшырағыр д.м. қарғыс.
СУСАМЫРША ү с т. Сусамыр болған
адамша. Тек мадақ сөзге тойыну жоқ, с у
с а м ы р ш а сіміреді (М.Сқақбаев, Ұят
тур., 147).
СУСАУЫҚ с ы н. с ө й л. Сусай беретін,
шөлдегіш; сусағыш. Осы кезде с у с а у ы қ
болады, суды көп ішеді (Ж.Аймауытов:
Денсаулық, 1990, №12, 25).
СУСЕК__1'>СУСЕК
1
з а т. Астық сақтайтын,
ағаштан жасалған үлкен жəшік. Атам за-
манда ұмыт болып кеткен ат қорадағы ескі
ұраны қайта ашып, с у с е к т е г і астық
біткенді сонда апарып құйды (Қ.Ысқақов,
Тұйық, 46). – Қазан – отта, қажайтының –
с у с е к т е! Қалғанын өзің тауып аларсың!
(Қ.Ысқақов, Қараорман, 204).
СУСЕК
2
з а т. ж е р г. Атқа шөп сала-
тын жер; оттық, ақыр. – Отқа қоятын
уақытты өзің айт, Шаяхмет аға! С у с е к
к е шөп салып қойдық. Сіздің ел с у с е к
дей ме, оттық дей ме? (Ғ.Мүсірепов, Жат
қолында, 377).
СУСИЫР з а т. з о о л. 1. Буйвол қазақша
осылай аталады (Е.Букин, Ор.-қаз. сөзд.,
1883). Қиын екен ой-қоржынның жұқасы,
Теңеудің де керек бүтін, тұтасы. Зоопарк-
ке барып едім, жаратпай Бас шайқады с у
с и ы р д ы ң бұқасы (Ж.Ерманов: Қаз.
əдеб., 12. 02. 1982, 16). 2. Тропикалық
жерлерде, Африкада кездесетін хайуан;
бегемот (Білім жəне еңбек, 1984, №9, 25).
Сондай-ақ XVIII ғасырдың қырқыншы
жылдары ашылған Командар аралдарының
жағалауларын жайлайтын с у с и ы р
л а р ы мəлім болғаннан кейін небары 27
жыл ішінде құрып бітті (Б.Шəйкенов,
Табиғаттағы., 5).
517
Байынқол Қалиев
СУСОҚТА... «Ақжем» (турап, суға
салып, бірнеше қайтара сығымдап қан-
сөлін арылтқан ет), «с у с о қ т а» (бір
тəулік суда жатып жасытқан, семіз ет)
сияқтылары құстың қоңын төмендетіп,
əбден ширықтыру үшін беріледі (Білім
жəне еңбек, 1971, №12, 10).
СУСЫЛДАҚ з а т. з о о л. Үйректің
су-су етіп тез ұшатын бір түрі.
СУСЫЛДАҚТЫҚ з а т. Сусылдап
қалғандық, сұйықтық, сылдырлық. Басқа да
кейбір жас ақындардан осындай сиымсыз
асқақтық пен сырдаң с у с ы л д а қ т ы қ т
ы, тақырып аясының тарлығын көріп қалып
жүрміз (Қаз. əдеб., 05. 04. 1974, 3).
С У С Ы Н Д АТ Т Ы Р С у с ы н д а т
етістігінен жасалған өзгелік етіс.
Осы уақытқа дейін сезініп білмеген
сүйіспеншілік сезімге с у с ы н д а т т ы р
д ы ң ғой!.. (М.Құдайқұлов, Құпия., 91).
СУСЫРҒАНАҚ з а т. ж а ң а. Демалыс
орындарында иір-иір науамен жоғары-
дан төмен қарай ағатын сумен бірге
сырғанап ойнайтын ойын. Бүгін біз бала-
ларды с у с ы р ғ а н а қ қ а апардық (Теле-
дидардан).
СУСІҢІРГІШТІК з а т. Суды сіңіру
қасиеті. ≈ Сары топырақтың с у с і ң і р г і
ш т і г і онша үлкен емес.
СУТОРҒАЙ з а т. з о о л. с ө й л.
Сушылқара. – Көріп тұрсың ба, - деді
қарға, - с у т о р ғ а й ұясын былтырғысынан
жоғары салыпты. Демек, биылғы жаз
жаңбырлы болады, көлдің суы да молаяды
(«Балдырғанның» базарлығы, 147). Əлемде
сирек кездесетін с у т о р ғ а й да осында.
Олар ағынды өзендердің құлама жерінде
жүреді (Егем. Қазақст., 07. 11. 1992, 5).
СУТЫШҚАН... Жетісу жерінде
борсық, суыр, көртышқан, күзен, с у т ы
ш қ а н көп (Б.Нұржекеев, Өзендер., 39).
СУҰШЫҚ з а т. Ұшынып ауырған
адамды сумен ұшықтау ісі. Ауру – сырқат
түрлеріне қарай оларды ұшықтау тəсілдері
де əртүрлі болады. Яғни ол жерұшық, с у
ұ ш ы қ, ой ұшық сияқты бірнеше түрге
бөлінеді (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3,
26). Жерұшық па, с у ұ ш ы қ па, əйтеуір
бір нəрсесін істемесең болмас, - деп
жастығының астына жастық қойып көтеріп
жатты (Жұлдыз, 1973, №2, 18).
Достарыңызбен бөлісу: |