Жауапты редакторлар


СІЛБІЛЕНУ  Сілбілен  етістігінің  қимыл атауы.  СІЛБІРЕ



Pdf көрінісі
бет128/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   168

СІЛБІЛЕНУ  Сілбілен  етістігінің 

қимыл атауы

СІЛБІРЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Сілбіле.  Қалың 

нөсер саябырлай келе с і л б і р е г е н ақ 

жауынға айналды (М.Мағауин, Көк мұнар, 

175). 


СІЛЕГЕН з а т. Қарағай деп атауға əлі 

де толық өсіп жетілмеген жіңішке, ұзын, 

жас қарағай. ≈ Бір с і л е г е н д і үшке бөліп, 

үйге əрең əкелдік. 



СІЛЕЙ е т. ... 2. а у ы с. с ө й л. Көп 

ішу, шермию. Бүгінде солай. Мұстафаның 

үйінен  қымызға  с  і  л  е  й  і  п  шыққан 

(З.Ақышев, Жаяу., 96). 

СІЛЕМ: Сілемі шықты. Қурап кетті, 

сынып  таусылуға  айналды.  Кей  жыл-

дары  тіпті  жаз  ортасы  аумай-ақ  шаңдақ 

боп қуарып, с і л е м і  ш ы ғ ы п қалатын 

дермене,  бозаң,  жусан,  көкпек  өседі 

(І.Есенберлин, Алтын от., 279). 

СІЛЕМДЕ е т. Сілемей, сілекей жағып, 

бір нəрсені (жіпті, тарамысты) сулап алу. 

СІЛЕМДЕЛ  Сілемде  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. С і л е м д е л г е н

тарамыс іс тіккенде сəл созылып отырады 

(Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 292). 

СІЛЕМДЕЛУ  Сілемдел  етістігінің 

қимыл атауы. 

СІЛЕМДЕУ Сілемде етістігінің қимыл 

атауы.  Іс  тіккенде  тарамысты  аздап 

ылғалдап алу керек. Оны с і л е м д е у дейді 

(Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 292). 

СІЛЕС  Сіле  етістігінен  жасалған 

ортақ  етіс.  Бірге  жыласып,  патшаны 

бірге с і л е с е т і н қатындар қоя қойыпты 

(Ғ.Мүсірепов, Таңд., əңгім., 175). 

СІЛЕСІР  з  а  т.  Металдан  жасалған 

бұйымдарды  жинайтын,  өңдейтін, 

жамайтын  маман  жұмысшы;  слесарь 

(Бекітіл., термин., 76). 



СІЛЕТСІЗ... Келе-келе жеке меншіктің, 

теңсіздіктің, таптың шығуына байланысты 

өзара с і л е т с і з көмектің де мəні өзгереді 

(Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 48). 



СІЛЕУСІН з а т. а с т р. Жұлдыз аты. 

Қазақ халқы Бөрі, Бүркіт, Жылан, Көгершін, 

Қоян, Құзғын, С і л е у с і н, Тауыс, Тырна 

т.б.  деген  сияқты  жұлдыздарды  да  білген 

жəне  оларға  ат  қойған  (С.Сəрснова,  Қаз. 

тіл. астрон., 78). 



СІЛКІНІС Сілкін етістігінен жасалған 

ортақ етіс. Дуалдың іш жағындағы ұзын 

дереге  байланған  тұрқы  қысқа,  сіңірлі 

қазан аттар дүр-дүр с і л к і н і с і п қалды 

(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 14). 



СІЛКІНІСУ Сілкініс етістігінің қимыл 

атауы.

СІЛКІСУ... Əрине, қол с і л к і с у г е 

болады  деген  сөз  (Т.Əлімқұлов,  Сырлы 

наз, 350). 

СІЛТЕС е т. а у ы с. Шайды бірге ішісті 

д.м. Амал таусылған соң ыстық шайды үсті-

үстіне ысылдасып с і л т е с т і (Лен. жас, 

06. 08. 1974, 3). 

СІЛТЕУШІЛІК з а т. Бір нəрсені сілтеп 

көрсетушілік, сілтегендік. 

СІЛІҢГІР с ы н. ж е р г. Сұр, сұрқай, 

өңсіз. Түсі с і л і ң г і р, арық, қара жігіт. 

Үнемі  сазарып  отырады  (М.Мəжитов, 

Құлынды жон, 57). 

СІМЕР с ы н. ж е р г. Тəкəппар, менмен, 

паң.  Басқа  басқа,  өзі  ата  жауындай  көре-

тін, с і м е р, тырысқақ Жантемірмен құда 

болам  деген  ой  Оспанқұлдың  үш  ұйық-

таса түсіне кірмеген (М.Айымбетов, Құм-

өзек., 205). 

СІМСІК с ы н. ж е р г. Тіміскі, сүмелек. 

Сығырақ  көз  с  і  м  с  і  к  жоңғар  көрмей, 

қайтып білмей отыр (Ə.Кекілбаев, Үркер, 

244). Нені болса да, ар жақ, бер жағынан 

ештеңе қалдырмай тіміскілеп жүретін с і м 

с і к ойы тағы бір пəлені тағы тауып алды 

(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 251). 



СІМІРІЛ Сімір етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. Бал аяқтап ішіліп, шарап ша-

расымен с і м і р і л і п жатты (М.Мағауин, 

Аласапыран, 2, 37). Еттен соң дастарқанға 

ағылған  сорпа  толған  тостағандар  жыл-

дам  с  і  м  і  р  і  л  і  п,  кейін  қайтып  жатыр 

(Д.Амантай, Əңгім., 56).



СІМІРІЛУ  Сіміріл  етістігінің  қимыл 

атауы. 

СІМІРІС  Сімір  етстігінен  жасалған 

ортақ  етіс.  Түнімен  сырласып  тауыса 

алмады, неше шай ішіліп, ет желінді, тіпті 

ащы судан да с і м і р і с т і-а у (Жалын, 

1973, №1, 67).



СІҢІЛТІР з а т. ж е р г. Ақ ірімшік. Əр 

үйдің маңайында сөре, алды кеуіп қалған, 

арты кеше жайылған сықпа құрт, баспа құрт, 

ежігей,  мəйек  салған  ірімшік,  көксүттен 

қайнатқан с і ң і л т і р (З.Ақышев, Ақбел 

асуы, 108). 



535

Байынқол Қалиев

СІҢІР  е  т.  с  ө  й  л.  Дəнді  жерге  себу, 

егу. – Бір аяқ тарым бар еді, соны с і ң і р 

і п бер десем, барлық егінімді салыс дейді 

(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 11). 

СІҢІРУ Сіңір етістігінің қимыл ата-

уы. Бір соқамен 40-50 пұт астық с і ң і р у 

г е болады (Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 11). 

СІҢІРЛЕ е т. Сіңірмен бекіту, сіңірмен 

байланыстыру.  Біздегі  деректерге 

қарағанда  көндеген  ерді  с  і  ң  і  р  л  е  м  е 



й д і де, с і ң і р л е г е н ерді көндемейді 

(Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрмын, 190). 



СІҢІРЛЕН  Сіңірл е  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Шамасы  келген 

ауқаттылар с і ң і р л е н г е н ердің сыртын 

былғары,  мүйіз,  сүйек  жəне  күміс  затта-

рымен  əшекейлейтін  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

ер-тұрмын, 190). 

СІҢІРЛЕНУ  Сіңірлен  етістігінің 

қимыл атауы. 

СІҢІРЛЕУ  Сіңірле  етістігінің  қимыл 

атауы. Кейде тарамыс талшықтарын же-

лімге араластырып ердің сыртына жағатын. 

Бұл əдісті халық с і ң і р л е у деп атайды 

(Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрмын, 190).



СІҢІРЛІК  з  а  т.  Сіңір  тұратын  жер, 

сіңір  бітетін  жер.  Ботаның  тірсегіндей 

сəл маймақтау келген тірсек, жас баланың 

білегіндей жуан с і ң і р л і к – бəрі-бəрі 

көрер  көзге  талмас  мықтылықты,  дүл-

дүл  жүйріктікті  паш  етіп  тұрғандай  еді 

(Қ.Салғарин, Соқпақ., 132). 



СІҢІРСОЗДЫЛАУ с ы н. Əл-қуаты аз-

дау, əлсіздеу. Буынды еркін билеп кетерлік 

қуат кем, əлі де қалт-құлт с і ң і р с о з д ы л а у

жай басым (Қ.Ахметбеков, Егіз қала, 105). 

СІҢІРІМДІЛІК з а т. Бір нəрсені өзіне 

сіңіріп алу қасиеті. 

СІРƏҒЫСЫ з а т. с ө й л. Сырағысы. – 

Жоқ, Бауке, жай əшейін сөздің с і р ə ғ ы с ы 

ғой (Ə.Нұршайықов, Ақиқат., 246). – Жоға, 

əншейін сөздің с і р ə ғ ы с ы ғой (К.Зəкенов, 

Жұлдызды., 134). 

СІРЕУ... 2. а  у  ы  с.  Қаптап  тұрған, 

мол.  Басқалары  да  соны  істеп,  с  і  р  е  у 

дастарқаннан  басқа  ешнəрсе  қалдырған 

жоқ (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ., 3, 96). Тал 

түптерін ұстап қалған көк кілемдей қалың 



с і р е у балдыр (Ғ.Мүсірепов, Оян. өлке, 

251).  Кимешектерінің  жағы  төрт  елідей 



с і р е у кесте. Алы да, арты да біз кесте-

мен өрнектелген гүлді безек (Қ.Толыбаев, 

Əсет, 347). 

СІРКЕ  з  а  т.  з  е  р  г.  Зергерлік  өнерде 

қолданылатын түйір-түйір күміс. Орайы 

келгенде айта кетейін, зергерлік өнерінде 

қолданылатын  мескөрік,  мəймөңке,  ақық 

(сердолин),  сақинек,  кежеге,  жетімшеге, 

ширатпа (скань), с і р к е (ложная зернь), 

бүршік  (зернь),  лажы  (эмаль),  т.б.  елуден 

астам  терминдер  мен  атауларды  марқұм 

Жəмəли  ақсақалдан  жазып  алған  едік 

(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22. 06. 1984, 13). 

СІРКЕ:  Сірке  салу.  қ.  ө  н  е  р.  Ме-

талл  бетіне  күмістен  ақ  нүктелер  салу, 

шұбарлау. Қалдаяқ ұста қазақ қолөнерінің 

ою, қаралау, безеу, с і р к е  с а л у, дəнекерлеу, 

ұламалау  т.б.  əдістерін  жетік  меңгерген 

ісмер болған (А.Жұмашев, Қалдаяқ ұста., 

11). С і р к е  с а л у тəсілі: ағаш көмірін 

ұнтақтап,  оған  күміс  ерітіндісін  қосады 

да,  темір  тақтаға  төгеді.  Төгілген  күміс 

қоспасы  бытыра  сияқты  ұсақ  шарларға 

айналады.  Ол  шарларды  əшекейленетін 

бұйымның  тиісті  жеріне  қойып  бекітеді 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 79). 

СІРКЕЛЕ  е  т.  Зергерлік  бұйымдарға 

сірке  орнату,  сірке  салу.  Бəкінің  сабына 

ақықтан  көз  орнатып  сақинегін  күмістен



с і р к е л е п, оған ширатпа күміспен шыты-

ра дəнекерлеп, бүршіктейді (Д.Шоқпарұлы: 

Қаз. əдеь., 22. 06. 1984, 13). Күміс бетіне 

ақдəнекерді  сепкеннен  кейін  белгілі 

тəртіппен  қажетті  түрлі  өрнек,  бедер 

жасайды, көбінесе с і р к е л е й д і (Қаз. 

этнография., 1, 119). 

СІРКЕЛЕН  е  т.  Көзінің  айналасына 

уақ түйіршіктер пайда болу. Талай күнгі 

жолсоқты сапардан болар, шүңірек көздері 



с і р к е л е н і п, ішіне кіріп кетіпті (Таң 

нұры, 139). «Кəрі  боз  қартайғанда  жорға 

шықты», - дегендейін,  көзің  с  і  р  к  е  л  е 

н  е  боздап,  дабдырағаныңа  жол  болсын 

(Жалын, 1973, №1, 62). 



СІРКЕЛЕНУ  Сіркелен  етістігінің 

қимыл атауы. 

СІРКЕЛЕУ  е  т.  э  т  н.  Алтын  немесе 

күміс  түйіршіктерін  себу  арқылы  сəндік 

бұйымдардың бетіне нүкте тəрізді бедер, 

ою түсіру. Күміс бетін с і р к е л е у үшін 

алдымен жіңішке сымды өткір пышақпен 

турайды  (Қаз.  этнография., 2, 607). 

Зергерлік  бұйым  жасауда  қолданылатын 

əдіс-тəсілдер: күміс қақтау, қара су жүргізу, 

өрнектеу,  с  і  р  к  е  л  е  у,  көз  салу  т.б. 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 78). 


536

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

СІРКЕЛІ: Сіркелі жүзік. э т н. Жүзіктің 

үстіңгі  алақанының  беті  мен  шеңберінің 

айналасына  мол  етіп  сіркелеу  əдісімен 

əшекейленген жүзік. Жасалу тəсіліне қарай 

жүзіктер: с і р к е л і  ж ү з і к, бұрама жүзік, 

құйма жүзік, күмбезді жүзік, қос жүзік деп 

аталған (Қаз. этнография., 2, 480). 



СІРЛЕУІТ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Сірлеу. 

Алғашқы қар с і р л е у і т боп, қатқақтана 

бастаған соң, қойды қуынды қылмай өзенді 

сағалата жайды (Лен. жас, 07. 12. 1972, 1). 



СІРНЕ... Бұл екі арада қызыл ірімшіктің 

сарысуы да азайып, қызара қойылады. Егер 

осы қазан түбіндегі қою қызыл сұйықты ке-

сеге, тегешке құя қойса, шамалы уақытта қа-

та қалады. Мұны с і р н е дейді. С і р н е н і ң

ғажайып тəттілігін балға да, қантқа да теңес-

тіруге болмайды (А.Сейдімбеков, Күңгір-

күңгір., 116). Күбісін пісіп, құртын қайна-

тып, ірімшігін, ежегейін, с і р н е с і н жайып 

кептіріп, талқанын түйіп, жентін жасап, тү-

гел-түгел тап-тұйнақтай етпейінше тыным 

көрмейтін (К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 159). 



СІРІҢКЕ... 2. а  у  ы  с.  Делдалдың 

түсірген пайдасы. Бедекші, делдал сатушы 

мен алушының міндетін жеңілдетіп, орта-

сынан «с і р і ң к е» түсіреді (Қ.Жұмаділов, 

Тағдыр, 169). 



СІРІҢКЕ:  Сіріңке  қара.  Қара  қоңыр 

түсті адам. Екінші құрдасы босаңдау, был-

жырлау, с і р і ң к е қ а р а, күлкісі қызық; 

ыңыранып  ықылық  атып  күледі  (Жалын, 

1974, №2, 73). 



Сіріңке өңді. Өңі сіріңкедей қара қоңыр. 

Жүнісбай кластағы ересек баланың біреуі. 

Бойы сұңғақ, талдырмаш, с і р і ң к е ө ң д і

(Б.Соқпақбаев, Балалық., 29). 



СІРІҢКЕДЕЙ с ы н. Сіріңке сияқты, 

сіріңке тəрізді. Көзінде бір ой жаңбырлы түн-

де жаққан с і р і ң к е д е й жылт етті де, жалп 

етіп өше қалды (Ə.Тарази, Тасжарған, 463). 

СЮЖЕТСІЗ  с  ы  н.  Сюжеті  жоқ, 

сюжеті  анық  емес.  С  ю  ж  е  т  с  і  з  бұл 

кино  тез  аяқталады  да,  таң  атып  кетеді 

(Қ.Əбілқайыр, Текес., 85). 

СЮЖЕТСІЗДІК  з  а  т.  Сюжеті 

жоқтық.  Біздіңше,  сюжеттіліктің  өзіне 

тəн, с ю ж е т с і з д і к т і ң өзіне тəн 

артықшылығы  да  бар,  олқылығы  да  жоқ 

емес (М.Əлімбаев, Көңіл күнде., 52). 



Т

ТАБАҚТЫ  с  ы  н.  Табаққа  салынған, 

табақпен  əкелінген.  Бұған  тіркесетін 

қосымша  мүше  жəне  бар:  қарынды  май, 



т  а  б  а  қ  т  ы  құрт  (К.Мұқажанұлы,  Ор-

теке, 22).



ТАБАЛДЫРЫҚ:  Табалдырық  ат-

тар. э т н. Құдалыққа келген адамдардың 

үйге  кірер  алдында  беретін  кəдесі.  Ауыл 

əйелдері  құдалардың  алдын  тосып,  олар 

үйге кірерде: «Т а б а л д ы р ы қ а т т а р

л а р ы ң ы з д ы беріңіздер, болмаса үйге 

кіргізбейміз»  деп  құда-құдағилардан



т а б а л д ы р ы қ а т т а р кəдесін алады 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік, 3, 38).



ТАБАН¹ ... 2.  Жиырма-жиырма  бес 

см-дей ұзындық өлшемі. Ұзындығы он т а 

б а н, Көлденеңі бес т а б а н, Қазулы тұр-

ған  көр  жаман  (Шешендік  сөздер, 88). 

Қазақ халық өлшемдері: елі – 2 см, сүйем 

– 15 см, т а б а н – 25 см, тұтам – 9 см, 

қарыс – 20 см, құлаш – 1,50 см (Ана тілі, 

26.12.1996,3).



Табан  жапырақ.  Табанға  ұқсас 

жапырақ. Су бетінде қалқыған т а б а н 

ж а п ы р а қ т а р мен уыз-сары тұңғиық 

гүлдерге  жаңа  көріп  тұрғандай  таңырқай 

қарадым (Қ.Қараманұлы, Ай куə, 26).

Та б а н   жол .   Тау д ы ң   ет е г і н д е г і 

(табанындағы)  жол  (Қаз.  этнография., 

2, 412).


Табаныңнан  сапқыр.  Табаныңнан 

таусылғыр,  табаныңнан  тозғыр  д.м. 

қарғыс. –Жер мола болғыр, т а б а н ы ң н а н

с а п қ ы р, отырған орныңнан тұрмағыр, - 

деп қарғап жатқанын естисің (Т. Əбдікұлы, 

Парасат., 182).

ТАБАН² з а т. Үштабан деп аталатын 

асық ойынының қарапайым түрі. Көндегі 

асық біткенше созылатын «Үштабанның» 

қарапайым  түрін  т  а  б  а  н  деп  атайды 

(Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 88).



ТАБАН³ з а т. г е о г р. Таудың етегінде 

жатқан,  ойыстау  келген  жазық  жер. 

Ауыл сыртында шилі үлкен т а б а н бо-

латын  (Ж.  Түменбаев,  Қардағы  ізд., 99). 

Ойдым-ойдым т а б а н д а р д а көлкіп 

жатқан ақаба суды айналып өтпеске амал 

жоқ (Қазақ əдеб., 06.09.1975, 13).



537

Байынқол Қалиев

ТАБАНБАЛЫҚ з а т. з о о л. Еті жеуге 

жарамды ірі балықтардың бір түрі. Т а б-

а н б а л ы қ пен алабұғаның, қарабалық-

тың  екі  килограмға  дейін  тартатындары 

кездесе  береді  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 

1964, №1, 40).



ТАБАНБАСАР з а т. к ə с і б. Қақпанның 

аңның  аяғы  басып  кететін  жері  (таба-

ны). Бергі бұрышта т а б а н б а с а р ы 

мен  білтесі  түсіп,  шынжырлы  тоқпағына 

матасып  бір-екі  қасқыр  қақпаны  жатыр 

(Е.Тұрысов, Құралай., 23).



ТАБАНДАС е т. Бірінің атқанына бірі 

көнбеу, қасарысу, сіресу. Екеуі де қайтпай 

т а б а н д а с ы п өлуге бар (С. Елубаев, 

Ойсыл қара, 40).



ТАБАНДАСУ  Табандас  етістігінің 

қимыл атауы.

ТАБАНДЫҚ¹  з  а  т.  Ойыстау  жазық 

жер. - Аға мына құм ішіндегі т а б а н д ы қ

жайылымдарда  қоян  көп  (Ж.Түменбаев, 

Қардағы ізд., 99). 

ТАБАНДЫҚ² з а т. к ə с і б. Аудың тас 

байлаған астыңғы арқаны. Аудың қалтқы 

қадалған  арқалығы  мен  тас  байланған 



т  а  б  а  н  д  ы  ғ  ы  рет-ретімен  жиналған 

(Т.Жұмаханов, Өткел, 177).



ТАБАНСУЫТАР  з  а  т  .  Саябақтар 

мен  гүлзарларды  аралаушылар  отырып 

демалатын ұзынша орындық. Бақтың қақ 

ортасындағы бос алаңшаға тақтай төселіп, 

шетіне жалпақ ағаштан ұзыншақ т а б а н 

с у ы т а р орнатылған (М.Сқақбаев, Ұят 

тур., 29). Бөкес, ораздық (укроп), т а б а н 



с у ы т а р (скамейка), дейілше (қапшық), 

кілтең (бел, кезең) секілді көркем прозаға 

сұранып тұрған сөздерді елемей, ескермей 

өте алмас едік (Қаз. əдеб., 23.12.1977, 2). 



ТАБАНСЫЗДАУ с ы н. Табанының бүрі 

жоқтау,  тұрақсыздау.  Ал  жүрексіз,  т  а 

б а н с ы з д а у ы қаншықтың көзіне тура 

қарай алмайды (М.Ошыбаев, Соңғы., 18).



ТАБАНТАС  з  а  т.  с  ө  й  л.  Іргетас. 

Төбесі қызыл қаңылтыр. Т а б а н т а с ы 

биік  (К.Жүнісова,  Қимаймын  сені, 131). 

Біздің  қоғамдық  құрылыстың  т  а  б  а  н-



т а с ы, əлеуметтік теңдік іргесі – халық-

тар достастығы (Ш. Құмарова, Əйел шы-

рағы, 168).

ТАБАНТЕМІР з а т. Арба доңғалағының 

жерге  тиетін  жерін  қаптап  тұратын 

құрсау темір. Иса арба дөңгелегіне т а б 

а н т е м і р тарттыру үшін қара ұстаның 

үйіне барған екен (Ж.Молдағалиев, Жүрек 

қазынасы, 63). ...Шаруа  мүліктері:  бір 

тілді  соқа,  арба  доңғалағы,  күпшектер, 

шабақтар, т а б а н т е м і р л е р, төлкелер, 

кіндік темір, тəжінің неше түрі... тағысын 

тағы бар (Жұлдыз, 1973, 7, 23).

ТАБАНІЛДІРІК з а т. т е х н. Табанмен 

басып, бір нəрсені іске қосатын тетік; пе-

даль. Дөңгелектің иінді білігіне жалғасқан 

т а б а н і л д і р і к т і (педаль) басып аяқ кө-

рікті іске қосады (Қаз. этнография., 1, 298).



ТАБАШЫ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ел  ішінен 

əскер жинайтын адам; уəкіл. Ақсақ Темір 

жорыққа  аттанар  алдында  əр  ұлысқа,  əр 

қалаларға əскер жинайтын уəкілдер – т а б 

а ш ы л а р жіберетін. Əр т а б а ш ы бəлен 

ұлыстан  не  аймақтан  бəлендей  жауынгер 

əкелем деп Əмір Ордасымен шартқа оты-

ратын (І. Есенберлин, Шығ. жин., 9, 366).



ТАБҒАШ з а т. к ө н е. Қытай. Тоныкөк 

ел ағасы ақылы асқан, шығыпты шартарапқа 

аты жастан. Он үш жыл Т а б ғ а ш т а оқып 

бала  күнде,  Білімнің  зеректікпен  бетін 

ашқан (Н. Айтұлы, Ту, 42).

ТАБЫНДАС с ы н. Бір табында жур-

ген; шыбыны бір. Аяғының астына таптап 

құлап, тыпырлап жатқан талай т а б ы н



д а с т а р ы н ы ң үстінен киік қарғып өтіп 

келеді (Б. Шаханов, Ғашық тілі, 68).



ТАБЫНШЫ  з  а  т.  Табын  бағушы, 

бақташы. Т а б ы н ш ы л а р д а н: «Бұл 

кімнің малы?» деп сұрайды. «Қазынанікі» 

дейді (Ж. Аймауытов, Шығ., 132). Соның 

өзінде  шопан,  т  а  б  ы  н  ш  ы,  бақташы 

қауымның  тең  жарымы  бұрынғыша  киіз 

үйлерде  қыстап  шығады  (Қаз.  əдеб., 

01.11.1974, 3).

ТАҒА з а т. ж е р г. Нағашы. - Əкем-ау, 

мынаның т а ғ а с ы (нағашысы) құды пері 

шығар (Р.Райымқұлов, Жапанда., 258).

ТАҒАГҮЛ з а т. б о т. Гүлдері тағаға 

ұқсас өсімдік түрі. Керісінше, кестежусан 

(поповник), өгізкөз (пупавка), т а ғ а г ү л 

(шпороцветник) гүлдері бірнеше жыл ғана 

өмір сүре алады (Гүлстан, 2005, №2, 29).



ТАҒАМХАНА  з  а  т.  с  ө  й  л.  Асхана. 

Тағы да хан сарайының т а ғ а м х а н а



с  ы  н  д  а  қыпшақтың  дөңгелек  тапал 

жозысы  қойылды  (І.  Есенберлин,  Алтын 

орда, 1, 68).

ТАҒАН¹ з а т. з о о л. Мойны бозғылт, 

өзі қара түсті, кішірек келген жыл құсы; 

ұзақ (грач). Қараторғайлар мен көк жағал


538

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

т а ғ а н д а р да көктем түнінің маужыраған 

шуағына  рақаттанғандай  өздерінше  мəз-

мейрам (Көкшетау правдасы, 19. 04.1968). 

Т  а  ғ  а  н – бұл  алақарғадан  кішілеу, 

мойны  бозғылт,  қалған  жері  қара.  Ерте 

көктемде ұшып келеді (Қазақстан пионері, 

24.04.1971, 2).



ТАҒАН² е т. Етіктің табаны тайма-

сын  деп  арнайы  жасалған  немесе  резин-

кадан қағылған бедер, бүртік. Ұлтанында 

əлі желініп бітпеген үш бүртік, өкшесінде 

резинканың өзінен шығарылған т а ғ а н ы 

бар (Ж. Мусин, Туған үй., 200).



ТАҒАН³ з а т. ж е р г. Бір нəрсеге қоюға 

арналған,  үсті  тегіс  текшелік;  тум-

бочка.  Араларында  қытай  масатысымен 

күлтелендіріп жабылған аласа т а ғ а н тұр. 



Т а ғ а н н ы ң үстінде – ақ патшаның суреті 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 405).



ТАҒАНАҚ з а т. з о о л. Қыран құстардың 

қатарына жататын құс. Лашын, тұйғын, 

тұнжыр, тынар, мықи, Ителгі, бəрпі, қырғи, 

құр, тұрымтай, Бидайық шыңда ғана болар 

деседі. Бүркітпен барымталы ел ала жаз-

дай Т а ғ а н а қ, үкі, ақсары, құладындар 

Сықылды  толып  жатыр  можантомпай

(І. Жансүгіров, Шығ., 163).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет